Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Христиандыктан Исламга неліктен отеді?
Газета «Наш Мир»

    Ислам үшін өткен ХХ ғасыр расын айтқанда қайта өрлеу ғасыры болып саналады. Санаулы онжылдықтар ішінде Исламды ұстанушылар секулярды (қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан арылуы) әлем жағдайында белсенді және таңданарлық жетістікті миссияны жүргізе отырып, бүкіл жер шарына тарады. Ислам едәуір қарқынды шапшаңдықпен африка континентінде таралуда. 1980-ші жылдардың соңындағы мәліметтерге қарағанда, Христиандыққа бет бұрған африкандықтардың біреуіне Исламды қабылдаушылардың үшеуі келген. АҚШ-тың қара нәсілді тұрғындарының арасында Исламды қабылдаушы адамдар саны өте мол. Жыл сайын Европада — Францияда, Италияда, Германияда, Англияда және т.б. елдерде Христиандықтан Исламға өтушілер он мыңдап саналады. Осыған ұқсас жағдай Ресейде де қалыптасуда. Шешен, тіпті, ауған тұтқынында болған орыс солдаттарының Исламды қабылдаулары жайлы әлдеқашан сөз етілмейді. Орыс қалаларында және селоларында Исламды шын көңілмен қабылдауда. Орыс Православты Шіркеуінің (ОПШ) қағидалық территориясында соңғы жылдары Православтықтан Исламға өтушілер арасында — қоғамның әртүрлі топтарындағы, әр жынысты және әр жастағы адамдар бар және қалыпты жағдайдан тыс жағдайлар да бар (шіркеу протоиерейлері, қала мэрі, танымал музыкалық топтың мүшесі және т.б.).

    «НГ — Религии» газетінде жарияланған сандарға сәйкес, өткен он жыл ішінде Ресей Федерациясында өздерін мұсылман санайтын сенуші (діншіл, діндар) адамдар саны мың жарым миллионға көбейді. Дұрысын айтқанда мұсылманға айналған орыстардың мұндағы үлесі, миграцияны есептегенде қаншалықты екенін айту қиын. Әрине, мұсылмандардың есептеуінше ол соншалықты көп емес, бірақ, ОПШ-дегілердің көргісі келгеніндей соншалықты да аз емес. Бұл тақырыпта сөйлескенде шектен шығып кетпеуге тырысу керек. Әлбетте, мұсылман уағыздаушыларының айтқа¬нындай, кемпірқосақтың сәулесіндегі және шөптегі шықтың жылтырының ... планета бойынша Исламның жеңісті салтанаты жайлы бір мағынада айтудың қажеті жоқ.

    Орыс Православ Шіркеуінің Сыртқы Шіркеу Қатынас Бөлімінің бастығы митрополит Кирилл өзінің жақын арадағы сөйлеген сөзінде, сондай-ақ, бүгінгі таңда Православқа бет бұрған этникалық мұсылмандар, Исламды қабылдаған этникалық православтарға қарағанда көп екенін өзінің бір интервьюінде хабарлады. Сонымен бірге, Христиандықтан өз еріктерімен Исламға өтушілердің санының теңдессіз екенін мойындау қажет. Және бұл мақала осы құбылыстың кейбір себептерін талдауға арналған.

    ИСЛАМНЫҢ АҚЫЛ ПАРАСАТТЫЛЫҒЫ

    Негізгі себептер арасында, бұл дінді осы заманғы европалықтардың көзқарасында тартымды етіп көрсететін Исламның абсолютті ақыл парасаттылығы екенін айту керек. Ислам — жасырынсыз, құпиясыз дін. Мұсылманның ақыл-есі Православияның дін ілімін зерттеуіне ғана емес, сондай-ақ, практикалық тәжірибесіне де: Құтқарушы мен Құдайды туған әйелдің (Богородицаның) әр иконасының алдындағы әрбір литургия (шіркеу намазы, діни ойын-сауық) кезінде де, үш түрдегі жалғыз Құдайдың (Триединый Бог) әр түріне жеке-жеке назар аудару жәйіне де — бой ұсынуды үнемі қажет ететін Православиядан айырмасы, негізінде өзіне түсініксіз қажеттілікке көніп тұра алмайды.

    Адамның ақыл-ойына барлығы қарапайым және түсінікті дінде дамыл табу оңай. Ислам осысымен тартымды. Адамға діни ақиқаттың анық, қарапайым және кез келгеннің ақыл-парасатына сай түсінікті болуы керек сияқты. Және Ислам осы мүдделерге жауап береді. Исламда құпияшылдық, жасырын сыр, парадокс, апофатика жоқ. Дінге жаңадан келушіде бұл — «Құдаймен делдалсыз, тікелей сөйлесуге» мүмкіндік беретін әділеттіліктің діні деген сенімділік арта түседі.

    ДӘСТҮРЛІЛІК ХХ ғасырда барлық конфессиялардың христиандық миссионерлері бір ауыздан дерлік «миссияға жергілікті тілде» дегенге сенім (ставка) қойды да ... жеңіліп қалды. Мұсылман миссионерлері ескіліктің дұрыстығына, дәстүрдің дұрыстығына сенім (ставка) қойды да — жеңіп шықты. Католиктік шіркеулерде латын тілінің орнына жергілікті тілдер естіле бастады да — шіркеулер босап қалды. Мешіттерде намаздар тек арап тілінде ғана естіледі және мешіттер намаз оқушыларға толған, ал осылардың арасынан тұрғылықты европалықты сирек кездестірмейсің. Европа елдерінде дінге жаңадан бет бұрған мұсылмандарының Исламның дәстүрлі нұсқасын қабылдаулары оларға тән нәрсе, ал Ислам модернизмі, өзінің таралуын көбіне мұсылман болып туылғандардың арасынан көп табады. Және дінге бет бұрғандардың өздерінің сөздері бойынша, оларды, Исламның дәстүрлілігі қызықтырады. «Християндық өзгеріп жатқан уақытта мұсылмандар өз позициясын өзгертпейді», — дейді бұрынғы англиканка; «Исламның тұрақтылығында мен бұрын католицизмде таппаған тыныштықты таптым», — деп қайталайды оған жас француз-мұсылман, — «Исламда қайта қарастырылып түзетілген догмалар жоқ. Бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген мұсылман, біздің уақытымызға қайта оралса, сол баяғы Ислам мұратының бар тұтастығын табатын еді»... Исламды қабылдаған Европа әйелдері қазіргі заманғы секулярды қоғамның ойынша, полигамия, орамал тағу т.б. сияқты дискриминациялық белгілерді тек сүйсінушілікпен орындап қана қоймайды, сондай-ақ, бар ынта-жігерімен қорғайды.

    Бір қарағанда түсініксіз, оғаштау көрінетін осы бір фактінің себебін анықтай келе, Исламның дәстүрлілігі екі әлем — ерлер әлемі мен әйелдер әлемі психологиясының ерекшелігін сақтап қалатынын мойындау керек және бұл Батыс тұрғындарының, соның ішінде, қазіргі заман Батыс мәдениет эмансипациясының мәжбүрлеуінен жаншылған әйелдердің де назарын аударуда. Бүгінгі күнгі Батыс өркениетінде, осы әлемдер арасындағы айырмашылық жойылып кеткен.

    МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚОРШАҒАН ОРТА

    Исламға өтудің ішкі, доктриналды себептерінен сыртқы, әлеуметтік себептеріне ауыса келе, Исламды ең жиі қабылдайтындар — мұсылмандық қоршаған ортада тұратын этникалық христиандар екенін айта кету керек. Сондай-ақ, Ресейде бұл Исламның тараған жерлерінде — Татарстанда, Башқұртстанда, оңтүстіктің кейбір аудандарында әбден байқалады. Бұл құбылысты түсіндіру қиын емес. Үнемі өзге мәдениет, дәстүр, дін контекстінде өмір сүретін адам, бүкіл қоршаған орта болмысында өзін бөтен сезінеді, ал кей уақыттарда, бұның үстіне тағы Шіркеулердің мұсылмандық қоршаған орта ішінде тұратын орыстарға жеткіліксіз назар аударуы қосылады. Адамдар өздерін діннен қол үзіп, алыстап кеткендей сезінеді. Оларды қолдайтын, көмек көрсететін ешкім жоқ. Мұндай жағдайларда адам, бірге сіңісіп, араласып кеткен халық арасынан өзі үшін нық орын табуға тырысады. Егер, қоршаған ортаға интеграцияланудың, табиғи талпынысы адамның ішкі дүниесінен, діни сипаттағы тұрақты тамырын жайған құндылықтардың қарсылықтарын кездестірмесе, онда бұндай адам, өзі өмір сүретін қоғамда өз жағдайын жақсартуға және нығайтуға икемді қадамды оңай жасайды. Бұл проблемаларды шешудің ең тиімдісі — дінді қабылдау, солайша, Исламға келу — бір мезгілде қауымға (уммаға) келуді білдіреді. Адам қауым арқылы қоғам және Ислам мәдениетіне интеграцияланады. Мұсылман адам қоғамның өзін умманың көзімен қабылдайды, онымен умма арқылы — діни, әлеуметті, саяси байланысып отырады. Қауымда дінге жаңадан бет бұрған мұсылман нағыз бауырмалдық сезімін сезінеді, жаңа достар аясына ие болады, жақтаушылық және сүйеніш табады. Умма өзінің өмір сүруіне мағына беретін ішкі идеологияға ие, сондықтан, дінді жаңадан қабылдаушы, аз уақыттың ішінде өзін бір діндес адамдарсыз елестете алмайды. «Мен мұсылман қоғамына келгенде, махаббат, мейрімділік, өзара көмек көрсету атмосферасын сезіндім. Егер мұсылман жігітке немесе мұсылман қызға бір жағдай болып қалса, міндетті түрде көмектеседі, тіпті, қажет болса ақша жиып береді. Біз барлығымыз — үлкен бір отбасымыз»,— дейді бұл туралы бұрынғы аты Ирина болған Карима. Бұл қайғылы жағдайға Шіркеу мұсылмандар айырықша көп тұратын аудандардағы, приходской өмірдің жандануын және шіркеуге келіп тұратын діндар адамның (паства) катехизациясын ғана қарама-қарсы қоя алады.

    МИССИОНЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІК

    Келесі бір себеп, Исламның белсенді миссиясы болып табылады. Белсенділігі жағынан Ресейдегі мұсылман миссиясын толығымен шет ел діни бірлестік миссиясымен салыстыруға болады, бірақ егер, олар 90-шы жылдардың басындағы өркендеуді бастан өткізіп, ал қазір керісінше, құлдырауда болса, Ислам миссиясы енді күшейе бастады. АҚШ-та дінді үйретуші мұсылмандар түрмедегі миссияға айырықша ден қояды (және жеткен нәтижелері де жаман емес). Вашингтондағы Сауд Араб өкілдігі әр ай сайын Америка түрмелеріне Қасиетті Құранның жүз шақты данасын жіберіп отырады. Сонымен қатар, беделді, абыройлы имамдар және діни көш бастаушылар Нью-Йорк және Атлантада Ислам жайлы арнайы бейнефильмдер түсіреді. Көптеген арап мұсылман ұйымдары, АҚШ-тың түрмелеріндегі сотталғандарға арап тілін үйрету үшін, қажетті түрде дайындықтан өткен еріктілерді жібереді. Сондай-ақ, олар қамаудағыларды Ислам қағидаларына сәйкес ерекше тамақтармен қамтамасыз етеді, мысалы, Рамадан айында ауыз ашу үшін құрма жемісімен қамтамасыз етеді. Исламды насихаттау үшін арнайы білім беретін «Өзің үшін Исламды аш» деп аталатын, бірнеше жыл бойы мұсылман кәсіпкері Мухаммед Қадірдің қаржысы есебінен басылып шығарылып жатқан және АҚШ-тың барлық 94 федералды түрмелерінде таратылатын пакеттер пайдаланылады. Осылай аталатын бұл пакетке әртүрлі памфлеттер (қаһарлы сөз, көркем публицистикалық немесе өткір сатиралық шығарма), плакат және үйретуші кассеталар кіреді, басты кейіпкер — бүкіл әлемге танымал «Хьюстон Рокетс» құрамасының баскетболисті Хаким Олайун болып табылады.

    Сондай-ақ, мұсылман елдеріндегі туризм сияқты миссияның осындай бір аспектін де айта кету керек. Жерорта теңізіндегі түріктің Анталья сияқты бір ғана курортында, шамамен әрбір 15-20 күн сайын, шет елден келген дем алушы туристердің бірі Исламды қабылдайды. Өткен жылы көптеген туристер, әсіресе, әйелдер Исламды қабылдады деп хабарлады Анталия муфтиі Қадір Четин. Оның сөзі бойынша, Исламды қабылдағандар ішінде көпшілігі Ресей және ТМД-ның түркі тілдес мемлекеттерінің азаматтары. Сондай-ақ, бұл дінді бірнеше немістер мен американдықтар таңдады. «Осы жылдың қорытындысының ерекшелігі мынада, Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) дінін қабылдағандардың барлығы шетелдіктер болып табылады, олар 21-30 жас аралығындағы жоғарғы оқу орындарының түлектері немесе студенттері», — дейді муфтий.

    ДІНИ ТАМЫРЛАНУДЫҢ ЖОҚТЫҒЫ

    70 жыл бойы орныққан атеисттік тәртіп нәтижесінде біздің еліміздің көптеген тұрғындарында этно-конфессионалды бірегейлік сезімі өте әлсіреген. Қазіргі заман қоғамының православияның түп-тамырларынан және қайнар көздерінен түбегейлі байланысы үзілген, сондықтан, адамдар жоғалтылған дәстүр жағдайында, өте жеңілдікпен өзге діндерді, онымен қоса Ислам дінін де қабылдайды.

    Және де посткоммунисттік қана емес, басқа мемлекеттердегі осыған ұқсас жағдайларға да тән нәрсе. Осылайша, Исламға шақыру арқылы, мысалы, Исламды қабылдағандардың ең көп саны шындығында Францияда екені кеңінен белгілі. Және, дәл мағлұматтарды алу мүмкін болмағанмен де, өткен жылы Исламды қабылдағандар саны 50-70 000 адам деңгейіне жетіп қалған. Дегенмен де, тұрпайыланған буддизмді қабылдаған Француздар саны екі есе көп екенін есімізге түсірсек, бұл жерде мәселе көбінесе қазіргі заман өркениет секуляризмі, дәл осылайша христиандық мәдени және діни мұрамен байланысын үзген, француз қоғамының өзінің адасуында екені түсінікті болады. Осымен қатар, зерттеулер көрсеткендей, Францияда жылына Исламға өтуші француздарға қарағанда, Христиан дініне алжирлық иммигранттар көп өтеді, сондықтан, мысалы Ислам дініне өткен Француздар иммигрант мұсылмандардың балаларына Құраннан сабақ бергені сияқты, Ислам дінінен теріс айналған алжирліктер де, Франция шіркеулерінде діни қызметкер міндетін атқаратын мысалдар да жоқ емес. Ресейде Христиандықтан Исламға өттім деп санайтынның тым көбі ол туралы ештеме білмейді және істің мәнісінде олар сенбеушіліктен Исламға бет бұрды. Бірақ, олар Орыс Православты Шіркеулерінде шоқындырылған, және бұл адамдар, Христова сенімінің шынайылығын лайықты үйрену, нақтылы христиандық қарым-қатынастан және шынайы христиан өмірінің үлгілерінен айырылғандары үшін ОПШ жауапкершілікке тартылуы керек.

    НЕКЕЛЕР

    Некелесу кезінде Исламды қабылдау едәуір әдеттегі оқиғалар. Мұсылманға тұрмысқа шығып жатқан Христиан қызы шариғат бойынша Исламды қабылдауға міндетті емес, дегенмен де, көп жағдайда, не бірден сол уақытта, немесе уақыт өте келе бұл солай болып шығады. «MONDE» жорналында діни хрониканы жүргізуші Анри Фреске көңіл аудара айтқанындай, Исламды қабылдағандардың 55%-ға жуығын француз әйелдері құрайды. Мұсылманға тұрмысқа шығысымен, олар қуана-қуана шын көңілдерімен өз күйеулерінің дінін қабылдайды. Бұл мұсылмандыққа бет бұрған итальяндықтарға да қатысты. Бұлардың көбі Исламды некелескен кезде қабылдайды (зерттеушілер, осылай Исламға бет бұрушылардың үлесі 60-70% жуық деп санайды). Исламда болмыс және Құдай Христианство ойлағаннан едәуір үлкен дегенге қатысты мендегі күмәнді жою үшін «Ол (күйеуім) Исламды маған мен мұқтаж болған формада танытты (Изза, Англия). «Ол маған Ислам жайлы көп нәрсе айтты және мен Исламды — теледидар экранынан еститінімізден мүлдем бөлек, бөтен нәрсе екенін түсіндім. Сондай-ақ, мен күйеуімнің отбасымен танысып, үш ай уақыт бойы олардың үйінде тұрдым. Бұл менің өмірімде көп нәрсені өзгертті. Мен өз көзіммен мұсылмандардың өмірін көрдім... Әр күн сайын мен Бірқұдайшылдыққа жақындай түстім, жақындай түстім және тойдың алдында үзілді-кесілді, біржолата Исламды қабылдадым. (Сельма, Мәскеу)».

    ҚОРЫТЫНДЫИсламның өсіп, жетіліп жатқан прозелетизм жағдайында, бізге, православтықтарға не істеу керек? Жауабы айқын. Біріншіден, өз өмірімізбен Христостың шынайы кейпін көрсете отырып, шындығында шынайы православты христиан болуымыз керек. Шоқынуды қабылдаған бұрын мұсылман болған бір арап бірде былай деген: «Егер барлық христиандар шынайы христиан болғанда, бүгінгі таңда Ислам болмас еді!». Бұл сөздерде шындық көп және әттеген-ай, ащы шындық. Біздің өмір сүруіміз көбінесе әділдіктен өте алыс. Өмірдің үлгі-өнегесімен нығайтылмаған — Христос жайлы, тіпті, ең әдемі, күшті және нандырарлық сөздер оны тыңдап отырған адам үшін бос сөз болып қала береді. Екіншіден, Шіркеу тарапынан Исламның тастаған үндеуіне нақты, дін ілімінде дәлелді, интеллектуалды жауап берілуі керек.

     Мұсылмандық антихристиандық полемика үнсіздікті емес, жарқын мадақтауды (апологетиканы) қарсы алуы керек. Діни оқу орындарында Ислам дін ілімін және мұсылмандар арасындағы миссия тарихын зерттеуге үлкен көңіл бөлу керек. Өткен ғасырлардағыдай, Орыс Православ Шіркеуі қазіргі кезде мұсылман әлеміне Христос сенімінің сұлулығын көрсетуге толығымен шамасы жетеді.

Аударған: Гүлшарбану Терликбаева

Источник: www.nm2000.kz
Ссылки по теме:
Content-Disposition: form-data; name="sort" 50 ------------kqQpOTTO48SKGfuP8r4c5t Content-Disposition: form-data; name="sort" 50

Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2008-05-31)
Просмотров: 2683 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана