Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Ілімнін кілті — Куранда
Газета «Наш Мир»

    Аллаһтың Өзі де рас, сөзі де рас! Бұл әлемнің жаратушысы Аллаһ Та’ала Өзінің құлы болған, топырақтан жаратып, жан берген адам баласының әлсіздігі мен мұқтаждығын біліп, оны бұ дүниеде қараусыз қалдырмады. Рухани жақтан таза, пәк, адал, мейірімді, сабырлы, кешірімді, шыншыл, кішіпейіл, ақыл-парасатқа ие, тән мен жан қажетін толық біліп, дұрыс тану үшін, бүкіл әлемнің хикметтерінің сырын ашып, адам баласының пайдалануы үшін, жер бетінде қажетін тауып, өмір сүріп, өзіне кұлшылық қылумен қатар, дүниелік тақуалық пен Ақыреттік тақуалықты бірге алып жүруді бұйырып, он сегіз мың ғаламның сырын шерткен қасиетті Құрани Кәрімді уахи ретінде Мұхаммед (с.а.с.) арқылы адамзатқа түсірген.

    Аллаһ Та’ала Құран Кәрімде: «Аллаһтың саған берген дәулетімен Ақырет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа, Аллаһ саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Аллаһ бұзақыларды сүймейді». («Қасас» сүресі, 77-аят). Сондай-ақ: «Құранды Біз түсірдік. Әрі шын мәнінде оны Біз қорғаушымыз», — («Хижр» сүресі, 9-аят) деп Ақыретке дейін Өзінің сақтайтындығын айтты. Содан бері біздің заманымызға дейін 14 ғасыр бойы бір нүктесі де өзгермей, шындық пен ғылымның тылсым сырларын ашатын, бұл пәнидің ақырына дейінгі жерде, көкте болатын сан түрлі құбылыстар мен хикметтерді баян еткен әрбір ғылымның кілті — Құран демей не дейміз!

    Құран — күллі адамзаттың рухани және заттық қажетін канағаттандыратын нұрға толы кітап.

    Құран — адамзаттың тән азығы мен жан азығын бұл пәни мен Ақырет өмірі үшін адамның ғылым тануы, экономика, психология, медицина, химия, жағырафия, физика ғылымдары мен басқа да салаларға толық жауап бере алатын кітап. Адамзаттың мынау пәни жалғанда теңіздей толқыған өмірдің бұйрат толқындары мен бұралаң жолынан құтылып, тура жолмен жүргізетін Хақ Та’аланың акырғы кітабы.

    Ал, осы Құран мен ғылыми жетістіктерді салыстырып айтар болсақ, психологиялық тұрғыдан қарағанда: «Қасқыр екеш қасқыр да бөлтірігіне қас қылмайды» дейді. Алайда, адам баласы жер бетінде жыртқыштардың жыртқышы, надандардың наданы болуда. Алақанына салып әлпештеп, аялап өсірген түн ұйқысын төрт бөліп, табан етін тауысып, маңдай терін ағызған ата-анасын тулақ құрлы көрмей сүйреп тастағандар, айтқан ақылын алмай беттен алып төске шапқандар, көзсіздік пен опасыздык билеп, керексіз бір заттай күресінге лақтырғаны аз ба? Біз бұны жыртқыш демей не дейміз? Ата-анаға деген парыз туралы Құран Кәрімде: «Адамдарға ата-анасына қарайласуды бұйырдық, ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып екі жылда омыраудан айыру бар, Маған және әке-шешеңе шүкір ет, қайтар орның Мен жақ», — делінген («Лұхман» сүресі, 14-аят). Ата-анасын арандатпаса да адамшылықтан шығып, біле тұрып білмеске, көре тұрып көрмеске, ести тұрып естімеске салынып, алған білімін, тапқан еңбегін, істеген қызметін, ішкен асын, сөйлеген сөзін бүйректері бүлк етпей, харамнан жасап, өз өмірі үшін залалдық етсе надандық демей не дейміз?! Бұл тілге тиек етілген істер туралы Аллаһ Та’ала Құрани Кәрімде былай деген:хотел шаблон купить...«Және Аллаһтың сендерге берген халал, таза несібесінен жеңдер. Сондай-ақ өздерің иман келтірген Аллаһтан қорқыңдар». («Мәида» сүресі, 88-аят).

    «Негізінен шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?» («Мәида» сүресі, 91-аят).

    Өзін жоқтан бар етіп, атаның белінде су еткен, ананың бойында қан еткен, қанды тән етіп, сол тәнге жан беріп, Өзінің құдіретімен, шеберлігімен жаратқан Аллаһты ұмытып, өз қолдарынан жасаған неше түрлі тас топырақ мүсіндерге, жан-жануарға, отқа, суға табынған жандар расында «надан» емес пе! Бұл туралы Құрани Кәрімде: «Олар Аллаһтан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге шоқынады, сондай-ақ, кәпірлер Раббысына қарсы шыққандарға жәрдем етеді», — делінген («Фурхан» сүресі, 55-аят). Адамзат сан ғасырлық медициналық зерттеулер мен биохимиялық тәжі¬рибелер арқылы күні кеше ғана адамның пайда болу, сәбидің ер не әйел болуы туралы және даму қағидаларын тапты. Ал, Құран әлеміне үңілсек, осы дүниені дүр сілкіндірген бұл жаңалықтар сонау VII ғасырда айтылып кеткенін көреміз. Бұл туралы Құранда: «Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық жасайды» («Иасин» сүресі, 77-аят); «Аллаһ Та’ала ер мен әйел жұбын тамызылған бір тамшы шаһуаттан жаратты», — деген («Нәжім» сүресі, 45-46 аяттар). Бұл жерде шаһуаттың ер адамнан келетін жыныс хромосомасы екенін, сондай-ақ, дүниеге келген сәбидің ұл не қыз болуы аталық клеткаға байланысты екенін көрсеткен.

    Жағырафиялық және физикалық тұрғыдан қарасақ, аспан әлемін телескоппен бақылаған тұңғыш ғалым Галилейдің 1616 жылы шыққан «Жұлдыз хабаршы» деген кітабында: «Жер шары өз осін айналумен қатар күнді де айналады», — деп күллі әлемге жар салған, ал Құрани Кәрімде VII ғасырда астрономия ғылымы дамымаған, телескоп жоқ кезде «Әнбия» сүресінің 33-аятында: «Ол сондай Аллаһ түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы өз айналасында жүзеді, айналады», — делінген.

    Батыстық атақты ғалым Коперник 30 жылдан астам ең қарапайым құралмен аспан әлеміне бақылау жүргізіп, күрделі есептеу жұмыстарын жасап: «Жер домалақ, өз осінде айналады», — деген. Бұл Коперниктің 1543 жылғы «Аспан денелерінің айналысы» атты кітабында айтылған. Бұл тұрғыда 1400 жыл бұрын Құрани Кәрімде: «Сосын жерді төседік», — делінген, ал тәпсірінде: «Содан кейін жерді Түйеқұстың жұмыртқасы пішініне келтірдік», — деп айтылады. («Назиғат» сүресі, 30-аят).

    Міне, бұлар күллі әлемнің сырын білетін Аллаһ Та’аланың кітабы қасиетті Құрани Кәрімде әлдеқашан ашық дәлелденген.

    Иә, адам (инсан) «ұмытушы» болып жаратылған, адам баласы жаксылықты тез ұмытады. Бірақ Аллаһ сенің жақсылығыңды да, жамандығыңды да ұмытпайды.

    Аллаһ бізге қойнауы толған қазына, қайыры мол қара жерді, жермен бірге күллі мың ғаламның тылсым сырларын ашатын, кілті Өзінде Құрани Кәрімді Өзінің аса қамқорлығымен, мейірімділігімен жіберді емес пе?! Біз қалай оны жоққа шығарып мойындамай бет бұра аламыз!

Аударған: Ануәр Беделханұлы

Источник: www.nm2000.kz
Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2008-05-31)
Просмотров: 2202 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана