Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Ислам
Газета «Наш Мир»

    Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде Пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с.а.у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы «сәлиме», «силм» етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған «сәлм», «сәлам», «әслеме» сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәсiлiм болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, «сәлиме» етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды бiлдiредi.

    Исламның не екенiн толықтай түсiну үшiн осы сөзбен түбiрлес сөздердiң мағыналарын әбден бiлiп алған жөн. Сонда, Исламның тек сенiм мен ахлақи (этикалық) құндылықтардан ғана құралмағаны, Батыс ұғымындағы «религия» сөзiнiң исламды түсiндiруде жеткіліксіз болатыны анық болмақ. Ислам сөзi сенiм мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбiтшiлiк пен татулықты, жүгiну мен тепе-теңдiктi, әсiлi, тұтастай өмiр сүру салтын бiлдiредi. Ислам Құран Кәрiмде есiмдерi аталған барлық пайғамбарларға жiберiлген иләһи (тәңiрлiк, құдайы) дiндердiң ортақ аты. Себебi, тәңiрлiк уахидың (Жаратушының сөздерінің елшіге жеткізілуі, откровение – М.Б.) бастаушысы һәм әлемдердiң жаратушысы бiр Аллаһ ғана. Сондықтан, Аллаһ Тағала тарапынан «Ислам» деп аталған бұл дiн пайғамбарлар арқылы түрлi ғасырларда түрлi қауымдарға баян етiлген. Ең соңғы формасы Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) бiлдiрiлген. Құранның бiлдiруiнше, Аллаһ Тағаланың алдындағы бiрегей хақ дiн Ислам ғана (3/19) және бұл дiнге сенушiлерге «мұслим» (мұсылман, бағынған – М.Б.) есiмiн Жаратушының өзi берген (22/78). Аяттарда өткен пайғамбарлар мен оларға иман еткендердiң барлығы да мұсылмандар едi делiнедi (2/128, 2/131-133, 2/135-136, 3/20 және 3/67). Ал, «мұмин» (иман еткен, қазақшада – момын, М.Б.) сөзi әр түрлi қорқыныштан және күмәннан амандықта болу дегендi бiлдiретiн «әмн» сөзiнен жасалған. Демек, мұмин өзiне аманат етiлген иман және құлшылық ету мiндетiн лайығынша атқарушы, Иесiне тәсiлiм болушы және қуанышқа жетушi адам. Исламдағы «дiн» ұғымының мағынасын анықтап алғанымыз жөн болар. Араб тiлiндегi дiн сөзi «дәйн» түбiрiнен шыққан, үстемдiк, егемендiк, бас ию, қарыздану, тапсырылу, бiреудiң бұйрықтарын орындау, оның билiгiн мойындау, заң, жол, әдет, жауапқа тарту, жаза беру, сыйлыққа бөлеу, үкiм, мүлiк, дағды сияқты көптеген мағыналарды бiлдiредi. Осы түбiрден жасалған және Аллаһ Тағаланың есiмдерiнiң бiрi болып табылатын «әл-Дәййан» абсолюттi құдiрет иесi, әр iстiң бодауын беретiн, хикметпен басқаратын, егемен күш иесi дегендi бiлдiредi. Дiннiң тек Аллаһ Тағалаға тән болуының себебi билiк иесi Жаратушының бiрегей үкiм қоюшы және құлшылық етуге лайықты бiрегей тәңiр болуына байланысты. Ислам ұғымында дiннiң мазмұнында көрсетiлген мағыналарды лайығынша түсiнiп, орындағандарға әжiр-сыйлықтар, ал орындамағандарға тиісті жаза берiлмек.

    Ислам дiнiнiң негiзгi қағидасы Жаратушының бiрлiгi сенiмi болып табылатын «тәухид» нанымында. Құран Кәрiмде бұл қағида көптеген аяттарда «лә илаһа илла Аллаһ», яғни «Аллаһтан басқа тәңiр жоқ, құлшылық етуге лайықты тек Аллаһ ғана» деп түсiндiрiлген. Жер мен көктердегi нәрселердiң барлығын Аллаһ жаратқан. Ол – барлық нығметтердi жаратушы, әр нәрсенiң мөлшерiн (әл-қадар) белгiлеушi, өмiр берушi, өмiрдi жоюшы, шексiз күш-құдiрет иесi, толық үкiм қоюшы, билеушi, теңдесi, ұқсасы яки сыңары жоқ, тумаған һәм туылмаған, кем сипаттардан ада, еш нәрсеге мұқтаж емес, шаршамайтын, ұйықтамайтын, бiрегей көмек берушi, жасаушы, шексiз ғылым иесi Жаратушыны бiлдiредi. Мiне, осындай қасиеттерi бар тәңiрдi Құран Кәрiм көптеген есiмдерi және сипаттарымен бiлдiредi. Жаратушының ең көп кезiгетiн есiмi Аллаһ. Құран Кәрiмде екі мыңнан астам жерде аталады. Ал, жоғарыда аталған және тек Аллаһқа тән сипаттардың бәрiн яки бiрнешеуiн басқа бiреуге артқан адам Аллаһ Тағалаға «шiрк» келтiрген, яғни ортақ қосқан болады. Бұл мұсылмандық иманды зақымдайды.

    Мұсылмандар Аллаһ Тағаланың мәлектерiне, барлық хақ кiтаптарға (сахифалар мен Тәурат, Забұр, Iнжiл және Құран), Құранда есiмдерi аталған пайғамбарлардың барлығына (Нұх, Идрис, Ибраһим, Мұса, Дәуiт, Иса, Мұхаммед т.б.), ахирет күнiне, өлгеннен соң тiрiлуге иман етедi. Құран Кәрiм өзiнен бұрынғы хақ кiтаптардың растаушысы және Жаратушының ең соңғы үкiмi болып табылады. Құран Кәрiм араб тiлiнде 114 сүре және алты мыңнан астам аят болып түсiрiлген. Мұнда Жаратушының сипаттары, әлем мен адамның жаратылуы, құқық қалыптары, бұрынғы қауымдардың ғибратты қиссалары, ғибадаттар сияқты көптеген мәселелер туралы айтылады. Әлемдегi барлық мұсылмандар Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға түсiрiлген Құран Кәрiмдi өзгерiссiз күйiнде оқиды. Ал, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да өзiнен бұрынғы елшілерді растаушы ең соңғы елші. Ислам дiнi өзiнен бұрынғы хақ дiндердi мойындау жағынан бiрегей мысал ретiнде әлемдiк универсалды дiн сипатына ие.

    Ислам дiнiндегi ең маңызды ғибадаттардың бағзылары мыналар: Құран Кәрiмдi оқу және түсiну, ғылыммен шұғылдану, жиһад ету, намаз оқу, дұға ету, Рамазан айында ораза ұстау, зекет беру, Меккеге қажылыққа бару, iзгi амалдар iстеу, ізгілікті уағыздау, адал жолмен ризық табу т.т.. Ислам дiнiнде «бәййине», яғни дәйектi дәлел болмайынша бiреудi кiналауға, айып тағуға болмайды. Иман ету нақты дәлелдерге сүйене отырып сенудi, ал имансыздық, «шiрк» (Жаратушыға ортақ қосу – М.Б.) және керi қағу – дәлелсiздiк пен бiлiмсiздiктi бiлдiредi. Олай болатын себебi Жаратушының барлығы мен бiрлiгiн дәлелдейтiн он мыңдаған айғақтарды көрмеу яки мойындамау тек дәлелсiздiктiң, махрұмияттың белгiсi ғана бола алады. Құран Кәрiм аяттары бойынша мұсылмандар Аллаһ Тағалаға, Оның елшiсi Мұхаммедке (с.а.у.) және мұсылман әміршілерге бағынуға мiндеттi (4/59). Тек, Жаратушыға асылыққа болысуға болмайды. Ислам қоғамының мүшелерi ағайындар болып табылады. Адамдардың нәсiл, тiл, әлеуметтiк мәртебе, шыққан тегi жағынан үстемдiгi болмайды, барлық адамдар тең дәрежелi, үстемдiк тек имандылықта, рухани қасиеттерде, тақуалықта, (2/198), яғни Аллаһтың бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан аулақ болып, кәмiл мұмин болуда. Ислам дiнi қоғамдық өмірді – жамағатты, яғни адамдардың ұйымдасып, бiрлiкте болуын уағыздайды. Бұл бiрлiктілiк құр масса болып бiрiгу емес, саналы һәм үйлесiмдi бiрлiктi бiлдiредi. Ислам дiнiнiң қағидалары тек дұрыс ұйымдасқан жамағат болғанда ғана толыққанды жүзеге асырылады. Жамағат болып ұйымдасқан мұсылмандар бiрiн-бiрi әбден танып, бiрiн-бiрi жақсы көрiп, бiрiне-бiрi көмек берiп ынтымақтастықта болады. Олар бiр-бiрiнiң кем-кетiгiн түгендеп тұрады. Намаз, қажылық, зекет сияқты көптеген ғибадаттар ылғи да көпшiлiктi, жамағатты талап етедi. Ислам дiнi барлық қатынастар мен iс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын дiн. Әсiре сiлтеушiлiктi, әдден асуды, ысырапшылықты, шектен шыққан азғындықты хоштамайды, дүниелiктi жексұрын санамайды. Құран Кәрiмдегi көптеген аяттарда мұсылмандардың тек ахиретте ғана емес, сонымен қатар дүниеде де iзгi нығметтерге бөленетiнi бiлдiрiлген (2/201, 7/156, 16/122, 10/64). Сол себептi, ахиреттегi бақытқа ие болу үшiн дүниедегi бақытты тәрк ету талап етiлмейдi. Мұның айқын нәтижесi ретiнде ислам дінінде қоғамнан тыс өмiр сүретiн дiни тап, оқшау сынып қалыптаспаған. Аллаһ Тағала дүниедегi, ғаламдағы нәрселердiң барлығын да адамдар үшiн жаратқан (2/29). Сондықтан, бұларды шектеуге яки харам етуге Аллаһтан басқа ешкiмнiң де құқығы жоқ. Адамның мiндетi бұларды харам жолмен емес, халал жолмен тауып, тағы да халал мақсаттарға пайдалануы, дандайсып кетпеуi, дүниелiкке көңiлi ауып, ахирет пен өзге де маңыздылықтарды ұмытпауы, Жаратушысына шүкiр етiп, құлшылық қарызын өтеуi. Ислам құқығында 3 түрлi хақы (ақы, хақ) бар:

    1-Аллаһ хақысы (Құдай ақысы, хұқұқұллаһ): адамдардың құлшылық мiндеттердi, Аллаһ Тағаланың үкiмдерi, бұйрықтары мен шектеулерi.

    2-Адам хақысы: адамдардың құқықтарын қорғайтын хақылардың барлығы.

    3-Аллаһ және адам хақысы: адамның мүддесiне Аллаһ тарапынан белгiленген құқықтар бұзылғанда бұл һәм адам хақысына һәм Құдай хақысына қарсы келгендік болады. Мәселен, әр адамның дiни сенiм, жеке меншiк, өмiр сүру, ұрпағын жалғастыру сияқты құқықтары бар. Осы құқықтар тапталған жағдайда, тиесiлi адамның хақысына қол сұғылады және аталмыш құқықтарды орнатқан Аллаһ Тағаланың әмiрiне қарсы келгендiк болады. Сөйтіп, екі жақты құқық бұзушылық орнайды.

    Тыйым салынған нәрселер «харам», ал рұқсат етiлгендер «халал» болып табылады. Исламда негiзiнен халалдық үстем тұрады, ал харамдар аяттар мен Құранға сәйкес хадистерде бiлдiрiлген. Халал нәрселер адамзатқа пайдалы, зиянсыз және толық бостандық берiлген iс-әрекеттер мен заттарды бiлдiредi. Ал, харамдар, яғни тыйым салынған нәрселер, негiзiнен адамзатқа зиянды, жиiркенiштi қылықтар мен басқалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн амалдарды қамтиды. Харамдар қатарынан шiрк келтiру, жала жабу, ғайбатшылық, өсекшілік, фитнәшілік, жемтiктiң және доңыздың етiн жеу, зинақорлық, ұрлық жасау, естен тандыратын нәрселердi пайдалану, өтiрiк айту, адам хақысын жеу, бүлiк шығару, бұзақылық жасау сияқтыларды мисал етуге болады.

    Ислам дiнi 634-750 жылдары аралығындағы қысқа мерзiмде батыстағы Испаниядан шығыстағы Қытайға дейiнгi ұлан-ғайыр аймақта таралған. Аталған мерзiмде мұсылман билiгiне қосылған елдердiң тұрғындарынан көптеген адамдар Исламды қабылдаған. Бүгiнгi күнi Ислам дiнi жер шарының барлық құрлықтарында азды-көптi таралған. Мұсылмандардың саны 2 миллиард адам мөлшерiнде есептелуде. Әсiресе, Батыс халықтарынан Исламды қабылдаушылардың саны тұрақты түрде өсуде. ХХ ғасырда мұсылмандардың саны 7 есе көбейген. Халқының басым көпшiлiгi мұсылмандардан құралатын мемлекеттердiң саны 60 шамасында. Қазақстан халқының да 70 пайызы мұсылмандар. Елiмiз «Ислам конференциясы ұйымының» толық мүшесi.

Мұртаза БҰЛҰТАЙ

Источник: www.nm2000.kz
Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2008-05-31)
Просмотров: 4718 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана