Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Жихад
Газета «Наш Мир»

    ДЕЙІН, Аллаһтың діні жеңіп шыққанға дейін тоқтатпаңдар. Егер соғысты олар тоқтатса, онда ЗАЛЫМДАРДАН БАСҚАЛАРҒА ЖАУЛЫҚ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ». (2:192-193)

    Шайқас тек өз-өзіңді қорғаумен ғана шектеліп қоймай, қанау мен езгіге тап болғандарды қорғауға да арналады:

    «Сендерге не болған, Құдай жолында күреске неге шықпайсыңдар? «Ей, Тәңіріміз! Халқы қатыгез мынау қаладан бізді алып кете гөр, бізге ие болатын бір қамқор пендеңді жібере гөр, өз тарапыңнан бізге бір медеткер бер», — деп жалбарынған ШАРАСЫЗ ЕРЛЕРДІҢ, ӘЛСІЗ ӘЙЕЛДЕРДІҢ, БАЛАЛАРДЫҢ шырылдаған дауысын естімейсіңдер ме, соларды құтқару үшін неге соғысқа шықпайсыңдар?» (4:75)

    Құранда нақты кіммен күресу қажеттігі көрсетілген (2:193). Онда күресуге тұрарлық жаудың ерекше мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы толығымен суреттелген:

    «Кезінде кәпірлер сені тұтқынға алу немесе өлтіру, әйтпесе қуып шығу үшін айлалар жасады... Кәпірлер жиған-тергенін Құдай жолына бөгет жасауға жұмсайтыны да даусыз... СЕН ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ МӘЛІМ АДАМДАРМЕН ОДАҚТАСЫП КӨРДІҢ, БІРАҚ, ОЛАР БАР УАҚЫТТА ОДАҚТЫ БҰЗЫП ЖҮРДІ, өйткені олар Құдайдан қорықпады. ЕГЕР, УӘДЕ БЕРГЕН СОҢ СЕРТ БҰЗСА, СЕНДЕРДІҢ ДІНДЕРІҢДІ СӨКСЕ, ОНДА ОЛАРДЫҢ ТЫЙЫЛУЫ ҮШІН, КӘПІРЛЕРДІҢ СОЙҚАНДАРЫНА ҚАРСЫ СОҒЫС ЖАРИЯЛАҢДАР. Олардың антында ешқандай пәтуә жоқ. БЕРГЕН АНТЫН БҰЗҒАН, ПАЙҒАМБАРДЫ ҚУЫП ШЫҒУДЫ ОЙЛАҒАН ЖӘНЕ СЕНДЕРГЕ АЛДЫМЕН ӨЗДЕРІ киліккен халықпен қалайша соғыспасқа?... Шапқыншылыққа ұшырағандардың, ЖӘБІР КӨРГЕНДЕРДІҢ жауға қарсы күресуіне рұқсат етілді. Оларға жәрдем етуге Құдайдың құдіреті жетеді». (8:30,36,56; 9:12-13; 22:39)

    Күресті тоқтату жағдайларын білу қажетті және бұл шарттар Құранда айтылған:

    «Олармен ЗҰЛЫМДЫҚ ЖОЙЫЛҒАНҒА ДЕЙІН, дініңіз Аллаһ үшін қызмет ететін кезге дейін белдесіңдер... АЛ ЕГЕР РАЙЛАРЫНАН ҚАЙТАТЫН БОЛСА, Құдай олардың қылықтарын көріп тұрады ғой. ЕГЕР ОЛАР БЕЙБІТШІЛІК ЖАҒЫНА БЕЙІМДЕЛСЕ, СЕН ДЕ БЕЙБІТШІЛІК ЖАҒЫНДА БОЛ. Аллаһқа сүйен. Аллаһ оларды естіп, біліп тұрады».( 8:39,61)
Құран бейбітшілік келісім-шартты ұстанып, мұсылмандарға соғыс ашпағандардың барлығымен жақсы қарым-қатынаста болуға шақырады:

    «... олар келісімінде тұрған кезде сендер де келісімді бұзбаңдар. Аллаһтың сүйетіні — сөз жоқ, діндарлар... АЛ КӘПІРЛЕР ІШІНДЕГІ СЕНДЕРМЕН СОҒЫСПАҒАНДАРҒА, СЕНДЕРДІ МЕКЕНДЕРІҢНЕН ҚУЫП ШЫҚПАҒАНДАРҒА КЕЛСЕК, ОЛАРҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН, ОЛАР ТУРАЛЫ ӘДІЛ БОЛУДАН АЛЛАһ СЕНДЕРДІҢ ЖОЛДАРЫҢДЫ ТОСПАЙДЫ. Аллаһтың әділ жандарды жақсы көретіні даусыз». ( 9:7; 60:8)

    Құранның бұл аяттары күресу тек қана өзіңді немесе әлсіздер мен қанаудан зардап шеккендерді қорғау үшін керек екенін анық айтып тұр. Тек опасыз жау мен оның одақтастарымен ғана күресу керек.Ислам дінінде тура мағынасында талқыланбай жүрген жәйттердің бірі — қарулы күрес теориясы. Бұл мәселенің пайда болуы мен қазіргі уақытта да орын алуының негізгі екі себебі бар: Исламды танып-білудегі халық арасында кең таралған жалпы надандық пен Исламға мүлдем қатысы жоқ тұлғалардың немесе топтардың қатыгездігін Исламмен шатыстырып, салыстыру. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Құран — Аллаһ сөзі, яғни, ол адам еңбегі емес. Сондықтан да Құран — адамның дінін айқындап берген және Исламның шари’ат заңдары бекітілген, айрықша қайнар көзі болып табылады.

    Өз жеке басының өшпенділігі мен дұшпандығын ақтау үшін немесе Исламды соғысқұмар, әрі қатыгез дін қылып көрсету үшін жалпы шари’ат заңдары мен өзге аяттарды елемей, Құран сүресінің бір бөлігін, не бір аятты ғана бөліп алып, мағынасын бұрмалайтын адамдар да жиі кездеседі. Алайда, Құран аяттарын мұқият зерттегенде біз мүлде басқа нәрсені көреміз.

    «Жихад» сөзі бәрімізге мәлім және де оны естіген адамның көз алдына киелі соғыста барлық опасыздарды жоқ қылуды мақсат еткен ессіз фанаттар елестейді. Бірақ та «Жихад» сөзінің Құрандағы түсінігі қандай және ол соғыс немесе күрес туралы не дейді? Құран аяттарына қарап отырып, біз «киелі соғыс» терминін таба алмадық. (араб. Аль-Харб аль-Муқаддас).

    Құранда «өз-өзіңмен болатын немесе өзінің нәпсіңе қарсы жүргізетін Жихад» туралы бірде бір ескерту жоқ, бұл тезистер Исламға шығыс пәлсафаларынан келген және Құран аяттарында растау таппайды.

    «Жихад» — зат есімі, Құранда 4 рет кездеседі. «Джахада» етістігінің (тырысу, күресу) әр түрі 29 рет кездеседі. Айтылған мысалдардың бірде-біреуінде бұл сөздің қарулы қақтығысқа қатысы жоқ.

    Барлық 29 мысалдың 14-інде «джахада» етістігі Құранда «Құдай жолында күресу, тырысу, ұмтылуды» және иманды адамға тән сипаттарды суреттейді. Жоғарыда айтылған аяттардың көбінің естілуі ұқсас:

    «Әлләзина әману уә хаджару уә джахаду фи сабилилләхи би амуаликум уә анусикум ( барлық жан-дүниесімен дінге беріліп, ынталанғандар, Аллаһ жолында аянбай күрескендер)» ( 2:218; 3:142; 5:54; 8:72,74,75; 9:16,20,44,88; 16:110; 29:6,69; 49:15)
Өзге екі мысалда екіжүзділердің Аллаһ жолында ыждағат танытуды жек көріп, одан қашқақтайтыны туралы айтылады. ( 9:81,86)

    Құранда ынталылыққа шақыру бар, бірақ онда әскери іс-әрекеттер туралы ештеңе жоқ. ( 5:38; 9:41,73; 22:78; 25:52; 66:9)
29:8 бен 31:15 аяттарда балаларын бір Аллаһқа серік қосып, жолдан тайдыруға зорлайтын, соған ынталандыратын (джахада) ата-ананы тыңдамауға, айтқандарына бой ұсынбауға рұқсат беріледі. Бірақ мұндай жағдайда да Құран иман келтірген адамға өз ата-анасына жұмсақ та, әділетті болуын талап етеді.

    Құран бізді діндар адам өз мүлігі мен күш-қуатын пайдалана отырып, Аллаһ жолына толығымен берілуі керек екенін үйретеді. Оған қарулы күресті (киталь) қосса да, қоспаса да болады. Күреске шақыру шектелген жағдайларда ғана естіледі және өз-өзін қорғау конституциялық құқық ретінде саналып, Құранда бұл нақты көрінеді.

    Ең көп кездесетіні — 2:216 аятының теріс талқылануы:

    «Сендерге – соғысу парыз етілді, бірақ ол сендерге ұнамады. Тегінде сендерге ұнамайтын кей нәрсенің өздерің үшін пайдасы да бар. Ал сендерге ұнайтын кей нәрсенің өздеріңе зияны да болады. Оны сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі». Бұл күресті суреттейтін жалғыз аят. Күрес туралы Құранда тағы не айтылған? Қашан, қайда, неге, қалай және кіммен күресуге болады? Қарулы күреске байланысты бұйрықтарды біз төменде жазылған сөздерден таптық:
«ӨЗДЕРІҢЕ БІРЕУ ШАБУЫЛ ЖАСАСА, Құдай жолында сендер де соғысыңдар. ТЕК ШЕКТЕН ШЫҒЫП КЕТПЕҢДЕР. Анығында, Аллаһ шектен шыққандарды ұнатпайды. Жауларыңды (кәпірлерді) кез-келген жерде жайрата беріңдер. Мекен-жайларыңнан ОЛАР СЕНДЕРДІ ҚУДЫ ҒОЙ, сендер де оларды жұрттарынан қуып шығыңдар. Ал бұзақылық — кісі өлтіруден де жаман. Тек өздері соқтығып, соғыс ашпаса, тыйым салынған мешіт төңірегінде соғыспаңдар. ЕГЕР ОСЫ ЖЕРДЕ ОЛАР ӨЗДЕРІ СОҚТЫҚСА, ОЛАРДЫҢ КӨЗІН ҚҰРТЫҢДАР. Кәпірлердің жазасы — солай болмақ! »

    Бұл аяттарда мұсылмандарды тек өздеріне қарсы шығып, бірінші болып соғыс ашқандармен ғана күресуге шақырады. Оларды тек өз-өзін қорғау күресіне шақырады. Бұл шақыру келесі аяттарда қолдау табады.

    «ЕГЕР ОЛАР СОҒЫСТЫ ТОҚТАТСА, сендер де тоқтатыңдар. Аллаһ шын кешірімді және мейірбан. Олармен соғысты – ЗҰЛЫМДЫҚ ТЫЙЫЛҒАНҒА


Источник: http://www.nm2000.kz/
Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2008-05-31)
Просмотров: 2521 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана