$IMAGE1-right$ Газета «Наш Мир»
Көбіне күнделікті өмір тіршілігінде қатерлі қателіктерге жол беріп жатамыз. Оларды қарапайым нәрсеге балап, нәтижелері жайлы ойланбаймыз. Сол қателіктердің қатерін тағы да арттыра түсетін нәрсе — олардың «өмір сахнасы» деген аталмыш күнделікті өмірде болатындығы. Ал, көрермендеріміз — балаларымыз. Уақыты келіп, біз өз қателіктеріміздің нәтижелерін перзенттеріміздің жүріс-тұрысынан, мінез-құлқынан көргеннен кейін ғана оларға сын көзімен қарай бастаймыз. Нәтижеде шаңырағымызда үнемі жанжал оты тұтанып, әрқайсысы өмірдегі өз міндетін тиянақты орындап, өзара тығыз байланыста болып, бір-біріне үнемі қол ұшын беріп отыратын ынтымағы жарасқан отбасын құру үміт-арманын жоғалтып аламыз да, көз алдымызда дүние тар болып кетеді.
• Әке темекі түтінін рахаттана соруымен, жас баласының алдында темекі тарту көрінісін сахналайды. Болашақта әке қателіктерін бойына сіңіріп өскен бала, әке бейнесіне еліктеп, дәл сол көріністі қайталайды. Нәтижеде әке мен бала темекінің зиянына кіріптар болып қалады да, одан құтылудың жолын қарастырып әбігерленеді.
• Шеше шаштарын жайып, бетіне сән көрсетуші әйелдермен бәсекелескендей қалыңдата әр түсті макияж, опа жағып, ашық күйде көшеге шығады. Болашақта қызы хиджаб кию, жамылып жүруге немқұрайды қарап, қайсарлық танытып, дәл сол анасына еліктеп оның бейнесін қайталайды. Нәтижеде шешесі қызының жүріс-тұрысын, киім кию үрдісін ретке сала алмай, қызымен шексіз күреске түседі.
• Әке көлікті жанында ұлы отыруына қарамай, жылдамдықты арттыра желмен бәсекелесіп, құйындата жүргізеді. Болашақта дәл сол көрініс қайталанады. Нәтижеде жылдамдықты арттыру салдарынан ұлы жол апатына ұшырап, қол-аяғы сынып, жарақаттанғанын көреді.
• Шеше қызының көзінше құрбысына балаларына үлгі болатын күйеуінің кемшіліктерін айтып, үй-ішілік сырларын ашады. Біраз уақыт өтуімен қызы ерлі-зайыпты өмірдің сырларын елдер алдында жаюы салдарынан, тұрмыс құрғанына бірнеше ай болмай тұрып, ажырасып келгеніне куә болады.
• Әке ұлының көзінше өзгелермен ұрысады, тәрбиеші әкеге лайық болмаған сөздермен балағаттайды. Дәл сол көрініс болашақта қайталанады. Ұлының мектебінен «досын балағаттады» деп, найзағайдай шағып шағым келеді. Әкесі болса төңірегіндегі адамдарды кінәлай бастайды.
• Шеше қызының көзінше ең шебер тігіншілерге көйлектерін тіктіреді. Сәндену үшін, қиял-ғажайып өмір сүруі үшін қанша ақшаны қүйеуі қарызданып жұмсайды. Оның қарыздары қыздарының өсуімен арта бастайды. Әйелі мен қыздарының пластикалық операцияларына және сән-салтанатты өміріне аса көп қаржы жұмсалады. Болашақта қызы мән бермей арзымаған нәрселерге көп мөлшерде ақша жұмсайтын ысырапшыл қыз болып шыға келеді.
• Әкесі жанұяның маңызды қиыншылықтырына мән бермей, аса елеулі жұмыстарды тастап теледидар алдында шексіз уақыт өткізеді. Бір күні сабағын, спортты тастап, үй шаруасына ешқандай мән бермей, күні-түні теледидар алдында өтетін баласын өзі сынай бастайды.
• Шеше өзара араларында болған ұсақ талас-тартыс себепті күйеуінің туысқандарымен қарым-қатынасты үзеді. Оларды жек көретіндей дәрежеде жамандап, қыздарын оларға қарсы үгіттейді. Болашақта қызы дәл соны қайталайды. Ол тұрмыс құрып, әке-шешесімен қатынасын үзеді. Тіпті хал-жағдайларын сұрап, телефон трубкасын көтеру де оған қиын.
• Әкесін досы сұрап телефон соғады. Ол болса ұлына «мені «үйде жоқ» деп айт» деп құлағына сыбырлайды. Ұлына әкесінің айтқанын орындаудан басқа ештеме қалмайды. Болашақта бұл іс өз нәтижесін беріп, баласы өтірік айтуда, алдауда, өсек пен әлсіз, мәнсіз әңгімелерді таратуда асқан шебер болып шығады.
Осыларға ұқсас тағы да біз мән бермейтін басқа көптеген істер жеткілікті. Біз оларды жасаймыз, олар үлкен қауіп-қатерге айналады. Оларды шешіп өмір жолынан жою үшін кілт іздейміз. Негізінде кілт біздің мойнымызда ілулі тұр. Алайда, көбіміздің көздеріміз оны көрмеуде, қолдарымыз оның түйінін шеше алмауда.
|