Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Ата-ананын Исламдагы орны
$IMAGE1-right$ Газета «Наш Мир»

    Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, өз келешегіне сенімділігі — оның ата-анасын ардақ тұтып, перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл — жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен адамгершілігінің де белгісі. Ата-анасы о дүниелік болғаннан кейін де олардың рухы алдындағы міндетін ұмытпаған бала ғана өзінің перзенттік міндетіне адалдық таныта алады.

    Шынында да, өз ата-анасын құрметтемейтін, перзенттік парызын өтемейтін, әдептілік, кішіпейілділік көрсете алмайтын, оларға деген сүйіспеншілік сезімнен жұрдай баладан не үміт, не қайыр?

    Халқымызда: «Адам ұрпағымен мың жасайды», — деген қанатты сөз бар. Сондықтан Аллаһтан тілеп алған перзенті дүниеге келгенде жүрегі жарыла қуанған. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деп аялап өсірген. Жас сәбиі ауырып қалса, не оған басқа да бір қауіп төнгенде: «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!», — деп Жаратушыға жалбарынған. Балалары үшін өздерін құрбан етуден де тайынбаған.

    Ата-ана ризалығын алу — әдептіліктің негізі. Әкелік, аналық және туысқандық сезімдердің адам жанына ықпалы өте зор. Бұл сезімдер бір-бірімен тығыз байланысатын болса, мүшелері мықтап байланған отбасы қалыптасады.

    Аллаһ Тағала ата-ананы жоғары орынға қойды. Әрбір адамға ата-анасын құрметтеуді, оларға жақсылық етуді, сыйлауды парыз етті. Аллаһ Тағала Исра сүресінің 23-аятында: «Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және ата-анаға жақсылық істеуді әмір етті…», — деген.

    Зайырлы атеистік негізінде құралған коммунистік немесе капиталистік қоғамдағы отбасы өміріне назар салсақ, отбасы мүшелерінің өзара байланысы өте әлсіз. Көптеген отбасыларда балалар әке-шешелеріне тілазарлық қылады, дауыстарын көтеріп сөз қайтарады, тіпті қол жұмсайды. Алайда бұның себептері әкелер мен шешелердің тәрбиесінде екендігін де ұмытпаған жөн. Қазіргі қоғамда көптеген әке мен шешенің арасын тек төсек немесе дүние табу мақсаттары ғана байланыстырады. Осының кесірінен балаларының тәрбиесіне де көңіл бөлулері шамалы. Олардың бала тәрбиесі таңертең балаларын балабақшаға апарып тастап, кешке үйлеріне алып қайтумен шектеледі.

    Ислам діні ата-аналарға өз балаларына жақсы тәрбие беруін өсиет етеді.

    Ал, балаға ата-анасын құрметтеуін және оларға бой ұсынуын бұйырды.

    Саналы бала өзінің рахаты үшін әке-шешесінің қанша түндерді ұйқысыз өткізіп шаршағанын бір сәт те есінен шығармай, оларды өмір бойы қадірлейді.

    Осындай игі мақсаттар амалға асу үшін Ислам әке-шешенің алдындағы міндеттерді екінші орынға, яғни Аллаһтың алдындағы міндеттерден кейін қойды. Құранда Аллаһ Тағала: «Аллаға құлшылық етіңдер. Әрі Оған ешкімді серік етіп қоспаңдар. Және әке-шешеге жақсылық қылыңдар және туысқандарға да», — деп бұйырады ән-Ниса сүресінің 36-аятында.

    Аллаһ тағала ата-ана мен туысқан алдындағы міндеттерді көптеген аяттарда баяндады. Аллаһтың елшісі (с.а.с.) әке-шешені сыйлауды, қадірлеуді — амалдардың ең абзалы деп түсіндірген.

    Расулуллаһ (с.а.с.) ата-анаға жақсылық істеу жайында бір қызық оқиғаны айтты: «Ертеде ата-анасын өте жақсы көретін, оларға тек жақсылық істейтін, түсі игі қойшы болыпты. Күндердің күнінде ол екі адаммен бірге сапарға шығады. Үшеуі жолда келе жатқан уақытта кенеттен қатты жаңбыр жауып, күшті жел соғады. Олар жаңбыр мен желден тығылып, сол маңайдағы үңгірді паналайды. Кенеттен таудың үстінен бір үлкен тас түсіп, үңгірдің аузын жауып қояды. Сонда олар сасқалақтап: «Осы жерде опат боламыз», — деген ойға келеді. Сонда олардың бірі: «Бізді бұл жағдайдан тек ізгі амалдарымызды еске алып, дұға етуіміз құтқара алады», — дейді. Сөйтіп олар істеген ең жақсы амалдарын айтып, Аллаһ Тағалаға құтқаруын тілеп, жалбарына бастайды. Сонда қойшы: «Я, Аллаһ Тағала! Менің қарт ата-атанам болатын. Әр күні кешке мен сауылған сүтті балаларыма бермей, алдымен соларға беретінмін. Бірде кешігіп келсем ата-анам ұйықтап қалыпты. Оларды оятып, мазалағым келмеді. Қарындары аш балаларым жанымда жылап жатты. Сонда да болса алып келген сүтті ата-анамнан бұрын бала-шағама беруді қаламай, сүт құйылған ыдысты ұстаған күйде таң атырдым. Таңертең ата-анам оянғаннан соң, сүтті алдымен соларға бердім. Я, Аллаһ Тағала! Осыны Сенің разылығың үшін істеген болсам, бізді мынау жағдайдан құтқара гөр», — деп дұға етеді. Сол кезде тас жарылып, үңгірдің ауызы ашылады да, олар үңгір абағынан құтылады». Ата-анаға қалай жақсылық істеу мына амалдардан тұрады:
1. Екеуін асырау, қажетті нәрселермен қамтамасыз ету. Бұл — екеуіне көрсетілген зор құрмет.
2. Әдепті сөз және жақсы ара қатынас. Әлбетте, әке-шеше де өз балаларынан көмек пен қамқорлықты қажет етеді, әсіресе, олар бұл қамқорлыққа қартайып, әл-қуатынан айырылған кездерінде мұқтаж болады. Баладан жығатын әдепті сөз бен жақсы қарым-қатынас олардың махаббатын, сенімділіктері, рахымдылықтарын арттырады. Әке-шешеге дөрекі сөйлеу, ашумен айқайлап жіберу тілазарлық болады. Бұл мінез ата-ананың көңіліне тиеді. Және бұл үлкен күнәға жатады. Аллаһ Тағала Құранда: «Екеуінің біреуі немесе екеуі де кәрілікке жеткен болса, оларға «түф» деген сөзді де айтушы болма. Әрі оларға айқайлаушы болма. Керісінше, көркем сөз айтушы бол», — деп ескертеді әл-Исра сүресінің 24-аятында.
3. Аллаһ Тағалаға қарсы келмейтін істерде оларға мойынсұну. Расулуллаһ (с.а.с.) Аллаһ Тағалаға серік қосудан кейінгі ауыр күнәға ата-анаға қарсы келуді жатқызып хадисінде: «Сендерге күнәнің ең ауыры не екенін айтайын ба? Ол — Аллаһ Тағалаға серік қосу және ата-анаға қарсы келу», — деген. Дегенмен олар шариғатқа қайшы келетін істерді бұйыратын болса, оларды орындауға болмайды. Өйткені, шариғатқа қайшы келетін істер Аллаһ Тағаланың ашуын тудырады. «Егер екеуі сені күштеп, біліміңе қайшы нәрсені Маған серік қосуды талап етсе, оларға бойсұнба. Бірақ оларға өмірде жақсы қарайтын бол», — дейді Жаратушы Аллаһ Лұқман сүресінің 15-аятында.
4. Екеуінің алдында қарапайым әрі жұмсақ мінезді болу. Ислам балаға әр уақытта әке-шешесіне қарапайым болуын бұйырады. «…және екеуіне рахымды түрде төмендеп, қанатыңды жай (қарапайым бол)», — деп бұйырады Аллаһ жоғарыда аталған аятында.
5. Сөз және іс жүзінде оларға жамандық істеуден сақтану. «Расулуллаһ (с.а.с.): «Күнәнің ең ауыры — бала өз әкесін лағынеттеуі», — дегенде, біреу: «Я, Расулуллаһ (с.а.с.)! Бала өз әкесін қалайша лағынеттеуі мүмкін?», — деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): «Ол біреудің әкесіне тіл тигізіп балағаттағаны — өз әкесін балағаттағанымен тең. Әрі, біреудің анасына тіл тигізіп балағаттағаны — өз анасын балағаттағанымен тең», — деп жауап берді.
6. Ата-ана тірі кезінде, әрі дүниеден өткеннен кейін олар үшін жарылқау тілеу. Адал әрі ізгі ниетті бала әрдайым ата-анасы үшін Аллаһқа дұға қылып жалбарынады. Тіпті ол екеуі дүниеден өтіп кетсе де. Адам дүниеден өткен соң, артындағы қалған салиқалы баласының оған дұға жасауы оның өлімнен кейін де жалғасып жататын ізгі амалдарға жататынын бізге Пайғамбарымыз айтып кеткен. Құранда Аллаһ өзінің құлдарына: «…және сен: «Раббым, мені кішкентайымда баққандарындай, ол екеуін рахымыңа бөлей көр деп айт», — деп бұйырады. (әл-Исра сүресі, 24-аят)
7. Ата-ананың туыстарымен қарым-қатынасты үзбеу. Тірісінде де, олар қайтыс болған соң да. «Бірде Расулуллаһқа (с.а.с.) бір адам келіп: «Я, Расулуллаһ (с.а.с.)! Ата-анам дүниеден өткеннен кейін, оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?», — деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): «Иә. Олар үшін дұға етуің және күнәлары үшін жарылқау тілеуің. Олардың уәделерін орындауың және туыстарымен қарым-қатынаста болып, достарын құрметтеуің», — деп жауап берді».

    Ананың артықшылығы. Ананың алдындағы міндеттер әкенікіне қарағанда алдыңғы орында. Рас, баланың тәрбиесіне және күтіміне екеуі де ат салысады. Дегенмен ананың орны бөлек. Имам Бухари жеткізген сахих хадисте Муаъауия ибн Хайдар (р.а.) бізге мынаны жеткізеді: «Мен Пайғамбардан (с.а.с): «Ей, Расулуллаһ (с.а.с.), жақсылықты алдымен кімге істейін?», — деп сұрағанымда, Ол кісі (с.а.с.):

    « Анаңа!», — деді.
- Одан кейін ше?
- Анаңа!
- Ал, одан кейін?
- Анаңа!
- Одан кейін ше?
- Әкеңе. Сосын жақындығына қарай туысқандарыңа», — деді.

Илияс Сырым

Источник: www.nm2000.kz
Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2008-05-31)
Просмотров: 3823 | Рейтинг: 4.9 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана