Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Куранга бугiнгi тусiнiк жэне бiздiн осы элемдегi орнымыз туралы (2 сухбат)....
Газета «Наш Мир»

Біз «Пора понимать Коран» атты кітаптың авторы Юрий Михайловпен болған сұхбатымызды жалғастырамыз. Бұл кітап Ресей жерінде кеңінен танымал, ал ендігі кезеңде Қазақстан үшін де арнайы үлкен тиражда шығарылды. Бұл кітапты оқып шыққан оқырманда кітап авторына деген сұрақтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты біз, Юрий Анатольевичпен кездесу ұйымдастырып, автордың бұл еңбегінде Құран және біздің дініміз жайлы не жазылғаны жайында әңгіме құруды жөн көрдік.

-Юрий Анатольевич қазақстандықтар және ресейліктер үшін де дінаралық қатынастар тақырыбы өте маңызды мәселе. Бұл нақты, ашық, анық айқындалған тақырып екі мемлекет арасында ғана емес, сондай-ақ, өзге де мемлекеттер үшін маңызды мәселе. Мысалы, біз Батыс Европа елдерінің едәуір бөлігінің әртүрлі конфессиялы болып жатқанын байқаймыз. Осыған байланысты, бүгінгі таңда кейбір «зерттеушілер» Ислам дінін ұстанушылар мен жалпы мұсылмандарды, өзге дін және мәдениет өкілдерімен бейбіт және келісімді өмір сүре алмайтын кейіпте танытады. Осы мәселе бойынша не айта аласыз?

-Бұл жердегі ең бір таңданарлық нәрсе, мұсылмандарға қатысты осындай кейбір әдепсіз айтылуларды Ислам мамандарының өздері жібереді. Кейде осы «сөз шеберлерінің» өз пікірлері үшін Исламның негізін бұрмалауларына таңданасың. Мысалы, Ислам — жас дін, дегенмен де, бұл тезиске Ислам иудаизм және христиандық секталар арасындағы жүрген кейбір сыбыстар, аңыздар негізінде эклектикалық ілім ретінде қалыптасты деген түсінік беріледі. Дегенмен де, бұл мамандар өз діндерін жаңадан қалыптасқан түрінде қарастырмай, адамзаттың алғашқы кезеңінде қалыптасқан авраамикалық бастауға оралу деген ұғымды білдіретінін анық түсінеді. Негізінде Ислам — соңғы кезеңдегі дұрыс емес пікірден тазартылған Құдайдың Түпкі ойын ашуы (Откровение Бога). Ал осы фактіні дұрыс түсінбеу, біліп тұрып елемеу жасанды конфронтацияға әкеліп соқтырады. Бұған бір мысал, маман Христианство жайында айтып тұрып «Құдай», ал Ислам жайында сөз қозғап «Аллаһ» сөзін қолдану арқылы бұл діндердің бөлек құдайшылдығын танытады. Мұсылмандарда — Аллаһ, христиандарда — Құдай. «Аллаһ» сөзінің мағынасы араб тіліндегі «Құдай» мағыналас екенін кез келген адам түсіне бермейді.

- Бірақ біз орыс тілі жайлы айтып отырмыз. Өзге тілдерде қалай?

-Негізінде ғылыми аудармаларда «Құдай» сөзін көп кездестірем, бірақ, Европаға догматикалық Исламды енгізушілер Европалық тілге аударғанда «Аллаһ» сөзін қолдануға тырысады. Менің пайымдауым бойынша «өркениет дау-дамайы» теорияның алғашқы қадамы.

-Олай болса, осы дәстүрге сәйкес, проваславты гректер жайында айта келе, біз «Теос» деп айтуымыз керек еді емес пе? Дегенмен де біз бұлай жасамаймыз.

-Әрине олай жасамаймыз. Бұл өзі Құранда баса айтылғандықтан және осы үш діннің – Иудаизм, Христианство және Исламның бастауы бір — Бір Құдай мағынасына ие екендігін нақты білгендіктен бірінші кезекте мұсылмандардың өздері бұлай істемеу керек. Қалайша орысша сөйлеп тұрып сол бір бастауды әртүрлі атпен атайсың? Мен мұны логикалық сандырақ деп қарастырмаймын, бұл деген көргенсіздік немесе бұрмалау.

-....Немесе саналы түрде бір түбірлі діндерді бір-біріне қарама-қайшы топтарға бөлу ме?

-Әрине. Егер біз өзіміздің түкке тұрғысыз өзгешелігімізге акцент қойсақ, ол акцент өзара дау-дамайлардың пайда болуымен мемлекеттердің күйреуіне апарары сөзсіз.

-Сіз өзгешеліктер түкке тұрғысыз деп санайсыз, ал діни ортақтық көп пе?

-Сөзсіз, өйткені, бұл жердегі діни ортақтық деп отырғанымыз табынудағы ұқсастық емес, біз бұл тақырыпты мүлдем талқыламауымыз керек, өйткені, табыну — әр адамның жеке ісі. Бірақ біз бұл жайында әлеуметтік доктрина тұрғысынан айтуымыз керек. Біздің халқымызға жақын болғандықтан Христианство және Ислам туралы айтатын болсақ, әлеуметтік доктрина — әділетті қоғам құру. Діннің екеуі де осыдан өзге ештемеге шақырмайды. Әділеттік жайындағы түсінік — Христиан дінінде де Ислам дінінде де біреу. Әділдік концепциясы да бірдей. Басқа жағдай, бір конфессиядағы діндарлар екінші бір конфессия діндарларының еңбектерін оқымайды. Бұл түсінбеушіліктің түп-тамырының негізі еріншектікте және керексіз деп қате тұжырым жасауда, ал, құрани тұрғыдан қарасақ, Құдайдың сөзін түзетуде жатыр. Мінеки, егер біз келешек қоғам қандай болу керек деген сұраққа тоқталатын болсақ, бүгінгі қадамды жасамас бұрын, біз көп қадам алдын ала ойлауымыз қажет, өйткені бұл әртүрлі конфессиялардың қатар өмір сүру қоғамы, дегенмен де, бұл қоғамда әркім өзін беделге лайық тұлға ретінде сезінеді және де діндердің барлығы күресетін қысым көрсетпеушілік үшін барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан мұсылмандар мен христиандар сайлауға түсетін әлеуметтік аспект жайында айтатын болсақ, белгілі бір партиялардың көпшілікке не ұсынатынына басты назар аударуымыз қажет. Назар аударғанда да «христиан» немесе «ислам» сөзі бар ма дегенге назар аудармауымыз керек. Бұл жердегі басты мәселе, осы бағдарламалар қандай шынайы құндылыққа ие дегенді қарастыру қажеттілігі. Мен намаз, джихад немесе крестшілер жорығы жайында айтып тұрғаным жоқ. Мен адам баласын Құдайдың бойына дарытқан қабілетін дамыта отырып тәрбиелейміз бе, жоқ әлде барлық діни ырымдарды ұстанатын, бірақ, мемлекетті конфессиялы режимді лагерьге айналдырған бірбеткей фанат тәрбиелегіміз келеді ме деген сұрақ жайында айтқым келеді.

-Сіз конфессияаралықты Құдайға деген әртүрлі жол, әртүрлі дін дейсіз бе? Мынадай да бір жағдай болады, бір діннің өзінде, дәлірек айтсақ Ислам дінінде, көптеген әртүрлі ақида, сенімдер бар, ал осы әртүрлі сенімдер арқылы бір сенімдегілер арасында дау-дамай туындайды. Бұндай жағдайда не істеу керек? Қорыта келгенде бір масхабты дұрыс мойындап барлығы соған мойынсұну керек пе, жоқ әлде көптеген әртүрлі түсініктерге жол беруіміз керек пе?

-Сіз білесіз бе, менің ойымша масхабтардың мәселесі масхабтардың өзінде емес, бұл жерде Құранның өз басымен ойлану қағидасы ұмыт қалады. Адам барлық нәрсені басқа адамның иығына артып қойғанда ол ширк (көпқұдайшылық) жасайды, өйткені, ойлау міндетін кімнің иығына артқан болса, ол сол адамға рухани тәуелді болады. Ол мешітке жүгіріп, өзінен сәл білімді деп санагандардың барлығынан сұрастыра бастайды. Бұл жағдай Құранға мүлдем қарама-қайшы келеді. Ең бірінші құрани ойларға жүйелі көзқараспен ену керек және дегенмен де, әр кеңеске сын көзбен қараған жөн. Мен масхабтан шық немесе жаныңыз қалаған нәрсенің соңынан фанатты түрде ер демеймін. Жоқ. Бірақ та бір «ойшыл» пайда болып, «жауынгерлер» тобын құрып, ал олар өздеріне қосылмай өзгеше ойлайтындармен реттесумен айналысатын жағдай болмау керек. Сондықтан бүгінгі таңда отандық діндарлар мектебі бой көтергені өте маңызды. Бұл жердегі басты мәселе өз жерімізде жеткілікті деңгейде білімді адамдардың болғаны өте қажет. Мен жалпылама білім беруді сөз етіп отырған жоқпын, бірақ, осының өзі де артық болмас еді. Дегенмен де араб елдерінде жазылған, кімге және қандай мақсатта құрастырылған екенін білместен кітаптарды таратып, насихаттау дұрыс емес және отансүйгіштікке жатпайды. Біреуге тәуелді болу деген осы.

-Юрий Анатольевич мен Сізді дұрыс түсіндім бе? Сонда қалай? Өз тарихы, өзіндік қалыптасқан мінез-құлық фәлсафалары бар арабтарда Құран және дінге деген өзіндік жеке көзқарастары болғаны ма? Сонда малайзиялықтар мен индонезиялықтардың да Құранға, Исламды түсінуге өз көзқарастары бар ма? Сонда бұл Ресей және Қазақстан мұсылмандарының Араб, Малайзия, Индонезия және т.б. мемлекеттер мұсылмандарынан бөлек, өзіндік көзқарастары болуы керек деген тұжырым ба?

-Егер біз, ұлтты бірінші орынға қоятын болсақ, өзге халықтардың ой-өріс мүмкіндіктеріне күмәнмен қарағандай боламыз. Бұл жерде қай мектепте дін ілімі дәстүрі қатты ұсталғандығы айқындалатын, діндарлар мектебі арасындағы айырмашылық жайындағы мәселе сөз етіледі. Міне осы жерде олар сәйкестік таппайды. Ислам бірлігінің өзі — барлығына бірдей әлеуметтік әділдікті орнату деген мағынаға ие. Ал ұлттық ерекшелік — мұндай қоғамды қалай құруға болады деген сұрақ қойылғанда туындайды. Барлық нәрсені кез келген мемлекетте қирата салу ең оңай жол. Жоқ әлде қиратудан арылып, әділетті қоғам құрамыз ба? Және бұл қоғамды ислами деп атау әркез баса айтам, міндетті емес, және бұл мақсат емес. Басты мақсат әр адам мұндай қоғамда өзін толыққанды, құрметпен қарайтын жеке тұлға ретінде сезінуі қажет. Осы тұрғыдан әр мемлекет өзіндік, өзіне тән жолымен жүріп өтуі және ең аз шығынға ұшырау жолын қарастырулары керек.

-Рахмет, осымен сұхбатымызды аяқтаймыз. Әрине, барлық сұрақтарға жауап бере алмадық, бірақ, келесі санда жалғастырамыз.

Таир Адилов.
Рустам Ариджанов.
Орысшадан аударған Шерәлі Біләл


Источник: www.nm2000.kz

Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2008-06-20)
Просмотров: 2360 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана