Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Куранга бугiнгi тусiнiк жэне бiздiн осы элемдегi орнымыз туралы (3 сухбат)....
Газета «Наш Мир»

Біз «Пора понимать Коран» атты кітаптың авторы Юрий Михайловпен болған сұхбатымызды жалғастырамыз. Бұл кітаптың Ресейде өте танымал болғанын, Қазақстан оқырмандары үшін жеткілікті үлкен тиражда шығуына байланысты ендігі жерде Қазақстан үшін де танымал кітап екенін ескертеміз.

Сонымен автордың кітабына, Құранға, және жалпы біздің дінге Исламға байланысты редакцияға келіп түскен бірқатар сұрақтарға қадірменді кітап авторымен біріге отырып жауап береміз.

- Юрий Анатольевич, Ислам — саны күннен күнге артып келе жатқан, көптеген осы дінді ұстанушылардың басын біріктіруші әлемдік діндердің бірі. Дегенмен де, біз бұл діннің кейбір тұстары мен кейбір принциптері адамдық құндылыққа сәйкес келмейді деген жазғыруларды жиі- жиі естіп қаламыз. Бұл солай ма?

- Жоқ, әрине. Негізінде, бұлай айтатындар, Құраннан және Исламдағы қалыпты жағдайлардың шынайылығынан бейхабар адамдар. Бұл олардың проблемалары. Бірақ, сонымен қатар, көптеген өздерінің тұрғылықты жерлерінде, өкінішке орай, қазіргі таңға дейін Құранда айтылғандай қоғам құра алмаған мұсылмандардың да проблемасы (мәселесі). Мен мешіттер саны мен Исламдағы жазылған негіздерді орындау жайында айтып отырған жоқпын, менің айтарым басқа - шын мәнісінде, адам өмірінің құндылықтары жоғары және бірінші (планда) тұратын мемлекеттің жоқтығы. Және де адам өмірінің құндылығы биологиялық тіршілік иесі сияқты болу ғана емес, Құдайдың өзіне қызмет қылу талабын орындайтын, яғни өз қабілетін толық іске асыруды ойластыратын тіршілік иесі болу. Үкіметі әрбір азаматының қабілетін дамыту проблемасымен шындап айналысатын ең болмаса бір мұсылман мемлекетін атап беріңізші. Атай алмайсыз. Және де бір де бір мемлекеттің конституциясында мен мұны көрмедім. Ия, ол жақта еңбекке, тынығуға және білім алуға құқық бар. Бірақ, ол жерде әр адамның шығармашылық тағдырына байланысты қамқорлық көрсету мемлекетке жүктелмеген.

Менің ойымша, бұл бүгінгі таңдағы мұсылман қауымдастығының ең үлкен проблемасы: мұндай мәселе өзін ислами санайтын бір де бір мемлекет тарапынан декларацияланбады. Басқаша мәселе, оларды жүзеге асыру өте қиын – бұл жауапкершілік мәселесі, өмірдің бақталастық мәселесі. Жағдайды елестетіп көріңізші.

Мысалы мен, ірі бір кәсіпорын иесімін, менде ақша жетерлік. Мінеки, ең дұрысы, мен бұл кәсіпорынды басқаруға кімді қоямын? Мені қоршаған қоғамға қатысты, дискриминация элементін енгізе отырып, әрине өз баламды тағайындаймын.

- Неге?

-Өйткені Құран бойынша, адамның өз басқаруына алған құралдар – бұл Құдайдың адамды сынау формаларының бірі, және бұл жердегі мәселе, әрбір адам және әрбір капитал қожайыны, өз міндетін саналы түрде мойындай отырып, оның осы өмірдегі міндеті оның қалауымен емес, Құдай және қоғам алдындағы жауапкершілігімен айқындалатынын ұғынуы керек. Құдай алдындағы жауапкершілігі — ең болмағанда өмірге келгені үшін.

- Демек, Сіздің ойыңызша адамның туылуы – Құдайдың еркі бойынша ма?

- Сөзсіз. Құранда әрбір адамның туылуы, бірі қалмастан Құдайдың қатысуынсыз болмайтыны жайлы тура айтылған. Бұл соның ішінде өзіндік мінезде, өзіндік дарындылықта, сыртқы келбетте байқалады. Адамның бұл ерекше және өзгешелік комплекстері оларды қоршағандардың игіліктеріне дамуы керек. Осыған байланысты, мен Құранда негізі қаланған және менің алдыңғы тезистерімді нығайта түсетін сол бір пікірдің жүйесі жайында айтайын, - деп едім.

Адам – тепе-теңдігі бірдей емес жүйе, ал Құран — орташалықты ұстану діні. Және адам осы дүниеге келгенде, Құдай оған Құдайға сенуге немесе сенбеуге қалау ерігін береді. Құдайға сену – бұл Құдайдың заңдарына еру (мойынсұну). Күнә - адамның өз өздігінен бір істі күнә деп санауы емес, күнә - Құдайдың заңдарын орындамау. Адам өз тарапынан, кейбір жағдайларды, іс -әрекетті күнәсіз, және керісінше кейбір жағдайларды күнәлі, - деп айта алмайды.

- Сіздің айтайын дегеніңіз күнәлі және күнәсіздікті адам айқындамай ма?

- Ия, бұны тек Құдай ғана айқындайды. Мысалы, егер Сіз ертеңнен бастап бүкіл әлемдік тартылыс заңын елемейтін болсаңыз да, ертеңгі күні Сіз баспен жүрмейсіз. Сіз екі аяқпен жүруді жалғастырасыз. Бұл адам Құдайдың заңын өзгерте алмағандағы көрнекілік жағдай. Барлық физикалық әлем – Оның заңды жағдайларының жүйесі және біз осы жағдайда өмір сүреміз. Организм осы заңдармен үйлесе жұмыс істейді, біз толығымен физикалық заңдардың комплексіне тәуелдіміз және ешкім бұны сөз етпейді. Дегенмен де, керек десеңіз өзге де заң жинақтары, әлеуметтік заңдар, өнегелі мінез-құлық, моральдық кодексі бар. Мінеки, Ислами тұрғыдан қарағанда Құдайдың заңына сәйкес келетіннің барлығы өнегелік және бұл заңдардың барлығы Құранда жазылған.

- Кейбір мұсылман елдерінде, мысалы, галстук тағуға болмайды, ал мен Құранда бұл жайында оқымадым.

- Дұрыс айтасыз. Бұл ижтихад мәселесі (өзіндік интеллектуалды іздену) мен бұл жайында ілгеріде айтып өткем. Бұл жерде Исламды салт – дәстүрге сенумен алмастыруға болмайды. Дінді ұстанушылар тарапынан біреудің айтқан пікіріне ой жүгіртпей, соқыр сену көптеген діндерде бой көтерген басты мәселе. Сондықтан кейбір бөлек мемлекеттердің осындай іс тәжірибесі, сол елдің дінді ұстанушыларының ісі болып келеді, және олардың басқалардан артық бағалауына ойланбастан еліктеуі менің алдыңғы сұхбатымда айтып өткендей тәуелділіктің бір формасы.

- Мен жақында Ауғанстанда болғанымда сол мемлекеттің өлшемі бойынша, ауған әйелдері ақшыл-көк түсті сәнді бүрмеленген хиджаб киетіндерін байқадым. Ал Иранда мен бұндайды көрмедім, ол жақтағы әйелдер қара түсті киімдер киеді. Сіз осы мемлекеттегі дінді ұстанушылардың өз қалаулары деп дұрыс айттыңыз. Қазақстан әйелдеріне міндетті түрде Иран әйелдері сияқты киім кию, ал Туркия әйелдеріне ауған әйелдері сияқты киінудің еш қажеті жоқ шығар. Әлде, менің айтып тұрғаным дұрыс емес пе?

- Сіз дұрыс айтасыз, мен тек бір нәрсені баса айтқым келеді. Құдайға сену біріншіден «дұрыс» киім кию дегенді емес, бұл өмірде адам өзін қалай сезінуі дегенді білдіртеді. Мен жоғарыда айтып өткендей, физикалық заңдарды өзгерте алмайсың және осының өзі адам - Құдайдың құлы, және де, әлеуметті өмірдің заңдылықтары мен әдептілігін ұстануға міндетті және бұлар Құдайдың айтқаны екенін түсінуі керек.

Егер біз дұрыс өмір сүрмесек дәлірек айтсақ Құдайдың үкімдерін орындамасақ біз тікелей мағынада ауырып, зиян шеге бастаймыз, отбасылар бұзыла бастайды. Міне, жалпы адами құндылықтар дегеніміз не? Адамдар өздіктерінен бұл құндылықтарды ойлап тапқан жоқ қой. Жалпы адами құндылықтар дегеніміз – бұл мінез-құлықтар жүйесі, ал осыны ұстану адамдарға бақытты болуға көмектеседі. Тағы да қайталап өтейін бұл жүйені адамдар ойлап тапқан жоқ. Бұл Құдайдың сыйы. Бірақ, әр дінде бұл құндылықтар да әртүрлі, дегенмен, монотеистік сенімдердің қайнар көзі бір болғандықтан бұл құндылықтар көп жағдайда ұқсас, тура болатынын түсіну өте маңызды мәселе. Ғибадат ету рәсімдері әртүрлі, бірақ, басты үкімдері бір: ұрлық істеме, адам өлтірме, әділетті, шыншыл бол және т. б. Сондықтан егер біз осы қағидаларға сәйкес өмір сүретін болсақ, дау-дамай туғызатын мәселені көріп тұрған жоқпын.

- Исламда Христиандық немесе Иудаизм құндылықтарымен сәйкес келмейтін, немесе, керісінше құндылықтар бар ма?

- Әрине олар бар. Бірақ түсінесіз бе, егер бір адам өлең оқығанды, ал енді біреуі роман оқығанды ұнатса – бұл дау-дамайға және арақатынастың бұзылуына себеп болмауы керек. Егер бір дінде кейбір тағамдарды жеуге рұқсат етіліп, екінші бір дінде бұл тағамға рұқсат етілмесе ол келіспеушілікке негіз болмайды.

Менің ойымша конфессиялық айырмашылықтар – Құдай жаратқан әлемнің әртүрлілігі, және оны бірыңғайлау біздің жұмысымыз емес. Бұл біріншіден. Екіншіден. Әртүрлілік біздің өмірімізді әшекейлендіреді және кімнің дұрыстылығы басым деген жарысушылықта, неге мұның белгілі бір жақсы жақтарын көрмеске. Неге бізге өзге діндегілерге осылай өмір сүруіміз арқылы көптеген Құдайға ұнамды жетістіктерге қол жеткізіп, өзімізді өзіміз танытуда едәуір мүмкіндіктер бар екенін өз тәжірибемізбен дәлелдеп бермеске? Бұл жолда жарысу керек, қайталап айтамын, соғысу (шайқасу) емес жарысу керек. Мүмкін осындай жарысудың өзі, күндердің – күнінде адам баласының дамуындағы айқындаушы фактор болар. Демек, бұл жерде әр адам өзінің діни сеніміне сәйкес өз жолын, қалай өмір сүруін таңдауда ерікті.

Рахмет. Біз сұхбатымызды келесі санда жалғастыру үшін осы жерден үзе тұрамыз. Біз «Пора понимать Коран» атты кітаптың авторы Юрий Анатольевич Михайловпен сұхбаттасып оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп отырғанымызды ескертеміз. Кездескенше.

Таир Адилов.
Рустам Ариджанов.
Орысшадан аударған Шерәлі Біләл


Источник: www.nm2000.kz

Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2008-06-20)
Просмотров: 2822 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана