Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Куранга бугiнгi тусiнiк жэне бiздiн осы элемдегi орнымыз туралы (4 сухбат)....
Газета «Наш Мир»

Біз «Ладомир» ғылыми – баспа орталығырың аға редакторы, бүгінгі таңда Қазақстанда танымал болған «Пора понимать Коран» атты кітаптың авторы Юрий Михайловпен болған сұхбатымызды жалғастырамыз. Оқырмандар бұл кітаптан Құранға Исламға байланысты көптеген сұрақтарға жауап тапты, - деп ойлаймыз. Сұрақтардың бір бөлігін Сіздер біздің редакцияға жолдайсыздар, үлкен рахмет. Ал сұрақтардың екінші бір бөлігіне біз сұхбат барысында жауап беруге тырысамыз. Сонымен бүгін Ислам және ғылым жайында сөз қозғаймыз.

- Қазіргі заманғы ұлы әлем ғалымдарының арасында физика, химия, математика сияқты жаратылыс ғылымдарымен айналысатын мұсылмандар көп емес. Өнертапқыш және жаңа технологияны жасап шығарушылар арасында да мұсылман аттары кездеспейді. Неліктен бұлай болып қалды? Сонда қалай Ислам, ғылымның дамуын тежей ме? Ол соншалықты консервативті ме?

- Егер біз Ислам мемлекеттерінде дәл (нақты) ғылым саласында үлкен қол жеткізген жетістіктерді көрмесек, ол біріншіден сол мемлекеттерде ғалымдардың жоқтығынан емес, ол мемлекеттерде оның жалпы жағдайын, экономикалық шарттарын айқындайтын қандай да бір ғылыми базаның жоқтығынан. Дегенмен де мықты ғылыми тәжірбиелік база құрылған батыста көптеген көрнекті, бірақ аттары аталмаған ғалымдар істейді, ал осылардың ішінде мұсылмандар да бар, және осылардың барлығы Батыс ғылымының даңқы үшін жұмыс істейді, алайда бұлар жариялана бермейді. Сонымен қатар мұсылмандар арасында әйгілі политологтар да бар. Мысалы батыстың беделді «NEWS WEEK INTRNATIONAL » жорналын этникалық мұсылман Фарид Закари басқарады, және де өз әріптестері Исламды қатты сынға алғанда (боратқанда) оларды тежеп отырады. Менің ойымша, уақыт өте келе ирандықтар тарапынан көптеген таң қаларлықтай жақсы мағынадағы жаңалықтарды естиміз, өйткені Иранда математика мен физика жақсы дамып ұлттық ғылыми мектеп аса зор шапшаңдықпен қалыптасуда.

Егер бірегей Ислам және ғылым туралы айтатын болсақ, өкінішке орай Ислам әлемі жағынан Құранда айтылғандағыдай ғылымға деген анық түсінікті қатынас байқалмайды. Құран - ғылымды дамытуға үндейді, (шақырыды), Құран, еш уақытта дін мен ғылымды қарама – қайшы қоймайды. Мұсылмандардың көз – қарастары бойынша бүкіл әлем адамдарға тану - Құдайды тану үшін берілген. Біз, адамдар Құдайды тану үшін екі объектке иеміз. Біріншісі – ол Құдайдың сырын ашыуы, бұл жерде Құдай адамға, адам өздігінен физикалық, жердегі эксперимент арқылы танып біле алмайтын нәрсені айтты. Екіншісі – Құдай адамдарға оқу үшін «үлкен кітап» берді - табиғатты және қоршаған ортаны. Демек, бізде «Сөз» және «Іс» бар. Сөз – ол Құран. Іс – Құдайдың жаратқан әлемі. Және бір таңғаларлығы, мұсылмандар осындай мүлтіксіз «бизнес – планға» ие бола отырып, бүгінгі таңда осы тұрғыда адамзат баласының алдынғы қатарлы отрядын құрмауы.

Оның есесіне мұсылмандар ортасында жасанды, абстракті құдайшылдық - Құдайға құлшылық ету, - деген сияқты әңгімелер көп айтылады, Құран тұрғысынан қарайтын болсақ құдайшылдықтың шынайы түсінігі ғалым үшін үлкен жұмысты қарастырады, дәлірек айтсақ ғылыми зерттеулер құлшылықтың ең жақсы түрі. Құдайшылдық өздігінен ештеме өндіре алмайды. Ғылымды алдыға сүйреу үшін, бір ғана құдайшылдық жеткіліксіз. Қайталап айтайын, ғалым үшін Құдайға құлшылық етудің ең жақсы түрі, оның ғылыми зерттеулері.

Біз қаншалықты қоршаған орта туралы көп білсек, соншалықты Құдай туралы көп білеміз. Бірақ аксиома - қоршаған ортаның тереңдігі, кеңдігі, микро немесе макро деңгейіндегі ұшы қиыры жоқ шексіздігі болғандықтан, сол шексіздік тұрғысынан қарағанда біз әрдайым нөлде боламыз. Бұл ұқсастық танымдылықтың шексіздігін ашады, ал біз барлық нәрсені танып білуіміз мүмкін емес екенін түсінеміз. Әлем өз феномендерінде сарқылмайды, бірақ бұл феномендердің барлығы Құдайдың жанама көрінуі болады, сондықтан да көптеген мұсылмандар ең болмаса ғылыми - танымал кітаптар оқып, ғылыми бағдарламалар көріп, табиғаттың жаңа заңдарын білу арқылы қоршаған ортаны тануды - өздерінің тікелей міндеттері, - деп санамайды, мені таң қалдыратыны осы. Біз адамзаттың алдынғы қатарлы отряды болғымыз келеді, интеллектуалды ойдың етегінде сүйретілетін болсақ қалайша алдынғы қатардан көрінеміз?

Осы тұрғыда ата – аналар, мұсылман ата – аналар өз балаларының тәрбиесіне қалай қарайтындары өте маңызды. Жалпы мұсылман балалары, немесе өзге балалар болсын оларды үйрету керек, уйреткенде де байсалдылықпен уйрету керек. Мұсылман баланың барлық күш – жігерін жақсы, үздік оқу үшін жұмсап, тек қана бестік бағаға оқуы, Құдайға деген бар ынтамен жасалған құлшылық болып табылады. Ұлының Құдайға құлшылық етуі, дегеніміз - өз анасына қамқорлық етуі. Азамат үшін Құдайға құлшылық ету қоғамға және мемлекетке пайдалы қызмет етуден тұрады. Осы қоғамның әр азаматы барлығына әділетті қамқорлық қамын ойлағанда ғана, қоғам әділетті болады. Біз осы әлемнің дамуын, табиғи ресурстардың қатысуынсыз, осы дамудың алдына Құдайдың әр адамға берген ресурсын қойғанда ғана, қуатты негізде қамтамасыз ете аламыз.

Біз таусылып бітетін табиғи ресурстар арқылы өмір сүрмеуіміз керек, және өзіміздің территориялық артықшылығымызда бәсекелесіп, осы үшін дау–дамайлар тудырмауымыз керек. Біз басқа таусылып бітпейтін ресурсты және адамзат дамуының мәңгі қозғаушы күшін - шексіз болатын интеллектуалды мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Өйткені Құдай адамзатқа бүкіл әлемді басқаруға пайдалану үшін емес, бұл әлемді дамытып және қызмет көрсету (күту) үшін берді емес пе, яғни бұл әлемді тану үшін.

- Көптеген адамдар Исламды схоластикалы, - дейді. Исламдағы діни институттың өзі көптеген қаталдықтар мен мүлтіксіз орындайтын талаптар негізінде құрылып, жеке тұлғаның еркін дамуына кедергі етеді, соның ішінде ғылым және өнертапқыштық саласында, – дейді.

- Менің ойымша, мысалы, дұрыс идеяларды басшылыққа ала отырып, осыған кедергі келтірушілер сол сатанистердің өзіне тойтарыс береді. Онда да творчествомен айналысуға болады, бірақ өзіндік орынсыз тілегі мен күйтшілдігін құптаушы творчествосымен айналысу. Мысалы, егер де өздерінің «діншіл» тыйымдарымен және қаталдықтарымен біреудің математикаға деген қабілетін дамытуға мүмкіндік бермесе, міне осылар өздерінің барлық жасанды дәстүршілдік және діншілдігіне қарамастан нағыз құдайсыздар.

Менің ойымша, өзінің интеллектуалды қабілетін іске асыратын адамның мүмкіндігін шектейтін кез–келген әрекеттер – бұл Құдай алдында жан түршігерлік шектен шыққан күнә, өйткені бұл қабілеттер базардан сатып алынбаған және анасынан сыйға алмаған, бұл Құдайдың адамға берген сыйы. Менің көзқарасым бойынша бүгінгі қоғамда бұны түсінбеу - өлімге баламалы ауыр күнә. Өйткені тәнге қастандық жасау және оның физикалық тіршілік етуін тоқтату сияқты, өлтіру тек физикалық түрде ғана бола бермейді. Ақылдан адасу (сана сезімді өшіру) – адамды вегетативті мақұлыққа айналдыратын, өлтірудің бір түрі.

Адам бұл өмірге арнайы бір тапсырманы орындау үшін келді, ал ол тапсырманың қандай болатыны оның тексеріп, талқылауында емес, өйткені біз Құдайдың түпкі ойы қандай екенін біле алмаймыз. Құдайдың түпкі ойы әр адамның өміріне, сол немесе өзге бір қоғамның өміріне, жалпы отбасының, мемлекеттің және адамзат өркениетінің тіршілік етуіне таралуы (жайылуы) тұрғысынан әр алуан. Біз бұл өмірге сырттан қарай алмаймыз, біз Жаратылыс шеңберінен шыға алмаймыз және оның дамып отырған заңын айқындай алмаймыз, бұл тұрғыда біз әлсізбіз.Әділ шыншыл адам болып, мейілінше жақсы істерді көп істеу керек, сонда Құранда айтылғандай, Құдай адамға жауап береді және қиындықтарды жеңіп шығуға, мықты болуға көмектеседі.

- Неге Құдай мұсылмандарға ғарыштық ракеталарды ұшыруға көмектеспейді, неге мұсылмандар арасында Нобель лауреаттары жоқ? Сіз, мүмкін, мәселе мұсылман мемлекеттердің экономикалық дамуында шығар, - деп қалдыңыз, осы ойыңызды жалғастырыңызшы, өтінеміз.

- Қалай жорамалдап , пішіп кесуіне қарай. Егер орта ғасыр мен Европа интеллектуалды үйінділердің астында болған уақытты алатын болсақ, онда Ислам өркениеті таңғажайып деңгейде болған.

- Қашанғы еске түсірумен өмір сүруге болады? Бүгінгі күн туралы ойлаудың да мезгілі келді емес пе?

Әбден дұрыс. Осының барлығынан дұрыс шешімдер қабылдау керек. Кейбіреулер, мысалы тарихты сол болған күйінде қайта құруға тырысады және тек осындай жағдайда ғана толық бағалы тіршілік етуге болады, - деп санайды.

Кім біледі, мүмкін жақын келешекте Ислам әлемін таңғажайып рауанды шақ күтіп тұрған шығар, және қазір ол пісіп, жетілуде, ал мұсылман өркениетінің «шуақты күні»,-деп қарастыратын сол уақыт, оның таң шуағы ғана шығар. Сондықтан бізге көмек көрсетпеді, - деп Құдайды күнәләу – ақымақтық, тек бір нәрсені ғана жасау керек - Құран ұсынып отырған мінездің концептуалды парадигмасына оралу керек, табандылықпен қиындықтарды жеңіп шығып және Ислам елдерінде өмірдің жақсаруы және ғылым үшін барлық жағдайды жасау керек. Біз тек Ислам елдері туралы айтпаймыз, мұсылмандар тұратын барлық мемлекеттерді тіпті мұсылмандар аз мекендейтін елдер туралы да айтуымыз керек. Неге мұсылманға, мұсылман еместің, ол талантты математик болғандықтан дамуына жағдай жасауды өзінің міндеті, - деп санамасқа. Өйткенгі бұл таланттың өзі Құдайдан емес пе?

- Рахмет, Юрий Анатольевич. Осы жерден сұхбатымызды үземіз және келесі санда жалғастырамыз.

Таир Адилов.
Рустам Ариджанов.
Орысшадан аударған Шерәлі Біләл


Источник: www.nm2000.kz

Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2008-06-20)
Просмотров: 2261 | Рейтинг: 4.3 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана