Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Қазақстандағы ең ежелгі мешіт
 Газета «Наш Мир»

Бір жыл бұрын Ә. Х. Марғұлан атындағы Алматы археология институтының бір топ мамандары Таразда қазба жұмыстарын жүргізу кезінде сирек кездесетін қазба тапты. Қаланың ортасында, рабад “3” аймағында, Қарахан кесенесінен алыс емес жерден археологтар ежелгі мешіт қалдықтарын тапты. Нысананың біраз жерелері тексеріліп және қайтадан тексерілуден өтті. Нәтижесінде тарихшылар мынадай қорытындыға келді, бұл құрылыстың жүргізілген уақыты мөлшермен V ғасырға келеді, ал оны Исламның Қазақстандағы ерте кезеңіне жатқызуға болады.

Құрылыстың сыртқы көлемі 19- да 21 метр. Солтүстік және оңтүстік қабырғаларының қалыңдығы 2,5 метр, ал батыс және шығыс қабырғаларының қалыңдығы бір метрден 2 метрге дейін болады. Қабырғылардың күйдірілмеген кірпіштен жасалғаны анық.

Мамандардың айтуынша, бұл Тараз мешітінің негізі ерте діни құрылыс негізінде күйдірілмеген кірпіштен және пахсар жүйесімен қаланған. Қираған қалдықтардың арасынан кесілген жартылай діңгектер табылды. Шығыс жағында – (софа) аласа енді жұмсақ төсек, онда ертедегі жалбарынушылар отыратын, ал батыс жағындағы құрылыста михрабтың орны табылды.

Археологтардың пікірі бойынша, мешіттің жанында сол кездегі тұрмысы жақсы қала тұрғыны болғанын айтады. Осыған дәлел, қазба жұмыстары кезінде тиындар, күнделікті тұрмыстың заттары табылған. Ақша тарихын оқыту ғалымдарының тәжірибесінің нәтижесінде, бұл тиындардың жасалу кезеңдері анықталды. VII-X ғ.ғ. “Кайюань Тюньао” үлгісіндегі қытай тиындары, VIII ғасырда жасалынған түргештің ақшаларының белгілері, XI ғасырда айырбастау құралы ретінде пайдаланылған Қарахан кезеңіндегі тиындар табылды.

Алғаш жол ашқан меценаттар

Ортағасырлық мешітті қазу және қайта құрастыру жұмыстары Алматы заңгерлік ұйымының “Strike” меценат жетекшілері Эльман Нуриевпен және Эмиль Абдрашитовтың ұымдастыруымен құрылған қоғамдық “Өлкетану” қорынан болінген қаржы есебінен жүргізілді.

“Ежелгі Тараз ескерткіштері” Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Тәкен Молдақынов, өткен іс туралы былай деді:

- Алғаш рет біздің елімізде археологиялық қазбалар мен ескерткіштерді орнына келтіруді қолдайтын меценаттар жаңадан табылды. Халық бұл жерлердің қайтадан өсу тарихын білуге шын жүректен ықылас танытады. Бұл “Өлкетану” қоғамдық қорының миллиондаған үлес қосқан бірінші нысанасы емес. Маман ретінде айта аламын, қазба және археология жұмыстарына қаржылай көмек көрсету - тәуекелге бел буу. Нәтижесі жұмсалған қаржыны өтемеуі мүмкін. Тер төккен еңбек пен уақыт қазба жұмыстарының соңында, құрылыстың біздің уақытқа дейін жетпегенін немесе күткен тарихи құндылықтардың табылмауы да мүмкін екенін көруге болады.

Археологтардың өткен жылғы тапқан ерте Ислам кезеңіне жататын мешіт, V ғасырдағы сирек кездесетін тарихи арте-факт (дәлел). Табылған заттың сирек кездесетіні соншалық, Орталық Азиядағы ислам мәдениетінің пайда болған кезінен бастап, тарихшылардың арасында туындап жүрген сұрақтардың бәріне жауап береді. “Таразды Қазақстандағы тарихи Ислам орталығы деп атауға болады, - деді Жоғары муфти және Қазақстандағы мұсылмандардың Діни басқару бастығы Әбсаттар қажы Дербісәлі. – Дәлірек, Қазақстандағы ең ежелгі мешіт Тараздан табылды. Осы жерде Қазақстанның әйгілі Ислам қайраткері, “Бейбарыс Каирде” әйгілі медресесінің бірінші тәлімгері Хибатулла ат-Тарази дәл осы жерде болғандығы әбден ықтимал”.

Ескі тиындар жиынтығынан басқа ерте заманғы Құраннан үзінділер табылды. Бүгінгі таңда ежелгі мәдениетті бағалайтын әрбір адам оның мазмұнымен таныса білу үшін, қолжазба қалдықтары мешітте сақтаулы тұр.

Мұнараларды көтеруде

Қазіргі кездегі қайтадан көтерілген нысана Тараз аймағындағы ашық аспан астындағы бірінші мұражай. Мың жыл бұрынғы осы діни уағыздар, жақында тағы да топтасқан мұнаралар астынан естіледі.

Табылған заттың тарихи уақытына қарай, үйдің негізгі жобасына қарап, қабырғалардың қалануының сақталуын қатайтып тұрған қоспаны тауып, заттың түпнұсқасын жасау барысында ғалым-археологтар, архитекторлар және қайта өңдеушілер үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Құрылыстың құрылымын анықтаған кездегі қорытындының көрсеткені, мұнаралар күйдірілмеген кірпіштен және ағаштан жасалынған. Үйдің ағаштан жасалынған құрылымы екі рет болған өрттің салдарынан толығымен жойылған, соңғысы XIII ғасырдың басында болған. Біздің кезімізге дейін діңгектердің негізін қалаған кесек тастар сақталынған. Қазіргі кезде ежелгі мешіттің орнында мұнара-шатыр құрылым жұмыстары қайтадан жүріп жатыр.


Источник: www.nm2000.kz

Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nm2000 (2008-07-18)
Просмотров: 3869 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана