Газета «Наш Мир»
... бүгінгі Құран жайлы түсінік пен біздің осы әлемдегі орнымыз жайында
Біз әңгімемізді Юрий Анатольевич Михайловпен жалғастырудамыз, ол «Ледомир» Ғылыми – шығармашылық орталығының директоры, «Құранды түсінуге кез жетті» кітабының авторы. Қорытқы әңгімемізде құрметті авторымызбен бірге оның кітабына қатысты, Құранға қатысты және де біздің дініміз Исламға қатысты редакция адресіне түсіп жатқан сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
– Юрий Анатольевич, біздің газетімізді мұсылмандар ғана оқып қоймай, бізге жақын, бізбен бірге тұратын адамдар да оқиды.Қазақстанда, сіз білетіндей, бәрі бір–бірімен жақын тұрады: иудей, мұсылман, христиандар...Мұсылман қоғамы – мемлекетіміздегі ең үлкені, ал Православ бүкіл санақ бойынша екінші орында. Екі үлкен халықтың өмір сүруі – Ислам мен православтық Христиан, әрине, мұсылмандарға да, христиандарға да, өзара қарым–қатынастары үшін үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл өзекте, мұсылмандар мен христиандар арасындағы байланыс жайлы, бұл екі діннің өмір сүруі, Исламды қабылдаған орыстар жайлы және осы проблематиканың гаммасы жайлы Сізбен сөйлескім келеді.
– Сіз білесіз бе, бұл кітапты жаза салысымен, тура осы жерден мені орыс халқының «сатқыны» қатарына жатқызды, ал біреулер тіпті менің мақсатым – Исламға көптетіп православтарды кіргізу деді. Әрине, менің ойымда ондай болған да жоқ, ондай мақсатты алдыма қойған да жоқ едім және қоймаймын да.
Біреу белгілі бір дінді қабылдағанда – ол сол адамның жеке шешіміне байланысты. Өзіңіз ойлап қараңыз, мысалға сіздің көршіңіз не үшін басқа дінге кетті? Яғни, оған бұлай өмір сүру жағымды, ол сол дінде басқа діндерден таппаған ерекшелікті өзіне ашты. Сол ортада оған жайлы. Маған мынандай: «Сіз православтар мұсылман болғанын қалайсыз ба?!» деген сияқты жалалар жапқанда, мен алғашында не дерімді білмейтінмін, себебі менің мақсаттарым тіптен олай емес. Бірақ мен жақсылап осыған ойланғанда, менде келесі жауап туындады: бұндай жалалар қазір Православ дінінде бола тұра, онымен қанағаттанбайтындар саны өсіп келуі себебімен түсіндіріледі.
Ал, бұл әртүрлі секталар үшін жақсы мүмкіндік. Себебі, сектаның табиғаты сонда, ол өздерін тебіренткен сұрақтарына дәстүрлі конфессиядан жауап таппағандарды өзінің құрбаны етіп алады.Ал егер мен осы кітабыммен біреулерді Исламға әкелген болсам, ол адамдар православқа шынымен сенбегендер, ал одан да өзін таппағандар сектаға өту кезеңіне тап болады. Секта – адамның діннің өзегінде фактілі түрде өз–өзіне қол жұмсауы.
Ал сіз білесіз бе, кейбір орыс деревняларында секта адамдары үлкен қазбалар жүргізіп, оның салдарынан үстеріне тонналап топырақ құлаған, кейін бұл сектаға бүкіл деревня бала–шағасымен қоса кірген, одан соң тіректерді құлатып соған өздері көмілген. Бұндай құрбандық есебінен бәрі жаннатқа түсеміз деп сенген. Және де бұл православ дәстүрі шеңберінде мұрагерлікпен қалып отырған. Бізде бұл жайлы айтуды қаламайды.
Мен үшін маңыздысы, Ислам дінін терістейтіндер, келесіде жүз рет ойланып сөйлесін, ал оны жақтайтындар да ойланып, оны түсініп жасасын, бұрыс затты дұрыс есебінде көрмей. Мен бәрімізді жарыққа, ақылмен ойластыруға шақырамын! Әр адам өзінің дініне жетуге бағытталған жолды өзі таңдауға құқылы. Мен еш дінді мейлі Иудаизм, мейлі Христиан, мейлі Исламды толыққанды дұрыс деп санамаймын, бірақ әрқайсысының өзінің тағдыры бар, және қай қоғамда адам көп немесе аз болатынын мен шешпеймін. Менің мақсатым – қоғамға бүтіндей өзімнің Құран жайлы зерттеп түйгенімді жетізу. Ал сосын қоғам менің түйгенімді қалай қабылдайтынын өзі шешеді. Сондықтан да, менің кітабымды оқитын адамдарға алдын–ала рахметімді айтамын.
– «Құранды түсінуге кез жетті» кітабын оқыған мұсылмандарға ғана емес, біз үшін және де орыс қазақстандықтар үшін мәскеулік ғалымның біздің ұлы Кітабымыз, дініміз жайлы не ойлайтыны қызықты. Тіл, мәдениет, этикалық пайда болу жағынан мұсылман діни– – сеніміндегі қазақ, ұйғыр, өзбектермен жақын тұрғындықтын, Қазақстанда тұрып жатқандықтан орыс халқына да қызықты.Себебі, бізді түсіну үшін, мұсылмандарды түсіну үшін ең әуелі біздің басты кітабымыз – Құранды түсіну қажет.
Солай дегенмен, біз жақын арадағы болашақта Ислам, Христиан, Иудаизмнің өмір сүретінін мойындаймыз. Мүмкін, бұл Құдайға лайық шығар. Ол осылай ойластырған, осылай Онымен жаратылған, адамдар Оған және ақиқатты түсінуге әр түрлі жолдармен келуі тиіс. Онда неліктен біз – мұсылмандар, христиандар, иудеилер, бір–бірімізге менің дінім жақсы, ал сенікі жаман деп дәлелдеумен, түсіндірумен боламыз. Мен сияқты істемейтін, мен сияқты құлшылық жасамайтын, мен сияқты Құдайға сенбейтін адам – менен жаман болуы тиіс? Неге олай болады? Бұл да Құдайға керек пе?
– Жоқ, әрине. Құранда шындыққа, жақсылыққа тырысу керек делінген. Бірақ, адам өзін түзу сенімдегімін деп қалай санайды, егер де ол өзіне ешқанай жаманшылық жасамаған басқа дін адамына жұдырығын ала жүгірсе. Мен бұны мүлдем түсінбеймін.
Адам болашағы бір–бірін жақсырақ түсінуімен Құранда да сипатталады. Онсыз, бірге өмір сүру мүмкін емес және бұған бізді обьектілі түрде цивилизация итермелейді.Кейбір консерваторлар дұрыс санамайтын глобальдану процесінің жақсы және жаман жақтары бар. Жақсы жағы шекараға қарамастан белгілі түрде адамға ашылуға мүмкіндік береді. Ал, жаман жағы ұлттық сипаты өшіріледі. Кей жағдайда ол мәдени жекелік жолындағы барлық жат діндегі, жат текті халықтар арасындағы физикалық агрессивті түрдегі күреске айналды. Бірақ, бұлай істейтіндер ең маңызды мәселені түсінбейді, ол бүгінгі әлемдегі әлсіздер интеллектуалдық жағынан және коммуникабельді қатынаста артта қалғандар. Ешқандай қарулы күш мәдени жекелікті интеллект қатысынсыз сақтап қала алмайды. Автомат мәдени жекелікке ие емес, компьютер де. Жекелікке тек ұлттық мәдениет ие. Құлаққа тұрпайы болғанымен, Құдай туралы білім де ұлттық бола алмайды. Сондықтан да, Құдайға байланыстының бәрі жалпыадамдық жетістік статусына ие.
– Сіз сонда, Құдай таңдауындағы халық жоқ дегіңіз келе ме?
– Әрине, жоқ! Құдайды жақсы білетін халықтың жоқ болғаны секілді. Көп жағдайда сенушілер арасында «жарыс» жүріп тұрады: кім шынымен сенуші, ал кім – жоқ...Құдайға өзін теңестіру, ұқсату деген, адам Ол жайлы біліміне баға беруге тырысқаны іспетті. Бұл нонсенс қой! Біреумен келіспесең – оны өз ішінде қалдыр немесе сенімді аргументтер тап. Ал, егер сен біреудің ақылсыздығына бола, жұдырыққа жүгінсең, сен өзіңді жазалағаның.
Болашақ жайлы сөз қозғасақ, адамгершілік мәселесі қазіргі таңда адамдардың көптеп бірлесуімен , сонымен бірге ең эффектілі бірлестік коллективизм жолымен дамып жатыр. Ислам үшін коллективизм маңызды социальдік жан сақтау болып табылады. Бұл жерде мен діни аспект жайлы емес, мен бизнес мекемелеріндегі ерекшелікті айтамын. Бүгінгі таңда бизнесте жалғыздар жоқ. Қазір алдыңғы қатардағы коллективтер, алдағы корпорациялар бар және де өмір адамдарды бірігуге міндеттейді, тек қана діни принципте бірігуге емес, күн көріс есебінде келісу мүмкіндігі, өзінің ең жақсы қасиетін көрсету мүмкіндігі есебінде. Ең жақсы жақтарын көрсеткен адамдар ғана болашаққа құқысы бар.
– Сіз сонда құдайшылық– бұл көрсеткіш емес деп ойлайсыз ба?
– Дәстүрге сенушілік, ішкі құдайшылық– бұл нақты көрсеткіш емес. Мысалы, дөрекілік көрсететін, өз балаларын мазақ қылатын, сонымен бірге күнделікті мешітке, синагогке және церковьке баратын адам, менің ойымша, ол дін жолындағы адам деп саналмайды. Егер сен ғибадатханадан тыс жерлерде өзіңе дөрекі болуға жол берсең, сен діни адам болып есептелмейсің.
– Бизнес, корпорация, қазіргі қоғамда дінге сенуші адамдардың болуы жайлы сөйлестік , енді мемлекет пен діннің қатынасы туралы сөйлесудің кезі келді. Біз совет заманынан бастап, дін мемлекеттен бөлек дегенді білеміз. Дін өз алдына дамиды, ал мемлекет өз алды. ..Бұл әрқашанда жақсылыққа ма?Бұл жайында Құдайдан түскен Құран кітап ретінде мемлекет–құрылым және сенімділік–дін қатынасы жайлы не айтады?
– Әрине, Құранда бұл жайлы айтылмаған. Құран барлық адамдардың теңдігі жайлы айтады. Бұл теңдік – Құдай таңдауындағы адамның , белгілі бір түрдің басқаларға қатысты күнәсіз бола алмайтындығын көрсетеді. Бұл нағыз өмірде нені білдіреді? Бұл өз кінәңді басқаның мойнына жабуға болмайтындығын білдіреді. Сонымен бірге, бұл қоғам біреуді мемлекеттік лидер қылып таңдағанда, оның бұған жауапкершілікті алатындығын және тек лайықты адамды таңдау керектігін көрсетеді. Құран қоғамды ,діни болуы шартты емес қоғамды басқаруда ең лайықты адам болуы тиіс екенін тура айтады. Сондықтан да, Құран – кадрлерді таңдаудағы өзінше бір ақылшы. Яғни, Құранда айтылғанға сәйкес таңдалаған кадр «квалицированный» болуы айқын. Біз діннің мемлекеттен бөлектенуін немесе керісінше қарастырғанда, оның бұл ортадағы мінезін қараймыз. Егер мұндай бөлектену дінге билік алдында жағымпазданбауға не керісінше мүмкіндік берсе, онда мен осындай бөлектену жағындамын. Алыстанбау элементі бойынша биік жайлы айтсақ, онда мұндай алынтанбау мемлекет тарапынан емес , өз алдына қойылған мақсаттан болуы тиіс. Мемлекет ешқашан діни қоғам құрмайды, ол оның мақсаты емес.Бірақ қоғам алдындағы мақсаттың шешілуінің болашақ құрамы бола тұра, ол өзінің азаматтарына барлық жағдайды жасаудан басқа ешбір шартты қарастырмайды. Әрине мемлекет, діни бағалылықтың қамын жасау керек, ал ұлттық идеолог – діни–сеніміне байланыссыз бәріне жақсылық әкелетін ұлттық идеяны ұсынған адам болуы тиіс. Егер бұл адам мұсылман болып шықса, онда даңқ пен мадақ оған. Бірақ, мұсылмандар ондай адамды ұсынып жатқан жоқ. Қиыншылық неде сонда? Ақыл–ойды дамыту керек!Егер христиандар бұндай адамды ұсынбаса – онда оларға да интеллекті дамыту керек.Ал, егер иудеи мемлекет басына келсе және ол сізге ұнамаса, онда иудеи болғандықтан емес, ол оның жұмысқа жарамсыздығынан болуы әбден мүмкін. Іс–жүзінде сондай қасиетін көрсеткендіктен.
Құран – бізді ойлауға үйретеді.Құран – айналамызды және жеке әлемімізді болашақта өз балаларымыз сол мемлекетте туылғанына алғыс айтатындай үлгіні көрсететін кітап. |