Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Кемелер Барбароссага салем беріп отуде!
Газета «Наш Мир»

    Турция 1546 жылғы 4 шілдеде қайтыс болған адмирал Хайреддин Барбароссаны еске алуға дайындық үстінде. Барбаросса өзі негізін қалаған Стамбұл ауданыындағы Бешікташта керемет мереке ұйымдастырылуда. Аты аңызға айналған адам туралы бәсекелер әлі де тоқтамай келеді. Шындығында, ол кім болды? Жолы болғыш және қатыгез қарақшы ма, әлде ұлы теңіз басшысы ма?

    Түріктің ақпарат құралдарынан бұл адамның тарихтағы орны туралы қызықты нұсқалар кездестіруге болады. Түріктің кейбір зерттеушілері, мысалы, “ Барбаросса жоспары ” (Германияның Кеңес Одағына басқыншылығы) жүрек жұтқан қарақшының ерліктерінің құрметіне берілген ат, ал император Фридрихтың Барбаросса деген лақап атымен оған қатысы жоқ. Немістің Барбароссасынан гөрі түріктің Барбароссасының ұрыс даласында жолы болғыш болған деп түсіндіріледі.

     Ағайынды Барбароссалар

     Хайреддин Барбароссаны Осман флотының ұйымдастырушысы деп есептейді. Жүздеген жылдар өткен соң, оның атымен әскери және жолаушы кемелерді, мектептерді, көшелерді, қонақүйлерді атайды. Толық тексерілмеген бір нұсқада, Барбароссаның атын жамылып жүрген кім деген сұраққа Стамбұл университетінің оқытушысы Айхан Катыджи жауап береді: «Христиандар барлық түрік аймағының қарақшылары мен XVI ғасырдағы түрік адмиралдары – Аруджаны, Хайреддинді және Хасанды осылай атаған. Барлық қарастырулар бойынша, лақап атты италиандықтар берген. “ Ла барба ” – сақал, “россо” – қызыл, сары».

     Азор (Ацор) атын жамылған болашақ адмирал Хайреддин Барбаросса 1468 жылдары Лесбос аралында дүниеге келген. Ол жұмысты әкесі мұраға тастап кеткен, құмыра ыдыс жасаудан , бейбіт ойлардан бастады. Стамбул мектептерінің бірінің тарих пәнінің оқытушысы Джема Караданың айтуынша, Хайреддин Жерорта теңізінің “ теңіз қасқыры ” атанған ағасының ізімен жүрген: «Арудж теңізші болып жалданған кеме қолға түсіп, ол екі жылдай құлдықта болып, ескекпен есетін әскери кемеге таңылды. Дәл сол кездері ол Барбаросса, қызыл сақал деген лақап атқа ие болды. Арудж қашып құтылып, тағы да кемеге орналасып, сол жерде көтеріліс шығарады. Ал, кемені иемденіп алған соң, теңізге қара жалаумен ат басын бұрады. Шешімге тез келетін, сонымен бірге қатыгез, ешкімге ұстатпайтын Жерорта теңізін дүр сілкіндіретін күшке айналды. Католиктер тұрақтанған, андалуз жағалауына әскери жорықтар жасап, Тунис пен Алжирді испандықтардан тартып алды. Кейінірек Арудж әмір Селімді жойып, Барбаросса I деген атпен бірегей билеуші болды. Ол өлген соң, оның орнын Хайреддин басты.»

    Теңіз билеушісі және дінді сақтаушы

     Ұлы Порт – Осман империясы флоттың айбынды күшіне мұқтаж болды. Мұсылмандар теңіз құсы сияқты қара киініп алып, өздерінің ержүрек капитандарымен Жерорта теңізін кескіледі, сұлтандар оларға ат басындай алтын уәде етіп, жақтас болуға шақырды. Измирде кемелер соғатын және жөндейтін жерде (верфь) кемелер соғып, оған Еуропаның түкпір-түкпірінен – италиандықтарды, гректерді, даттықтарды, норвектерді алды. Теңізші-еуропалықтар өз еріктерімен Исламды қабылдап және өздерін мақтанышпен мұсылманбыз деп атады.

     1533 жылы Хайреддин түрік сұлтанынан шақыру алып, оған өзінің жеке флотымен келді. Оның кемесі сұлтанға деген сыйлықтарға толы еді, оның ішінде мыңдаған әскери тұтқындар да болды, оларды константинополь базарында аңыздағыдай ақшаға сатып алуға болатын. Есесіне сұлтан теңіз моджахедіне даңқ пен сыйлықтар беріп, оны Африканың бейлербейі (барлық бейлердің бағынатын ең басты басқарушысы) етіп сайлады.

    «Көңіл аударарлық нәрсе, Хайр-эд-Дин (“Дінде құрметті”) деген құрметті атағын Барбаросса сұлтаннан құдайға жан-тәнімен сенгені, Құранның барлық жазбаларын сақтағаны үшін алды. Адмирал өзінің қол астындағылардан тазалық пен тәртіпті талап еткен, - деп айтады Джема Карада. – Ол осылай Алла-тағалаға адал болса, ұрыста өзіне жеңіл болатынына сенімді болды.».

    Барбаросса Алтын мүйіз кішкене шығанағында жаңа кемелер соғуға рұқсат алып, түрік флотын жаңалауға кірісті.Ол тек қана кемелер жасап қоймай, түрік малшыларын теңіз желкендерімен, арқандармен жұмыс істеуге үйретті. Ержүрек “комутан” (аддмирал) кемеде қатаң тәртіп орнатты: ішімдік ішуге, карта ойнауға, ақшаға сүйек ойынын ойнауға тыйым салды. Ерекше көңіл қару-жараққа бөлінді, Хайреддин қаруды таза және тәртіпті түрде сақтауды талап етті, бағынбаған жағдайда әскери қарусыз қалдыратынын айтып қорқытты. Архивтерде Хайреддиннің портреті сақталған: мақсатты қырағы көзқарас, қалың сақал, теңізді бағындырған жүрек жұтқан адамның бейнесі ретінде. Ол орта бойлы және алып күштің иесі болды. Қайтпас мұсылман адмиралының даңқы барлық Жерорта теңізіне жайылып кетті.

    Сарай мұражайының директоры Топқапы Ильбер Ортайлы Барбароссаның өмірінен бір үзіндіні есіне түсіреді:

    « Осман порты мен олардың тепкісіне шыдай алмай, еуропа мемлекеттері қарсы шығып, Жерорта теңізі ұрыс даласына айналды. Христиан мемлекеттері бір-бірлеп өздерінің қорғаныстары мен алдыңғы шептерін жоғалта бастады. Түріктер Кипр мен Родосты басып алды. Христиан флотының басқарушысы генуез адмиралы Андреа Дориа Барбароссаны ашық ұрысқа шақырғысы келді. Барлық кезде айлакер адмирал тура соқтығысулардан қашты. Бірде, Тунис ауданында, Барбаросса нақты ұрыс өнерінен ауытқып, әскерін қайтадан жасақтап, шөл далаға өтіп кетіп, өзінің ең жақсы ескекті әскери кемелерін тығып қойды. Ал он ай өткен соң, жауды тас-талқан ететін соққы беріп, флотын қиратып және алты мыңға жуық еріксіздерді тұтқынға алды».

    Хайреддин жауларына өте қатал болды. Оны «теңіз королі» деп атады, ол өз шарттарын кез-келген еуропалық патшалыққа жүргізе алатын, оның атын естіген кезде еуропаның монархтары әлекке түсетін.

     Батыр теңіз жүзушісі не қарақшы?

     «Хайреддин Барбароссаның есімі қарақшылар тізімінен жиі кездеседі, - дейді Ильбер Ортайлы. – Еуропалық тарихшылар оның қатыгездігін, барлық христиан әлеміне көрсеткен азабын баса айтады.Бірақ мұсылмандар арасында ол батыр болып қалады. Менің ойымша, ол қарақшы болған жоқ.Сұлтан флотының адмиралы болып, әскери басқарушылық және ұйымдастырушылық іскерлігімен, теңізші шеру өткізді.Түрік мемлекеті оның арқасында кішкентай хандықтан Жерорта теңізінің империясына айналды. Түрік флоты Жерорта, Қызыл, Қара теңіздерді, Персид шығанағында және Үнді мұхитында басшылық етуге құқылы болды. Еуропалық сарайлардан түрік флотының тастан қашалып жасаған суреттері мен сулы бояуларымен салынған кескіндерін көруге болады: Флорентияның Питти сарайында немесе Венециядағы Дожей сарайында».

     Барбаросса сексен жасында Босфор жағалауына қоныстанып, тыныш өмір сүрді. Жинаған байлығы оны сұлтанға тәуелді етпеді. Ол теңіз үстінен таң қаларлықтай сарай, жақын жерден мешіт және сұлулығына сөз жетпес кесене салғызып, қалған өмірін естеліктер жазуға арнады. Топқапы мұражайының сарайы мен Стамбул университетінің кітапханасына ұлы флот басқарушысының күтпеген оқиғалар туралы бес қолжазба кітаптары қойылды.

     Қазіргі кезге дейін атақты түрік адмиралының кесенесінің жанынан өткенде, түрік флотының кемелері сәлем беріп өтеді.

 

Источник: www.nm2000.kz
Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nm2000 (2008-08-01)
Просмотров: 2497 | Рейтинг: 3.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана