Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Курандагы намаз туралы аяттар.
$IMAGE1-right$ Газета «Наш Мир»

    Жаратылыстан бері Алла Тағала адам баласын еш уақытта тура жолсыз қалдырмаған. Өкінішке орай, адамдар өздерінің құмарлық қажеттеріне қарай Жаратушының аяттарын бұрмалай келе жолдан тайды.

    Барлық ғаламдардың Иесінен түскен ең соңғы ескерту — Құран болып табылады. Алла Тағала көптеген жағдайларды алдын ала ескерткен және олардың орындалуы Қиямет күні әр жанның құтқарылуының кепілі ретінде уәде етілген. Жаратушының бұйрықтарының бірі намаз болып табылады.

    Намаз араб тілінде «салят» деп айтылады. Бұл сөздің түбірі «сылятун» сөзі болады, сондай-ақ, «уасаля» сөзі «байланыс», «байланысу» деген ұғымды білдіреді. Сол себептен, «намаз» сөзі «(Алламен) байланыс» дегенді білдіреді. Демек, Жаратушымыз Онымен «байланысуды» бізге бұйырады және бұл жөнінде көптеген аяттар келтірілген:
2с43а: (Алламен) байланысыңдар, сендерді тазартатын шығын беріңдер, тізерлегендермен бірге тізерлеңдер.
2с45а: Жәрдемді сабырлық пен (Алламен) байланыста іздеңдер. Расында, ол (жәрдем) бойұсұнғандар (адам) үшін өте зор.
2с110а: (Алламен) байланыста тұрыңдар әрі сендерді тазартатын шығын беріңдер. Расында, өздерің үшін игілік көрсетсеңдер, оны Алла жанында табасыңдар. Шынында, Алла істеген амалдарды көруші.
2с153а: Әй, иман келтіргендер! Жәрдемді сабырлық пен (Алламен) байланысуда іздеңдер. шындығында Алла қашан да сабырлылармен бірге болады.
2с238а: (Алламен) байланыстарыңды әрі орта (Алламен) байланысты сақтаңдар, және Алланың алдында бойұсынған күйде тұрыңдар.
6с72а: (Алламен) байланыста тұрыңдар қорыққан күйде . Расында, сендер Оған (Аллаға) жиналасыңдар.
14с31а: Сондай иман келтірген қызметшілеріме (Алламен) байланыста болыңдар деп айт. Және Біз берген ризығымыздан, саудаласу мен достық болмаған күнге дейін құпия да, ашық та шығындарын берсін.
30с31а: Оған (Аллаға) үндеңдер және Одан (Алладан) қорқыңдар (Алламен) байланыста тұрыңдар да Оған серік қоспаңдар.
62с9а: Әй, иман келтіргендер! Жұма күні (Алламен) байланысқа шақырған кезде, дереу Алланы еске алуға ұмтылыңдар, және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар сендер үшін жақсы. Жаратушының бұйрығын ең жақсы түрде орындағысы келетін адам, Құдаймен байланысты «қалай», «қашан» және қандай «сапамен» орындау керек екенін білу керек. Құдаймен байланыста болған уақытта, қандай күйде болу керектігін қарастырамыз.

    БАЙЛАНЫСТАҒЫ КҮЙ
1 Көнігу:
а) 2с45а: Жәрдемді сабырлық пен (Алламен) байланыста іздеңдер. Расында, ол (жәрдем) көніккен (адам) үшін өте зор.
б) 23с1,2а: (Алламен) байланыста, бойұсынған күйде  иман келтіргендер бақытты.
2 Сабырлық:
а) 2с153а: Әй, иман келтіргендер! Жәрдемді сабырлық пен (Алламен) байланысуда іздеңдер. Тегінде Алла қашан да сабырлылармен бірге болады.
б) 20с132а: Өз адамдарыңа (Алламен) байланыста тұрыңдар және сонда сабыр сақта. Біз сенен ризық сұрамаймыз, Біз сені ризықтандырамыз. Ал нәтиже қорыққандармен болғандарда болады.
3 Қорқу
6с72а: (Алламен) байланыста тұрыңдар да Одан (Алладан) қорқыңдар. Расында, сендер Оған (Аллаға) жиналасыңдар.
4 Ашық ақыл
4с43а: Әй, иман келтіргендер! Масайған күйде, айтқан нәрсені түсінбейінше, әрі жүніб болғанда, бірақ, жолда болғанда басқа, жуынбайынша, (Алламен) байланысуға жоламаңдар...
5 Дене күйі
а) 4с43а: Әй, иман келтіргендер! Масайған күйде, айтқан нәрсені түсінбейінше, әрі жүніб болғанда, бірақ, жолда болғанда басқа, жуынбайынша (Алламен) байланысуға жоламаңдар. Егер сендер ауырсаңдар, немесе сапарда болсаңдар, немесе біреулерің әжет орыннан келген болса, немесе әйелдеріңмен қатынасудан кейін келсеңдер, бірақ, су таба алмасаңдар, онда жақсы жерге барып беттерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Расында, Алла кешіруші, жарылқаушы.
б) 5с6а: Әй, иман келтіргендер! (Алламен) байланысуға тұрғанда, беттерің мен қолдарыңды білекке дейін жуыңдар да бастарың мен аяқтарыңды тобықтарыңа дейін сүртіңдер. Егер сендер аурсаңдар, немесе сапарда болсаңдар, немесе біреулерің әжет орыннан келген болса, немесе әйелдеріңмен қатынасудан кейін келсеңдер, бірақ, су таба алмасаңдар, онда жақсы жерге барып беттерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Нығметін аяқтау үшін Алла сендерге қысаңшылық қаламайды, бірақ, сендерге тазалықты қалайды.

    Жоғарыда аталған аяттарда көрсетілгендей, діндар адам үшін Құдаймен байланысу маңызды, негізгі құрам болып табылады, сондықтан Жаратушы оны сақтауды тапсырды.

    БАЙЛАНЫСТАРДЫ САҚТАУ
а) 2с238а: (Алламен) байланыс¬тарыңды әрі орта (Алламен) байланысты сақтаңдар және Алланың алдында бойұсынған түрде тұрыңдар.
б) 6с92а: Бұл — Кітап. Біз оны берекелі қылып жібердік. Оның алдында болғанды растаушы. Қалалардың анасын (Мекка) және оның жанындағыларды әрі ақырғы өмірге сенгендерді сақтандыру үшін жібердік. Олар оған (Құранға) сенеді де (Алламен) байланыстарын сақтайды.
в) 23с9а: Олар (Алламен) байланыстарын сақтаушылар.
г) 70с34а: Олар (Алламен) байланыстарын сақтаушылар.
д) 107с4-5а: (Алламен) байланыста ұқыпсыздықпен байланысушыларға нендей қайғы болады.

    Құдаймен байланыста қандай іс-әрекеттер (қимылдар) бар?
1. Тұру:
а) 6с72а: (Алламен) байланыста тұрыңдар да Одан (Алладан) қорқыңдар. Расында, сендер Оған (Аллаға) жиналасыңдар.
б) 17с78а: Күн түнгі қараңғылыққа иілген кезде (Алламен) байланыс, ал таң атқанда (Құранды) оқы.
2. Тізерлеу:
а) 2с125а: Міне Біз Үйді (Қағбаны) адам кездесетін, қауіпсіз орын ғып орналастырдық. Ибрахимның орынын (Алламен) байланысуға алыңдар. Біз: «Менің үйімді аралаған, берілген, тізеге тұратын және етбетіне құлайтындарға тазала» деп Ибрахим мен Исмаилға бұйырдық.
б) 5с55а: Расында, сендердің қолдаушыларың: Алла, Оның елшісі және (Алламен) байланыста болған, өздерін тазартатын шығын бергендер әрі тізерлеріне тұрған иман келтіргендер.
3) Етбетіне құлау:
а) 2с125а: Міне Біз Үйді (Қағбаны) адам кездесетін, қауіпсіз орын ғып орналастырдық. Ибрахимның орынын (Алламен) байланысуға алыңдар. Біз: «Менің үйімді аралаған, берілген, тізеге тұратын және етбетіне құлайтындарға тазала» деп Ибрахим мен Исмаилға бұйырдық.
б) 22с26а: Біз Ибрахимге Үйдің (Қағбаның) орынын ұйымдастырдық. «Маған ешкімді серік қоспа және аралаған, берілген, тізеге тұрған әрі етбетіне құлаған үшін Үйімді тазала». Бірақ, Құдаймен байланыс тек қана күй және іс-қимылдардан тұрмайды. Байланыстың ажыратылмайтын бөлігі — еске алу болып табылады.

    ЕСКЕ АЛУ
а) 11с114а: (Алламен) байланыста таңертең және кешке, түнге жақын тұр. Расында, жақсы амалдар жамандықты өшіреді. Бұл еске алушыларға еске салу.
б) 20с14а: «Рас Мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан Маған қызмет ет және Мені еске алу үшін байланыста тұр.
в) 29с45а: Саған Кітаптан иланған нәрсені оқы және (Алламен) байланыста тұр. Расында, (Алламен) байланыс бетпақтықтан әрі жаратпаушылықтан тыяды. Шынында, Алланы еске алу ең ұлы іс. Алла істегендеріңді біледі.
г) 62с9а: Әй, иман келтіргендер! Жұма күні (Алламен) байланысқа шақырған кезде, дереу Алланы еске алуға ұмтылыңдар және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар сендер үшін жақсы.
д) 87с14,15а: Тазарған, өз Иесінің атын еске алған және (Алламен) байланыста тұрған адам жетістікке жетеді.

    Әр істің өз тәртібі болу керек, сондықтан, Құдаймен байланыс та бұдан тыс қалмайды. Біздің Жаратушымыз Онымен болатын уақыт және байланыс санын айқындады.

    БАЙЛАНЫСТЫҢ САНЫ
а) 2с238а: (Алламен) байланыстарын әрі орта (Алламен) байланысты сақтаңдар және Алланың алдында бойұсынған түрде тұрыңдар.
б) 24с58а: Әй, иман келтіргендер! Меншіктеріңдегі құл-күңдер, әлі ер жетпеген балаларың осы үш мезгілде рұқсат сұрап кірсін: Таң (Алламен) байланыстың алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және кешкі (Алламен) байланысудан кейін. Сендер үшін осы үш ұялатын мезгіл. Сендерге де, оларға да кейін бір бірлеріңе барып жүруге кінә жоқ. Осылай сендерге Алла өз аяттарын түсіндіреді. Алла білуші, дана.

    БАЙЛАНЫСТЫҢ УАҚЫТЫ
а) 11с114а (Алламен) байланыста таңертең және кешке, түнге жақын тұр. Расында, жақсы амалдар жамандықты өшіреді. Бұл еске алушыларға еске салу.
б) 24с58а: Әй, иман келтіргендер! Меншіктеріңдегі құл-күңдер, әлі ер жетпеген балаларың, осы үш мезгілде рұқсат сұрап кірсін: Таң (Алламен) байланыстың алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және кешкі (Алламен) байланысудан кейін. Сендер үшін осы үш ұялатын мезгіл. Сендерге де, оларға да кейін бір бірлеріңе барып жүруге кінә жоқ. Осылай сендерге Алла өз аяттарын түсіндіреді. Алла білуші, дана.

    Біз білетіндей, Құдай адамдарға қиындық қаламайды, сондықтан Онымен байланыс уақытында жеңілдік бар.

    БАЙЛАНЫС ЖЕҢІЛДІГІ
а) 2с239а: Егер сендер қорықсаңдар, онда жаяу да, көлікте де (Алламен) байланысыңдар. Ал кауіпсіздікте болсаңдар, онда Алланы, Ол сендерді білмеген нәрсені үйреткеніндей, еске алыңдар.
б) 4с101,102а: Сендер жер бетінде сапарда болсаңдар, бой ұсынбаушылардан (кәпірлерден) жаман нәрсеге талаптануға күдіктенсеңдер, сендерге (Алламен) байланысты қысқартуға күнә жоқ. Расында, бой ұсынбаушылар (кәпірлер) сендерге ашық дұшпан! Сен иман келтіргендердің арасында болып олармен (Алламен) байланыссаң, онда сенімен бір топ тұрсын, қаруларын алсын. Олар етбетінен тұрған кезде сендердің арттарыңнан тұрсын. Сосын басқа топ, (Алламен) байланыспаған, келіп сенімен бірге (Алламен) байланыссын. Олар қаруларын алып абай болсын. Сендерге бірден шабуыл жасауға бой ұсынбаушылар (кәпірлер) қаруларыңа және нәрселеріңе абай болуды қалайды.

    Келтірілген аяттардың барлығы анық болып табылады, бұларда Құдаймен байланыс анық көрсетілген. Бірақ Құранда Құдаймен байланыс жайлы тура айтылмаған, бірақ, күй, сапа, қимыл, және Құдаймен байланысқа тиісті уақыттар аталатын аяттар да бар.

    ЕТБЕТІНЕН ҚҰЛАУ, ТІЗЕРЛЕУ, ТҰРУ
1) 7с206а: Расында, Раббыңның қасындағылар Оған қызмет етуден бас тартпайды. Олар Оны ұлықтап етбеттеріне құлайды.
2) 9с112а: Тәубе, қызмет, мақтау, сапар қылушыларды, тізерлергендерді, етбетіне құлаушыларды, жақсылықты бұйырғандарды, жамандықтан тыйындырғандарды әрі Алланың шектерін сақтаған иман келтіргендерді қуандыр.
3) 16с49а: Алланың алдында бәрі де етбеттерінен құлайды: аспандар мен жердің хайуандары мен періштелер. Олар бас тартпайды.
4) 17с109а: Олар сақалдарына жылап құлайды. Ол олардың бойұсыну сезімін көбейтеді.
5) 25с64а: Олар Алланың алдында етбетінен құлап, тұрып түн өткізеді.
6) 39с9а: Бой ұсынып, ақиреттен қорқып, Алланың рақымына үміттеніп, Алланың алдында түн өткізген бой ұсынбағанмен тең бе? «Білетін мен білмейтін тең бе?» деп айт. Расында ақыл иелеры еске алады.
7) 41с37а: Оның белгілерінен: түн мен күн, ай мен күн. Күн мен айдың алдында етбеттерінен құламаңдар, бірақ, оларды жаратқан Алланың алдында етбетінен құлаңдар.

    УАҚЫТ БОЙЫНША ЖӘНЕ МАДАҚТАУМЕН ЕТБЕТІНЕН ҚҰЛАУ
1) 13с15а: Алланың алдында аспандардағы мен жердегі нәрселер және олардың көлеңкелері еркін де еріксіз де етбеттерінен құлайды.
2) 15с98а: Ендеше Раббыңды мақтаумен даңқта, әрі етбетінен құла.
3) 32с15а: Аяттарымды еске салған кезде етбетінен құлап, мақтаумен даңқтап, бас тартпағандар міне солар аяттарымызғы иман келтіргендер.
4) 76с25,26а: Раббыңның атын таң мен кешке, түнге таяу, ата. Оның алдында етбетінен құлап түні бойы даңқта.

    КӨНІККЕН ТҮРДЕ, ДАҢҚТАУ МЕН МАДАҚТАУДЫҢ УАҚЫТТАРЫ
1) 7с205а: Ішінде бойұсынған әрі қорқу сезім болып, сөздерді таң және кешке қатты айқайлама және ғапыл болма.
2) 20с130а: Олардың айтқан¬дарына сабыр қыл да күн шыққанға дейін әрі батқанға дейін мақтаумен даңқта. Күн біткен жақтарда, түн уақыттарында даңқта. Мүмкін сен разы боларсың.
3) 30с17,18а: Кеш келгенде және таң атқанда Алланы мадақта. Оған көктер мен жерде, кешке әрі түсте даңқ.
4)33с41,42а: Әй, иман келтіргендер! Алланы көп еске алыңдар да Оны таң мен кешке дәріптеңдер.
5) 50с39,40а: Олардың айтқанына сабыр ет те Раббыңды күн шыққанға дейін әрі батқанға дейін мадақпен даңқта. Түнге таяу да етбетінен тұрғаннан кейін Оны дәріпте.
6) 52с48,49а: Раббыңның шешіміне шыда. Расында сен Біздің көз алдымыздасың. Раббыңды тұрғанда мақтаумен даңқта. Түнге таяу және жұлдыздар жоғалған кезде де Оны дәріпте.
7) 73с8а: Раббыңның атын еске салып, өзіңді Оған толық арна.
8) 76с25,26а: Таңертең және кешке Раббыңның атын еске ал. Түнде Оның алдында етбетінен құла да Оны ұзақ түнде дәріпте.

    Құдайдың аяттарын дұрыс түсіну үшін келесі аяттарға назар аудару керек.
3с7а: Ол саған Кітапты жіберген (Алла). Онда ашық аяттар бар. Олар Кітаптың анасы болады. Тағы оларға басқа ұқсас аяттар бар. Жүректерінде ауытқу барлар ұқсас аяттардың артынан ілеседі де тыйымға әрі түсінік беруге ынталанады. Оның түсінігін Алладан басқа ешкім білмейді. Ал білімде мықты болғандар: «Біз иман келтірдік. Бәрі де Раббымыздан» деп айтады. Бірақ, тек қана ақыл иелері еске алады.

    Осы аяттан түсінуге болатыны, анық аяттар оларға ұқсайтын аяттармен бірге қарастырылады, яғни, олар алдыңғыларды толықтырады және анық аяттардың мағынасын толық түсінуге болады. Бірақ, анық аяттарсыз тек оларға ұқсас аяттарға сүйене отырып үзілді-кесілді тұжырым жасауға болмайды.

    Енді жоғарыда келтірілген анық аяттар мен оларға ұқсас аяттарды салыстырамыз.

    БАЙЛАНЫСТАҒЫ КҮЙ:
1) Бой ұсынушылық: 2с45а, 23с2а — бұл анық аяттар.
17с109а — ұқсас аят.
2) Сабыр: 2с153а, 20с132а — бұл анық аяттар
20с130а, 50с39,40а, 52с48,49а — ұқсас аяттар.

    ҚИМЫЛДАР:
1) Қыямда тұру: 6с72а, 17с78а — бұл анық аяттар.
25с64а, 39с9а — бұл ұқсас аяттар.
2) Рүкуғ: 2с125а, 5с55а — бұл анық аяттар.
9с112а — бұл ұқсас аят.
3) Басты сәждеге қою: 2с125а, 22с26а — бұл анық аяттар.
7с206а, 9с112а,13с15а,15с98а,32с15а,76с25а,16с49а,17с109а,25с64а,39с9а,
41с37а — бұл ұқсас аяттар.

    ЕСКЕ АЛУ:
11с114а,20с14а,29с45а,62с9а,87с15а — бұл анық аяттар.
7с205а,33с41а,42,42,73с8а,76с25,26а — бұл ұқсас аяттар.

    КЕЗЕҢДЕР:
11с114а,24с58а — бұл анық аяттар 7с205а,13с15а,20с130а,30с17,18а,33с41,42а,50с39,40а,52с48,49а,
76с25,26а — бұл ұқсас аяттар.
Салыстырмалы анализге сүйене отырып, мынадай тұжырымға келуге болады.
1) Намазда бой ұсыну өте маңызды.
2) Намазда сабырлық өте маңызды.
3) Намазда тұру қарастырылған.
4) Намазда рүкуғ қарастырылған.
5)Намазда сәждеге бару қарастырылған.
6) Намазда еске алу қажет.
7) Намазға арнайы уақыт бөлінген.

Аударған: Наш Мир

Источник: www.nm2000.kz
Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: kaipov (2008-08-07)
Просмотров: 4292 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана