Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

А.С. Пушкин: Мен жанга жайлы Куран окыдым.

$IMAGE1-right$ Газета «Наш Мир»

Пушкиннің өмір сүрген кезі – орыс шығармашылығының ауызша және жазбаша өркендеген кезі еді. Пушкиннің шығармалары «барлық мүмкіндіктерімен біреудің мұқтаждығына көмектесуге» бай еді, таңғажайып әдіспен жаңаша қалыптастыру, жан-дүниесінің шақыруына адалдықпен нақты жауап беруге дайын еді.

Халық оны мәңгілік есте сақтайды. Ұлы ақын өмір сүрген жерлерде: Мәскеуде, Петерборда және басқа да қалаларда жылына екі рет: 6 шілде туылған күнінде және 10 ақпан қайтыс болған күнінде, оның талантын бағалайтын ғалымдар, жазушылар, студенттер және қарапайым адамдар жиналатын. Оның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, өлеңдерін оқитын.

Ислам тақырыбы ақынның көптеген шығармаларында қозғалып, «Мұхаммед оқуларын» оқуға тәнті екенін танытып, Қасиетті Құранды өзінің сүйіспеншілігімен және жылулығымен есіне түсіреді.

Жігерлен, өтірікті жаратпа,
Адалдықтың жолында анық бас,
Жетімдерді және менің Құранымды жақсы көр
Қорқақтаған жексұрындарға өсиет ет.

«Евгений Онегин» қолжазбасында мынадай сөздер бар:
Құранда ақыл-ойдың биігі көп,
Міне, мысал: «Күнде ұйықтар алдында
Жалбарын; арамзалар жолынан қаш,
Алла-тағаланы құрметтеп, ақымақпен таласпа».

Ал мына жолдар, Алла-тағаланың Елшілерінің әйелдеріне арналған:

О, пайғамбардың таза жандары,
Сендер барлық әйел затынан бөлексіңдер:
Сендер үшін келеңсіздіктің көлеңкесі де қорқынышты.
Тәтті тыныштықтың саясында да.
Қарапайым өмір сүріңдер: сендерге жарасады
Қыз пәктігін жамылған.
Адал жүректеріңді сақтаңдар
Заң мен ұяттың алдында.
Кінәлі арамзалардың көзқарасы
Сендердің келбеттеріңе тік қарауға шыдамайды!

Александр Пушкин (1799-1836) оңтүстікке жер аударылған жылдары, черкестердің өмірімен, қырым татарларының, арнауыттардың, империяға жақында ғана қосылған, сол жердің шеткі аймағын мекендеген, мұсылмандардың тұрмысымен таныс болды. Ерте жазылған «Кавказ тұтқыны» поэмасында бұл жауынгерлік, ғажайып тұрмыс еуропалықтар үшін шектен тыс арман сияқты болып көрінді:

Болған жарқын Байранда
Жасөспірімдер тобымен жиналады;
Ойын ойынға жалғасады.
Жебелерді түгел таратып алып,
Олар қанатты жебелермен
Биіктегі қырандарды көздейді;
Не тау шатқалының биігінен
Шыдамсыздық қатарменен,
Берген белгіменен кенет құлап,
Киіктей жерді сескендіріп,
Жазықты шаңмен көмкеріп,
Тату дүбірменен жүгіреді.

Сонымен бірге Пушкинді қырым ханының поляк тұтқын қызына деген махаббат аңызы қызықтырады:
Тавридаға хан оралып,
Мұңды Марияға ескерткіш
Мрамордан фонтан соғып,
Сарайдың бұрышында қалдырады.

Михайловскіге келген кезде, Пушкин тағы да «толастамайтын сыбдыр» немесе «ақынның көз жасы» бахчасарай фонтанын есіне түсіреді. Қарағайлы орманмен қоршалған, қарашада жауған қармен жабылған, байдың иелігіндегі жерде ақын өлеңдер жинағын шығарады, оның ең бір таңқаларлық және ұлы шығармасының бірі «Құранға еліктеу».

Бұл шын мәнінде еліктеу, еркін орын ауыстыру, бірақ аударма емес. Бұл жұмыста Исламның Ұлы кітабының қатысқан кейпін сезесің, Құран әріптерінің ықпалы мен ойлау қабілетін, Пушкин М.Веревкиннің орысша аудармасынан біледі (1795 жылғы баспа). Құрандағы жазылған дәрменді қысымның ашылуы, барлық бүтін Кітаптағы қысым, сонымен бірге жекелеген сүрелер. Пушкиннің қорытындылауы бойынша: «Құрандағы көптеген адамгершіліктің биік шыңы ықпалды және ақылды тұрғыда айтылған». Осы жинақты құрайтын, Пушкиннің тоғыз өлеңі, ақындықтың жоғары шеберлігіне жатады.

Әрбір сөздің мағынасы аспан денесін ашқандай және болашақты болжайтын сөздер. Мысалға, өлеңнің мына жолдары «Зағип» сүресінің желісінен. Бұл жерде орыс ақынының дәрменді шабыты ашылады:

Періште екі рет дауыстаса:
Жерге аспаннан найзағай түсіп:
Бауыр бауырдан безіп,
Бала шешеден алшақтап,
Барлығы Алла-тағаланың алдына ағып келіп,
Қорқыныштан жиіркенішті болып,
Кінәлі боп құлайды,
Жалынменен шаң жұтып.

«...Сонда мұнда мұсылман емес пе, сонда Құранның ең қасиетті күші мен қылышы емес пе, діннің қарапайым ұлылығы мен қорқынышты қанды күші емес пе?» - деп Пушкиннің тойында Ф.Достоевский өзінің тыңдаушыларынан сұрады.

«Пушкин, сен Ресейге пальманың біріншілігін алып келдің: сенімен бір ғана Державин таласа алады, екі-үш жыл еңбектен кейін, сен оны басып озасың: сені қызғанарлық шығармашылықтар күтіп тұр: сен біздің Байронымыз боласың, бірақ Құдай үшін, Христос үшін, сенің сүйікті Мұхаммедің үшін, оған еліктеме. Сенің биік талабың, сенің жалынды жан дүниең сені Байронға жеткізсе де, сен Пушкин болып қаласың. Сен білсең ғой, мен сенің талабыңды қалай бағалайтынымды. Қош бол, таңғажайып жасаушы». Пушкинге – К.Ф.Рылеевтен. 12 мамыр1825 жыл.

Бізге осы Рылеевтің Пушкинге арнап айтқан сөздерінің өзі қызықты. Рылеев Пушкиннің мінез-құлқын, оның Мұхаммед пайғамбарға деген толқыған көзқарасын жақсы білетіндіктен, Пушкиннің өзіне қарсы келмейтініне сенімді болып, өзінің көңілінен шыққан қорытынды сөзін пайдаланды. Сонымен, Рылеевтің өзі осындай арнаудың Пушкин үшін мағынасы зор екенін анықтап көрсетеді.

Түп атасы араб болып, өзінің ата-бабасын толық қарап шықпай жатып, Пушкиннің шығармашылық зерттеумен және оның Исламға деген көзқарасы қалыптаспайтын еді. Ақын өзінің ата-бабасы туралы не жазады?

«Біз өз ұрпағымызды Пруссиядан шыққан Радши немесе Рачидан жалғастырғанбыз (қолжазбалардың айтуынша, сонымен ол атақты, зиялы болған), Ресейге Ярослав Невскийдің княздық құрған кезінде келген» - Пушкиннің өзі солай деп жазады. «Одан Мусиндер, Бобрищевтар, Матлевтер, Поводовтар, Каменскийлер, Бутурлиндер, Кологривовтар, Шерефединовтар және Тарковтар, содан кейін Пушкин тараған», ол өзінің «Өмірбаянымның бастауы» деген шығармасында осылай жалғастырады.

«Менің анамның үрім-бұтағының таралуы одан да қызығырақ. Оның атасы негр, өзінің жеке меншігі бар княздың баласы болған» - деп жазады ол. Ары қарай, ол өзінің шешесінің әкесі Ибрагим деп атайды (библияның нұсқасында – пайғамбар Авраам). Бұл жерде кішкене түсінбеушілік бар. Кейбір араптар, мысалға, Судан тұрғындары, терісінің түсіне қарай негрге ұқсаған. Мүмкін, оны осы үшін негр деп айтқан шығар. Бірақ, ол араб болған. Біріншіден, оның аты арапша, екіншіден, Пушкиннің «Ұлы Петрдің Арабы» деген повесі бар. Бұл дәлелдер жеткілікті. Пушкинді тек қана ұлы ақын деп емес,оны тарихшы деп те бағалайды. Бұл повесть былай басталады: «Көптеген жас адамдардың ішінде, Ұлы Петрмен бірге бөтен елге білім алуға, сауатты мемлекетке қажетті жаңашыл білім алуға аттанғандардың ішінде, оның кіндік әкесі араб Ибрагим болды». Ол нағыз араб болған, кейінірек Ганнибал деген тегін алды.

Бұдан басқа Пушкиннің «Менің үрім-бұтақтарым» деген басқа да өлеңі бар еді. Онда ол былай дейді:

Атама кімнің кемесіне өтуге,
Сатып алынған араптай,
Жұмысқа берілген, шыншыл,
Патшаға сенімді, бірақ құл емес.

Жер аударылған Пушкин, қысқы Михайловскіде, Құранның «Тас үңгір» сүресін қайталап оқып отырып, белгісіз қырым тас үңгірін, «қараңғылық салқындыққа және сызға толы» барлығын қайтадан есіне түсіреді. Туған елдің түкпірінде «Қамауға алыну» ұзаққа созылды, мейлінше, мәңгілік...

Құпия үңгірде, қуғын күні,
Мен жанға жайлы Құран оқыдым.
Кенеттен қанаттандыратын періште,
Ұшып кіріп, маған тұмар ұсынды.
Оның құпиялы күштері
Қасиетті күштерге толы,
Онда белгісіздің қолы.

Шығыс мұсылмандары туралы ойлар, олардың ақындық сөз үйлесімдері Пушкиннің көптеген шығармаларында орын тапты. Жалынды жастық шақтың естеліктері, «Пайғамбарға бас иетін» көршілермен өткізген күндер, жан дүниесінің ұлғайған жылдары, мына өлеңдері, соның ішінде «Тұмар» соған тұспа-тұс келеді, қатал тағдыры,болашағы туралы ойлар маза бермейді.

Пушкиннің дәрежесінежеткен шығармасының ішінде ерекше орынды кішкентай поэма «Тазит» алады, тау халқының мінез-құлқы туралы терең ойлы әңгімелер...

Мүрдесі мығым тұрсын,
Ержүрек еркін жататын,
Әзірейілдің шақыруына,
Дайын тұратын жауынгердің.

Шешендердің жауынгерлігін жырлағанда, төзімді қатал дәстүрге қарсы аяушылық, мейірімділік, мығым күштер шығады... 1829 жылы Пушкин орыс-түрік соғысындағы, орыс әскерлерінің закавказье жорығына қатысады.

«Арзрумға саяхатты» жазған кезде шығыс пен ислам мәнерлерінің өлеңде қолданылғаны көрініп тұр. «Ғафизадан» өлеңі Евфраттағы лагерде жазылды, күнделікті өмірге қатысты жағдайлар жазылған. Атақты «Делибаш» туындады, Саган-лу тауының сиқырлы елестері, немесе Ресейге деген татулық пен қайырымдылыққа толы қонағына, Персияның ақыны Фазыл ханға арнауы аяқталмай қалады...

Мұнда Пушкин «Стамбұл Мұхаммедпен атақты» өлеңін шығарады, Исламның жалынды, ақыл-ойға толы және төзімсіз, шыдамсыз, тоқтата алмайтын күшіне енген еді. Одан да өзінің бүтіндігімен қызықты, негізгі жолдарға кірмеген, ғажап жобаға түскен төрт жолдық шумақтарды еске алайық:

Бізде ақыл жабайы денені жаулап алған,
Ақыл-ой Құранға бағынышты,
Сол үшін ұлы Пайғамбар
Өзінің Арзруын көзіндей сақтайды.
Біздің арамызда жансыздар жасырынды,
Тату ағайындар арасында,
Алланың ағыны: қуғындарды құтқара гөр,
Олардың оралуы – Алла-тағаланың мейірімі.

Кеңестік төңкеріс кезіндегі тексеруге берілген шығармалар, мектеп және жоғары оқу орындарының оқулықтарына мұқият таңдалып алынып, коммунистік саясатқа ақын шығармаларының сай келетіні ғана басылды. Неліктен Пушкиннің «Құранға еліктеу» өлеңі оқылмады, оның орнына «Арион», «Капитан қызы», «Тұтқын» шығармаларын ұсынды. Сол кезде қарсы күресіп жүрген жағдайлар, Пушкин өлеңдерінің ықпалымен ушығып кететін еді. Сөйтіп, олар Пушкиннің «ыңғайсыз» өлеңдерін, тыңғылықты түрде жасырды. Коммунистерге дейін, патша тәртібі кезінде де, ол үкіметке де осы қажет еді, олардың көзқарасы бойынша «күдік тудыратын» өлеңдерін жағып жіберуге бұйрық берді.

«...Николай I барлық “күдік тудыратын” өлеңдерін алып, оларды өртеп жіберуге бұйрық берді. Пушкинннің көптеген өлеңдері жалын құшты, пушкиншілердің айтуынша, бірнеше түпнұсқалар».

Ешкім айта алмайды, Исламды жырлаған өлеңдерінің отқа түспегенін, оның шындығын Исламға көрсетілген құрметтен білуге болады. Бұл туралы ойлауға бізді әзер бүтін қалған тартымды өлеңі «Құранға еліктеу», олай болса, сол кездің өзінде Рылеевтің өзі де оны жоғары бағалаған.

Пушкиннің өмірінде басқа да «ыңғайсыз» жағдайлар болды. Бірақ, ол үлкен әріппен жазылған ақын еді. Және «қосымша» ол, бізбен сіз сияқты, бір сөзбен айтқанда адам еді, өз заманының шарықтаған арыстаны еді. Біз бір нәрсе туралы сенімді айта аламыз, сонымен бірге оған толық құқығымыз бар! Исламның адалдығын мойындаған – орыстың ұлы ақыны – А.С.Пушкин! Бізге бұл толығымен жетіп жатыр!

Пайдаланған әдебиет:
Игорь Ермаков. XV-XX ғ.ғ. орыс әдебиетіндегі Ислам.Шығыс жинағы.1972.
«Лотос» №2.- М.: Спутник компаниясы+, 2000
И.М.Назарбеков. Тағы да Пушкин мен Толстой туралы. Данышпандардың адал сенімі. Бішкек,2006.
«Пушкиннің өмірі». Құрастырушы В.В.Кунин.Москва, 1988
А.С.Пушкин. Таңдамалы шығармалары. Балалар әдебиеті.1959.

Дайындаған: Айдар Каипов

Источник:rian.ru


Категория: Ислам | Добавил: nm2000 (2008-08-25)
Просмотров: 6365 | Рейтинг: 3.8 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана