Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Рамазан айы – игі істер жасау мен oзін-oзі тыю айы

Газета «Наш Мир»

Адамдарды кішкентай кезінен бастап, өздерінің толық және бақылаусыз қанағат алу қажеттіліктерін тыюға үйретеді. Онда туылған кезден бастап, екі ұғым бір-бірімен таласады: істегім келеді және болмайды (істегім келмейді, бірақ қажет) өмірдің көрсетуі бойынша, кейбіреулердің «істегім келеді» деген ойы басым болып, әлсіз, өз тілектерінің еріксіз құлдары болып өседі. Керісінше, өздерінің «істегім келеді», «болмайды» деген кезде тоқтата алу қабілеттіліктерін тәрбиелей білгендер, өмірдің барлық саласында тез табысқа жетеді.

Үйлесімді және өсіп жетілген жеке тұлғаның ең маңызды күшті құраушысы – төзімді күш-жігер. Біздің дініміздің мүмкіндіктерінің бірі – сондай жеке тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Бұл мәселені шешу үшін Алла міндетті ораза тұтытуды жүктеген. Ол бекітілген уақыт ағымы кезінде, өздерін тамақ пен су ішуден тежеуден тұрады. Адамның ерекшелігі, Л.Н.Толстойдың көрсеткені бойынша, (жануарларға қарағанда) олар тек қана түйсікке сүйенбей, ойлау негізінде іс-әрекет жасай алады. Адам , өз еркімен тамақтан бас тартып, өзінің түйсіктерін бақылауға алып, оны Жасаушыға бағынып, Оған өзінің бағынатынын көрсетеді. Бұл адамдарды қатайтып, оларды қажымас күш-жігермен төзімділікке тәрбиелейді.

Жаңа айдың қияқтанып шыққаны, Рамазанның қайырымдылық айының жаңа туғанын ғажап етіп көрсетеді. Солай, өзінің жұмбақ бейнесімен нұрландырып, бұл айдағы Айда ерекше ашық жарқырайды, оның сескендірмейтін жарығы отыз күндік мейрамның тәтті сәтінен әсер алуға шақырады, осы ағымда бүкіл әлем жұпар иісті шабытпен дем алады. Бұл айдың әр күні жұмбақ дүниеге толы. Құранның уағызында Оның бір күнінде Періштелер мен Жеберейіл түседі.

Рамазан айы – игі істерді жасау, жақсы бастамалар жасау үшін қолайлы уақыт. Егер сіз әлі Аллаһ -тағала, Ислам діні, Қасиетті Құран туралы білмесеңіз, дәл осы кезде, «жоғары адамгершіліктің өсуіне» ұқыпты қарау қажет. Күмән жоқ, барлық қолдан шығарып алғандарыңды толтыруға, Рамазан айынан қолайлы уақыт болмайды. Алланың жақсылығын білуге тырысыңдар, Оған бір қадам болса да жақындаңдар, олай болса, Ол Сендерге екі қадам жасап жақындайды.

Рамазан айында ораза тұту – бұл жасаған күнәлерді кешіруге және Тозақ отынан сақтануға мүмкіндік. Рамазан айында ораза тұтқаның үшін, алған мадақтауыңды айтып немесе жазып жеткізу мүмкін емес. Аллаһ мадақтаудың шын бөлігін адамдардан жасырды, не ол адам айтып жеткізе алмайтын үлкен сый. Ораза тұтудың маңызды бөлшегі болып, ораза тұту – адамдардың қорқыныш пен арсыз жыныстық қатынаспен күресуін жанды бейнеде көрсету. Сондықтан берілген сұрақтан шығып кетіп, тек оның сыртқы қабатын қарап қоюға болмайды – тамақ пен су ішуді тыю. Иман келтірушілер Рамазанға өздерін алдын-ала дайындап, оны ерекше қуаныш сезіммен және толқумен қарсы алуы керек. Қайырымдылық айының келуі, оның өмірінің жаңа кезеңінің бастамасы болуы керек, Аллаһтың жасаған мейірімділігі үшін соңына дейін ризашылығын білдіріп, ол өзінің құлдарына жасаған, тағы да одан қанағат алу үшін: осы айды күту шабытпен жалғасуы керек.

Қуантарлық жағдай, бірнеше иман келтірушілердің айтуынша, Рамазан айы бізге ләззат рахатқа бөлейтін ұйқыдан ертерек келеді. Бірақ керісінше, әлі де көпшілігі осы таусылмайтын қунышты және Қасиетті Рамазанды күтуден үлкен қанағат алуды білмейді. Кім біледі, мүмкін, бұл жүректің суықтығынан немесе қаттылығынан шығар.

Ораза тұтудың екі анықтамасы бар. Лексикалық мағынасы жағынан ораза тұту бір нәрседен өзін-өзі тыйылу деген мағынаны білдіреді. Солай, бір көшпелі-араб күнәһарларды жазықтап, ашық айтып береді,сендер (күнәһарлар) ораза тұтасыңдар, жақсы нәрсе жасаймыз деп тыйыласыңдар, не жеңіл тағамдарды жағымсыз болса да, жей бересіңдер. Аллаһ-тағала, Мәриямді хабардар етіп, оған Аллаһ разы болсын, Құранда былай дейді: «Іш, же және тыным ал: егер де адамдардың біреуін көріп қалсаң, сенің жасағандарыңды кінәласа, онда айт, сен Мейірімділік жасаған иеңнің алдында үндемеуге ант бергеніңді және бүгін ешкіммен сөйлеспейтініңді айт».

Ораза тұту, ислам заң жүргізішілерінің көзқарасы бойынша, тежелу деген мағынада қолданылады. Бірақ бұл жағдайда тыйылу тар мағынада болып қалады. Ораза тұту діни терминдерде бірігіп көрсетілген Аллаһтың уақытының өлшемінде (таң сәрісінен түнге дейін), тамақ пен судан өзін тежеуді білдіреді. Аллаһ Құранда былай дейді: «Әй, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілген сияқты, сендерге де ораза ұстау парыз етілді...» Солай таң сәрісінен түнге дейінгі уақыт аралығында тамақ пен судан өзін-өзі тыйып, ораза тұту жүктелген. Бұл ораза тұту сөзін кең мағынада түсінгің келсе – бұл Аллаһтың қаһары түсетін, барлық нәрседен өзіңді тыю. Ары қарай: «Сендердің іштеріңнен кім бұл айды көрсе, оны ораза тұтумен өткізсін, кім науқас немесе жол сапармен жүрсе, ораза тұтуды басқа күндері өтесін. Аллаһ сендерге жеңілдік жасайды, сендерге ауырлық тілемейді, сендер оразаны толық және соңына дейін тұтқанша, Құдайды ардақтаңдар, сендерді Ол ақиқаттың жолына шығарды, мүмкін, сендер ризашылықтарыңды білдіресіңдер!»

Рамазан айында сусыз және тамақсыз қалған кезде, Қиямет күнінде келетін аштық пен шөлді ойла. Кедейлерге көмектесіңдер, қарттарды құрметтеңдер, балаларды аялаңдар, туысқандарыңмен тату болыңдар. Жаман сөз айтпаңдар, тыйым салынған нәрсеге қарамаңдар, өздеріңе ұнамайтын сөздерді тыңдамаңдар! Жетімдерге қайырымды болыңдар!

«Рамазан айы – ораза тұтуға жазылған, ол Аллаһқа қымбат. Осы айда анық белгілермен және аяттарымен Қасиетті Құран түскен».

Ораза тұту әрбір бай адам мен қарны тоқ адамды, кедей мен аштың кейпіне кіргізеді. Аштық пен шөл барлық адамдарды теңейді. Ораза түтуды сақтап және аштықты сезініп, Құдайдың алдында осындай жағдайда барлық адамдардың тең екенін, бай адам түсінеді. Ол оны тұрмысы нашар адамдармен қарым-қатынас жасағанда, өр көкіректік пен астамшылық жасаудан айырады. Исламның бар мақсаты осымен аяқталады – адамдар арасында теңдік пен адалдықты орнату.

Қазіргі заманғы ғылымның белгілегені, ораза тұтудың дене шынығуына да пайдасы сөзсіз. Ораза тұту ауруға қарсы тұру жүйесін де қатайтады, лейкоциттің (қанның жасушасындағы ақ түйіршіктер) функциясының (қызметінің) көрсеткішін он есеге жақсартады; толықсып кетуден және одан кейін де із қалмауын сақтайды, қанда натрийдің көбеюін жоғарылатып, кальцийдің өсуіне кедергі жасайды; асқазан жарасының пайда болуының басты себебі болатын, артық қышқылдың жиналуына кедергі жасайды.

Егер көңіліңізге қонса, біздің деніміз сау және Аллаһ-тағаланың сыйлаған қадамын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар, онда «қамығудың» қандай бөлігі біздің жүрегімізді шарпып өтуі керек, егер біз толықтай өзіміздің күшімізді пайдаланбасақ. Ораза тұтқысы келетін, бірақ әр түрлі себептермен бұл мүмкіндіктерден айырылған, жер бетінде мыңдаған, мүмкін миллиондаған мұсылмандар бар шығар.

Сыйынып қана қоймай, ораза тұту керек.

Көптеген адамдардың білгісі келетіні, ораза тұтуды сақтаған кезде, одан пайда бола ма, егер адам сыйынбаса?

Иә, ораза тұту керек және қажет. Намаз бен ораза тұту – бұл екеуі бір-біріне тәуелсіз міндеттер, олардың әрқайсысын сақтау және сақтамау бір-біріне тәуелсіз болу керек. Оның үстіне, жиі айтылады, ораза тұту халық намаздың мағынасын түсінген кезде, кіретін есігі болады. Ораза тұту адамды көп нәрсе ойлауға жұмылдырады. Аштықты бастан өткізіп, адам өзі қоршаған ортаның үйлесімдігі туралы ойлай бастайды, кіп-кішкентай дәннің өсіп, сабаққа айналғанын, түкке тұрмайтын тұқымнан өсіп, ағаштың көптеген жеміс салатынын, ара туралы, өзі қажет ететін шамадан көп бал жинайтынын – осының бәрі ораза тұтқанның ойынан шықпай жүреді. Осының бәрі оны Аллаһ - тағаланың біз үшін жасаған қамқорлығы деген ойға итермелеп, оның сенімін қатайтады.

Источник:nm2000.kz


Категория: Ислам | Добавил: nm2000 (2008-09-12)
Просмотров: 11424 | Рейтинг: 4.9 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана