Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

И.А.Бунин. "Куран буйрыгын естімейтін адам, каргыска ушыраган адам"

Газета «Наш Мир»

Таурат пайғамбарларының пафосына туыс келген ұлы орыс ақындарын Құран рухы талай шабыттандырған. Пушкин айбынды "Подражания Корану"- ды жазған; ислам рухымен Лермонтовтың көптеген туындылары өрнектелген; араб шөлдерінің көрінісімен Фет өмір кешкен; Мұхаммед Пайғамбарды Полонский өз шығармашылығында мадақтаған; Ислам мемлекеттерін ғашықтықпен Гумилев дәріптеді... Бірақ, дегенмен де, Иван Алексеевич Буниннан басқа ешбір орыс ақыны "мұсылман" өлеңдерін жазбаған шығар.

Орыс поэзиясының классигі Иван Алексеевич Бунин(1870-1953жж), өз замандастарының есінде ең алдымен керемет көркемдеуші, махаббат жырын жырлайтын ақын және көркемөнершісі ретінде қалған, ал кейінірек Лонгфеллоның "Песни о Гайавате"-нің үздік аудармашысы, "үндіс тақырыбының" алғаш ашушысы, 1903 жылы ресейлік Пушкин сыйлығымен марапатталған адам. Кейінірек, 1933 жылы бүкіл әлемге әйгілі Нобель сыйлығының басқарушылары оны "Жизнь Арсеньева" романындағы орыс азаматының терең психологиялық портретінің авторы ретінде бағалады. Кеңес заманында ол "тыйым салынған ақындар" қатарында болды, бірақ "жылымық" кезеңінде Бунинді ішінара баспаға шығарып отырды. Неліктен? Біріншіден, ол ақсүйек және эмигрант еді, екіншіден, өкімет оның антикеңестік "Окаянные дни" күнделік кітабынан қорықты, себебі онда ресей революциялық хаосының бейнесі әсерленіп суреттелген еді. Ал Қайта Құру басталған соң, дәл осы шығарма сенсацияға айналды. Сонымен бірге, әлі күнге дейін көпшілік үшін көлеңкеде немесе оның мұрасының өзге шекаралары тіптен сыры ашылмаған дүние болып қалған: еуропа поэзиясының үлгілі аудармасының циклі, Цейлонның әдеби ашылуы және ақындық өнер тізіміне Исламның кіруі.

Ия, Бунинді Ресей үшін жұмбақ "исламдық Шығыстың" "алғашқы жол сілтеушісі" деп айта алмайсың, Бунин ол жерге "Подражания Корану"-дың авторы Александр Сергеевич Пушкиннен кейін барғаны анық. Дегенмен де ол, өзінің алдындағы ұлы көшбасшы армандамаған көптеген жаңалықтарды ашты. Біріншіден, Пушкиннен соң жүз жылдан кейін орыс тіліне шығыс поэзиясы мен тарихи кітаптарының біршамасы аударылды. Екіншіден, қоғамның, әсіресе интеллигенция мүшелерінің мұсылмандарға деген көзқарастары жұмсарды - европейлер бостандық намысы принциптері тұжырымында күрес жүргізді, ал Ресей империясы 1905жылғы 17сәуір күнгі Дінге еріктілік Заңын қабылдауға мәжбүр болды, ал Петербургте зәулім мешіт тұрғызылды.

Ең бастысы, Буниннің уақыты келе ислам әлемінде өмір сүру және ислам өркендеуінің әртүрлі ұлттық әдет-ғұрыптарын сақтаған халықтармен тірі араласу тәжірибесі қалыптаса берді. Картада оның бүкіл әлемге саяхаты - 1903жылы Турция, Египет, Сирия, 1906жылы Палестина, Алжир, Сахара және 1910жылы Тунис. Үнді мұхитынан Цейлонға дейінгі саяхатында, ал кейінірек большевиктерден Стамбул арқылы қашқан ащы күндерінде өз жолында қанша мұсылманды кездестірді. Мұсылман өмірінің жайдарлы да, бұлыңғыр жақтары өлеңдерінде қандай іздерін қалдырды?

Көптеген саяхаттар жүргізе отырып, Бунин өзі айтқанындай, "үздіксіз сергелдеңге түсу және ашкөз қабылдау",- ға деген шөлін қандырды. Ол тек ғалым, зерттеуші ретінде саяхаттаған жоқ, ол "мен барлық мемлекеттердің және барлық уақыттың шерін тартуға душармын" деп зарланып та, мақтан тұтып та айтатын. Бұл кәдімгі еуропалық - романтиктің сезімі және XX ғасырға төніп келе жатқан опатқа сезімтал адам сезімі. Бұл жағымен ол Николай Гумилевке ұқсас - мазасыз ел кезуші және экзотика қиырының ақыны.

Бунин поэзиясында ислам әлемі бірнеше рет бейнеленді. Бір жағынан, ол өткен шығармашылық пен әскерлік күштің толық қозғалыссыз қиялы мен ұйқылы цивилизацияны байқады.

"Жеңімпаз мадақталған және бай болды,және шулы ордамен сенің сайыңды, бақшаңды, Царьградты басты, Және тойған арыстан секілді тыныштық тапты- деп Константинопольді Стамбулға айналдырған түріктер жайлы жазды". Және ғасырдың күлі киелінің күліне; қазір жартылай жабайы, әдемі қалаға түсті; және иттердің ұлуы византиялық көне базиликалы шөл даланың сағынышымен естіледі; Сераль босап қалды, және оның фонтанының үні өшті, және жүз жылдық ағаштар кеуіп кетті; Стамбул. Стамбул! Соңғы ұлы тұлға, Соңғы ұлы қоныс! Басқаша айтқанда, түрік тайпаларын Оңтүстік Сібірден итермелеген үлкен энергия; Алтайдан Жерорта теңізіне дейін Осман империясын дүниеге әкелген күш қазір жоғалып кетті. Осыған ұқсас шаршаған цивилизацияны ол Исламға тәубә келтірген барлық халықтардан көрді. Және де біз оның ащы шындық екенін білеміз - XIX ғасырдың аяғына қарай тіптен барлық ислам халықтары европалықтардың отарлық езгісін кешті, ал кезіндегі Осман мемлекеті тоқырауда ескіріп, қыл үстінде қалды. Кейінірек, Ресейдегі большевисттік революциямен қатарлас соңғы ислами мемлекеттік системаны бұзған Кемаль Ата-Түріктің ұлттық революциясы жүрді. "Тойған арыстан тыныштыққа берілгені сияқты" , мұсылмандар ұлы мұрагерлікті жоғалтып алды, Халифат өмір сүруін тоқтатты.

Пайғамбардың Мұрагерлеріне арналған өлең тек қана тарихи тікелей мұрагерлер жанұясына қаратылған емес, сонымен бірге көрнекі түрде сол кезеңнің бүкіл мұсылмандарына арналады.

Бұл әлемде хандық та, мемлекет те аз емес ,
Біз қамысты кілемдерді сүйеміз,
Біз кофеханаға бармаймыз,
Күн сәулелі тыныш мешіт ауласына барамыз,
Біз базардағы көпестер емеспіз,
Біз шаңды керуен келгенде қуанбаймыз.
Киелі Дамаскіге, оның бақшасы мен дуалына:
Біз ағылшындардың садақасын керек етпейміз,
Біз оларды шыдап бағамыз
Бірақ ешбір ақ киімді, ешбір ақ дулығаны көргіміз келмейді,
Біреуге қастандық жасама,-деп жазылған,
Оның алдында ошақ көтерме,
Сәлем білдір, бірақ есте тұт: сен жасылдасың ,
Келген кездерінде кипариске назар аудар,
Асыл тасқа қара. Хамелеон болма,
Қабырғада жоғары - төмен жылтыраған.

Ащы да, маңғаздана айтылған бұл сөздер әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтар емес! "Біз ағылшындардың садақасын керек етпейміз..." - XXI ғасыр мұсылман мемлекеттері батыстың "жақсылық тілеуші және көз ашушы" - ларымен жәбірмен күш тірестіреді.

Бірақ, егер де Бунин бұрыннан барлық еуропалықтарға белгілі образдағы "ұйқылы қорланған Шығысты" жазған болса, ол өзіндік сонылығын жоғалтушы еді, тіптен ең алғашқы және жалғыз тарихтағы орыс поэзиясының "Ислам" жинағын шығарған болмас еді. Ол ұзақ уақыт бойы пікірлерін жинастырды, жеке өлеңдерді баспаға шығарды, бірақ тек 1905 жылы Дін еріктілігі Заңының қабылдануынан кейін (сол кезең үшін және орыс әдет-ғұрпына) шамданған атауы бар жинағын шығарды.Ізеңгілес-әдебиетшілер бұл шығарманы таңдана қарсы алды, бірақ, жалпы тілектестіктерін білдірді. Мысалға, Александр Блок жинақ рецензиясына былай жазды: "Шығыстың қызған сырына шынайы араласу - "Зеленый стяг" өлеңінде ашылады ":


Сен қобдишада сыйланасың, бағалы Нұх кемесінде
Ескірген Эски күндерімен.
Сен, қасиетті шапқын мен майданға шақырыласың
Теңіздер мен құмдардан өте.
Сен ұйқыға баттың, бірақ ол түс - алтын елес.
Сен қырық жібектен
Раушанның иісімен тыныстайсың және жиду тынысымен -
Ғасырлар хош иісімен
Сен бейбітшілікте тыныш табасың, о Шығыстың атағы!
Бірақ жүректі жаулап алдың ғасырға.
Сені емес пе еді пайғамбардың басына
Гавриил тұрғызған?
Және сен емес пе Шығысытың патшасы?
Өрісте, көтеріліске шық -
Ислам да көтеріледі
Шөлдегі самум секілді
Киелі майданға.
Құран бұйрығын естімейтін адам, қарғысқа ұшыраған адам.
Өшіп қалған да, қарғысқа ұшыраған адам.
Дұға мен шайқасқа - өмір үшін тыныстағандарға,
Ұрпақсыз Геджас секілді.
Өлім періштесі қабір үңгіріне түскеніндей,-
Өлім періштесі түнектен өткенінде
Өлілерден сенім символын сұрағанындай
Біз оған не жауап қайырамыз?

Сонымен, Буниннің ойының түбі өз көзімен көрген әлгі жалған "тыныштық" пен шығыс экзотикасы емес. Оған шын мәнінде белгілердің құпия әлеміне және Қасиетті Құранның мағынасына ой жүгірткен ұнайтын. Оның ең жақсы "шығыс өлеңдері" - пушкиннің "Подражания Корану" әрекетінің жалғасы болып табылады. Айтудың мәнісі бар, әдебиеттен тыс және бастауы құдайылық жолмен екенін түсіне отырып, Бунин өлеңнің атын Пушкин секілді қоюға батылы жетпеді. Себебі, ақын ақынға еліктей алады, суретші - суретшіге. Ал, Құранда - Ұлы және Құпия Авторы бар, әлемді Тудырушы. Мұхаммад Пайғамбар - бұрын (қазір де) еуропалықтар ойлайтынындай "автор" емес. Ол - тыңдаушы және оған жоғарыдан келген Сөздерді жеткізуші. Бунин бұл философиялық, ал мәнісі бойынша дін ілімі мәселесін бәлкім зерттеп білмеген шығар, бірақ оны сезгені рас.

Құран жайлы жақсы өлеңдерінің бірін ақынымыз "Тайна" деп атаған: оның түпкі бейнесі - әлі мәні ашылмаған және 28 алфавиттің әрпімен басталатын сүрелер жайлы көптеген даулар болып табылады. Ия, әлі күнге дейін белгісіз: әлде бұл жеке әріптер ме - шифрлар, әлде саналы түрде адамзат әлеміне жасырылған кейбір тіркестер ме. Нақ осы құпия сөздер эпиграфта бар:

Тайна.

Алиф, Лям, Мим
Ол қылыш жүзіне дем шығарды -
Өзінің сириялық қанжарын өткірледі
Көк түтінде үні өшті
Жарық түтінде жарқырай қалды
Алтын мен болаттың өрнегі
Өзінің құрттанған бұрандасымен.
Аллах пен Пайғамбар үшін,
Осы, аспан мен тағдыр құлы,
Өзіңнің майдан ұранын: айтшы, қандай
Ұранмен қылышыңның жүзі әшекейленген!
Ол құпияның құпиясы : Алиф, Лям, Мим.
Алиф, Лям, Мим? Бірақ бұл белгілер
Табыт түнегіне жол секілді қараңғы, -
Құпиясын Мұхаммад жасырған
Үндеме, Үндеме! - деді, ол қаталданып, -
Әлемде Құдай жоқ, Алладан басқа
Құпиядан күшті - күш жоқ
Айтты да, ятаганмен қол тигізді
Жібек сәлденің астындағы маңдайға.
Көзін салды ыстық Атмейдан
Жыртқыш құстың жалқау көзқарасымен -
Және тыныш көк кірпігімен
Тағы да ятаганға көз тастады

Міне, мысал үшін, "Нищий" әні: Қасиетті Құраннан эпиграфтары алынған, бірақ бейнелі қатары - толығымен орысша "түн ортасында мадақта Оны және жұлдыздар өшкенде" (Құран, "Ат-Тур" сүресі("Гора"), аят 49) Барлық шықтағы бақшалар, бірақ ұялар жылы -
Құс сыбдыры тәтті; ұйқылы - ояу.
Даңқпен мадақта - жұлдыздар өшкенде,
Таулардан өте алқызылданды Гермон.
Ал кейін, бақытты да, жалаңаяқ,
Шыны ыдыспен тал шырмауыққа отыр:
Шаңды жолмен жүргендерге бейбітшілік!
Мадақтаңдар, ағайын, жаңа Құдай күнін!

Бұл өлең орыстілді аудиторияға бейімделіп құрастырылған, және исламдық шындық бұнда жасырулы және таң сәрілік намаз, және "Салям алейкум!" сәлемдесуі ашылып жазылмаған. Жалғыз "жергілікке үйреншікті зат" -Гермон атауы, орысшаланған Джебель аль Шейх (Сирияда таң сәрісі шығатын және шыңынан Меккені көруге болатын, Үлкен Гермон таулы массиві).

Маңызды зат болып тағы да Иисус Христостың(Тыныштық оған!) "Источник звезды" сонетасындағы ақынымыз бейнелеген образы болып табылады. Ғажап, Бунинге Иисустың(Тыныштық оған!) табиғатының мұсылмандық түсінігі ашылған. Автор бұл жерде тек қана пайғамбардың құранша, арабша "Иса" болып естілетін есімін айтпайды, сонымен бірге оны "Қасиетті, Алланың сүйіктісі", арабша "вали" (Павел апостолы мен ертедегі шіркеудің дін ілімдері ізімен христиандар әдеті бойынша, "Құдайшыл адам" деп атамайды) екенін түсінген.


Иса дүниеге келген түні,
Қасиетті, Құдай сүйіктісі,
Шығыстан күн батысқа
Жұлдыздар бақсыларды жасырды.
Иса дүниеге келген түн
Таулы соқпақтар мен жолдардан
Бақсылар керуенмен өтеді
Құпия шақырылған дауысқа

Бунин өлеңдері шын жүректен шығады. Құранның нақты сүрелерінің тақырыбына вариация болып және осы сүрелердің атауын алған: "Ковсерь" - түрікше айтылуы "Аль-Кәусәр"- арабша "молшылық, береке" дегенді білдіреді, бұл сүре былай басталады:"Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!(Иә, Мұхаммед) шын мәнінде саған Кәусәрді бердік! Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал!Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады". Ал, міне Буниннің "Косерь"-і:

"Біз саған Кәусәрді бердік", Құран, 108:1

Бұнда ұйқы патшалығы. Жүз шақырымға жансыз ол Сортаңды тақыр жағасы
Аспандай изумруд оның суы
Құм жібегі ақша қардан тазарақ
Көгілдір жусан тек құм жібегінде
Өсіреді оны Аллах көшке,
Аспаны көк сөз жетпес,
Күн көзі - тозақ отындай, Сахараға теңдес
Айналы сағым тал түс мезетінде
Барша әлемді ұлы ұйқыға беттетеді
Қайғылы жер қиыры бітпес сәуледей боп
Жаннат бағына жанды апарады Ол.
Онда көк тұманнан құяды кеп
Өзендердің өзені, асыл тасты Кәусәр,
Барша әлем, барша тайпа, барша елге
Тыныштық орнайды. Шыда, дұға қыл және сен

Тағы да бір атақты шығармасы "Тағдыр Түніне" арналған - Ляйлят Аль-Қадр. Сол сүренің Қасиетті Құраннан аудармасы: "Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Расында біз оны (Құранды) Қадір Түнінде жібердік! Сен Қадыр түні жайлы не білесің? Қадір түні мың айдан жақсы. Бұл түнде өзінің Раббысының рұқсатымен аспаннан періштелер мен Рухтар бүкіл Оның әмірімен түседі. Ол - таң шапағы шыққанға дейінгі бейбітшілік иесі! "

Қадыр түні "Бұл түнде (аспаннан) періштелер түседі..." (Құран, "Аль-Қадыр"сүресі("Тағдыр түні"), 4 аят).
Аль-Қадыр түні. Бірікті ортаға тау шыңы
Аспанға биік сәлдесін құрды
Муэззин шырқады. Мұздары ал қызылданып
Тар шатқалдан, аңғардан түнектің суығы тыныстады.
Аль-Қадыр түні. Қараңғы таулы шатқалдан
Әлі түсуде бұлттары қабаттанып,
Муэззин шырқады. Ұлы Тақтың алдында
Ақты тұтанып Алмас өзен
Гавриил - үнсіз әрі бұлыңғыр -
Аралады әлемді ұйқылы. Раббым жарылқа
Ұлы пилигримнің бұлыңғыр жолы дер
Жеріңе бейбіт түн мен махаббат бер!

Қаншалықты таңқаларлық жайт: орыс әдебиеті мен поэзиясының классиктері Александр Сергеевич Пушкин, Лев Николаевич Толстой, Иван Алексеевич Бунин және тағы да басқалары орыс азаматына Ислам - шақыруының әдемілігін жете түсіндірді және жеткізді, бірақ өкініштісі оған аздаған адамның ғана құлақ түргендігінде.

Буниннің өмірінің әр кезеңінде жазған "мұсылмандық" өлеңдерінің көптігі соншалық, оған жеке жинақ құрастыру артық болмас еді. Оларды, күмәнсіз, әрбірімізге оқып шығу керек, әсіресе бүгінгі таңдағы кейбір топтарымыздың Соңғы Ашықтану дінінің беделін түсіру мен оны айыптау үшін ешбір күштері мен қаражаттарын аянбай жатқан шағында.

Аллах Тағала Құранда айтқан: "Әй(мүміндер), сендер адамзат игілігіне пайда болған қауымдардың ең жақсысысыңдар, жақсылықты жасауға бұйырылған, тыйым салынғанға жоламауға және Аллахқа сенуге жаратылғандарсыңдар. Егер Жазушы адамдары сенірен болса, онда ол олар үшін жақсы болған еді.Олардың арасында сенушілер бар, бірақ оның көпшілігі оған салғырт қарайды ". (Құран, "Аль-Имран сүресі"("Имран әулеті"), 110аят).

Аударған :Құмарқызы Қымбат

Источник:nm2000.kz


Категория: Ислам | Добавил: nm2000 (2008-09-12)
Просмотров: 4619 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана