Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Мұхаммад Пайғамбар сауатсыз болған ба?

Газета «Наш Мир»

Баяндалған дәстүр бойынша Мұхаммад Пайғамбардың  ерекше белгісі – оның сауатсыздығы. Бұл туралы Құранның бірнеше аяттарына сүйеніп хадистерде айтылған. Мұндай пайымдаудың себебі мен мағынасын тарихтан Пайғамбардың

қарсыластарының қатысынан іздеу қажет. Христиандар мен иудейлер Мұхаммадты біреудің жазғанын ұрлап пайдаланған, басқаша айтсақ, қарапайым түрде библияның мәліметтерін Құранның жаңа үлгісіне енгізіп алған деп кінәлаған.

 

   Мұндай пайымдаулардың жалғандығын әшкерелеу үшін, ертедегі мұсылмандарға Пайғамбардың сауатсыздығы туралы тезистерді итеріп тастауға тура келді. Әрине мұндай пайымдаулар қақпайласуда соңғы нүктесін қойған жоқ, бірақ сұрақтың шиеленісуін түсіріп, бұл тақырыптың ары қарай қаналуын тұйыққа тіреді. Христиандар мен иудейлер өз дегенін де, мұсылмандар өз дегенін де қалды.

    Бірақ, бұл тақырыпқа сын көзбен анықтап қарасақ, біз Мұхаммад Пайғамбардың сауатты, білімді болғанын, алынған хабарлардың бірнеше қабатты куәлендірулерінен таптық.

     Көптеген басқа имамдық тарихшылардың, Ибн Хишам жазған Пайғамбардың өмірбаянынан, біз оның адал және табысты саудагер болғанын білдік. Дәл осысымен ол болашақ әйелі Хадиджені ұнатып қалған. Егер саудагер санай білмейді деп болжасақ, онда ол қисынсыз. Ешбір түпдеректе саудаласу кезінде оның жеке хатшысы болмағаны туралы айтылады. Хадиджеге есебін өзі беріп тұрған.

Мұхаммад сандарын білмеген деп сендірудің негізі жоқ.

     Тарихтың дәлелдері бойынша да, Пайғамбардың кезінде, семиттік тайпалар араб пен еврейлердің есеп пен нөмірлеуінде күрделі жүйені пайдаланған. Арабтың әліппесіндегі әрбір әріпке белгілі бір сан сәйкес болған. Мұндай тәжірибе Халифаттың кезінде де болған. Солай, сан мен есепті білген адамның әліппенің әрпін білмеуі мүмкін емес.

      Құран тақырыптарын мұқият оқып біткен соң, Құранның өзімен Құран түсіндірмелерінің әдісін пайдаланып, Пайғамбар сауатты болған, жазып және оқи білген деген бір мағыналы пікірге келеміз.

      Дәстүршілдер Пайғамбардың сауатсыздығын дәлелдеу ретінде бірнеше аяттарды мысалға келтіреді. Пайғамбардың сауатсыздығына сенген адамдардың негізгі дәлелдері келесі аяттарда тізілген.

     Сен оған дейін ешқандай Нұсқаулар жазған жоқсың. Оны оң қолыңмен жазған жоқсың. Олай болса, ойлағандар мұны бос деп күдіктенер еді. (Құран, 29:48).

     Пайғамбар жалпы жазбаған да, оқымаған да деп, Мұхаммадтың сауатсыздық теориясын жақтаушылар 29                                                                  сүренің 48 аятын дәлел ретінде пайдаланып түсіндіреді. Бірақ аяттарды құрамдап тиянақтап оқып шыққаннан кейін анық көретініміз, Мұхаммад оқымаған да, көшіріп алмаған да, бұл жерде сөз бұрынғы Нұсқаулар туралы айтылады.  Тағы да мына дәлел, Мұхаммадтың пайғамбарлыққа дейін не иудей, не христиан дінінің дәстүрлеріне қатысы болмаған, ол жаңа діннің деректерін қайдан алып пайдаланады. Ақиқатты теріске шығарған адамдар, Мұхаммадты Таурат пен Інжілден ескі аңыздарды ұрлап алған, ол өзі оқып ойлап тапқан діннің негізіне алып, көшіріп алған деп кінәлайды. Олар оның пайғамбарлығын қабылдағысы келмей, оны жалған ат жамылған деп кінәлады. Алла олармен қақпайласуға түсіп, келесі аяттарды түсірді:

     Егер Нұсқау туралы халықпен бәсекеге түсе қалсаң, онда оны ең жақсы сипаттамада жүргіз. Мұның әділетсіздік жасағандарға қатысы жоқ. Айт: «Біз өзімізге түсірілгенге, сендерге түсірілгенге  иман келтірдік.  Біздің және сендердің де Алла – біреу, Біз тек Оған ғана бас иеміз ». Біз сендерге осылай Нұсқау түсірдік. Біз кімге Нұсқау түсірсек, олар соған иман келтіреді. Тек шындықты жоққа шығарғандар Біздің белгілерімізден (аяттарымыздан) безеді, олардың ішінде де Құранға сенетіні бар. Сен бұрын Нұсқауды оқыған, оны оң қолыңмен жазған жоқсың. Өтіріктің жолын қуушылар олай болмаған күнде күманда жүретін еді. Керісінше, бұл анық белгілер (аяттар) кімге білім берілсе, соның жүрегінде. Біздің белгіден (аяттардан) тек ағарту ісінің жаулары ғана бас тартады. Олардың айтқаны: «Неге оның Тәңірінен оған белгілер түскен жоқ?». Айт: «Шындығында, Белгі – Аллада, ал мен тек ғана сақтаушы және түсіндіруші насихатшымын. Оларға оқуға берген, Біз саған түсірген Нұсқау оларға аздық ете ме? Шындығында, мұнда иман келтірген адамдар үшін, қайырымдылық пен ескертулер бар». ( Құран, 29:46-51).

      Сонымен, аяттардың барлық байланысқан тақырыптарын мұқият құрамдап оқып шығу, бізге Құрандық мағыналардың екі мағынасы жоқ деген түсінік берді. Қорытынды жасаймыз, дәстүршілдердің Мұхаммад Пайғамбар сауатсыз деген дәлелдер ретінде келтірген аятының басқа мағынасы бар, бұрынғы Нұсқаудағы діни дәстүрден Пайғамбардың «сауатсыздығы» немесе хабарсыздығы туралы баяндайды. Мұхаммадтың библиялық дәстүрге қатысы жоқ екенін 8 сүренің 42 аяты растайды, «Нұсқау» атауы контекстегі нанымға сенушілік, діни дәстүрлермен анық түсінік алады.

     Сен иман не, Нұсқау не білмейтін едің. Осылай, Біздің әміршіден (Құранды) рухты ашуға сені иландырдық... ( Құран, 42:52).

      Мұхаммад иудейлер мен христиан дәстүрлеріне қатысы жоқ, «аласталған» адам еді. Сол кездегі Нұсқау түріндегі жазбаша діни дәстүрлерді білмейтін, арабтар пұтқа табынушылар еді. Мұхаммадтан арабтан шыққан, Нұсқаудың адамдарымен (иудейлер және христиандармен) сондай «сауатсыз», «жазуы жоқ» адам ретінде бағаланған. Құранда  «сауатсыздық» жағдайын көрсету үшін пайдаланған атау, библия дәстүрінде «умийи». Дәстүршілдер Мұхаммадтың сауатсыз болғанын айтып, айтқанынан қайтпай, «умийи» атауы жалпы сауатсыздық, жаза және  оқи алмайды деген мағынаны түсіндіреді деп, тағы бір аятты дәлел ретінде келтіреді:

     Айт: «Ей, адамдар! Мен сендердің бәріңе Алланың жіберген Елшісімін, жер мен көктің билігі Оған тән, Одан басқа Алла жоқ ; Тірілтетін де, өлтіретін де – Сол.  Аллаға, Оның елшісі – қарапайым (умийи) пайғамбарға иман келтіріңдер. Аллаға және Оның сөзіне сеніп, Оның артынан еріңдер, мүмкін сендер тура жолмен жүресіңдер!» ( Құран, 7:158 ).

     Бірақ, Құранда бұл атау діни «сауатсыздық», «жазуды білмеу» мағынасында пайдаланылған, иудейлер мен христиандардың жазу дәстүрімен байланысы жоқ.

      Олардың ішінде Нұсқауды білмейтін қарапайымдары (умийи) бар. Бос қиялға сеніп, болжаулар жасайды. ( Құран, 2:78).

       2-ші сүренің 78 аятында «умийи» атауының тура мағынасын талдап түсіндіреді: бұл Нұсқауды (Құранды) білмейтін және өз болжалдарының соңынан еретін адамдар. Сөз жалпы сауатсыздық туралы емес, дәстүрдегі діни «сауатсыздық » туралы айтылады.

      Құранда «умми» атауы еш жерде басқа мағынада қолданылмайды.

      Ол қарапайымдардың ішінен өздерінің пайғамбарларын жіберді. Олар бұрын анық адасуда болған, Ол оларға Оның белгілерін (аяттарын) оқып, оларды тазартып, Нұсқауды оқуға және даналыққа үйретеді. ( Құран, 62:2).

       «Біз Саған осы және болашақ өмірде қайырымдылық жаза гөр деп қайрылдық!» Ол айтты: «Кімді қаласам, Менің рақымшылығым бәріне жетеді. Кімді жазаласам, оны аямаймын. Сондықтан Мен оны қырағы, зекет беретін, Біздің белгілерімізге (аяттарымызға) иман келтіретіндерге жазамын: Елшінің, қарапайым пайғамбардың соңынан еретін, олардың Тәураты мен Інжілінде жазылғанды табатын, оларда мейірімділік оятатын, жақтырмаған нәрседен тежейтін, жаманшылықтан сақтайтын, рақымдық жасайтын, олардан ауыртпалық пен шынжыр бұғауды шешетін, оған сеніп қолдайтын, көмектесетін, түскен нұрдың соңынан еретіндерге, сонымен бірге түсірілгенге, олар табысқа жететіндер!» (Құран, 7:156-157).

      Нұсқау иелерінің ішінде, егер кинтарды сеніп берсең, олар саған қайтарады, олардың ішінде динарды сеніп берсең, барлық уақытта желкесінде тұрмасаң, қайтармайтыны да бар. Сондықтан олар айтады: «Бізде қарапайымдарда ешқандай жол жоқ». Аллаға өтірік айтады және оны өздері біледі. (Құран, 3:75)...т.б.

      Егер «Нұсқау» сөзін Құранның  48  аятындағы 29 сүредегі

Нұсқау сияқты түсінгің келсе, онда Пайғамбардың сауатты екеніне қосымша дәлелді көруге болады. Бұл аятта Алла Мұхаммадтың белгілі Нұсқауды Библиядан оқымағанын , жазбағанын анықтап көрсетеді. Пайғамбардың сауаттылығын қосымша басқа аяттар растайды.

      Шындықты мойындағысы келмегендердің айтқаны: « Бұл-ол ойлап тапқан өтірік, оған басқа адамдар көмектесті! ». Олар әділетсіздік және бұрмалау жасады. Олардың айтқаны: «Бұл ертегі! Ол оны өзі үшін жазып алып күні-түні айтады».

 (Құран, 25:4-5).

       Егер Мұхаммад сауатсыз болса, онда айтылғанды жазып алды деп ешкім кінәламас еді. Мұндай жағдайда жай ғана Пайғамбардың сауатсыздығын көрсетсе, сауатсыз адамға бір нәрсені жазу мүмкін емес екенін көрсетеді.

     Бірақ келесі аятта Алла оны жасаған жоқ, құрандық тақырыптардың Құдаймен шыққанын растады.

      «Құранды түсірген көк пен жердің құпиясын білетін – Алла. Ол – Кешірімді, Рақымшыл». ( Құран, 25:6).

       Құранның бірінші түсірілген аяттары  68- ші  және 96-шы сүрелер.

        Өзіңді жаратқан Алланың атымен оқы! Адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың сенің жомарт, жазғанға үйреткен, адамды білмеген нәрсесіне үйреткен. (Құран, 96:1-5).

       Жазғаныммен ант етемін. Сен өзіңнің Раббыңның рақымшылығымен жын соққандай емессің... (Құран, 68:1-2).

       Алла сауаттылық функциясына аса зор көңіл бөлетінін әрбір ақылды адам көреді: оқуға және жазуға. Екі рет «Оқы» деген әмір естіледі, қаламұшты еске түсіреді, Алла адамдарды білмегеніне үйретеді, Алла жазбаша бұйымдармен ант етеді. Сұрақ туындайды:

Мұхаммад пайғамбарлыққа дейін сауатсыз болды дейік, сонда араб әліппесінің  28 әрпін жаттап алмай, өзінің Раббысының әміріне бағынбаған ба? Барлық дүние жүзіндегіні жасаушы пайғамбар өзінің Раббысының әмірін тыңдамай қалуы мүмкін бе? Түсіну керек, Мұхаммад саудагер болған, санай білген де, жақсы санаған, солай табысты саудагер болған. Ол сандарды жазуды да білген. Сол кездегі арабтар, жалпы барлық семиттер әріптерін сандарды жазу үшін қолданған. Мұхаммад өлгеннен кейін, екі ғасырдан соң,

«арабтың» сандарын (шын мәнінде индиялық) мұсылмандар 8 ғасырдың соңында алып пайдаланған. Араб әліппесінің тарихы туралы Википедийдің мақаласынан үзінді: «Индияның (арабтың) санына өткенге дейін санды таңбалау үшін әріптер қолданған, олардың сандық мағынасы әліппедегі ретпен сәйкес келген...»

Сондықтан Мұхаммад-саудагерге араб әліппесін білу және оны Алла үшін оқып үйрену, Алланың Өзі әмір еткенді еске алу, оған қиынға түскен жоқ.

      Соңғы Пайғамбардың жеке басына сыймен қарау, Алланың соңғы Ашылуының мағынасын ойлайтын, ақылды адам үшін анық болады. Мұхаммадтың ақыл-ойының жоғары мүмкіндігін төмендету ниетін жасыру, оның естелігі мен тарихтағы рөлін сыйламағандық.

     Мыңдаған жолын қуушылар, қайшы келетін хадистерді, Мұхаммад Пайғамбардың  сауатсыздығы туралы ойдан шығарған тарихты, сол хадистердегі барды, Мұхаммад Пайғамбардың оқып және жазуға қабілеттілігін тура көрсететін мәліметтерді әдейі ескермейді.

      Мысалы, Пайғамбардың өзі жалған пайғамбар Мусайлимнің хатына жауапты өзі жазғанын, «Пайғамбардың тарихына» ең ерте түсінік беруші  Ибн Исхакпен жазылған тарих айтады. Немесе имам Бұхарадан алынған хадис Елшінің өлер алдындағы тілегі туралы, ол өзі жазғысы келеді, оған Умар б. Аль – Хаттаб  «бізге Құран жеткілікті» деп жауап береді.

        Алланың Елшісіне тағылған, ұрлап алған деген кінә тағу мәселесін Алланың өзі шешеді, Бізге Өзінің белгілерін 19 санымен Құранды құпиялау туралы түсінігімен ашады. Бұл код жұқпалы ауруға қарсы бағдарламаға  ұқсас, Құранның тақырыбын қорғап, оның бірегейлігін және түпнұсқасын көрсетеді. (Алланың барына математиқалық дәлелді оқыңдар).

      Қорытынды шығарамыз: Құрандағы Мұхаммад Пайғамбардың  сауатсыздығы туралы мәліметтің негізі жоқ, бұл Құранға қарсы бұрмалау болып табылады. Мұхаммад Пайғамбар Алланың адал қызметкері, Аллаға берілген мұсылман, оқу, жазуды білетін сауатты адам болған.

     Менің сөзімді тыңдап, оның ең жақсысының соңынан еретін, Менің құлдарымды қуанта бер. Бұлар – Алла тура жолға салғандар. Олар ақыл иелері. Алла ең жақсы әңгіме (хадисті), белгілері (аяттары) ұқсас және қайталанатын Құранды түсірді. Кім өзінің Раббысынан қорықса, денесінде діріл пайда болады. Алланы еске алған кезде терісі мен жүрегі жұмсай бастайды. Бұл – Алланың адал жетекшілігі, Ол кімді қаласа, соны тура жолға жетелейді. Ал Алла кімді адасуға жетелесе, оның жол  көрсетушісі жоқ. (Құран, 39:18-23).  

      Құран бойынша шын иман келтірушілер тек ғана ойлай білетін адамдар. Ақиқат ақылды, анық ойлай білетін адамдарға ашылады.

      Бұл – үндеу адамзатқа. Онымен оларды иландыра берсін, олар оны білсін. Ол Жалғыз Алла, ақыл иесі ойлансын.

(Құран,  14:52).

       Сенің Раббыңнан саған түскенді кім біледі, ақиқат жасырынға ұқсай ма? Ақыл иелері ғана еске түсіре алады.

(Құран, 13:19).

      Дәстүршіл  «мұсылмандықта» ақиқатты танымастай етіп бұрмалайтын көптеген аңыздар бар. Бұл аңыздар құрандық емес деректерге сүйенеді. Бірақ, бұл аңыздардың мұсылмандардың санасына ықпал жасауының негізгі себебі мұсылмандардың өздерінің өз діндері туралы ойлауға тілегі жоқтығында. Құранда дәстүрдегі соқыр сенімнің артынан еру қатаң жазаланады және ақиқатты жоққа шығарғанға теңеледі.

     «Оларға айтқан кезде: «Алланың соңынан еріңдер!- олардың айтқаны: «Біз өз ата-бабаларымыздың жолын көрдік, біз солардың артынан ереміз». Егер олардың ата-бабалары ешнәрсені түсінбеген және тура жолмен жүрмеген болса ше? Мойындағысы келмейтіндер бақташы айқайлайтын мал сияқты, үндеу мен шақырған дыбыстан басқаны естімейді: саңырау, мақау, соқыр  сияқты – ешнәрсені ұғынбайды!». (Құран, 2:170-171).

       Хижрадан кейін 200 жыл өткеннен кейін, мұсылмандар Индиядан алып келген, қателесіп арабтікі деп аталған цифрларды пайдалана бастады. Индияның жазу жүйесін кең түрде таратқан, арабтың оқымыстысы аль- Хорезми «Китаб ал- джабр ва- л – мукабала», осыдан алгебра деген атау шыққан. Ол индияның есептеуінде жоқ «нөл» ұғымын кіргізді. Арабша «нөл» «сыфр» деп естіледі, осыдан «цифр» деген орыс сөзі атау алған.

                                      Дайындаған Серік Рысжанов

                             Аударған  Гүлназар Шеналықызы



Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-02-28)
Просмотров: 4249 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана