Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Өзгерістер ертеңгі күнді күте алмайды

Газета «Наш Мир»

Ертеңгі Күннің Мұсылман Жетекшілері ғаламдық                              конференциясынан шолу ( MLT 2009, DOHA)

 

2009 жылдың 16-қаңтарынан 18-іне дейін Дохада (Катар мемлекеті) «Ертеңгі Күннің Мұсылман Жетекшілері» деген

Ұранмен Үшінші Ғаламдық Конференция өтті. Конференцияның модераторы болып Мұсылмандық Дамудағы Америкалық Қоғам (ASMA) Кордова Ұйымының Инициативасымен ынтымақтыстықта сөз сөйледі, Конференцияның бас демеушісі принц Катардың қамқорлығымен Дінаралық Доха Диалогының Халықаралық Орталығы болды.

 

    Қазақстанды Конференция жұмысында «Ізгі Амал» Біріккен Ұйымы көрсетті, атқарушы директор Талғат Есенкулов дүние жүзі

мұсылмандарына Үндеумен алға шықты.

 

Мәлімет:

     «Ертеңгі Күннің Мұсылман Жетекшілері» ( MLT) Конференциясы 2004 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан, жас әсерлі мұсылман жетекшілерінің мерзімді Конференциясы.

       2004 жылғы MLT-ның  Бірінші  Конференциясы, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі болған оқиғаға американдық мұсылмандардың күресі ретінде Нью-Йорк қаласында өтті. MLT-ның Бірінші Конференциясы американ мұсылмандарының өміріндегі белгілі оқиға болып қалды.

        Бірінші Конференциядан кейін ұйымдастырушылар Батыста тұратындардың, Ислам әлемінің Батыспен қарым-қатынасын жақсарту үшін, барлық мұсылмандардың күшін одан ары біріктірудің қажет екенін түсінді. Сол себептен 2006 жылы MLT-ның Екінші Конференциясы Копенгагенде, Данияда өтті. Бұл Конференциядағы  жарыс сөздің ортақ тақырыбы Мұхаммад пайғамбардың атына айтылған тіл тигізуге діни сезімі бар еркін сөз хабарындағы иман келтірушілердің жанжал шығаруының айналасында болды. 

       MLT-ның  Үшінші  Конференциясы 76 мемлекеттен 300 делегатты біріктіріп, оның ішінде Азиядан, Африкадан және Австралиядан, жас мұсылмандық ғаламдық саммиттің үлгісінде өтті. MLT Конференциясының негізгі міндеті мұсылман қауымын  Батыспен жақындастыру және мұсылманның медиа-қорын күшейту болды.

     MLT Конференциясының тұрақты жетекшілері Мұсылмандық Дамудың Америкалық Қоғамы және Кордова Инициативасының Ұйымы болды.

 

Мәлімет:

      Дінаралық диалогты, мәдени алмасуларды, әйелдердің құқығын қорғау және исламның құндылығын тарату мақсатында, 1977 жылы Нью-Йоркте құрылған  Мұсылмандық Дамудың Америкалық Қоғамы америкалық ірі мұсылмандық мемлекеттік емес ұйым.

      ASMA көптеген бағдарламаларды, соның ішінде білім мен конфессионал аралық қарым-қатынас өрісінің үлгісін жасайды.  ASMA-ны құрушы Нью-Йорктегі «Масжид Аль-Фарах» мешітінің имамы, харизматикалық жетекші, «Мұсылмандар мен Батыстың жаңа көзқарастары» кітабының авторы Фейсал Абдул Рауф болды. ASMA-ның атқарушы директоры белгілі мұсылман белсендісі Дейси Хан болды.       

     АҚШ- да 8 миллион жаттығушы мұсылмандар тұрады, оның 1миллионнан көбі Нью-Йорк қаласында тұрады.

 

Мәлімет:

      Дохадағы Дінаралық Диалогтың Халықаралық Орталығы 2007 жылы жыл сайынғы Конференциядан кейінгі үш монотеистік діндердің арасында жүргізілген келісім бойынша Катар Мемлекеті үкіметімен құрылған ұйым.

        DICID  Ислам, Христиан және Иудаизм өкілдерінің арасындағы өзара қарым-қатынасты дамыту мақсатында құрылған. Орталықтың негізгі құрылымы өзіне Катардағы директорлар кеңесінің докторы Ибрахим Салих –Аль Нуамидің басшылығымен, Катар Университетінің бұрынғы Президенті, үш мұсылманнан, үш христианнан және еврейлердің дін бастығынан тұратын, сонымен халықаралық қосымша кеңесті енгізді.

      Орталық Катар үкіметінің есебінен қаржыланады, бірақ тәуелсіз ұйым болып жұмыс істейді.

    Катар қонақтарды жылы ауа-райымен және жарқын жүзбен қарсы алды. Конференцияның делегаттары мен қатысушылары Парсы шығанағының жағалауындағы сәнді Marriot қонақ үйіне орналасты.

      Конференцияның жұмысы америкалық мұсылман қауымының жетекшісі имам Фейсол Абдул Рауфтың құттықтау үндеуінен басталды, өзінің үндеуінде  «Шахада дегеніміз не?» деп, барлық дүние жүзі мұсылмандарының нанымның идеалдары, адалдығы және бейбітшілігі атынан одақтасу қажеттігін тағы да атап өтті.

      Өзінің өткір тілімен жас америкалық мұсылман, Гэллап Орталығындағы мұсылман бөлімінің аналитигі (Вашингтон, АҚШ) Ахмед Юнус делегаттарға исламофобийді кіналап сөз айтып, жарқырап шықты.

        DICID  басшысы доктор аль-Нуами, ханзада Ханана аль-Тани және Джорджтаунск университетеінің студенті Халида аль-Джуфайридің үндеулерінен кейін, MLT Конференциясы өзінің жұмысын панелистер сессиясында жалғастырды.

       Бірінші сессия Жаңа Идея мен Бақталастық құндылық тақырыбына арналып, ақсүйек демократиялық құндылықтардың исламдық бағыттармен байланыста болуын талқылады. Итальяндық белсенді Яхьи Серджио Паллавачинидің көрнекті сөз сөйлегені ешкімді селқос қалдырған жоқ. Имам Яхья қосымша жұмысы бойынша Білім Кеңесі мен Ислам Қоғамының Итальяндық  Мәдениетінің басшысы болып, Италия муниципалдық құрылымдарының бірінде жұмыс істейді. Өзінің сөзінде Ислам толығымен барлық негізгі демократиялық құндылығын бөліседі, олардың арасындағы айырмашылықты жүзеге асыру қателік, 

Ислам – бұл бейбітшілік пен адалдықтың діні деп, тағы да атап өтті.

     Жас беделді британдық имам Абу Исы Ниматуллахтың сөйлеген сөзі шешендік өнердің үлгісі болды. Ислам барлық кезде от басын сақтау, жақыныңды жақсы көру, айналаңа көмек беру сияқты мәңгілік құндылықтың күзетінде тұрады деп атап өтті. Өкінішке орай, өзінің өнегелігі мен мәдениетінің мағынасыздығын, өмірдің шындығынан қол үзумен және ультрамасштабты абстракциялаумен айырбастап, Батыс өздерінің өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес қарқынды дамуында осы құндылықтардың тапшылығымен қақтығысады.

     Мұсылман қауымының Батыспен өзара әрекеті туралы мәселені

Конгрессменнің көмекшісі Грегори Микс, АҚШ  Конгресінің қызметкері Джихад Салех Вильямс айтып өтті. ОЛ АҚШ- дағы  мұсылман қауымының  2001 жылғы  11 қыркүйектегі қайғылы оқиғадан кейінгі америкалық қоғаммен бірлесіп жұмыс істеу кезіндегі көрсеткені туралы айтты.

      Дінаралық Диалогтың маңыздылығы немесе ислам әлемінің Батыспен бірлесіп жұмыс істеу мәселелеріне дүние жүзілік қоғамның назар аударғанын  БҰҰ-ның Альянс Мәдениеттілік Секретариатының жұмысшысы Дэниш Масуд жариялады. Конференция делегаттарының ішінде АҚШ пен Ұлыбритания ғылыми мекемелерінде жұмыс істейтін беделді ғалымдар да болды, солардың ішінен Ислам бойынша маман доктор Хишам Хеллерді, имам Тахир Анварды, Катар Құқық Колледжінің докторы Хасан аль-Сейдті атап көрсетуге болады.

       Конференцияның екінші сессиясы Наным Беделінің Дағдарысы тақырыбына арналған.

       Үкіметтік емес қозғалыстың белгілі мұсылман белсендісі, «Құқықтық бастау» британ қорының директоры, қорғаушы Шаухат Варраих сессияның модераторы болып сөз сөйледі. Сөз алған панелистер өз елдеріндегі белгілі құқық қорғаушылар, университет оқытушылары, тілшілер Батыстағы Нанымның қатаң дағдарысын бастан өткізді деп бір ауыздан атап өтті. Бұл жоспарда негізгі мұсылман рахымшылдары отбасылық сыйластық, жақындарына үнемі көмектесу сияқты, басқалар да Нанымның үндеуіне қуатты дәлелдеулер бола алатын еді. Бұлай болған жағдайда мұсылмандарға мәдени-өнегелік дамуда барынша қарымта қайтару мүмкіндігін пайдалану қажет.

      Конференцияның бірінші күні индияның белгілі әзіл әңгіме жазушысы, стэндап шоу шебері, осыған қоса жақында құқық Министрі дәрежесін алған Азхар Усманның жарқын сөз сөйлеуімен аяқталды. Екі сағатқа созылған шаттық әзіл құйылды: Бен Ладеннен Барак Обамаға дейін бәрі сазайын тартты.

      Конференцияның екінші күні Діни зорлық көрсету және әйелдер құқығын қорғау тақырыбындағы пікірталас жұмыс жағдайында өтті.

       Қатысушыларға сыншыл Форумның даттық мұсылманы Ширин Ханканның сөзі ұмытылмайтын әсер қалдырды. Ол Исламдағы клерикализм ағымын өткір жазықтады, білімсіз адамдардың уағыздауымен, шындыққа деген құқықты монополияландыратын, діни экстремизмнің өсуіне жол бермеуге назар аударды.

        Осы күні кешке Конференцияға қатысушылар атақты Doha Debates-ке шақыру қағаз алды, BBC Word News белгілі тележүргізушісі Тим Себастьян  «Саяси Ислам Батысқа қарама-қарсы тұрудың себебі сияқты» деген маңызды тақырыпты талқылауды ұсынды. Студияның тартымды қонақтарының бірі осыдан үш жыл бұрын қозғалысты тастап кеткен,  «Хизб-ут Тахрир» партиямының еуропалық ұйымының бұрынғы жетекшісі Навааз Масуд, сонымен бірге Британ Империясы Орденінің Иесі Сара Джефенсон болды. Шешендер тура эфирде өздерінің бағыттарын қорғап шықты, нәтижесінде Исламдық әлеммен жасалынған саяси доктриналардың альтернативаға құқығы бар екенін дәлелдеп, саяси Исламның жақтаушылары жарыс сөзде дауысқа салғанда жеңіп шықты.

      Конференцияның үш күнгі жұмысының нәтижесінде делегаттар  саяси әрекет жасап жатқан Ертеңгі Күннің Мұсылман Жетекшілерінен бейбітшілік, адалдық, мейірімділік бағытындағы болып жатқан  дауларды бейбітшілік жағдайда шешудің қажеттілігі туралы Ашық Үндеу қабылдады. Ашық Үндеу білімдік бағдарламалардың рөлін адамзат дамуының ары қарайғы қажетті белгісі сияқты бөліп берді.

     Ашық Үндеу ең алдымен АҚШ таңдап сайлаған президент Барак Хуссейн Обаманың атына айтылады, соның атымен көптеген мұсылмандар өзгеріс болады деген түсініктерін жалғастырады.

 

 

«Ізгі Амал» Қоғамдық  Бірлестігінің    

Атқарушы директоры Талғат  Есенкулов.                             

«Наш Мир» газеті үшін арнайы Доха, Катар

                               

                                       Аударған  Гүлназар  Шеналықызы



Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-02-28)
Просмотров: 2430 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана