Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Санасыз иман

Газета «Наш Мир»

Адамзат тарихы – шығын пен табыс шежіресі. Егер дүниедегі соңғы 100 жыл ішінде жасалынған ғылыми жаңалықтарды кіріс ретінде санасақ, сөзсіз ғылымда зор жетістікке жеткен адамзат қоғамы байыды деп сенімді түрде айтуға болады. Керісінше, ғылыми ізденудің азапты жолынан әдейі шеттеген қоғамдар көп шығынға ұшырап, сөздің дәл мағынасымен айтсақ, белшесінен борышқа батты.

 

 

Жеңіл жолды таңдаған адам өзінің ақылын ынталы әрекетке жігерсіз, қабілетсіз затқа айналдырады. Түсінікті іс, мұндай «бальзамдалған» ақыл Кунсткамераға немесе медицина институтының бөлім залына қоятын экспонат болғаннан басқа ешнәрсеге жарамсыз. Бұл жағдайдың прогресске қарсылықтан басқа, тағы бір шектен шығуы бар, ол – еңбек нәтижесінде жасалған жетістікке қарсыласу. Мысал үшін булгаковтың брутальды «ит жүректі» кейіпкерін еске түсірсек жеткілікті.

      Мұсылмандық мәдениет тарихтың қай айналымында алға басудан қалып қойды?

       Мұсылмандардың ғылым «қызметінен» саналы түрде бас тартуының бірінші белгілері VII ғасырдың соңында байқалды. Естеріңізге сала кетсек, сол кезде Әмәуия әулеттің бірінші халифі Муауия саяси билікті өзінің баласы Жазидке кеңесу арқылы емес,  мұра ету арқылы тапсырды. Бұған дейін, халифаттың барлық басқарушылары (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли, Муауия) билікке сайлау арқылы келген болатын. Муауиянің билікті мұрагерлік жолмен беруді енгізу нәтижесінде саяси билікке ие болу монархиялық принципке негізделді. Нәтижесінде билеуші топтың стратегиялық басымдылықтары алмасты, бұдан былай оның ықыласы билік пен қаржыны сақтап қалудың төңірегінде шоғырланды.

Осылай ғылым билік тәуелділігіне түсті, егер билеуші әмір ғылымға рай көрсетсе, ғылым дами алатын болды. Әзірге билік басшысының ғылыми ізденулерге ынтасы түскенше, мұсылман қауымының ақыл-ой потенциалының сапалық жоғарылауы төзе тұратын болды.

     Тәуелсіздігінен айрылып, билеушінің әуес көретін затына айналып, ғылым жеке және өзіне қажетті салада жұмыс істеуін тоқтатты, жүз жылдан бері қалыптасқан дінге сенушілік дүние танымы өздеріне жаңа білімдер мен жаңалықтар іздеген жеке шабыттарын басып тастады. Жүре келе дәстүрге айналған әдет пайда болды, ол жалпы және діни білімді сарай маңындағы «сенім көрсетілгендерде», шындықты заңсыз иеленушілердің соңғы сатысынан алатын болды. Нәтижесінде, XV ғасырдағы Реформациядан кейін христиан әлеміндегі болған бұл жағдай, дін мен қоғамға және оның дамуына себепші болатын ғылым таңдамалы кезеңде еленбей қалды. Мұндай болжамсыздық, аяғында, мұсылмандардың әлемдік майдандағы бір кездердегі берік бағытын және мәдениеттілік процесіндегі алдыңғы қатарын жойып алуға апарды.  

      Сол кездегі пайда болған теократиялық жеке билік, өзінің жеке қол астындағылардың басында ешнәрсе жоқ білімсіздігінен, алғашқы буынның жеңімпаз шабытынан айрылып, ғылымның дамуына стратегиялық бағыт шынықтырып шығара алмады. Дін басылары ғылымды мәдениеттен бөліп тастады.

      Жеке билеушілік теократия ғылыми ақыл-парасаттылықты елемей, өзінің бар екенін анықтап және жеке өзінің билігіндегі көрсеткішін нығайтып, өзін-өзі тани бастады. Осылай көптеген діни ғылымдарды клерикалды дұрыс көзқарастары бар адамдардың пікірі бойынша заңды деп тану пайда болады: діннің негізі ( усуль ад- дин), діни мәтіндерді оқу әдістері туралы ғылым ( кираат), заң тану негізі (усул аль-фикс), түсірілген аяттардың жағдайлары ( асбаб ан-нузуль), өзгертілген және өзгермейтін аяттар туралы ғылым (ан-насих ва аль-мансух), саң тану ( фикс), хадистер туралы ғылым (ильм аль-хадис)  және оның терминдік жиынтығы (мусталах аль-хадис) және т.б.

Діни білімдерді игеру, ерекше монополиялық құқығы бар, діни қызметкерлердің ақылымен билікті жаулап алған, алаң маңындағы дін басыларының қайтадан жаңартқан көзқарастарына тиісті болды.

«Абыздар бірлестігі» билеуші әулеттердің қолындағы қалқан сияқты, дүниеге өзгеше көзқарастың ұтымды жақтарынан шығатын, билікті бірте-бірте күшейіп келе жатқан ревизионизм ағымдарынан сенімді қорғады.

       Бүгінгі гендік инженерия, нанотехнология және адрондық коллайдерлер ғасырында бірқатар діншілдер өздерінің уағыздарын ертегі тілінде және киелі аңыздар арқылы жүргізуді жалғастыруда. Шындығында, қазіргі ұрпақты Имандылықты «жүгіретін тастар» және «сөйлейтін ағаштар» туралы хадистерімен ояту өте қиын екеніне келіспеуге болмайды.

       Мүмкін, құдайдың заңдары туралы көп том томды теологиялық қалың кітаптардан гөрі, мектеп оқулығы биология көбірек және түсінікті айтып беретін шығар? Мәніне қарасақ, иә деуге болады.

Жаңашыл қызметтегі мұсылмандық қоғамның тарихының өзі, сәтсіздіктің хронологиялық тізіміне көбірек ұқсайды, толықтай шамасы жоқ керітартпалық ыңғай, соқыр тез нанғыштық сұрақтар, ғылыми дәлелдерді қажет ететінін көрсетті.

Ғылыми жаңалық ашылулардың өлшеусіз пайдасын  айтудың қажеті жоқ, олар бәсекелесуге келмейді. Соқыр санасыз иманның кемшілігін екі жайда келтіреміз:  

      Біріншіден, ғылым құдайдың заңдарын түсінуді көмектеседі. Алланың барына бұлтартпайтын дәлелдер келтіріп, адамдарға көзге көрінбейтінді заттай көрсетіп, сендіріп, ғылым өзінің жаңалықтарымен және шындыққа негізделген  дәлелдермен бұл міндетті табысты шешеді.

      Екіншіден, ғылыми ойлау иманның сапасын жогарлатады.

Иман сапасы иман дәрежесін аныктайды.

 Иман сапасы – бұл тіл мен әдіс, солардың көмегімен  адамдарға Құдайдың түпдеректерінен хабарлар жетіп тұрады.

         Жалынды-сезімтал түйсік басым болып тұрған кезде, Алланы ақыл жетпейтін наныммен қабылдау, кейде иман келтірушілердің құмарлық жағдайын басып тастайды, жиірек, сонымен бірге маңыздыдан алысырақ, ескірген орта ғасырлардағы хабарларды жеткізу әдістері мүмкіндік туғызады. Дұрыс мағынаны теріске шығаруға келіспейтін, кейде сандырақпен шектелетін, нәтижесінде адамның ең бастапқы дауы басталады. Егер мұндай жаңылыс хабарлар насихаттың кең көлемін қамтыса, адамдарды ақыл-ойдың шақыруын және  алдыңғы тәжірибелерді қабылдамайтын етіп, біріккен саналы қағида күшіне енеді. Нәтижесінде, бүкіл мұсылман әулеті үшін табысты және білімді «ертеңгі болашақ», ақылы жетпей иман келтіретіндерге, аса немесе тым қиял болып көрінеді.

       Бұл туралы Құранда шешендікпен айтылады: « Оларға: «Алланың жібергенінің соңынан еріңдер! – деп айтқан кезде, Олар: «Жоқ, біз ата-бабамыздың жолын көрдік, біз солардың артынан ереміз»-дейді. Егер олардың ата-бабалары ешнәрсені түсінбеген және тура жолмен жүрмеген болса ше? Мойындағысы келмейтіндер бақташы айқайлаған мал сияқты, үндеу мен шақырған дыбыстан басқаны естімейді: саңырау, мылқау, соқыр сияқты, ешнәрсені ұқпайды! ». (2:170-171).

 


                                                         Таир Адилов

                    Аударған  Гүлназар Шеналықызы



Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-02-28)
Просмотров: 4090 | Рейтинг: 4.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана