Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Шоқынған «джихад» және інжілдік «халифат»
Олардың ежелден бергі армандары ұтымды ойға  және  адамдардың еркіндігіне  - бәріне билік ететін абыздар одағы, діни рәсімнің қызметкерлері, дін қызметкерлері ие болатын қоғам құру деп тағылған айыпқа бүгінгі күнде мұсылмандар тойтарыс беруден шаршады. Мұсылмандарды болашақтағы осындай шатасудың үлгісі мен бейнесі деп әшкерелеуде басты саяси тұлға болып Сауд және Иран мемлекеттік құрылымының шейхтары мен аятоллалары тұрды.

Мұсылмандарды әшкерелеушілер сол дәлелдің, бірінші кезекте Саудта, Иранда емес, қазіргі заманның ықпал ететін діни тәртібімен, сол немесе басқа конфессияның қызметкерлерінің пікіріне негізделген тәртіп екенін мүлде ескермейді. Ал ондайлар «демократияның  шам-шырағы» болып жүрген, Израиль мен АҚШ сияқтылар.

Америкалық “халифат”
Израиль – еврей халқының артықшылығы туралы және оның Палестинадан «қабілеттілігі жоғары» құқығы туралы діни парыздың негізінде жасалған мемлекет, оның көпке мәлім сыртқы және ішкі саясатын саясатшылар емес, негізгі радикалдық раввиндер анықтайды.
Сондай «теократиялық» мемлекет, зиялылар демократиясы идеясының ең ықпалды уағыздаушысы – Америка Құрама Штаты екенін көбісі аңғара бермейді. Бірақ,  АҚШ діни бастаулармен негізделген, бұл барлық мамандар мойындаған дәлел. 1922 жылы ағылшын христиан ойшылы Гилбрет Честертон  «Америка – Жер бетіндегі нанымға негізделіп құрылған жалғыз ұлт. Нәсілдік сұрыптаумен емес, діни қолдау тапқан, шіркеу рухындағы ұлт»-деп атап өтті.
Атап көрсетуге болады, кейбір деректер бойынша америкалықтардың  93%  шіркеуге барады, оның 82% христиандар (католиктер мен протестанттар), 62% құлшылық етуден безген кандидатқа ешқашан дауыс бермейтіндерін айтады. Президент Дуайте Эйзенхауеренің кезінде Алланы еске салу мемлекеттік антқа кіргізілген, ал долларда «Алла бізбен бірге» деген жазу пайда болды. Америкалық христиандар үшін, америка ұлтының інжілдік және христиандық борышын қызғанышпен таратушы,  штаттың тағдырын шешетінін ардақтап айтатын АҚШ-тың Презденті Джордж Буштың таққа отыруға бекітілгені нағыз салтанат болды.
Оның 11қыркүйектен кейінгі келесі күні: «Америка өзінің соңынан бүкіл әлемді ерту керек» деп айқайлап айтқаны, тәкаппарлықтың қорланған сезімі емес еді. Кейінірек ол жер жүзіне танылған соң: «Алла менімен өзі сөйлесті, маған Иракқа қарсы соғыс ашуға, терроризмге қарсы «крест жорығын» жариялауға, бәрі Исламға қарсы ғаламдық соғыс ашуды қабылдайтын бұйрық берді» - деп айтты.
Буш америкадағы інжілдік қозғалыс­тың негізгі сенімін, Американың «ерекше тағдыры» екенін көпшіліктің алдында жариялап айтты. 1988 жылы Индиана штатының сенаторы Альберт Беверидж осы концептаның жауапкершілік мінезін, Вашингтон Куба мен Филиппендегі испан-католиктерін  ығыстырып шығарғаннан кейін айтты.
Сенатор: «Жасаған Ием америкалық­тарды былық орнаған жерде тәртіп жасау үшін, дүние жүзінің басты ұйымдастырушысы етіп тағайындады»-деп айтады. Бұл тәртіп дәл америка тәртібі деген болжам бар. Алланың алдында америка ұлтының саяси қызметін атқаратын, жер бетінде ешкімге белгісіз «Америка халифатын» орнату туралы нақты сөз жүріп жатыр.

Джордж Буштың «Джихады»
Буштың Ақ Үйге келгені тек ғана ислам үшін емес, зиялы Еуропа үшін де қантөгіс қайғылы оқиғаға айналды. Өзін құдайдың тапсырмасын орындап жүрмін, зиялы елден шыққанмын деп есептейтін Президентті басқаша қалай қабылдауға болады? Өздерін Жаратқан Иемен Тура байланысымыз бар деп сендірген, оның кеңесші-інжілдерін олар қалай қабылдайды?
Джордж Буш кіші 2003 жылдың қысында Иракқа соғыс ашар алдында, жауыққан секуляризмнің тірегі саналған, Францияның Президенті Жак Ширакты соңғы рет өз жағына шығуға көндіргісі келді.
Ол оны соғыстың басталуына себеп толықтай дәлелденген деп сендіруге тырысты, бірақ «Иракты азат ету» операциясы Алланың рұқсатымен жүргізіледі дей отыра, дәлел ретінде Гог пен Магогтың пайғамбарлығы туралы мысал келтірді (Ислам нұсқасындағы Йаджудж және Маджудж).
Жак Ширак өзіне таныс емес аттарға оның көңілін аударғанға таң қалып үндемеді. Ол Елисей сарайының кеңесшісіне осы аттарды тезірек түсіндіріп беруге тапсырма берді, соңында Францияның протестанттар Федерациясынан жауап алды. Оның айтқаны бойынша,  Иезекиилдің інжілдік пайғамбарлығына сәйкес, ақыр заман басталар алдында Гог пен Магогтың Вашингтоннан Палестинаға келгені белгілі болды. Гог пен Магог – бұлар зұлымдық күшін іске асыру, ал Бағдадқа жақын орналасқан Вавилон, Саддам Хусейнмен қайтадан қалпына келтірілген!..
Секулярлық, зиялы Еуропаны жер бетіндегі ең күшті мемлекеттің Президентінің, өзінің ішкі және сыртқы саясатында елдің ұлттық мүддесіне жетекшілік етудің орнына, інжілдік тапсырмалармен айналысқаны қайран қалдырды. Ауқымды масштабта тәураттық, інжілдік «джихадты» нақты жүргізіп жатыр.
Буш есінен адасқан да, сәуегей де болған жоқ. Ол протестанттың экспансионистік және апокалиптистік тарауларына жататын, дағдылы шіркеудің жақтаушысына жатпайды.
Ақ Үйдің інжілдік жамағаты
Джордж  Буш – бұл «Born Again Christian», сөзбе-сөз аударсақ «қайтадан дүниеге келген христиан» деп аударылады. «Born Again Christian» - жақтастары оны інжілдіктер деп атайтын, өсуі жағынан тез дамыған және өркендеген «Иисус Христостың інжілдік шіркеуінің» ағымының бірі. Жасыратыны жоқ, өздерінің одақтарын құрғандағы, бұл шіркеулердің мақсаты – алғаш Американы, содан кейін жер жүзін өздерінің нанымына қарату. Қазір дәл осындай інжілдіктер АҚШ-да ең қуатты саяси күш болуда. Буш-кішіге дауыс бергендердің  40%  өздерін берік-інжілдіктерге  теңегендер. Буш ақ інжілдіктердің арасынан 2000 жылғы президенттік сайлауда 68%, ал 2004  жылғы сайлауда 78%  дауыс алды.
Інжілдіктердің көтерілген кезі 1980 жылдардың ортасында үкіметке келген інжілдік «қайтадан дүниеге келген христиан» Рональд Рейганның кезінде басталды. Дәл сол кездердегі АҚШ-ның соңғы жылдардағы маңызды қоғамдық-саяси даму бағытында, 1984 жылдан бүгінгі күнге дейін  берік-інжілдіктердің  40% -тен  60%-ке дейін өскенін көрсетті.
Осымен АҚШ-да інжілдің жаңа қуаты орнатылды. Ең ірі інжілдік шіркеу –  оңтүстік баптистер, онда 16,3 миллион адам бар. Ары қарай афроамерикалық шіркеу мен Ұлттық баптистік кеңестің Інжілдік бірігуі (5 млн адаммен). Америкалық інжілдіктер үшін Тәурат – Алла сөзі, өзі түсінген заңның тура әрекеті. Дәл сондай «қайтадан дүниеге келген» інжілдік Прездент Джордж Буш-кіші болды.
Оның айналасындағы адамдардың  да көбі інжілдіктер болды. Ресейлік американдық Анатолий Уткин былай деп жазады: «АҚШ әкімшілігі де, белгілі мағынада қауым: Ақ Үйге  жұмысқа қабылданған.
Президент те, Вице-президент те – барлығы інжілдіктер». Өздерінің сенімдерімен келісе отырып жасаған заң сияқты, олар «Алла сөзін» дәстүрлі мәдениеттің тартуы деп түсінбеді, адамгершілік жағынан алсақ, өздерінің қауіпсіздігіне қауіптенудің қажеті жоқ еді.

Інжілдік дауат
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, інжілдік доктринаның Отаны болып қалған Америка, католиктік, протестанттық (баптистер мен әдіскерлер), ішінара исламдықтар, басқа діни доктриналарға қарағанда жер жүзіне шапшаң жайылды. Цифрлардың айтуы бойынша, егер 1940  жылы  560 миллион христианның 4 миллионы ғана інжілдік болса, бүгін 2 миллиард христианның 500 миллионы інжілдіктер, сонымен әр төртінші христиан – інжілдік.  Мааандардың есептеуі бойынша, інжілдік нанымға күн сайын 52 мың адам келеді екен.
Жер жүзінде миллионға жуық қызметкер уағыз жасайтын, 1млн інжілдік шіркеулер бар. Гарвард университетінің теолог профессоры, «Алланың оралуы. Елуліктердің еліне саяхат» кітабының авторы Харвей Кокстың айтуынша, 2050 жылға қарай әр екінші христиан інжілдік болып, XXI ғасырда інжілдік оқу басым болады. «Қайтадан  дүниеге келген христиан» дегенге келсек, олар өздерін екінші рет дүниеге келгенде, дәстүрлі түрде шоқынуға міндетті емеспіз, өздерінің діни нанымдары бойынша, Иисус Христоспен кездескенге міндеттіміз дейді.
Джордж Буш-кіші Иисуспен 40 жасында кездесті. Ол кезде ол көп ішетін, басқаша айтсақ, ағыспен жүзіп жүрді. Болашақ Президент үшін Христостың елшісі және түсіндірушісі ретінде киелі Билли Грэм көз алдына елестеді.
Буш ішуін қойып, өзінің өмірге деген көзқарасын өзгертті. Ол Христоспен қайтадан дүниеге келіп, қанат пайда болып, оны алғаш Техастың губернаторы болуға, содан кейін Ақ Үйге орныққанға көмектескен пікірлестермен жақындаса түсті. Өзінің мақсаты – «Жер жүзінде тәураттың елестерін тарату» екенін Буш тағы да дәлелдеді.
Бушқа дауыс берген америкалық інжілдіктердің екіден бірі, оны Алланың қолдаушысы деп ойлады. 2004 жылғы президенттік сайлаудың алдында, қуатты «христиан бірлігінің» негізін салушы және інжілдіктер үшін «The Family Channel» телеканалының бұрынғы қамқоршысы, пастор Пэт Робертсон былай деп жариялады: «Мен 2004 жылғы сайлау нағыз зор жеңіс болады деп, Алланың маған айтқанын естідім. Джордж Буш-кіші жеңіске оңай жетеді. Оның не істегені маңызды емес, оны Жаратқан Ием  қолдайды, себебі ол – тақуа адам, Жаратқан Иемнің өзі оған бата берген».

Інжілдік басып ену

Айқын дәлелдер деп аталған «The New World Order» (Жаңа әлемдік тәртіп) манифесінің авторы, Американың мессианистік рөліне көзі жеткен пастор былай деп айтты: «Алланың тұрағы болған ел және құдайдың қалаулысы болған ел әлемге жетекшілік ететін рөлді жүзеге асырмаса, жер бетінде ешқашан бейбітшілік болмайды». Бұл анық айтылған және нақты сенім Американың «ерекше тағдырында» әрбір иман келтіретін американдық өзінің нанымына басқа халықтардың да назарын аударуға деген ыстық тілектерін көрсетеді.
70 млн американдықтарды біріктірген (әрбір төртінші америкалық-інжілдік), інжілдік қозғалыс бүгінде тура фаст-фуд, кока-кола немесе рэп сияқты экспортқа шығып, өзінің тамырын Латын Америкасынан Жапонияға, Африкаға, Еуропаға, Ресейге, Индияға, Қытайға дейін жаюда... Осы тапсырмамен жақында ғана құрсауланған, ол ислам әлеміне басып кірді.
Шамданушылықтың орын алуы көзге түседі: інжілдік доктринаның Отаны және бесігі болып таңдалған Американың жаңа Мекке болғысы келеді. Онсыз да Вашингтон басынан бастап «төбедегі биік тұратын қала», Жаңа Иерусалим, Жаңа өмірдің қолдаушысы емес пе? Ақ Үй інжілдік шіркеулердің кеңінен ұлғаюын үлкен қызығушылықпен бақылап отырады.
Дүние жүзіндегі рәсімдердің бостандық үшін қызмет атқаруын ресми бақылауда, арнайы бюро ретінде «діннің қудалануы туралы» жылнама шығарады, ондағы қудаланушылар тізімінде шариғаттық Сауд Аравиясы, сатқындық жасап кететін Ресей, коммунистік Қытай және секулярлық Франция көршілес болып, бұл елдер інжілдік доктринаны қолдаушылармен  «қатаң соғыс» жүргізеді.
Испандар мен португалдықтардың отарлығынан кейін дәстүрлі католиктер болып саналатын, осы миссионерлік басып енуді Латын Америка елдеріндегі інжілдіктер іске асыруда. Рим папасы Иоанн Павел II мен америкалық інжіл Президент Рональд Рейганның арасындағы жүргізілген келісім, Латын Америкасында мыңдаған «қайтадан дүниеге келген» америкалық студент-миссионерлерді алып келді.

Інжілдік «джихад»

Інжілдік ағым осыны барлық америкалық континенттерге тарату үшін пайдаланды. «Американың ұлттық діни каналының» атқарушы директоры Бен Армстронгтың айтқаны: «Сөз Христоспен анық белгіленген, Латын Америкасымен аймақты басып алу туралы». Телекөрілім -  бұл біздің әуе күшіміз, ал үйді-үйге кіріп, жаңа дінге бет бұрғандар біздің жаяу әскерлеріміз».
Латын Америкасындағы бұл «інжілдік басып алу», Апокалипсисте ескерткендей, соңғы Жаңа Өсиет кітабындағы болжауларға негізделген:
«Мен аспанда ұшып жүрген, мәңгілік інжілі бар, жер бетінде тұратындарға, барлық қауымдарға, ұрпақтарға, халыққа тілге жақсы хабар әкелетін басқа періштені көрдім» (Апокалипсис,XIV,6).
Ширек ғасыр ішінде інжілдік борыш Латын Америкасына тереңірек тамыр жайып үлгерді. Қазір төрттен бір чилилік – «қайтадан дүниеге келген христиан». Бразилияны алатын болсақ, бұл тек ғана ең үлкен католиктік ұлт емес, сонымен мағынасы жағынан екінші інжілдік ел (АҚШ-нан кейін). Бұдан былай 30 млн інжілі бар Бразилия інжілдік «жақсы хабарды» таратуда АҚШ-мен таласады.
Африка континентіндегі бұрынғы португалдық отарларда – Анголада, Гвинея-Биссауда, Кабо-Вердеде және Мозамбикте інжілдіктер ерекше анық көрінді, жаңа нанымға деген үндеу әбден қызу жүріп жатыр. Кот-д’Ивуареде мемлекет басшысының кеңесшісі Лорена Гбагбо деген әйел – інжіл болды. Конго мен Оңтүстік Америкадағы, Бенинде және Буркиндегі елуден астам секталар ислам қауымынан үстем болды.

Исламның таратылуы

Магриб елдеріндегі ерекшелікті тудырмайды. Рабаттағы католиктік архиепископтың өкілінің мәлімдемесі бойынша, Мароккада 150 миссионерге жуық  адам белсенді әрекет жасайды. Алжирде де інжілдіктердің қатысқаны анық көрінеді: бұл жерде протестанттық емес шіркеулер көзге түсерлік орында орналасқан.
Бұл жерге француздық, египеттік, иордандық – шетелдік пасторлар арнайылап жиі келеді, бұның бәрі жергілікті баспасөздің көз алдында өтіп, олар діни ағымның осындай еркіндігіне таң қалады. Інжілдік шіркеуге Вашингтонның көрсеткен қолдауын және африка мемлекеттерінің таң қаларлық шыдамдылығын түсіндіру қажет пе?
Сонымен, америка штатындағы Оңтүстік Каролинадағы Халықаралық Колумбия университеті «естен танатындай миссионерлік» бойынша мамандықтар дайындайды. Олардың мақсаты -2002 жылғы жаздағы американың ай сайын шығатын арнайы басылымы «Mother Jones» газетінде басылғандай, исламды жою. «Оңтүстік конвенттік  баптистерге» жататын, үш мың «қайтадан дүниеге келген дер», мұның өлімге бас тігу немесе жеке адамдардың жапа шегетіні туралы жақсы түсінсе де, мұсылмандарды інжілдендіру үшін дайын тұрды.
Оңтүстіктегі баптистердің конвенті – бұл Иракты басып алуға бата берген шіркеу, осыған байланысты АҚШ-ның экс-президенті Джимми Картердің оны тастап кеткенін айтуға болады. Ирактағы «Конвентке» Франклин Грэм мен оның баласы Билли Грэм басшылық жасайтын інжілдік үкіметтік емес ұйым «Samaritan’s Purse» кіреді.
Бұл ұйым күдіктенгендердің рухын, мұқтаж болған мұсылмандарды сатып алып, оларды азғырады.  Сонымен мұндай ұйымдар жер жүзінде біреуде, онда емес. Мұсылмандар «ең мықты» кім деп таласып жатқанда, дәстүрлік исламның елдері інжілдік шіркеудің нағыз әскери стратегиясының  исламды ығыстыру мен олардың рухтарын жаулап алуды іске асырудағы майданы болды.
Тимур Юсупов,
www.islam.ru
Аударған  Гүлназар Шеналықызы



Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-05-28)
Просмотров: 2607 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана