Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Қытай: Әлемге мұсылмандармен бірге ұзақ сапарға шығу
Исламның Қытайға қай кезде кіргені туралы біраз келіспеушілік бар. Бірақ ең нақты деректердің айтуынша (біздің эрамызға дейінгі 618-907 жылдары) Таң дәуірінің ең басында болған. Бұл жерде мынаны еске түсіру керек, Мұхаммад Меккеден Мединаға

622 жылы қоныс аударған, мұсылмандық жыл санау осы жылдан бері жүргізіледі. Сонымен, мұсылмандық Қытайға өзінің дүниеге келген күнінен бастап енген деп айтуға болады.
Қытай тарихшыларының мәлімет­тері бойынша, мұсылмандар аспан астына қазір Синьцзян деп аталатын солтүстік-батыстан, тағы да оңтүстік-шығыстан мұхит арқылы кірді. Негізінен бұл кезде бұлар–арабтар мен парсылар болатын.
Қытай Таң дәуірі кезінде Орталық Азиямен, Согдиан аймақтарымен, араб үкіметтерімен белсенді байланысқан. VIII ғасырдың ортасында, қытайлық патша сарайының лауазымды қызметшісі және генерал Ань Лушань әскерін Су-цзунның заңды императорына қарсы қойды, императорға көмекке халиф Абу Джафар Аль-Мансур өз жауынгерлерінің бір тобын жіберді. Соңында Ань Лушань талқандалып, ал араб әскерлері Қытайда қалып қойды.
Исламның ықпалының қаншалықты күшті болғанын мына дәлелдер көрсетеді, 742 жылы сол кездегі Қытайдың астанасы Чанъаньда (қазіргі Сиань) атағы елге жайылған мешіт соғылды да, кейінірек Үлкен Сиань деген мешіт соғылды.
1271- 1368 жылдардағы моңғолдық Юань әулеттері билік жасаған кезде, Қытайға жауынгерлер емес, саудагерлер, уағыздаушылар, сонымен бірге атақты мұсылман отбасының өкілдері нықтап жайғасып алды. Бұл мынаған байланысты: кейбір моңғол хандары (олар – Қытайдың императорлары) Исламға тәуба жасады да, өздерінің мұсылман – мұғалімдерін Қытайды басқаруға белсенді түрде тартты. Саид Аджаль Шамс-ад-дин Юньнань  провинциясына басқарушы болып, оның ұрпақтары осы маңызды аймақтың билеушілері болды. Ол кезде Қытайда мұсылмандардың ықпалы қатты болса да, Саид Аджаль Шамс-ад-диннің немересі де, осы тұқымның ұрпақтары да  Конфуцияның ұрпақтары сияқты осындай мәртебе алсақ деп императорға өтінішпен барды.
Қытайдың түсінігі бойынша, бұл ерлік еді. Сол кездерде Конфуцияның тұқымы Аспан астындағы ең бай, атақты және сыйлы еді. Конфуцияның ұрпақтары императордың ақшасын пайдаланды. Басқаша айтсақ, Конфуцияның мұрагерлері император тұқымына қарағанда биігірек болды, өйткені бір ұрпақ бір ұрпақты алмастырып отырды, қандай император болса да алып тастауға болады. Бірақ  Конфуцияны, оның тұқымын «алып тастауға» ешкімнің батылы бармады: Сл кездерде мұғалім Кун қарапайым қытайлықтардың көз алдында құдіретті болып, оның храмдары Қытайдың барлық жерінде тұрды. Мұсылмандардың талабы қытайлықтардың көз қарасы бойынша, жұмсағырақ айтсақ, күтпеген жерден болды.
Моңғолдың Юань әулетінің орнына Мин әулеті келгенде, мұсылмандардың бұрынғы көптеген артықшылықтары жойылған болатын. Исламның жолын қуушылар билеуші император әулетінің алдында өздерінің ниеттері түзу екенін дәлелдеп, түрлі қулықтар жасауға тура келді. Осыған қатысты мұсылмандар қызығарлық ырыққа көнбейтіндерін көрсетті. Олар коутоу жасағысы келмеді, сонымен жоғарыдағы тұрғандардың  алдында тізе бүккісі келмеді. Олардың пікірі бойынша, Мұны тек Алла алдында ғана жасау мүмкін еді.

Қытайдағы барлық діндер бір-біріне ұқсас...

Юань дәуірінен бастап қытайдың мұсылмандарын дүнген – «хууэй» деп атады. Кейінірек, XX ғасырдың ортасына таман, бұл сөзбен ресми түрде «қытайланған» мұсылмандарды және олардың аралас некеден туған балаларын  айтатын болды, олар қытай тілін ана тілі ретінде пайдаланды.
Сол себептен Исламды қытайлар­дың арасында әдетте хууэй-цзяо, «хууэй оқуы» деп атайды, бірақ мұсылмандардың өздері тарихи циньчжэнь-цзяо деген атауды ұнатты (таза діннің нұсқасы). Мынадай атауларда кездеседі «исылань», «мусылинь» (ислам, мұсылман).
Қытайда дінге еріктіліктің бұрыннан терең тамыры барын айтуға болады. Мұсылмандар пайда болғанға дейін, сань-цзяо (буддизм, даосизм, конфуциандық) – үш оқу өзара таласты. Бірақ қытайлардың басым көпшілігінің көз алдында діндердің арасында жеңілмейтін тұңғиық болған жоқ. Әлі күнге дейін жергілікті мәтел айтылып жүр: қытай даос болып туылады, конфуциан болып өмір сүреді, буддист болып өледі.
Бір қытайдың өзі бір шырақты даостың кумирнасына да, будданың храмына да еш қамықпастан апарып қояды, ал кейбіреулері бұны Христос нанымен де қосарлап алып жүреді. Мұнда таң қалатын ешнәрсе жоқ, егер көңіл қойсақ, барлық рәсімдер іс жүзінде, соның ішінде басқа жерліктер, өздерінің оқуының мәнісін түсіндіруін үшін, қытай философиясының  дәстүрлі категориясына жүгінуіне тура келеді, бірақ даос, дэ, инь-янь, аспан сияқтыларға. Мысалы, қытай дәстүрінде Иисус Христос Тянь Ван болып естіледі, Аспан басқарушысы. Бірақ, кез келген қытайлық аспан басқарушысының біреу емес, олардың біраз екенін біледі. Осыдан қарапайым қытайлықта әр жаңа дінге әдеттегі қытайлық контекспен кіру сезімі туындап, нәтижесінде олардың бәрі көпқұдайшылықтың жеңіл дәмін тата алады.
Осыны ескере отырып, католиктік храмда этникалық қытайлар қызмет жасайды, ал Қытайда католик «тәуелсіз», ол Рим папасына бағынбайды, мысалы, буддизм, христиан, жалпы ешкімнің, олардың арасындағы принциптік айырмашылықты түсіндірейік.

... Исламнан басқа

Мұсылмандарға өз діндерін түсіндіру үшін, қытайдың атауларын пайдаланудан толықтай қашудың мүмкіндігі болмады. Қытайларға түсінікті болу үшін, олар өздерінің постулаттарының конфуциандармен ұқсастығы туралы айтты. Мұсылмандарға қандай жолмен болса да, өздерінің діндеріне қытайларды - ханьцтарды қаратудың қажеті болмады. Тарихи себептерге қарай Қытай аймақтарында исламды тарихи уағыздаған белгісіз халықтар шыға бастады. Бұл олардың әсер ететін ортасы деп айтса да болады.
Бастысы қытайлық мұсылмандар өз дегенінде тұрды. Мысалы, онда жұмаққа адал және рақымды адам емес, Бір Аллаға шынымен иман келтірген адам лайық болады. Ал қалғандарының бәрі тікелей тозаққа жөнеледі. Қытайдағы мұсылмандардың қатаң бағыты, өздерінің басымдықтарын сезіну, сонымен бірге бөтен этника олардың ханьскі көпшілігінен анық шеттеп шығуына әкелді. Қытайларға оғаш болып көрінетін: мысалы, шарап ішуге, шошқа етін жеуге, көңіл көтерулерге, бейнелеу өнерінің кейбір түрлеріне тыйым салынды. Бұл қытайлықтардың дәстүрлі түсініктерімен бір жерден шықпады. Егер Қытайда сөз ет туралы болса, бұл бірінші кезекте шошқа еті. Егер шарап туралы айтылса, қытайда бұған үлкен зауықпен қарайтын: ол ерекше өлең сөздерімен суреттелетін, өнер мен іше білуге орасан көп мөлшерде суреттер мен өлеңдер арналған. Одан басқа, бұрын да, қазір де қытайлар өмірін жұмысқа (лаодун немесе гунцзо) және ойын-сауыққа (варвар) бөліп қойған. Егер сен болашақ монах болсаң, еттен, шараптан, ойын-сауықтан, өнерден, қытайлардың өмірін құрайтын ең бастылардан бас тартасың, өзіңнің отандастарыңның алдында жақсы жақтарымен айтсақ, күдікті болып көрінесің, жалған жақтарымен айтсақ, дөрекі, адам деген атқа лайығың жоқ болып шыға келесің. Қытайлар дәстүрлі түрде жат адамдарға жек көрушілікпен қарайды, егер сен олардан қатты ерекшеленсең , осы ерекшелігіңді ұстап тұрсаң, онда толық программа бойынша жүресің.
Ерегістерге басқа да негіздер бар еді. Конфуциандық Қытайда кейбіреулері саудагер кәсібін сыйлы деп есептейді. Мұсылмандар бұл есепте нанымға сенбейтін, -олар оңай саудагер бола алатын, тез байитын, олар жігерлі және икемді еді. Әрине тұрғылықты халықтарға, бірінші кезекте ханьцтарға бұл ұнаған жоқ. Олар мұсылмандарға қытайлық  басты қарумен жауап берді, оларды жан-тәндерімен жек көрді. Ең кедей ханьцлық өзін бай адамнан және атақты мұсылманнан жоғарымын деп ойлады, мұны жариялы түрде айтуға ұялмады. Император Тунчжидің өзі ханьцтар мұсылмандарды мұсылман болғаны үшін жек көреді деп айтты.
Нәтижесінде ханьцтар мұсылман­дарды шабуыл жасағанға дайын, қытай мәдеиетін қабылдауға қабілетсіз, өздерінің мақсаттарына жету үшін бәріне дайын деп қабылдай бастады.
Осымен маньчжурлық билеуші әулет ханьцтар мен қытай-мұсылмандарды қосымша қайрап өшіктіре бастады, олар өзара қақтығыстан әлсіреп, императордың билігіне өздерінің ашу-ызасымен назар аудармады.  
Солай, ескі Қытайдағы мұсылман­дардың жағдайы тыныш емес еді. Араб тілінде Құранның бірінші басылымы 1862 шыққанын айтсақ та жетіп жатыр. Оны сұлтанат Пинъаньго әкімшілігі іске асырды. Бұл сұлтанат мұсылмандардың көп тұрған жерінде, Юньнань провинциясында аз уақытқа пайда болды, ал осы кезде Цин империясына қарсы көтеріліс болып жатты. Содан кейін сұлтанатты құртып жіберді де, ал Юньнань императордың  қарамағына оралды.
Құранның Қытай тіліндегі бірінші баспасы Цин империясы құлағаннан соң, 16 жылдан кейін 1927 жылы жарыққа шықты. Құран тақырыптары Қытайда бұған дейін де оқылып жүрді, бірақ олар қолдан жазылған болатын.
Таң қалатын нәрсе емес, XIX ғасырдың екінші жартысында император билігіне қарсы мұсылмандар бастаған көтерілістер лек-легімен болып жатты. Олардың бәрі қатал басып жанышталды. Ескі Қытай өзінің соңғы онжылдығын сүріп жатыр еді.

«Қытайлық халяль»: әлі бір жарым мың жыл өткен жоқ...

Қытайдағы Исламның қазіргі жағдайын екі жақты деп айтса болады. Бір жағынан мұсылмандар басқа діннің өкілдері болғандықтан, өздерінің рәсімін атқаруға, барлық салт-дәстүрлерін орындауға құқығы бар. Бүгінгі күнде Қытайда 20 миллиондай мұсылман бар, 30  мыңнан аса имамдар мен соншалықты мешіттер бар. Осынша шамадағы діни құрылыс, мәдени революция кезіндегі мұсылмандардың өздерінің белсенділігіне байланысты: хунвэйбиндердің шапқыншылығы кезінде мұсылмандар шоғырланып, ханьцтар араласпаймыз деп ойлаған, ойрандаушыларға бірден тойтарыс берді.
Қытайдың жоғары саяси жетекшілері мұсылман аудандарынан шыққан келімсектер болды. Әрине, жалпықытайлық шеңберде, мемлекет олардың мәдени жалпы ұқсастығын мадақтады.
Сол кездегі Синьцзян-ұйғыр автономдық ауданында тұрып жатқан, қарапайым ханьцтардың мұсылмандарға деген қарым-қатынастары – бірінші кезекте жағымсыз болды. Ұйғырлар да сондай пікірде болды. Шетелден келгендерге олар бір-бірлері туралы керемет тарихты айтып береді.
Бірақ, мұсылмандар Қытайдың Синьцзяннан басқа да аудандарында тұрады. Хэббэй провинциясында мұсылмандар көп, Пекинде Таң дәуірінен бастап Сианда тұрған мұсылмандар бір кварталды алып жатыр.  Бұдан басқа, мұсылмандар дәстүрлі түрде үлкен оңтүстік ареалда тұрып жатты. Бұл провинциялар – Юньнань, Фуцзян, Гуандан, Гуйчжоу. Өкілдері Қытайды уағыздайтын, аздаған халық Хайнаньда тұрды.
Соңғы кезде Қытай аймағында әр түрлі аудандардағы барлық үлкен атақты мұсылман ас үйі алды, барлық жерде  шытырман жазулармен және латын әріптерімен жазылған жаңа мейрамханалар пайда бола бастады.
Қытайлар үшін тамақ өз ретінде «қоғамдық ойдың бағанасы» екенін білсек, ханьцылар мен мұсылмандар жақындасып, бір-бірінің  салтына және мәдениетіне мән беретін еді. Синцзянь-ұйғыр автономиялы ауданында проблема туындап жатса, онда олай болмайды. Бұл тақырып –жеке бөлек әңгіме.

Аударған Гүлназар Шеналықызы


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-05-28)
Просмотров: 3713 | Рейтинг: 4.3 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана