Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Түрме – Алланың бар екенін сезінетін орынның бірі Хасан Ат-Тураби
Хасан Ат-Тураби – мұсылман әлеміндегі ең белгілі және қарама-қарсы тұратын қайраткердің бірі. Қазіргі замандағы Суданның тарихы көбінесе осы аты аңызға айналған саясаткер мен ойшылдың қызметінің нәтижесі болды. Исламды жетік білетін, Хасан Ат-Тураби Оксфорд пен Сорбоннеде заң білімін алған,  өткен ғасырдың 90-шы жылдары судан үкіметінде жоғары қызмет атқарған, билеуші партияның басшысы болған.

Бүгінгі күнде оның көзқарастары мен идеялары ислам әлемінде таластар шақырып, ойдың ізденістерін тудырады. Әсіресе, мұсылман құқығының ережесі қозғалса, жүмсағырақ айтсақ, оның айтқандарының көбі түсіністік таппайды. Осыған қарамастан Хасан Ат-Тураби қазіргі заманның алда жүретін ойшылдарының бірі болып қалады.
- Доктор Тураби, әлемдік қаржы дағдарысқа тіреліп тұрған кезде, сөзді экономикадан бастамай тұра алмаймын. Сіз қазіргі Судан жетекшілері жүргізген, Ислам бағытындағы экономикалық өзгертулерге бірнеше рет сын айттыңыз. Судандағы исламдық экономиканың үлгісі тиімдірек болу үшін, Сіздің пікіріңізше не істеу керек?
-Табыстырақ болу үшін, судандық үлгі кеңею керек. Мен нені айтқым келіп тұр? Біз басқа халықтарға осындай үлгіні өздерінде үйренуге көмектесуіміз керек. Осылай біз тілшілік жүйені дамыта аламыз, тәжірибе алмасамыз, қателіктер мен қиындықтарды талдаймыз, оларды жеңіп шығатын жол іздейміз. Бұл істегі ең басты нәрсе – жігерлілік.
Жалғыз жігерлілік аздық етеді. Егер жігер қараңғылықта дамыса, онда қандай жұмыс болса да, нәтижесі төмен болады. Істеген нәрсеңе есеп бере отырып, әрекет жасау керек.
Біз заң шығаратын базаны дамытып, жаңа өзіндік концепцияны қалыптастыруымыз керек. Заңдар мен идеялар біреу арқылы жоғарыдан түспеуі керек: аталған заңдарды қабылдау мен жасауда барлық қоғам белсенді ат салысу керек.
Шетелдік тәжірибелерді де елемеуге болмайды. Барлық көңіл қойған адамдармен, соның ішінде шетелмен бірігіп әрекеттену керек. Осы кезде ғана Ислам экономикасының табысқа жетуге шындап мүмкіндігі бар.
-1980-1990  жылдардағы қаражаттық жүйені исламдандыру процесінде Судан жетекшілері қандай маңызды қателіктер жіберді?
- Реформаның басталған кезінен-ақ Судан жетекшілерінің өзі толықтай «исламдандырылған» жоқ. Ол Исламға сәйкес өмір сүргісі келетінін  ресми түрде ғана мәлімдеді. Бұл әйгілену сияқты бір нәрсе еді.
Ислам экономикасының дамуы олар үшін үлкен дәрежеде ұранға келіп саяды. Олар социалистерге ұқсап, сөз саптауларды пайдаланып, мынадай ұрандармен жиірек шығып отырды: «Кедейлерге әділдік» және тағы басқа. Солай осы сөздің түпкі мағынасында бұл ислам саясаты болған жоқ, бұл осы елдің жетекшілері жіберген, бірінші-маңызды қате.
Екінші қателік, елде ғылыми пікірдің қажетті дәрежеде дамымағанынан болды. Экономикалық даму тәжірибесі қажетті шамада талданбағандықтан: «Ол қаншалықты Исламға сәйкес келеді?»-деген сұраққа жауап табылмады. Соңына дейін ойланып жасалынбаған, Судандағы ислам экономикасының үлгісі әлемге не береді, ол қазіргі заманның талабына сай келе ме?
Бір нәрсені қараңғылықтың көлеңкесінде жүріп жасауға болмайды. Сіз машинаны қою қараңғылықта жүргізе алмайсыз. Суданда реформа басталған кезде, адамдар ислам экономикасы туралы білмек тұрмақ, оның не екенін көз алдарына келтіре алмады. Көптеген қателіктер осыдан болды.
Мен басты екі қателікті айттым. Бірақ ислам экономикасының жолында басқа да көптеген кедергілер тұрды. Реформаны жүргізгендер сырттай қатты қысым көрді. Сыртқы саясаттық факторларды бағаламауға болмайды.
- Экономиканы исламдандыру жо­лын­­дағы тағы бір кедергінің бірі, мұсылмандардың өздерінің әдепсіздік мінез-құлық көрсеткендерінен болғаны құпия емес.
- Судандағы экономиканы исламдандыру бойынша реформаның негізінде саясат жатты. Ал, саясат, бізге  белгілі, ол коррупциямен тығыз байланысты. Егер сіз таза ниетте болсаңыз да, уақыт өте жүйенің ықпалымен өзгеріп, жолдан таясыз. Экономика туралы да осыны айтуға болады. Егер сіз бизнесмен ретінде үнемі ақшамен жұмыс істесеңіз, онда тез арада сізді ақшадан басқа ешнәрсе қызықтырмайды.
Ақша – бұл адамдар үшін үлкен еліктіру. Өкінішке орай, адам құндылықтың жүйесі туралы түсінікті тез жойып жібереді. Осы кезде адамдардың мінез-құлқын, менталитетін өзгерту ерекше қиындықтар туғызады.
Бұны кезеңдеп көтеріп, бірте-бірте жасау керек. Саясаткерлер олармен есептесетіндей, қоғамдық пікірді қалыптастыру қажет. Бұл оңай емес. Ненің күрделі екені белгісіз: Саясаткерді әділ етіп көрсету ме, әлде халықты басқаша ойлауға мәжбүр ету ме?
-Сіз экономикалық дағдарыс адамзатты бір нәрсеге үйретеді деп ойлайсыз ба?
-Сөзсіз, ол адамдардың санасына әсерлі ықпал етеді. Социалистік үлгі енді жоқ. Халық одан бас тартып, Батыс жаққа бет бұрды.
Адамдар маймылдың ұрпағы болмаса да, бірақ көптеген жағдайда өздерін нағыз маймыл сияқты көрсетеді. Мысалға алсақ, халық өздерінің жетекшісіне ұқсағысы келіп, ойланбай олардың қылықтарына еліктейді.
Мұсылман елдеріне бұрынғы социалистік елдер сияқты, Батыстың аузына қарап отырмай, Батыс пен Шығыстың арасынан баланс іздеуі керек. Басқаша біз табысқа жетпек тұрмақ, батыс елдерінің қателіктерін сөзсіз қайталайтын боламыз. Тәжірибе жасау керек, бірақ бұл жағдайда да бір нәрсеге тәуелді болып, бір нәрсеге соқыр сеніммен еліктеудің қажеті жоқ.
-Сіз ислам қылмыстық құқығы туралы не ойлайсыз? Ол ескірді ме? Қайта жасау керек пе? Немесе оны қолданылып жүрген қалпында іске асыру керек пе?
-Өкінішке қарай , халық мұсылман қылмыстық құқығын дұрыс түсіне білмейді. Олар оны қолды кесу немесе соған ұқсас қатал жазаларға әкеліп тірейді, бұл олай емес. Ал некесіз байланысқа қатысты өліммен жазалау, ол еврей заңдарынан алынған болатын. Бұл мұсылман заңы емес!
Бірақ қазір қоғамдық пікірлер өзгеруде. Адамдар жайлап бәрін түсіне бастады. Иә, мұсылман заңы некесіз жыныстық қатынаста болғаны үшін жазалайды, бірақ еврейлердің заңы сияқты, өлім жазасы берілмейді.
Мұндай  ысылған ұрлыққа қылмыстық жаза беру көбінесе қате іске асырылады. Қатаң тәртіпті сақтап, ұрлық үшін қолын кесіп жазалайтын.   Мысалы, ұрланған зат сол нақты орында, нақты уақытта өмірдің деңгейіне сәйкес нақты сомадан аз болмауы керек. Пайғамбардың кезіндегіге қарағанда, қазір өмірдің құны биігірек, сондықтан дәлелдеулер де орынды болуы керек. Осылай, ұрлық үшін қолын кесу сияқты жазалаулардың саны, негізінде бір жылда бірнешеден аспауы керек.
Мен түрмеге қамау сияқты жазаға қарсы жүйелі түрде айтамын. Дүние жүзіндегі адамдар түрмеге қамауды Батыстан соқыр сеніммен еліктеп алды. Менің ойымша, жазаның арнайы ескертпелері болу керек.Түрме – бұл  Батыстың ойлап тапқаны. Түрме – бұл қылмысты жасаған адам үшін емес, оның балалары, әйелдері үшін – жаза. Жазалау жекеше түрде болу керек; оның туыстары мен жақындарын емес, жеке адамды жазалау керек.
Бізге қылмыстық заңның Шариғатқа сәйкес толық құнды жүйесі керек. Қазір бірде-бір мұсылман елінде қылмыстық сот ісін жүргізудің толық құнды жүйесі жоқ. Жайдайдың ауырлығы мынада: 100 оқиғаның 99-ында Шариғатта көрсетілген, аталған қылмысты топтастыруда , маңызды шарттарды бұза отырып, жазаны атқару органдары ойланбастан, ұрлық жасағаны үшін, қолын кесіп тастау жазасын қолданады.
-Доктор Тураби, Сіздің қамауда отырғаннан үлкен тәжірибеңіз бар. Сіздің өміріңізде түрме Сізге көмектесті ме?
- Түрме... Бұл алғыс алу! Мені сонда отырғызған адамдар, маған қандай қызмет жасағандарын білген жоқ. Олар маған жаманшылық жасадық деп ойлады, шын мәнісіне келсек, олар маған игілік жасады.
Мен түрмеде бұрын Англия мен Францияда оқып жүргенде әзер жинаған кітаптарымды түгелдей оқып шықтым. Мен түрмеге түспей тұрғанда, терең ойлап оқуға уақыт таппайтынмын, Түрмеде сенің ешқандай жұмысың жоқ, ешқандай кездесуге асықпайсың. Отыр да оқы, иман келтір немесе жаз.
Түрме – Алланың бар екенін сезінетін орынның бірі. Мен оқыған кезде, кітаптан рахат аламын. Кітап жазғанда да осыны айта аламын. Мен кітаптың мұқабасынан өз атымды көру  немесе ақша алу мақсатында жазбаймын. Егер менің кітаптарымды шығарып, маған ешнәрсе төлемесе де, мен қарсы болмас едім. Маған ойымды бір жерге жинау ұнайды, мен сол себептен жазамын.
Мен түрмеде өткізген күндерімді ризалықпен еске түсіремін. Мен үшін қамауда отырған 11 жылым, университетте жүрген 30 жылымнан артық. Студенттер уақытының көп бөлігін көңіл көтерумен өткізеді: футбол ойнайды, басқа да істермен шұғылданады. Тек жылдың соңында емтиханға дайындалар алдында кітанханаға барады.Менің ешнәрсеге алаңдамай осымен шұғылдануға мүмкіндігім болды!
- Сіздің өміріңізге қандай адамдар үлкен ықпал жасады?
- Оған сан жетпейді! Барлығын айтып үлгермеймін. Мен көп оқуға үйренгенмін. Егер мен Францияға барсам, құқық туралы ғана оқымаймын, философияны да, тарихты да, эконоимканы да, саяси ғылымды да оқимын. Егер мен Англияға барсам, басқа мәдениетті оқимын. Мен диплом, дәреже алу үшін емес, білім алу үшін оқыдым. Егер мен Америкаға барсам, негізін салушы-бабалар еңбектерін оқыр едім. Егер мен Ресейге барсам, бәрінен бұрын коммунистік қайраткерлердің еңбегін оқыр едім.
Барлық тәжірибені үйрендім, өйткені оның әр өнімін жеке алсақ, мен көп білемін.  Мен Исламда бір ғана бағытты, құқық мектебін оқыған жоқпын.
Менің өмірдегі мұғалімдерім тек ғана дін ілімін үйретушілер, ғалымдар емес, сонымен бірге кітаптар. Мен мыңдаған кітап оқыдым. Маған айтарлықтай әсер еткен қарапайым, сауатсыз адамдар.
Құранда бірнеше рет айтылады: «Ол сенен бәрін және бәрін сұрайды. Жауап бер...». Адамдар мені ойландыратын, жаңа идеяларға шабыттандыратын сұрақтарды жиі қоятын. Мен ойлана бастайтынмын. Өздеріне қарсы сұрақ қоятынмын: «Сендер қалай ойлайсыңдар?» Олар өз пікірлері туралы айтып, өздерінің жағдайларымен бөлісетін. Мен одан өзім үшін үлгі аларлық көптеген нәрселерді табамын.
-Доктор Тураби, Сізше XXI ғасырдағы мұратты мұсылман мемлекеті қандай болуы керек?
   - Сіз қоғамды қалыптастырмайынша мемлекет құра алмайсың. Нашар қоғамнан нашар мемлекет туындайды. Қылмыстық іске батқан қоғам, қылмыстық іс жасайтын мемлекеттен басқаны жасай алмайды.
Суданды өкінішке орай, ислам мемлекеті деп айтуға әлі алыс. Ислам идеялары елдің дамуына нақты әсерін тигізеді.  Ислам бойынша реформа жүргізген биліктер, басқа елдердің әрекеттерінен қорықты, оларды судан тәжірибесінің экспансионизмін, экспортын сыртқа шығарғаны үшін айыптайды деп қорықты.      
Біздің экспансионизміміз неден тұрады? Біз ешкімді жаулап алған жоқпыз. Неге капитализмнің, социализмнің идеяларын таратуға болады да, исламның идеяларын таратуға болмайды? Мұнда не жамандық бар?
Мен Судан туралы ғана айтып отырған жоқпын. Ол - менің Отаным. Мен Суданмен шектеліп қалғым келмейді. Келесі өмірде Алла менен: «Сен қайда өмір сүрдің? »-деп сұрамайды. Ол үшін нақты дәлел керек емес, Ол менің істеген ісімді бағалайды.  Мені мұсылмандар тұратын жердің бәрі, Исламға байланысты қандай жоба болса да қызықтырады. Мен мұндай жобаға өзімнің қолдан келген қазынамды қосуға дайынмын.
Ал Судан... Судан – бұл, бәрінен бұрын, ұлттық мемлекет. Мұндағы тұрғындардың көбі – қара нәсілдер. Мен барлық адамдарға қаратып айтамын: ақ, қара, түсті нәсілдерге. Исламда ұлтқа шек қойылмайды. Бірақ мені тыңдауға, менің идеямды қабылдауға бәрі дайын емес. Әлем қазір жабық. Мен адамдар үшін де, әлем үшін де әрқашан ашықпын.
Солай бола тұрса да, Суданның тәжірибесін үйрену керек.Тәжірибенің қайсысы болса да бағалы. Доктор болу үшін, Сізге қателіктің жолдарынан өту керек. Егер операция жасап үйренбесе, онда тек хирург-теоретик боласың да, ешқандай нәтижеге жете алмайсың.
Суданда исламдандыруға тек ғана экономикалық сфера емес, өнер де, спортта түсті. Мен футболдан кәсіби ойыншы емеспін, бірақ маған солай болып көрінеді, төреші саған ойында сары карточканы ережені бұзғаның үшін емеc, Алла сенен келесі өмірде осыны сұрайтыны үшін керек.
Судандағы көрсетілген қайта құру үлкен дәрежеде немқұрайды сипат алып жүргені қиындық тудырып жүр. Дұға жасау сияқты маңызды әрекет жасалып жатса да, немқұрайдылық жасауға болады.
Құбыла жаққа қарап, намаз оқитын адамдар, Алла тек сол жақта деп ойлайды. Бірақ, Құдай барлық жерде жүреді. Құбыла – мұсылмандар бір жақты болсын деген символ.
Дәрет алу да сондай. Мен аузымды тамақтың қалдығынан тазалау үшін жумаймын: мен оны өзім айтқан жаман сөздерден тазарту үшін жуамын. Мен көзімді жуған кезде, мен тек жуып қоймаймын, оған қатысты емес ақпараттарды, оған көрудің қажеті жоқ негативтерді жуамын. Басқа сөзбен айтсақ, дәрет алу жай ғана тазалықтың процедурасы болмау керек.
Өмірдің бейнесін Исламға сәйкес жасаудағы талап туралы да осыны айтуға болады. Бұл немқұрайдылық сипатта болмауы керек. Дұға жасаудан экономикалық бағытқа дейін Бір Құдайшылықтың (тәухидта) тиянақты бөлігінде іске асырылуы керек. Немқұрайдылық нанымды жояды.
-Кейінгі кездеИслам мен Шариғаттың әр түрлі аспектілеріне Сіздің пікіріңіз либералды болып бара жатыр. Көрсетілген мағлұмат рас па?
- Тек ғана Исламда емес, барлық дінде өрлеу кезеңі бар, ал оның артынан керітарпалық пен тоқырау кезеңі жүреді. Ерте ислам кезеңіндегі  мұсылман оқымыстылары жаңа идея жасау жоспарында өте тиімді жұмыс істеді.
Олар ұрпақтарына ақыл-ойдың бай мұрасын қалдырды. Кейінгі ұрпақ бұрынғыға қарағанда, өз ата-аналарына қарағанда  бала сияқты. Олар өздерінің барлық сөздерін, әрекеттерін солардың сөздерімен, әрекеттерімен салыстырып отырады. Ата-аналар балаларын өздері бұзуға айналды. Ата-анасы баласына қалағанын жасаса: ойыншық, ақша, машина, ерте ме, кеш пе олар ойлау керектігін ұмытып қалады.
Мың жылдан бері қарай көптеген мұсылмандар өздерін суннит немесе шиитке ұқсатады. Қай мектепке жатасың десе, ойланбастан: ханафит немесе маликатқа деп жауап береді. Олар істің бабына да жетпейді, өздерінің ақылы мен жүректерін де қоспайды. Нәтижесінде мұсылман әлемі Батыспен салыстырғанда кері кете бастады. Мұсылмандарға жүзжылдық декаденттік тарихтан арылу керек.
Алғаш адамдар өздерінің көзқарасын өзгерте алатындарын түсінген кезде, естен тана жаздады. Оларға өздерінің дәстүрлі тіреулеріне сәйкес келмейтіні ұнамайды. Уақыт өте түсінігі бар адамдар мұны қабылдай бастады. Менің идеяларымды Батыстың әсері сияқты емес, алдымен ислам құқығына тән нәрсе сияқты қабылдағанын қалаймын. Бұған ешқандай басқа елдердің тәжірибесін, мәдениетін оқу кедергі жасамайды. Мұсылман әлеміне батыстың идеясын енгізу әдісі пайдасыз. Бұл бір адамның мүшесін келесі адамға ауыстырып салғанмен бірдей. Олар көндігіп кете алмайды деген қауіп-қатер бар.
Қайталап айтамын, мұсылман қоғамын батыстық әлемнен бөліп алғым келмейді. Мен қозғалмайтын емес, исламның жолын қуушылар дамып, қайтадан саналы ойлайтын адамдар болғанын қалаймын.
Бұл өмірде ғана емес, келесі өмірде де тарихтың аманаты болмаса екен деймін.
-Доктор Тураби, Сіз жақында айтқан сөзіңіздің бірінде мұсылман әйел мен мұсылман емес адамдар арасындағы некенің мүмкіндігі туралы айтып өттіңіз, ол Исламның жолын ұстаушылар арасында біршама дау туғызды.
-Ауруды жазу үшін, оған бірден 20 таблетка ішуге мәжбүр ете алмайтын сияқты, мен де осы жағдайда дәрігердің бағытын ұстанамын. Егер ауру оны бір реттен іше салса, онда дереу өледі. Сол үшін дәріні мөлшермен беру керек.
Осыдан 20-30 жыл бұрын, бір мұсылман әйелдің мұсылман құқығын жүргізушіден: «Мен тұрмысқа шыққанмын, жақында мен исламды қабылдадым, бірақ менің күйеуім мұсылман емес күйінде қалды. Маған не істеу керек?»-дегенін естігенмін. Оған мынадай жауап берген: «Тезірек күйеуіңмен ажырас».
Егер оның күйеуі нақтылап Исламды қабылдаса да, ол бәрібір шын мұсылман бола алмайды. Егер әйел осындай кеңеске еріп, күйеуінен кетсе, онда ол отбасының шырқын бұзады. Бұл ол үшін де, күйеуі үшін де, балалары үшін де қайғы әкеледі. Бірақ Құранда да, Суннада да мұндай жағдайда күйеуімен ажырасу керек деген еш жерде айтылмаған. Әзірге бұл сұрақ бойынша дін ілімін оқытушылар менімен келіспеді. Уақыт өтеді, барлық дін ілімін оқытушылар Суданнан шыққан бір құқық жүргізушінің осы көзқарасымен келісетінін көресіз.
Мұсылман-әйел мұсылман емес адамға тұрмысқа шыға алады деп ойлаймын. Құранда: «Кітап иелерінің азығы сендер үшін халал, сендердің де азықтарың олар үшін халал»-деп айтылған (Сүре «Мәида»:5). әрине, шошқаның еті мен шарапты айтпағанда. Құранда сол аятта ары қарай айтылған: «Иман келтіргендердің адалы және Кітап иелерінің ішіндегі адалдары сендерге халал» (Сүре  «Мәида»:5).
Неліктен? Себебі бізде Иисусты мақұлдаймыз, христиандарды қорғаймыз және сыйлаймыз. БҰҰ пайда болар алдында да, қорғаушы мекемелермен де Ислам ешқашан христиандардың ізіне түскен жоқ.
Мұсылман өз әйелінің христиан болып қалу құқығын сыйлау керек.
Басқаша сөзбен айтсақ, Құран бұл жағдайда не жоқ, не бар деп айтпайды. Бұл сұрақты мұсылмандардың өздерінің қарауларына қалдырады дегенді білдіреді. Ойлану керек.
Басқа іс, егер күйеуі әйелін сыйламаса, жәбірлесе, оның діни сезімін қорласа. Мұндай жағдайда, мен ондай некеге қарсымын. Мұндай жағдайда мен үшін күйеуінің дінге тәуба келтіруде мұсылман ба немесе христиан ба маңызды емес.
Ол туылғаннан мұсылман болып, мұсылманның атын алып жүріп, бірақ өзінің пікірі бойынша Аллаға сенбейтін марксист болуы мүмкін. Мұсылман әйеліне мұндай мұсылманмен некеге тұрғанша, одан да өнегелі христианмен некеге тұрғаны жақсы.
Егер ол қарапайым христиан, әйелі туралы толерантты болса, онда қиындық жоқ. Күйеуін Исламды қабылдауға, оған жағу үшін емес, шын жүрегімен қабылдауына сендіруге әйеліне ешнәрсе кедергі жасамайды. Әрбір адам келесі өмірінде Жасаған Иемнің алдында жеке жауап береді.
Көптеген мұсылмандар әйелдерді қойға теңеп, олар ерлердің артынан жүру керек деп ойлайды, оның христиан ба, мұсылман ба маңызы жоқ. Сол себепті, егер мұсылман әйел христианға тұрмысқа шықса, күйеуінің айтқанын істейді, ал ең бастысы дінге қатыстысы. Бірақ бұл теріс пікір. Мұндай көзқарастар кейбір ер адамдардың басымдық танытқанынан болады.
Басқа сөзбен айтсақ, егер күйеуі Исламды қабылдаса, әйелі христиан болып қала береді, мұсылман әйел христианға тұрмысқа шыға алады дегенді айтамын.
Әр түрлі қоғамда әйелдер түрлі рөл атқарады. Англияның әйелдеріне қарағанда, Американың әйелдері ерлерге тәуелсіз. Германияның әйелдеріне қарағанда, Англияның әйелдері ерлеріне тәуелсіз. Ал сіздерде Ресейде әйелдердің қандай екенін білмеймін.
-Келіңіз, көресіз. Мүмкін ресей әйелдерімен танысқаныңыз, Сіздің мұсылман әйелмен христиан арасында некеге тұруға болатыны туралы тезисіңізге дәлел бола алар. Немесе керісінше, Сізге кейбір пікірлеріңізді  қайта қарауға тура келеді.
-Мен Ресейге келуді арман етемін, бірақ жол түспей жатыр.
-Ресеймен салыстырғанда кішкентай, бірақ аз да болса белсенді мұсылмандары бар Исламның болашағы туралы Сіздің пікіріңіз?
- Тарих куә болғандай, Христианның православтық таралымдары Ресейде немесе Эфиопияда болсын, батыстық христиандарға қарағанда, Ислам мен қарым-қатынасы жақсы жолға қойылған, Петрдің кезінің өзінде-ақ. Кавказдағы және Орта Азиядағы мұсылман аймақтарын күштеп қосқанмен, Ресейде крест жорығы болған жоқ.  Ең үлкен қателіктері Ауғанстанға ашқан соғыстары болды.
Ресейлік мұсылмандардың  Батыстағы иман келтірушілердің алдындағы басты артықшылығы - олар осы елдің түпкілікті тұрғындары.
Батыстағы мұсылмандар, Исламды қабылдаған еуропалықтар мен американдықтарды санамағанда, негізінен мигранттар мен оның ұрпақтары. Мен Исламнан кейінгі болашақты, ең алдымен Ресейде және АҚШ-ында көремін.
Өкінішке қарай, Суданның Ресеймен экономикалық және басқа да қатынасы жеткілікті дәрежеде дамыған жоқ. Мұнда Ресей үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Неге сіздер осында келмейсіздер?
- Доктор Тураби, Сіз мұсылман әлеміндегі ең басты тұлғаның бірісіз. Сіздің есіміңіз батыстық ғана емес, ресейлік басылымдарда да Усами бен Ладенге байланысты жиі айтылады.
- Ресейлік газеттер  мен туралы мынадай жолмен жазады, себебі Кеңес Одағы құлағаннан кейін Ресей Батысқа тәуелді болды. Батыс әлі де барлық сұрақтарды шешуде жоғары бедел сияқты. Сендердің газеттерің жаңалықты өздері жазбайды, оның анық-қанығына жетпей үшінші біреудің ақпаратын пайдаланады.
Олардың жазғаны бойынша, мен адамдарды иман келтірмейтіндерге қарсы джихадқа шақырамын. Бірақ, джихад – ол керемет  соғыс емес!
Араб тілінде қасиетті соғысты түсіндіретін термин бар: «харб мукаддаса», ал джихад – күш салу деп аударылады.
Мен ешкімді өлтіруге шақырмаймын. Мұсылмандарда өздерін қорғайтын құқық болу керек деп ойлаймын. Ислам бізді күлкіге күлкімен, сыйға сый тартып жауап беруге, ал соққыға бір теңдей соққымен жауап беруге үйретеді.
- Сізге ресейліктердің осылай жазғаны қолайсыздық әкелмей ме?
- Мен туралы не жазса да, маған бәрібір. Егер мен Ресейге жетсем,  маған жазушылардың не туралы жазғаны емес, қарапайым халықтың  мен туралы не ойлайтыны қызықтырады.
-Алла жазса, Сізбен Ресейде кездесемін деп ойлаймын.
- Алла жазсын.

Әңгімелескен  Ренат  Беккин
Islamnews. ru
Аударған  Гүлназар  Шеналықызы



Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-05-28)
Просмотров: 3700 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана