Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Үздіксіз бүкілпланеталық азамат соғысынан кейінгі болашақ
Наурыз айының басында Алматыға белгілі философ, Ресейдегі Ислам комитетінің басшысы Гейдар Джемаль келіп кетті. Арнайы Zonakz.net сайты үшін мырза Гейдар Джемальдан алынған интервью, ресейліктің осы сапарына тұратын сияқты, оны «Ізгі Амал» қоғамдық қозғалысы ұйымдастырды.

- Гейдар Джахидович, исламдық проблематика әлемдік саясаттағы ең маңызды тақырыптардың бірі. Исламтанушы ретінде барлық сұрақтар Сізге қойылады... Егер мен сіздің ипостасыңыздың біреуін анық көрсеткен болсам (христиан дініндегі үштіктің бірі).
- Исламтанушылар - Исламның Батыстағы жаулары, оны құрал ретінде оқиды.
- Кремленологияға ұқсас па?...
- ...Исламтану Батыста 500 жылға жуық уақыттан бері бар, мүмкін одан азырақ та шығар. Бірақ мен исламтанушы емеспін. Мен тірі мұсылманмын.
- Түзеткеніңізге рахмет. Бұдан былай білетін боламыз... Сонда да, Ислам үйрететін бұл істе қандай шыңдар бар?
- Бұлар әлімдер, ұстаздар. Менің оған қатысым жоқ, өйткені олар одақтастар. Ал мен одаққа кірмеймін. Бұл жабық  одақтастар  ерекше белгілерімен, дін басыларының қалпына енген, менің ойымша, Исламда оларға орын жоқ. Бұлай болуы мүмкін емес.
- БАҚ  «таза Ислам» деген түсінікті жиі қолданады. Діннің өзінің ішінде бұл оның бастауларына қарсы келмей ме? Сунниттік және шииттік таралулардың арасында айырмашылық бар. Бірақ бұл жікке бөліну - мәңгілік немесе ойластырылған, арандатушылық па?
- Бұл шарасыздықтан жікке бөліну, өйткені адамдар адам болып қалады, олар түсінік беру туралы таласады. Сөздің мағынасы көп. Бір сөз кейде бірнеше мағынаны береді. Адамдар да саз балшықты қалай илесең, солай иленеді. Олар әр түрлі топқа, әр түрлі генетикалық топтарға жатады. Кейбірі экономиканың егіншілік түріне, басқасы-көшпелі мал шаруашылығына, үшіншісі-рухани мәртебенің атрибуттарына бағытталған. Адамдардың кейбіреуі қолына қылыш ұстағанға, басқасы-тәспі ұстағанға, үшіншісі-рухани мәртебенің ерекше белгісін ұстағанға бейім. Бірақ әр топ өздерінің бағытының басымдығын хабарлап, Исламда өзінің орнын табуға ұмтылады.
Ислам – бұл жалпы жауынгерлердің діні. Бұған дейін көпестер, қарақшылар, керуен басшылар болған, сахабалар (Мұхаммадтың серіктестері) Пайғамбарға келген кезде, бәрін тастап жауынгерлер болды. Пайғамбардың айналасындағы сахабалар жауынгерлер болып қалды. Бұлар қанжардың адамдары еді, әр түрлі жағдайларды бастан кешіріп, жауынгерлердің ерекше тобын қайтадан құрды. Бұл жауынгерлер екі ірі держава – Византия мен Иран әскерлерінің қарсылығын тас-талқан етті. Бір ұрпақтың өсу барысында көптеген жерлерді басып алған, клерикалдар мен феодалдық езгінің қиыншылығын көрген халық, езгіден құтылғаннан кейін, өздеріне азаттық берген Исламды ризалықпен қабылдады. Бұл  азаттық әкелген жауынгерлердің діні.         
Бірақ Ислам кеңістігінде тумысынан саудаға, қолөнер кәсібіне бейімдер де бар, өмірге немқұрайды қарайтын, арам тамақтыққа үйренгендер де бар, өйткені адамдардың барлық түрі барлық жерде бір-біріне ұқсас болып туылады. Өздерінің топтарының пайдасына қарай, қасиетті Құранның аяттарын өздерінше түсіндіріп, осы топтардың әрқайсысы Исламнан өздерінің орнын және сөзін тапқысы келеді. Сондықтан қатаң қайшылықтар болып жатады.           
Дәулетті билік басындығылар Құранның түсініктемелерін өздеріне ыңғайлы етіп жасайды. Құранда мынадай аят бар:
«... Барлық жерде басшыларды қылмескер етіп қойды, олар өздерінің билігімен қастық жасады, бірақ соңында олар өздеріне қастық жасайды». Исламда рахымсыздардың  билігі Алланың ашылуларының ең бастапқы дәрежесінде-ақ күшін жойған. Бұл түсіндіру емес, кейін шыққан хадистер емес, біздің Пайғамбарымыз үшін жазылған және ойластырылған Құранның аяты: «барлық басшылар - қылмыскерлер» деп айтады. Сонда кімге бағынуды ұсынады? Алла билікті қаламаса, кімге бағынуға бұйрық береді? Құранда белгілі  және ең көбірек айтылатын аят бар: «Аллаға және оның Елшілеріне, өздеріңнен шыққан әмірдің иелеріне бағыныңдар». Әмір - билік деп аударылады. Шығармашылық мағынада «іс» немесе  «билік», потенция ретінде, күш ретінде бір нәрсені жасайды. Сонымен «әмір» - бұл бұйрық, бұйрықтан бұрын жоба, бұл бір нәрсені жасайтын ерік. Арабтар «кейфль умури»- «хал қалай » деп айтады. Сонымен әмір - бұл «іс». Аяттың мағынасы мынадай: өздеріңнен шыққан істің иесі сендердің әміршілерің болуы керек, сендердің істеріңе жетекшілік жасауы  керек. Мұсылманның қандай істері болуы мүмкін? Бұл істердің бәрі Құранның  аяттарында жазылған. Бұл - әділдікті жақтау, Исламды тарату, Бір Аллаға сену, жер бетіндегі барлық діннің  Аллаға тиісті болуы үшін күресу, жетімдерге, жесірлерге көмектесу, рахымсыздардың зұлымдығын шектеу.
Ең анық деп саналатын қасиетті хадис бар. Пайғамбар өзінің сахабаларына айтқан кезде: «Егер сендер зұлымдық көрсеңдер, қолдарыңмен тоқтатыңдар. Қолдарыңмен тоқтата алмасаңдар, оны сөздеріңмен тоқтатыңдар (уағызбен). Егер оған да әлдерің жетпесе, мұнымен жүректерің келіспесін. Үшіншісі –нанымның ең төмен дәрежесі». Ислам діні - жалпы дін емес, дін Ислам деп айтамыз. Дін -бұл заң, өмірдің жоғарыдан төменге қарай бағытталған интегралдық қалпы. Дін Ислам адамның зұлымдыққа қарсы тұруына, ең алдымен рахымсыздарды және әділетсіздерді күшпен, қатаң шектеуге бағытталған. Ары қарай Алланың берген рұқсатымен игілікке, шынайы өмірге шақырады, өзіне ажал төніп тұрса да, әділетсіздікті әшкерелеп көрсетеді. Бұл да жауынгерлік, игілік іс. Егер бұған да жетпесе, егер ол қарапайым шаруа, диқан, егінші болса, жүректерімен келіспей-ақ қойсын (олардың бәрі талап еткен мұсылмандар).
Әділетсіздікпен келіспеу – Исламның бағаналы, түзу жолы, Исламның негізгі мәселесі. Дүние жүзіндегі зұлымдыққа қарсы тұру, қабылдамау.
- Иисусты алсақ, ол исламдық дәстүрде Иса емес пе, ол бой ұсынуға уағыз таратқан жоқ па ?
- Мүлде олай емес. Иса пайғамбар бірінші христиандыққа келген кезде, оны христиандар Иисус деп таныды, алдымен, ол тазаны таза еместен бөлу үшін қанжар әкелді, келіспеушілік пен қабылдамауға шақырып, кесарьларға ақша лақтырған деседі. Әрине, бұл жалған, бұған тарихи дәлелдер бар. Иудейде ерекшелік ретінде иудейлік шекель жайылған, сонымен еврейлер өздерінің ақшасын соқты. Онда кесарлық, фессалийлік динар болған жоқ. Бұл Иисустың ақша лақтырмағанына дәлел. Бірақ, біз бұл аңызды қабылдамаймыз, оның өзіндік мәні бар, оны да түсіндік. Оның айтқаны: «Аллаға-Алланікі, кесарға-кесардікі». Біз кесарларға алым-салық төлеуіміз керек дегендей. Шындығына келсек, осы аңыз бойынша ол кесарлық ақшаны былғаныш болған соң лақтырды, кесарға-кесардікі. Олармен  істес болудың керегі жоқ.   
Еске түсірсек, апосталдар Исаны қаруланған қанжармен, жуан таяқтармен, сақпанмен шығарып салған. Иисусты Гефсиманскі бағында тұтқындаған кезде, Петр қанжарын суырып алып, Маухо құлдың құлағын кесіп алып, өзінің Ұстазының нұсқауымен қанжарын тығып қойды. Бұл сол кездегі римдіктер басып алған Иерусалимнің стандартына келетін. Иисус ваххабиттік қаруланған топты,  заңсыз қалыптасқан қарулануды басқарды, келіспеушілікті уағыздады. Келіспеушілік алдымен монотеизмнің, жағымпаздардың, жазғыштардың бұрмалауынан, Кияфе мен Иродудағы биліктің бұрмалауынан болды. Хэрод грекше «сүлік» дегенді білдіреді.
Ыбрахымнан бастап Жүсіп, Ысмаил,  кейініректегі інжілдік кездегі пайғамбарлар-Самуил, Даниил, Исламның барлық пайғамбарлары – бәрі жауыққандар, өздерін қоршаған әлемнің қатаң майданынан өткендер еді. Сол үшін монотеизм дін ретінде -әлемдегі зұлымдықпен келіспейтін жол. Бұл ібіліске қарсы тұратын жол. Бүгін бізді белгісіз виртуалды түсінік осы қарама-қарсылыққа кіргізуге тырысады. Бізге ібіліске қарсы тұру, , өзіңнің түйсігіңе, құмарлығыңа қарсы күрес, өзіңнің «нәпсіңе» қарсы күрес рухани, нәзік қарсыластық деп түсіндіреді. Бұл Ислам емес, теріс түсіну. Ислам келтірілген  хадистерде қарапайым нәрселерді айтады: «Қолыңмен тоқтата алсаң-тоқтат. Заңсыз қалыптасқан  қарулануға ұшырауға батылдығың жетпесе, сөзбен тоқтат. Мұны да айта алмасаң,  жүрегіңмен келіспе». Бұл келіспеушілік - нанымы. Нанымның жартысы - келіспеушілік. Ал жартысы –тазалық.
- Мұнда Ислам болғандықтан, біз уммаға кіреміз, Қазақстан зиялы ел болып есептелінеді. Мен кейбір басқаша оқуларға қайырылғым келеді. Сіз «түрік апаты» деген суфийлік сияқты ағымды қабылдамайтыныңызды естігенмін. Сіз осы жерді кейіптеген, кейіпкердің бірі-Шыңғысхан, оны Исламның көзқарасы бойынша қалай түсінуге болады? Біздің кеңістігіміз суфийлермен бірге, Яссылардың қалдықтарымен бірге, төрелермен бірге, қазақ ұрпағының социумының ешқандай құрылысына кірмейді, Мұны Исламның көзқарасы бойынша қалай түсіндіруге болады?
- Ислам үшін Шыңғысхан қор­қынышты зұлымдық болды, бұл Исламды ойсыратып тастайтын соққы болды. Шыңғысханның жасырын оккульттік өрлеу тарихы Исламға қарсы күреске байланысты, ешкім тең келмейтін, бір дінділіктің қуатты интегралды жүйесі сияқты, 1200 жылы жалғыз қуатты күш болды. Бұл кезде енді ғана кресшілер жорығына қатысушыларды тәртіпке сала бастады, Иерусалим корольдігі жойылды. 1250-54 жылдары Константинопольде кресшілер жорығына қатысушыларды ұйымдастырған, Латын корольдігі жойылды. Олар Константинопольді басып алып, православиеліктерді тықсырып, олардың барлық құрылымдарын толықтай жасап, бірақ католиктік үлгіде емес, онда католиктік империя құрды. 1254 жылы бұл жабылды. Кіші Азиядағы византийлік  тақырыптың бізге тікелей қатысы жоқ... Бірақ 1200 жылы Ислам өзінің белсенді, жағымсыз жаулары - крест жорығына қатысушылардан азат болды. Бұл зор күш еді, ол өзіне Испанияны, Оңтүстік Францияны, Сицилияны, Оңтүстік Италияны кіргізген. «Үстемдіктің табыты азат етілген» крест жорығынан кейін, Оңтүстік Францияға және реконнистік Испанияға қарсы крестік жорықтар басталды, себебі бұл Еуропадағы Ислам еді. Атлантикадан Қытай, Индонезияға дейін, бір сөзбен айтқанда Тынық мұхитқа дейін – осының бәрі Ислам болды. Осы кезге қарай Үндістанды, Ұлы Моғалға дейін басып алу үшін, алдын-ала жағдай жасалынып жатты, бірақ бұған жете алмады, себебі ол шыңғыстық істерден кейін болған еді...
Жалпы, алып мүмкіндіктер болды, потенциал зор болды.Осылай Шыңғысхан көтерілді. Тарихтағы жабық деректердің айтуынша, Шыңғысхан Ұлы Сібірдің бақсыларынан, соңғы бақсылық рулардан өзінің әрекетіне бата алған дейді. Бұл бақсылық рулар 13ғасырдың басында жоққа тән еді. Жоғалып кетер алдында, белгісіз жасырын жиылыс немесе жасырын съезд болған кезде, олар Шыңғысханға тұтастай бата берген дейді.
Шаманизмге қатысты түрлі теориялар бар, бір теорияда былай дейді: Қытайдан келген даосизмнің бұрмаланған жаңғырығы, толқынмен Сібірге жайылды. сібірлік және палеоазияттық халықтар арасына жайылды. Басқа доктрина былай деп айтады: шаманизм - Гиперборейге байланысты, примординалдық дәстүрдің алғашқы жарқыншақтары, сакральдық зонадан ұлы мұз басқанға дейін мәдениеттілік сияқты болып келген. Осы жаңғырықтар мұрагерлік жолмен өтіп, Сібір аймақтарында ұзақ сақталған.
Ал Ислам – ең алдымен адамзаттың жаратылысына қарсы, алғашқы дәстүрлермен, «алтын ғасырдың» пікіріне қарсы күрес. Бұл «алтын ғасырды» және алғашқы дәстүрді жоққа шығаратын, эсхатологиялық дәстүр. Құранда бұл дәстүр «ежелгілердің ертегісі » немесе  «ертегілердің тарихы» деп айтылған. Онда бірнеше рет, нақты «алтын ғасырдың» алғашқы дәстүрі талас тудырады.
- Шыңғысхан «алтын ғасырдан» алынған көзбояушылық «сәлем» болғаны ма?
- Шыңғысхан монғолдың жауыздық нанымын уағыздаған, бұл Моңғолияда қабылданған, зороастризмнің бір түрі. Ол Исламнан басқаның бәрін қолдаған. Ол Христианды ыбрахымдыққа ешқандай қатысы жоқтығын білгеннен кейін қолдаған. Нағыз тарихи Христиандық - бұл Митраизмнің түрінің өзгеруі...
- Ол ең бастысы қандай күштің оған қарсы тұратынын сезінген ғой?
- Иә, сізге қызық нәрсе айтып берейін.
- Ол  айтылған мағынада «мейірімді хан» болмаған ба? Біздің тарихшыларымыз ол барлық дінге дамуға мүмкіндік берді деп айтады ғой...
- Исламнан басқаның бәріне дамуға мүмкіндік берді. ОЛ Исламды жойғаны сондай, большевиктер онымен салыстырғанда, әлі қысқа шалбардан шыққан жоқ, оларға май шам алып әлі соңынан жүгіре түсу керек... Исламды уландыру большевиктерде аз дәрежеде жүргізілді. Шыңғысхан Бағдадты басып алғаннан кейін, өз эпопеясын бастап, барлық жерде Исламға өлім жазасымен тыйым салды. Мысалға, ұлы ғалым деп есептелінетін, астроном Нассредин Тусси нойондардың баласын оқытуға алды.  Ол шарт бойынша,сырттай Исламнан бас тартып, оларды  оқытты. Ол нойонның балаларын ажал өтінде жүріп оқытты, оларға математика мен астрономия дәрістері арасында, сыбырлап Ислам туралы айтты. Егер бұл туралы сөз жайылып кеткенде, ол өлетін еді. Оның қызметіне қарай ұрпақтар алмасуы болды. Жаңа пайда болған нойондар мұсылмандар еді. 1307 жылы Исламды таңдаған Өзбек хан келді. Менің айтқым келгені, Шыңғыс Исламды саналы түрде аластатты. Аластатуда оған кеңесші кім болғанын білесіз бе?
- Қайдан? Сіз маған және оқырман қауымға сырыңызды айтыңыз...
- Армяндар.
-Міне...
- Армяндар Ислам бойынша мамандармыз деп, өз еріктерімен айтқан.
- Сол кезде христиан нанымын емденген осы армяндар ма?
- Армян шіркеуі 4-ші ғасырдан бастап бар. Ол византийліктерден бөлініп шыққан, дәлірек Православиеден, бірақ ол кезде Православие мен Католицизмге бөлінбейтін. Олар жалған жолмен әрекет жасаған, өйткені олар бөлініп шығуға жиналғанын айтпай, армян епископы үшін қолдау тауып, ол қолдауды ары қарай өздерінің қасиеттігіне табыс еткен. Осыдан кейін барып , олар византийлік шіркеуден шыққан. Мұсылмандардың ортасында тұрғандарын пайдаланып, олар тамаша хабарланып, мәдени делдалдықпен шұғылданады, мәдени...
- Менеджмент болып па?
- ... менежмент емес, делдалдықпен; олардың ішінде тілмаштар, бақылаушылар, тұрмыс туралы жазатын жазушылар болған, осындай тәжірибелері бар – олар моңғолдарға өз қызметін ұсынған. Біз Исламды қалай жоюды білеміз, Исламдағы басты екпінді, басты ерекшеліктерді білеміз.
- Бұл жою қалай болды?
- Бұл жаппай кітапханаларды түбірімен жою, медресе, оқымыстыларды түгелдей құрту болды. Құран, теология проблемаларымен шұғылданатын, барлық ислам оқымыстылары мақсатты түрде кесілініп тасталынды. Ақсүйек оқымысты атын жамылып, жасырына білген Тусси сияқтыдан басқаның бәрін құртып жіберді. Үш ұрпақ бойына «Ислам» деген сөзді айтуға болмайтын еді.
Бұл мұсылмандар үшін ұмытылмас жарақат еді. Мұсылмандар 1200 жылы бүкіл Еуразияны бүркемелеген, керемет халифаттың заңды азаматымын деп сезінетін. Әлемнің барлық қоры, барлық саяси билігі, мейлі түрлі шегіністермен болсын (мысалы, Хорасандағы), бірақ барлығы бір халифаттың астына жиналды. Кіші Азияда біраз басқаша болды, сағат сияқты жұмыс істейтін, жалпы алып жүйе болды.
- Сол жүйе бүлінді ме?
- Осы кеңістікте жасалынған, мәдени байлықта ешқандай үлесі жоқ, оны шөл даладан келген адамдар қиратты. Аласа, түкті ат мінген, қорқынышты үрей кіргізген адамдар келді. Мысалы, Исфаганда алаңға дүрбелеңмен шыққан халық, олардың алдына бір моңғол шыға келген кезде, барлық халық тізерлеп құлаған деп айтады. Әрине бұл моңғолдың қатаң жауыздығымен байланысты болған шығар. Бірақ мен халық тізерлеп құлайтындай, қанша жауыз болса да, бір моңғол соншама қорқыныш көрсетеді деп ойламаймын.
- Мұнда қандай-да бір технология бар ма?
- Бұл түсініксіз қорқыныш, өйткені Аллаһ моңғолдарды өзінің қамшысы етіп жасаған, осылай мұсылмандарды Исламнан жаңылғандары және шегінгені үшін жазалаған. Исламның  мақсаты - халифатты құру емес. Исламның мақсаты-мәдениеттілікті, гүлденген технологиялық мәдениетті  жасау емес, өмірдегі бар нәрсені жасау емес. Исламның мақсаты - ақыл-ойды жарыққа шығару және мағынасын түсіндіру. Нәтижелі тіршіліктегі әрекетті қолдау үшін бұл жақсы, бірақ бұл жерде бір нәрсені ойлап табу маңызды. Біз мақсатқа жету үшін немесе өмір сүру керек болған соң, әлде өмірді ұзарту үшін өмір сүреміз бе? Құран бізді барлық уақытта соы өмірдің игілігін көрмей өтуден сақтандырады. Алланың бізге айтқаны: «Олардың мүліктері мен балалары сендерді қызықтырмасын. Алла олардың өз жандарын құдайға сенбеген қалпында алып, осы өмірде оларды балаларымен, мүліктерімен жазалайды». Байлығы мен балалары жазасы... уақытша, ауысып тұратын, саздан жасалынған, өмірде сирек кездесетін тіршілік иесіне, бізге қарағанда, Аллаһ бәрін көрсетеді. Өзінде құдіреті күшті ниетті алып жүретін Алла осыған дәлел, айтылған пікірге, егер өмірде сирек кездесетін дүние жобаға сай келмесе және қасарысса, Ол осы өмірде сирек кездесетін дүниемен жанасқан кезде, оны жойып жібереді.Сондықтан кейін пайда болған Османдық сияқты, бұл халифат тура жолдан жаңылу болды.  Ол да, басқасы да жазаланды, олар наразылық көрсететін жеңіліске ұшырады.
- Түсініксіз мағынадағы, құдайдың белгісіз бір ниеті болды ма?
- Әрине, мынадай мағынада, мұсылмандар анық, тура жолдан шыққаны үшін, құдайдың   қамшысы оларға жаза болып тиді. Осыдан «сабили Лляхи» деп аталады.
- Үлкен Орда тараған кезде, Оған Ислам келді. Исламның жеке түсіндірулері пайда болды, жекелеп алсақ, Қожа Ахмет Яссауи. Бұл әділ Ислам ба?   
- Ислам күйрегеннен кейін, кішкентай атқа мінген адамдар бәрін алып кетті: қаланың орнында егістік ғана қалды, бай кітапханалардың кітабының күлін жел ұшырды, осыдан кейін ұйымшылдығы жоқ зердесіздерге терең сызат түсті. Күдік пайда болды, сызат пайда болды. Фарфор кеседе жарық пайда болса, одан ағып тұрады, егер оны қақсаң, бұрынғыдай сыңғырламайды. Сызат түскен адамдардың орнына, арабтар мен парсылардың орнына, резервте тұрған басқа адамдар келді. Кейбіреулері осы кезде Исламды қабылдап үлгерді, көбісі әлі де қабылдамады. Олар оны қабылдайды. Шыңғыстан кейін түріктер көтерілді.
- Сіздің «түрік апаты» деп атағаныңыз осы ма?
- Олар басқа қалыпта тіршілік етті. Бұлар көшпелі жауынгерлер, көшпелілер. Еркін, көшпелі халықтардың өз ерекшеліктеріне қарай айтарлықтай дәрежеде негізделген, бұл зор күштің жалғасуы еді. Адамзаттың ішіндегі тарихи күйреудің бір жолы - көшпенді және отырықшы халықтардың қарсы шыққаны. Көшпенділер - бұлар жауынгерлер, егін салушылар - бұлар вайшалар, өнім игілігін алу және оларды үлестіру үшін жұмыс істейтін адамдар    . Түріктермен, сельджуктармен, ұлы моғолдармен келген Ислам – осы сызатпен көрсетілген. Мүмкіндігі бола тұра, одан айрылған, талап еткенді орындамағаны үшін, арабтар мен парсылар екінші орынға кетті.
- Түріктердің қандай үлесі болды?
- Өкінішке орай, түріктер ұдайы өндіріс  жолымен дөрекілеу, бір сызықты қалыппен, шыңғыстық кезеңге дейінгі жіберілген қателермен жүрді.Олар шыңғыстық кезеңге дейінгі құжаттарды және жазуларды оқи бастады. Олардың жаңадан жасамағаны – философияны жаңадан жасамады, «қаламда» жасап шығармады. «Қалам» - теологиялық ақылға салу.
- Дерексіздендірілген...
- Бұл дүниеге жақындаудың әдісі. Сіздің ақыл-ойыңыз қалай жұмыс істейді?-деген сұрақты анықтамай жатып, сіз ғылыммен шұғылдана алмайсыз. Сіздің ойыңыздың неден тұратын түсіну керек. Ал сіздің ойыңыздың неден тұратынын түсіну үшін, осы ақыл-ойды үйрене отырып, оның қалай әрекет жасайтынын, басқа заттармен қалай әсер ететінін білу керек. Қаламмен, философиямен шұғылданып, ақыл-ойдың неден тұратынын түсінуге болады. Шыңғыстық кезеңдегі қателер, Платон мен Аристотельді нанымға қабылдаған кезде, олар қақтығыста болса да, оларды бірдей еткісі келді, Құранмен жарастырғысы келді. Бірақ Платон мен Аристотель арабтарды азғырды. Сол кездегі белгісіз 10-шы ғасырда біреу жай ғана «Ұстаз» деген сөзді ешнәрсе қоспай айтты.
- Бұл Аристотель ме?
- Иә. Аристотель деген сөз бар.
- Неге олар құрастырылмайды?
- Олар құрастырылмайды, себебі гректік философия мен Құранды білу - бір-бірін жоққа шығаратын заттар. Гректік философия адам интроверттік құрау жолымен, бақылау, жеке түйсігі арқылы аңғара алады дегенге негізделген. Ал Құран ашылуларға, адамның ішкі дүниесін ашу мүмкін емес дегенге негізделген. Мұны ашылу деп қабылдайсың. Бұл адамға берілмеген презумпция. Қандай да бір абстракты заттарға сүйеніп, оларды ойлап таба алмайсың, олар өздерінің діни пайда болуларын осымен дәлелдейді. Бұлар әр түрлі заттар. Өкінішке қарай оларды теңестіріп қойды.
Балаға су бүріккендей, түріктер келген кезде, бәрі өзгерді. Платон мен Аристотельден бас тартты, жалпы осы бағыттағы зерттеулерден бас тартты. Нәтижесінде өздерінің дербес ойлары болмай, Ислам уммасы 9-10 ғасырларда жазылған, құлшылық жолында жазылған белгісіз автордың, белгісіз құжатын жаттап оқумен қалды. Бұл кемшілік болды. Ерте ме, кеш пе тәуелсіз ойдың технологиясын сақтаған, сол мәдениеттілік, Ислам айналасындағы мәдени топтар, клинчке кіріп, басқаларды басып озуы керек, себебі-жалған презумпцияға негізделген, сыртқы дүниемен жұмыс, осы дүниенің теріс зерттеулеріне қарағанда... одан да жалпы зерттеулерден бас тарту! Құранда бізге сыртқы шындықты меңгеріп алуға тереңірек мүмкіндік беретін потенциал бар, оны гректік философияның негізінде жасауға болады.  
- Оларды сондай қорқытқан, менің ата-бабаларымның алдындағы сұмдық қорқыныштан қалған парсылардың тарихи естеліктерінен, Ислам құтқара ала ма? «Иран-Тұран» қайшылығы қалды және бар деген нұсқа қалыптасқан...  
- Бұл қайшылық бар, бірақ олар саяси жамағат арқылы жеңіп шығуы керек. Оларды исламдық интернационализм, түріктердің, парсылардың, кавказдықтардың – жамағаттардың туыстықтары, ортақ істері арқылы жеңіп алу керек. Белгісіз сызаттар, саналы даулар бар, өйткені адамдық материал – ол адамдық материал болып қалады. Одан бұрын-соңды болмағанды күтудің қажеті жоқ. Бізге осындай жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін технология, құндылық, бағдар бар, нәтижесінде исламдық умманың бірлігі жасап ғана қоймай, сонымен қайтадан құруға Міндетті.
- Сөз біз исламдық бірлік деп атаған сұрақ жайында. Осы жоспарда орта-азиялық кеңістікте үлкен проблемалар болып жатыр, Қырғыздан, Өзбекстаннан үндеулер таратылып жатыр. «Халифаттың» идеялары Ферған өңірінің орталығымен, оған қоса Хизб-ут-Тахрир идеялары дамып және салтанатты түрде гүлденуде. Исламның жоғары, ғаламдық, білімдік бағытында – бұл заттарға қалай қарауға болады?
- Бұл нәрселерге жай ғана қарау керек. Егер стратегиялық жағынан айтсақ, аталған бағыт антимұсылмандармен мұсылмандарға қарсылардың пайдасына шешіледі, ислам еместің Исламға қарсы пайдасына шешіледі деген, егер ол ең таза, берік ниетпен салтанатты түрде жарияланса да, қате бағыт. Мысалы, Хизб-ут-Тахрир. Мен ағайындарға қарсы ешнәрсе айта алмаймын. Олар - таза, басым көпшілігі өте жақсы адамдар, бірақ шынымен адасуда. Олар өздерінің не айтқанын жақсы түсінбейді. Ал Ислам болса, мемлекетті құрту үшін келді (түсінікті өшіру үшін). Ислам Мединада мемлекет құрған жоқ. Ол саяси жамағат, саяси қоғам болатын умманы (қауымды) құрды. Батыстағы «политикал сосаити» (саяси қоғаммен) деп аталатын және «стэйттің» арасында айырмашылық бар - олар әртүрлі нәрселер. Бірақ бұл ағайындылар, саяси философияны оқымағандықтан, бұның әр түрлі нәрсе екенін түсінбейді. Бұл Левиафан, олар армандаған мемлекет, төменді жоғарыдан кесіп тастау үшін, қанау мен үстемдіктің құралы болған белгісіз аппарат. Кері байланысты қиып өту үшін керек. Олар оны түсінбейді. Мемлекет - бұл дербестіктің синонимі, бұл шариғаттың заңдылықты қолдау мүмкіндігі. Мен шариғат заңын 30 адамнан тұратын қауымда қолдауға болатынын бірнеше рет түсіндірдім.
- Тіпті өз үйінде болса да...
- Иә, өз үйінде, Қауымда жазаны іске асыруға болады, Тауда да өмір сүретін жамағаттар бар, олар әрекет жасап жатқан биліктің оппозициясына кіреді, өз орталарында шариғаттың ережелерін іске асырады. Бірақ олар мемлекет болып есептелінбейді! Хезболла да мемлекеттік емес бірлестік. Оңтүстік Ливан қамқорлық жасайтын аймақта медицинамен шұғылдануға мүмкіндік береді, муниципалдық заттар үшін өзіне жауапкершілік алады, бұл аймақты қорғайды, бірақ ол мемлекет емес, ол Аллаһтың партиясы.
Хамас та мемлекет емес. Ол  Газадағы өмірдің жолақтарын ұйымдастырады, бірақ бұл мемлекет емес. Бұл адамдар Израильдегі соғыстан кейін митинг ашып: «Ары қарай соғысамыз ба, әлде бітім жасаймыз ба?»- деп сұраған. Жарты миллионы жанын аямай қарсы тұруға дауыс берді, Израильмен бітім жасағысы келмейді. Олардан Хамас сұрайды!- ал мемлекет ешкімнен сұрамайды... Мемлекет - бұл кері байланысты сыртқы дүниемен кесіп өту. Олар оны түсінбейді.
Мен олардан: қандай халифті қалайсыңдар?-деп сұрадым. Төрт бірінші әділ халифтер болды. Сендер қазір Әбубәкір мен Әліге тең халифті қоя аламыз деп ойлайсыңдар ма? Немесе сендер әділетсіз халиф қойғыларың келе ме, қандайын? Қандай болса да халиф болсын ба? Соңында кім болса да, бәрібір ме? Егер екі жерден екі адам халиф болуға үміттенсе, онда оларды бөлек сайлайды,  екіншісін біріншісін сайлап біткен соң, олардың үйретуі бойынша өлтіру керек. Әйтпесе умманың  талқандауымен насырға шабады. Себебі «баййя» (сертті) біріншісіне әкелуі керек. Күте тұрыңыз! Мен ар-ұяты бар мұсылман болсам, бұл адамға баййя әкеле алмаймын, менде ол - американың тыңшысы деген мәліметтер бар: «Ағайындар, сендер не істеп жатырсыңдар? Оған баййя әкелуге болмайды, ол американың тыңшысы. Менде ол бір жылдары жалданған деген құжаттар бар»- деп айттым, онда ол азамат соғысы. Түсінесіңдер ме? Онда олар мені «сулап» жібереді. Мен еріксіз қарсылық жасауым керек, себебі мен өзімді және өзімнің дәлелдерімді тақтадан алып тастай алмаймын. Бұл не? Бұл мұсылмандар мен қорқынышты азамат соғысының алдындағы  жікке бөліну. Бұл адамдар оны түсінбейді. Әзірге түсінбейді...
- Сонымен Куфедегі қастандықпен өлтірілген (Әлі туралы айтылады), белгісіз негативті тәжірибе бар, бірақ мақсатты түрде умма одан аттап өтуі керек пе?
- Мен бәріне түсіндіргім келеді, соның ішінде біздің ағайындарымызға - өте жақсы таза ағайындарға - Хизб-ут-Тахрир, мен соларға түсіндіргім келеді, бүгінгі күндегі біздің міндетіміз -  умманың өмірін алқа болып басқаратын, жамағатты құру және берік ету. Халифтердің уақыты келді ме, ол өтіп кетті, бірақ әділ халифтерден кейін оның басталуы мүмкін емес. Себебі халиф – объект болатын адам. Осы өмірдің деңгейінде әрекет жасайтын, зұлымдық пен әділетсіздікке белшесінен батқан күштің объектісі сияқты.  Ол масқаралықтың объектісі болады. Аллаһтың ырзашылығынсыз, бағытталмайтын, ол махди емес. Сонымен ол ырзашылық алды, тахриршылдар мұны сезінді (мен олардың құжаттарына сүйенемін, мен олардың кітаптарын оқыдым), белгісіз муджтахидтермен  оған түсінік беріп және сұрақтардың шешімін табу үшін әдістер ұсынады. Сонымен ол қабылдағанында тұруы керек. Мен олардан сұрадым: «Муджтахидтер неге керек? Оның өзі муджтахид емес пе?». Сонымен халиф, егер ол үшін дауыс бермесең өлтіреді, бір кездерде өздерінің нұсқаларымен түсіндірулерін жаттап алған, бөтен ағаларға тәуелді болуы керек. Олардың айтқаны: «Жоқ, неге? Мүмкін бонус ретінде өзі муджахид шығар».  Менің оларға айтқаным: «Сендер, балалар, осындай қайшылықтармен борышқа баттыңдар! Мұның бәрінің Исламға қажеті жоқ., сендер оларға көрсеткен жол мәдениетттілік геттоға апарады». Бірінші социалистік мемлекетте болғандай, мұсылмандарды белгісіз аудандарға жауып қоюды ұсынады. әлемдік революция аяқталды, бәрін Кеңес Одағының ішіне тығып, онда тыныш отыруларын сұрады. Онда өздеріңе ГУЛАГ соғыңдар, өздеріңе ДнепроГЭС жасаңдар, Бірақ әлемдік революция жасамаңдар, Кеңес Одағының шегінен шықпаңдар. Келіңдер, біз өз жұмысшыларымызбен, сендер өздеріңдікімен талқылаңдар. Шамасы мұны халифатшылар қалайды. Халиф батыстық әлемдік үкіметпен келісіп, олар Ислам жерінде белгісіз гетто құрғысы келеді. Бұл Ислам емес.
-Мұндай келісімнің қажеті не?
- М-ү-м-к-і-н  е-м-е-с.
- Соңғы кезде дүние өзгеруде. Бұрынғы дүниені жоққа шығару болып жатыр, дүниенің келесі орталығы Қытай болуы мүмкін деген пікір бар. Индия да, Қытай да мұсылмандар бар, бірақ негізінен көбі исламдық емес дінді тұтады.
- Қытай ешқашан дүниенің орталығы бола алмайды, себебі оның дүниеге ұсыныс жасайтын ешнәрсесі жоқ. Қытайлар көлеңке сияқты, қалған адамдардың жанында жүреді. Рэя Брэдберидің «Марсиандық хабарлардан » марсиандардың көлеңкесі сияқты, Марсқа ұшып елген жердегілер, бір-бірімен соқтығыспайды, қытайлармен де солай істейді. Әлемнің барлық қалаларынан чайнатаундарды алыңдар. Қытайлар өз проблематикасына  зор мән беріп, елдегі шындықпен жолдары қиылыспайды. Қытайлар –терең нәсілшілдер, Срединдік империядан өз қайғысымен шығып, шындықты нақты қытайорталықта түсінеді. Олардың дүниеге ұсынатын ешнәрсесі жоқ, себебі олар белгісіз объект ретінде, сарықұлақтар мен ұзын мұрындарды қабылдамайды. Байқасаңдар, Мао Цзэдунның кезінде Қытай ССРО-да насихатпен шұғылданудың шыңы болуға мәжбүр болды; маоизмді таратып, дүниежүзінде белгісіз альтернативті қытайлық компартияны құрып, бұл асығыстық болып, осындай қиналып істейтін симулякра бейнесін алып жүрді. Кеңес Одағы бұл бағытты тастаған кезде, қытайлар онымен шұғылданғанын ұмытып кетті. Қазір қытай нақты коммерциялық ұлғаюмен шұғылдануда. Олардың Суданға көмектескендегі мақсаты – мұнайдан түскен пайда көздерін тігеді. Оларды саяси  ұлғаю қызықтырмайды. Сол себепті олар ешқашан әлемдік жоба жасай алмайды...  Қытайдың одан басқа да әлеуметтік проблемалары бар. Онда ҚКП бағамымен және игілікті таратумен іштей  келіспеушілік бар. Сонымен, үшінші, Қытай ешқашан күш орталығы болған жоқ, үнді-қытайлық соғысты шиеленістіру үшін, АҚШ бәріне дайын. Дау ары қарай жалғаса беруі мүмкін, үнді-қытайдан корей-қытай, одан жапон-қытай дауына және ары қарай.
- ССРО-ның ыдырауы кезінде құрылған, Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің (ЖТМ) болашағының проблемасы көп болады деген пікір бар. Мәскеу (соңғы жергілікті соғыстағы жеңіске мастанған) Орталық Азияның мемлекеттері - химера деп нық айтады. Басқа жағынан алсақ, бәріміз ЦРУ-дың 2025 жылы Ресей өзінің федеративті шекараларымен – Поволжьемен, Сібірмен ыдырап кетеді деген белгісіз деректерін оқимыз. Геосаясаттық мағынада планетаны не күтіп тұр?
- Менің ойымша, мемлекет бақылауды күшейтіп, өзін құртып жіберді.
Бүгінде мемлекетке қарағанда, бақылаудың қатаң және қорқынышты түрі бар. Жергілікті мафияға сүйенетін, Халықаралық бюрократия бар. «Гринпис» үлгісіндегі «Жасылдан» бастап, ашық айтқанда сол «Гринписпен» байланысты, бандиттердің топтасуымен аяқталатын күрделі жүйе бар. Ол да , басқасы да трансұлттық корпопациямен қаржыланады, негізінен жасырын айналымды қолдайды: наркотиктен бастап балық аулауға дейін. Кез келген ұлттық зорлықтан, халықаралық бюрократия қауіптірек. Ұлттық зорлық бүгінде анархизм болып бара жатыр. Менің ойымша, болашақ - үздіксіз даудан кейін, өздері ұйымдасып алған қанаушылардың арасында, әлемдік наразылықтың негізінде шектеліп қалады.  Осы кең бұқараның арасындағы жетекшілік орынды Ислам алады. Антонио Негри мен Майкл Хардтың  «Империя» деген кітабында айтылған әлемдік үкімет, әлемдік империя  осы ғаламдық империяға қарсы болғандардың  кез-келген қимылын әскери күшпен жаншып тастау үшін, жалдамалы әскери  кампанияларды пайдаланатын, ғаламдық бюрократияға сүйенеді.
- Бұл үздіксіз үшінші әлемдік болғаны ма? Болмаса ошақтық па?
- Азаматтық. Үздіксіз азаматтық.
- Іс жүзінде барлық жерде бола ма?
- Іс жүзінде барлық жерде. Себебі «алтын миллиард»- бұл миф. Мұндай эксклюзивтік жерлер жоқ, алданған және бақытсыздыққа ұшыраған халық қайда болса да бар, соның ішінде Батыстық мегаполисте де.
- Гейдар Джахидович! Соңғы сұрақ: Неге Исламды кедейлердің діні дейді?
- Кімді даджалдың күші, Ібілістің күші жерде әлсіретсе, Ислам – соның діні. Аллаһ өзінің бір аятында, барлық әлсірегендерді жинап, имам етемін, оларды бірінші жасаймын деп уәде берген. Соңғыларын бірінші етіп жасайды.
Дерек: ZONAKZ .NET
Аударған Гүлназар Шеналықызы


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-05-28)
Просмотров: 3702 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана