Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Өз сектаңды қалай құруға болады
Бұл бизнес өзінің тиімділігі мен рентабельдігін бірнеше рет дәлелдеп берсе де, өкінішке қарай кәсіпкерлер арасында әлі де аз танымал. Сол себепті бұл жұмыс бизнесмендердің назарын осы салыстырмалы игерілмеген аймаққа қарауға шақырады, сонымен қоса іс жүзінде өз секталарының құрылуын жеңілдететін біраз кеңестер береді.

Кітап
Сектаны ұйымдастырған кезде, Кітапты пайдалану міндетті емес (барлық кезде үлкен әріппен жазылады!). Мұндай әрекеттердің жақсы да, жаман да жақтары бар, ол кейінірек қаралады. Өз сектаң үшін Кітаптарды таңдау кезінде мынадай белгілерді басшылыққа алу керек:
а) Кітап түсініксіз болуы керек! Бұл ең маңызды талап, егер кітаптың мағынасы түсінікті болса, онда сіздің артық болғаныңыз, сізсіз-ақ өздері байыбына жетіп алады. Екіншіден, егер кітап түсініксіз және шиеленіскен болса, кітапта белгісіз Ұлы Ақиқат құпияланып жазылған деп әсер етеді. Егер кітаптың бірнеше тарауларында автордың бар зейін салып жазғанына қарамастан, белгісіз бір мағына осы тараулардың бір-біріне қарама қарсы болғанын қадағалайды. Басқаша айтсақ, Кітапта қисынға тұспалдап келтіретін ешнәрсе болмау керек, онда бәрінің құрығаны.
б) Кітаптағы барлық көрсетіл­гендердің ешқандай дәлелдері болмауы керек. Ешқандай дәлелдің жоқтығы, кітапта айтылған мәлімдемелерді бір жүректі сыншы шығып, әшкерелемейтініне кепілдік береді. Шынында, іс жүзінде ешқандай дәлелі жоқ мәлімдемені әшкерелеу мүмкін емес. Егер автор өз айтқанында тұра алмаса, онда ол мағынасыздау және түсініксіздеу болуы мүмкін. Бұл кітаптың даналығын көрсетеді.
Мысалы: «Жұлдыздар түнде шығады, себебі жан – бұл Алланың айнасы» және тағы басқалар.
Тиімді кітаптардың мысалы: Борис Гребенщиковтың өлеңдерінің жинақ­тары, Ричард Бахтың әңгімелері, Черномырдинмен сұхбат, Карлос Кастане­даның кітаптары, «Тұман ішіндегі кірпі» мультфильмінің сценарийі.

Кітаптың қолданылуы

Кітапта сақталған ұлы ақиқатты сіз ғана түсінгеніңізді айтуыңыз қажет, егер олар сіздің үйреткеніңізбен жүрсе, оны өзіңіздің шәкіттеріңізге ашуға дайын болуыңыз керек. Сонымен қоса өзіңді пайғамбар етіп таныстыруың керек, әйтеуір бір құдай етіп көрсету немесе өзіңізді құдай етіп жариялау керек (ұсақтанудың қажеті жоқ). Кітаптың мазмұны бойынша шытырман сұрақтар қоятын скептиктермен күресу үшін, барлық сұрақтарға жауап берудің жалпы  екі әдісі бар:
1) Ешнәрсеге жауап бермей, ақылға салып жымиып күлесіз, сұрақ берушіге аянышты жиіркенішпен қарайсыз. Сіздің жасаған барлық қимылыңыздан, сұрақ беруші түкке түсінбей таңқалатындай болсын.
2) Қандай сұрақ болмасын, кітаптан алынған цитаталармен жауап беріңіз. Цитатаны таңдаған кезде, кездейсоқ сандарды жетекшілікке алу тәсілін пайдаланған дұрыс.
Бұл екі әдіс тиімділікті арттыруда кезектесіп отыруы керек. Егер сіз қажетті қажырлылықты танытсаңыз, онда сіздің жолыңызды қуушылар табылады, тікелей екінші фазаға көшуге тура келеді, сектанттардан ақша жинап алып, сектанттарды өзіңіздің ықпалыңызды арттыру үшін пайдаланасыз. Бұл туралы кейінірек. Әзірге Кітапты пайдаланудың негативті жақтарын қарастырамыз.
-Бұл жұмыста сіз бірінші бола алмайтыныңызды көрдіңіз, Кітапты осылай пайдаланам деп кім ойлаған. Бұл барлық тиімді кітаптардың таратылып кеткенін көрсетеді, енді сізге сектаны құру үшін, сіз таңдап алған кітапты пайдаланып жүрген, басқа сектаның жетекшілерімен ашық бәсекелес күреске шығып, «талдаулар» жүргізесіз.
-Қанша қайғылы болып көрінсе де, сізге кітапты жаттап алуға тура келеді, әйтпесе, егер цитатамен сөйлеген кезде, қателесіп кетсеңіз, онда даналық кітабында жасырынғанды білетін сіздің атағыңызға түзелмейтін дақ түсуі мүмкін.
Кітапты пайдаланудың сөзсіз пайдалы жақтары бар, сіз барлық кезде оның беделіне сүйенесіз, сізге нақыл сөздерді ойлап табудың қажеті жоқ, шәкірттер мен сыншылардың сұрағына Кітаптағы цитаталармен жауап беріп шектелесіз.

Нақыл сөздер
Өкінішке қарай, үнемі үндемей, жұмбақтап және ақылсынып күлімсіреу мүмкін емес. Кейде шәкірттеріңе жауап беруге, сонымен қоса қос көрмеген  сынды естуге тура келеді. Егер сіз кітапты пайдаланудан бас тартсаңыз, онда жауап берудің жалғыз әдісі бар – нақыл сөздермен сөйлеу. Нақыл сөздер Кітаптағы қағидадай болуы керек, бірақ нақыл сөздер ауызша айтылады, сл себепті қысқа болуы керек.
Нақыл айтудың әдісі.

Нақыл сөз айтып отырған кезде, әңгімелесушінің көзіне қараушы болмаңыз, әйтпесе күліп жібересіз (оқиғалар болған). Көзқарасыңызды алысқа тіктеңіз. Оған кішкене қайғы тамшысын қосып қойыңыз. Жүзіңіз қаталдау болу керек (тәжірибесіз пайғамбарлар нақыл әңгіме айтқан кезде, бәрін кешіре алат ын даналық күлкімен жиі күлуге тырысады, күлкіні ауызша сөзбен үйлестіру қиын екенін түсінбейді, мұны нағыз кәсіпқойлар жасай алады, тәуекелге барудың қажеті жоқ).
Қысқаша нақылдардың мысалы:
-уақыт – өмір бойы көзден аққан, көз жасы
-Бірде Бао Шаоға келді де сұрады: «Сен өлі даналықты көрдің бе?» - «Жоқ»-деді Шао. «Онда қара»-деп айқайлап жіберді де, өліп қалды.
-Бірде көршінің жақсы көретін иті аяғын сындырып алды. Ол оны өлтіріп, қуырып жеді. Міне, біз осылай өзіміздің қайғымыздан қуаныш жасауға үйретуміз керек.

Ырымдар
Ырымдар сектаны жетістікпен басқару үшін өте маңызды. Ырымдар денеге ауыр тию керек, дөрекілеу, денсаулыққа зиян, әрине, мағынасыз болуы керек. Бұл олардың сіздің шыншылдығыңызға күдіктенуге және әр түрлі арандатушылық сұрақтар қоюға күші қалмайтындай, діңкесін құрту үшін қажет. Сіз шәкірттеріңізді әр түрлі нақұрыстық талаптарды орындауға үйретіп,  олар жүре келе сіздің бұйрықтарыңызды ойланбай орындайтынына қолыңыз жетеді. Мынаған назар аударуға тура келеді, ырымдардың біразы орындауға келмейді, ал сіз мұндай жағдайда   әрбір сәтсіздігіңізді сіздің діншілдердің ырымды дұрыс орындамағанынан көріңіз. Ырым кезінде мына әдістерді пайдалануға болады: көндіру арқылы және ерікті толық басып тастау арқылы.
Ұсынылған ырымдардың үлгісі:
-ет, балық, жұмыртқа жемеу... укроп пен петрушкадан басқа ешнәрсе жемеу
-күн сайын оң аяғыңмен бес километрдей секіріп, әр жетінші рет секірген кезде, сол иығыңнан үш рет түкіру керек
-күнде төрт аяқтап тұрып, 12000 рет «шавкалось хливкие шорьки пырялись по наве и хрюкатали зелюки как мюмзики в мове» деп қайталау керек
-жылдың қай мезгілі болсын, белге орайтын белдемше таңғыш байлап жүру керек
-шашты алып тастау. Барлық жерден.
-Оң құлағыңның сырғалығын кесіп тастау
-Билемеу керек!      

Жақтаушыларды жинау
Сектаның алғашқы қалыптасу кезеңінде аналитикалық ойға қабілетті, білімді адамдардан, дені сау адамдардан тартына тұру керек. Олар қисынды ойға қабілеттіліктері артып тұрған кезде, сіздің ұлы жаңалықтарыңызды толықтай теріске шығарады, ал ол ақиқаттан алыстап кетеді. Олардың осындай скептикалық икемдігі әлі қатая қоймаған жас сектаның рухани атмосферасына қатты әсер етеді.
Әрине, сіздің сұрауыңыз мүмкін – сектаны құру үшін соншама дені дұрыс еместерді қайдан аламын?! Қобалжудың қажеті жоқ. жаңа зерттеудің көрсеткені бойынша, қазіргі заманда дені дұрыс емес қызбалардың саны өсіп келе жатыр. Сізге нағыз есалаңды іздеу міндетті емес. Жай тұрақсыз психикасы бар адамдар жетіп жатыр (араққа салынғандар, наркомандар, ауыр депрессияға ұшырағандар, ал қажетті шартқа ырымдардың көмегімен жеткізе аласыз).
Сіздің жақтаушыларыңыз әдеуір көбейген кезде, дені сау, саудаға жағына қызығатын адамдарды тарта бастайсыз. Сізге оларға әсер етуге психиканы тоздыратын қосылып айқайлау және барлық ырымдыр көмектесе алады. Психиканы тоздыратын қосылып айқайлау әрекетін мына мысалдармен түсіндіруге болады: егер дені сау адам бір белгілі уақыт мерзімінде дені сау емес адамдармен отырса, оның психикасында да ауытқу жүре бастайды. Секта құрылған күннен бастап соңғы кезеңіне дейін көптеген шәкірт терді осы тәсілді пайдаланып тартуға болады.

Не туралы есте сақтауға болады
Сіз өзіңіздің сектанттарға айтқан­дарыңызға сенуіңіз керек, көп адамдар өтірікті тез сезініп қояды. Мұндай жағдайда өзімде есімнен айырылып қалам ба деген сұрақ туындайды (тәуекел жасау өте қиын), бірақ сектаның басшысы ретінде өз орныңда пайдаңды білуің керек.   Мұнда күрделі ешнәрсе жоқ. Ертеңгісін мастығың тараған кезде, данышпансып, енді ешқашан деп толық сеніммен айтасың. Бірақ бұл айтқаныңның іске аспайтынын жақсы түсінесің. Осы ықпалы сектада да пайдалануға тура келеді. Наным наныммен, пайда пайдамен.
Айтылған барлық мысалдарды қолдана отырып, сіз өз сектаңызды құра аласыз. Қалғаны сіздің өзіңізге байланысты. Мүмкін, сізде «Сатья Саи Баба», «Сайентологи», «Аум-сенрике» кампаниялары сияқты табысқа жетерсіз.
Мүмкін сізге ары қарай қадам жасау керек шығар. ...Алайда бұл біздің курстың мазмұнына кірмейді.
Табыс тілейміз!


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 2231 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана