Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Алла мамондарға қарсы немесе қаржылық дағдарыстағы дін ілімі
Көптеген елдердің экономикасына қауіп төндірген қаржылық дағдарыс, материяның жоғары тәртібіне ғана қамқор жасайтындарды  да немқұрайды күйінде қалдырған жоқ. Дүние жүзі діндерінің өкілдері батыстық жүйенің күйреу процесі кезіндегі капиталистік сәттілігіне өздерінің көзқарастарын білдірді.

Ағылшын шіркеуі
Лондондық Сити банкирлеріне, Йорктің ағылшындық архиепископы Джон Сентаму былай деді: «Ақшаны жақсы көру –бар зұлымдықтың тамыры», соңынан кешірім сұрағандай, мына сөздерді қосты: «Біз бәріміз соған қызмет етеміз. Ешкім күнәлі болып қалған жоқ».
Өткен жылдың қыркүйек айында Ағылшын шіркеуі несие бергендердің қақпанына түсіп қалғандар үшін дұға жариялады. Дұғада Алланы «қамал» деп атайды, ал қазіргі кездегі ертең батып кетуге дайын тұрған экономикалық өзгерістерді «жылжымалы құм» деп атайды.
Ағылшын иерархалары жазған дұғаның, олардың өздеріне қажет болғаны үшін жазғанын жорамалдау қиынға түсті. 24 сағат өте сала Джон Сентаму мен Ағылшын бірлестігінің басшысы Роуэн Уильмс Ситидің тонаушыларының сараңдығын ашып көрсетіп, дүние жүзілік капитализмді сынға алып, содан кейін Ағылшын шіркеуі бақылауға алған инвестиция «short selling» деп аталатын құнды қағаздарды жасырмай сатып, биржалық алып-сатарлыққа еліккені анықталды. Ағылшын иерархиясы Британиядағы ең ірі қаржылық менеджерлердің бірінің қызметін пайдаланады екен, «Man Group» қаржылық дағдарыс жағдайында өзінің жеке пайдасы үшін шіркеудің ақшасын пайдалануды есінен шығармады.  
Сонымен, Ағылшын шіркеуі мен лондондық Сити банкирлерінің арасындағыы күрес, бұл діни серіктестіктің жаңадан басталған қаржылық дағдарысқа, банктерге, ақшаларға, қарыздарға қалай қарайтындығына жалғыз мысал емес.

Ислам
Ислам несиеге және несие алушыларға қалай қарайды? Бұл сұраққа жауап Исламда айқын көрсетілген, Құраннан алынған ерекше жолдар «ақшаны өсімге беруге қатаң тыйым салады»-деп айтады Британиядағы исламдық банктің коммерциялық директоры Сұлтан Чудхари. «Исламда өсімді өндіріп алу үлкен күнә. Құраннан алынған бір аятта оған тыйым салынады, ал басқасында осымен шұғылданған адамға Алла соғыс жариялайды» - дейді. (Құран, 2:276).
Чудхаридің пікірі бойынша, өсім өндіріп алуға тыйым салу деген мынаны білдіреді: сіз ақшадан ақша жасай алмасаңыз, бірақ жалған жолмен нақты сауда келісімін жасай аласыз.
Іс жүзінде осылай болып көрінеді. «Дүкеннің иесіне Шариат күріш сатып алуға мүмкіндік берсе, оны тұтынушыға пайдасына сатса, бұл адамның  ымыра жасауы. Бірақ, ислам заңы Адамның Марияға  100 фунт беріп, одан артық фунтты, 101фунтты қайтарып алуына тыйым салады»-деп түсіндіреді Чудхари.
Сонымен бірге, «Ислам сен не сатасың және сенің қалай сатқаныңа этикалық шектеулер жасайды. Келісім жасаудың нақты тәртібі бар. Сауда заңы шықпай тұрған кездің біраз алдында, Ислам былай дейді: келісім кезінде өтірік болмау керек, екі жақ үшін де келісім мөлдірдей таза болуы керек»-дегенді қосты.
Дүние жүзі рыногындағы бүгінгі тынышсыз жағдайды түсіндіре отырып, Чудхари былай дейді: «Қазіргі банктердің жұмысына қарасақ, олар Флоридадан үй алатын немесе жер алатын құнды қағаздарды сатып алады, бірақ осы қағаздардың артында шынымен нақты нысана тұрғанына сенбейді. Сондықтан Исламда үлкен алып-сатарлық қорларға тыйым салынған, ал олар құнды қағаздарды жасырмай сатып алумен шұғылданады. Шариатта сен нақты өз иелігіңдегіні ғана сатып аласың».
Чудхаридің пікірі бойынша, қаржылық дағдарыстың себебі мынада: «адамдар өздеріне тиеселі емес заттарды сатады». «Қазіргі біз бақылып отырған жағдай,  исламдық банк жүйесінде ешқашан болмас еді»-деп  ол қосымша айтты.

Католик       
Өсім өндіріп алушылыққа батыстық Христианда да тыйым салынады. 1215  жылы IV Латерандық собордың қаулысына сәйкес, өсім өндіріп алушылардың христиан зиратында жатуға құқығы жоқ болды.  Осындай шектеулер мынаған әкеп тіреді: өсім өндіріп алушылық еврейлер топтарының қолына түсіп, нәтижесінде олар қазіргі банк жүйесінің атасы болды.
XVI ғасырда өсім өндіріп алушылыққа қарсы Рим папасының үш булласына қарамастан, Ватикан өзінің ақшаны өнімге беру туралы қатынасын біраз жұмсартты. «Қандай жағдай болмасын, бірақ Христиандағы шамадан тыс пайдаға деген қызығушылыққа және сараңдыққа бұрынғысынша тыйым салынады»-дейді Канари Ворф таңдаулы лондон ауданының католиктік дін қызметшісі Питер Харрис әке. Оның айтқаны, Христос қарызды кешіру түрін күнәні кешіру метафорасы ретінде пайдаланған: «Шіркеудің экономикасын құрайтын маңызды нәрсе – бұл қарыз болмау. Христос қарызын өтеп қойған. Бізге Крест және Христостың қайта жандануы арқылы еркін берілген,    Құдайдың сүйіспеншілігіне бөлен­генбіз»
Біреумен бөлісу немесе бөліспеу – бұл біздің ар-ұятымыздың ісі, -дейді Питер. «Шіркеулік оқудың мәнісі мынада: бөлісу және басқаға қолдау жасау керек. Лондондағы Поршені алу үшін, ең маңызды нәрсе неде?»
Бенедикт  XVI Рим папасының идеясының ықпалымен Харрис ойындағысын айтады, 2008  қазан айының басында басталған қаржылық дағдарыс ақшаның құнсыздығын және материалық құндылықтарды жинаудың бос әурешілік екенін дәлелдейді. «Ірі банктердің күйреуінің көрсеткені, ол ешнәрсе емес, ақша жоғалып кетеді. Барлық керек деген нәрселерің іс жүзінде жанама болып қалады.»-деп көрсетеді понтифик, өз өмірлерін бастағысы келгендерді «мансапқа, тек ғана табысқа, ақшаға негіздеп», осыны есте сақтауға шақырды.
Ақша өздігінен жаман емес шығар? Жоқ, -дейді бұрынғы бизнесмен және «Бенедиктпен бірге бизнес жасау:  Қасиетті Бенедиктің ережесі мен менеджмент» (Doing Business With Benedict: the Rule of Benedict and Business Management) кітабының қосымша авторы, VI ғасырда монахтық ережеге негізделген, қаржы жүйесінің жол көрсетушісі Кит Доллард . «Қасиетті Венедикт  ақша туралы тура айтпаса да,  Алланың барлық жерде жүретінін айтты», кім өзінің шығармашылық қабілетін монастырлық шеберлікте пайдаланса, дұрыс бой ұсынып жаттығуы керек. Егер олар өздерінің жасағандарын сатса, онда «сараңдықтың көлеңкесін де» көрмеуі керек.  Қасиетті Венедикт бізге ақшаны тиісті орнына жұмсау туралы, қайда және қалай шығын қылу туралы айтады,-деп түсіндіреді ол.

Православие

Қаржы мен дағдарысқа байланысты ұқсас көзқарасты 2008 жылдың қараша айында Константинопольдік Патриарх Варфоломей ұсынды, ол басталған экономикалық дағдарыстың себебі адамның шығармашылық қабілетін елемеуден болған деп көрсетті.
«Кәсіпкердің  қызу жұмыс пен тәуекелге барғаны байлық пен билікке ие болуға жасаған мақсаты»-деп көптеген адамдар ойлайды. Константинополь шіркеуінің Басшысының ойынша, дарашылдықтың және ойсыз геодонизмнің дамуы басталған кезде, олардың істегені дұрыс. Бірақ, Патриарх Варфоломейдің көрсеткені бойынша, бұл уақытша және жеке нышан, бұл дәлелді жоққа шығара алмайды, адам бір нәрсені жасап шығарушы ретінде жасалған және оның үлесіне шығармашылық қайраттылық берілген. «Адам үшін сапалы шығармашылық қанағат алудың жағдайын жасаудан және көп қуанышқа бөленуден гөрі, қамтамасыз болу немесе нарцистік менмендік»- деп көрсетеді ол.
Патриарх Варфоломей грек көпестерінің Грецияға қиындық төнген кезде, өздеріне жомарт адамдардың атағын таңуға талаптанып, жақындарына көмектесуге дайын тұрғандарын а мысал ретінде көрсетеді.
Орыс Православ Шіркеуінің басшысы дүние жүзілік қаржылық қиын-қыстау кезеңге деген өз көзқарасын ұсынды.  Наурыз айының соңында Калининградқа ресми түрде барған кездегі Патриарх Кирилдің байқағаны, «Біз қиыншылыққа үйренгенбіз, қазіргі кезде қоғам қақтығысып отырған, соның ішінде Шіркеу, бұдан да зорды көрген»-деп кенеттен қорытынды жасады. – «Дағдарыс  - бұл тек ғана қарғыс емес, сонымен қоса алғыс. Ол адамдарды ойлануға итермелейді, құндылықтарды қайта қарауға мүмкіндік береді».
Мәскеу Патриархаты басшысының ойынша: «Дағдарыс қазіргі заманғы ресей қоғамы үшін бір жағынан ем болды, көптеген өкілдер еңбек ете білмейді, өзінің жұмыс орнын құрметтей алмайды, (қазір ойласам ауыр сөз,  бірақ кімге болса да  айтылуға тиісті, ал Шіркеудің  мұны айтуға құқығы бар, өйткені бұл адамдардың рухани өміріне қатысты), біз жақсы еңбек еткенге үйретуіміз керек»-деді ол.
Дүние жүзінде ақшаны бұзық ниетпен қабылдау «қаржылық қастықтың баламасы, алыпсатарлықтың жүйесі» сияқты басым тұрғанын көрсетті. Дағдарыс «Соңында «виртуалды экономика» деп аталған, осы сабынның көбігінің жұқа жасанды қабығын тесіп шығады... Ақшаға оның жан-жақты эквивалентті ақыл-ой, физикалық, рухани жұмысқа жұмсаған еңбегін, дәстүрлі мәртебесін қайтарып береді»-деп Патриарх Кирилл өз пікірін айтты.


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 2028 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана