Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Орыстар неге Исламды қабылдады?
Исламда христиандық  болып дәстүрлі түрде есептеліп кеткен, орыс және басқа ұлт өкілдерінің үндеу тақырыбы,  талайдан бері дін танушылардың, тілшілердің және публицистердің назарын аударып жүр. Қазір Ресейде қаншама дінге жаңадан кіргендер бар деп айтылып жүр, бірақ бұл құбылыстың өзі – даусыз факт болып орнын табуда.
Әзірге орыс мұсылмандарының арасында Рене Генон, Роже Гароди, Клаудио Мутти сияқты көрнекті тұлғалар жоқ, бірақ ертең не боларын кім білсін? Орыс мұсылмандары – бұлар өмірде өте белсенді бағыттарды ұстаған адамдар. 2004 жылы маусымда пайда болған, Орыс Мұсылмандарының Ұлттық Ұйымы кезінде өздері туралы ашық жариялады. Бірақ көптеген дауларды бастан кешірген бұл ұйымның тағдыры, Исламға жаңадан кіргендердің бір-бірімен тіл табыса алмағанын, кінәлаулар мен өзара ашық қақтығысуларға шомғанын көрсетеді. Себеп біреу: Исламды қабылдау үшін әр түрлі себептер көп болды, әр түрлі ниеттегі адамдар мұсылман болды.  Осы мақаланың мақсаты – орыстардың  мұсылман нанымын қабылдауының себебін анықтау.
Бірінші топтағылар Исламды осы діннің өкілімен некеде тұрғандықтан қабылдайды. Бұл жаңадан кіргендердің ең ірі тобы. Осы топтың өкілдері Исламды басқа себеппен қабылдап, содан кейін мұсылмандардың арасынан өзіне жұбай тауып алатындарын ерекшелеп айтуға тура келеді. Тәртіп бойынша, бұлар әйелдер, керісінше болуы да ықтимал. Мысалы, осы мақаланың авторы орыс жігітінің авар қызына үйлену үшін, мұсылман нанымын қабылдағанын, қыздың ата-анасының оған Исламға кіру туралы шарт қойғанының куәсі болды. Ол мұсылман діні туралы өте аз білетін, содан кейін оны мешітте ешкім көрген жоқ. Осындай адам үшін Исламды қабылдау таза немқұрайды тәртіп болып табылады, ал шындап дүние танушылық туралы айтудың қажеті де жоқ. Былай болуы да мүмкін, олардың көбі өз жұбайларының ортасына дағдыланып, нағыз ысылған мұсылман болып кетеді. Сөз бірінші кезекте шетелдік-мұсылмандарға тұрмысқа шығып, кейін күйеуінің еліне көшіп кететін орыс әйелдері туралы айтылады. Мұндай әйелдер ресейлік исламофобтар жағынан ерекше жеккөрушілікті тудырады.
Екінші топты суфизмнің жұмбақ­тарына қызығатындар құрайды. Бұл бәрімізге жақсы танымал дін іздеуші-эзотериктердің түрлері, олар индуизм мен буддизмнің қалпына дағдыланып кеткен батыстың адамдарына қызығады. Олар этникалық мұсылмандармен қатынас жасауға ешқандай қызығушылық көрсетпейді, дәстүрлі мұсылман ортасына түсуге ұмтылмайды, өздері сияқтылардың ортасымен байланысуды жөн көреді. Орыс кришнаиттері сияқты, үндістер мен қатынас жасауға ұмтылмайтын және Индияда тұрғысы келмейтіндер, мынадай фразамен бөлектенеді: «Жан-дүниең ұлтқа бөлінбейді» немесе «Кришна, Ресйде де Кришна», тәртіп бойынша  неофит-суфистер өздерінің жергілікті шейхтарына қатаң берілген. 2000 жылы осы мақаланың жолдарын жазған авторға Иранның шегінен тыс уағыздаушылық қызметпен белсенді шұғылданатын,  ирандық орден Ниматулланың өкілімен сөйлесуге тура келді.  Бұл суфистің аты – Алексей. Орденге кіру үшін, Исламды қабылдауға уәде бергенін Алексейдің өзі айтты (оның айтуы бойынша, орденге кіру үшін, мұсылман болу міндетті емес, Исламды кейінде қабылдауға болады),  бірақ әзір оған дайын емес екенін, «Суфизмді Исламнан жоғары» көретінін ашық айтты.
Оның сөзі бойынша орденнің Мәскеу бөлімінде «мұсылмандар бар, бірақ шығыстың адамдары жоқ».
Үшінші топ Исламды оның нақты тарихи, этнографиялық және мәдени көрсеткіші бар дін ретінде саналы түрде қабылдады. Саналы түрде қарайтын мұндай адамдарды, бірінші  және екінші топтың неофиттеріне қарағанда, мұсылмандық Шығыс қызықтырады, олар  қоршаған этномәдени ортаға лайық бейімделуге ұмтылады, тілдерді оқиды: олардың кейбіреулері шетелдік исламдық оқу орталықтарына оқуға барады.  Олар өздерін Исламның қандай-да бір  бағытымен қатаң теңдестіреді: ханафиттік масхабаның сунниттері, салафиттер, шииттер. Бүгінде сондай жаңа кіргендер туралы астрахандық газет «Сегодня» жазады. Ең қызықтысы, Астраханда Исламның жолын қуушылардың саны орыс орталарында, соның ішінде бұрын православиеге тәубе жасағандар арасында өсті.
Неофиттердің арасында да ерекше білімді және алдыңғы қатарлы, өмірді өзінің ішкі сезімінің қайсар оянуымен шариғатқа сай таңдаған, ішкі бағытынан толықтай адасқан, күнделікті өмірдің әдет-ғұрпынан бөлініп шыққан, белгісіз әлеуметтік топқа кіруге мұқтаждықты сезінетін адамдар кездеседі.  Олардың нанымы қызу, нақты өзгешелікті алып жүреді, ал сенімдері, тәртіп бойынша  ұлттық бояуынан айрылған.  Бізге дінге шын берілген, оларға шариатты Алланың Заңы сияқты ашып берген, Аллаға рахмет айтудан шаршамайтын, осы және келесі өмірде Олар болжап қойылған өмірдің жолына «өздерін тарту етуге» рұқсат алған орыс  мұсылмандарымен  танысуға тура келді.
Сонымен қоса, үшінші топқа исламның батыл ағымдары мен ұйымдарына қызығатындар қосылады: талибтер мен ваххабиттер. Негізінен бұлар оң радикалды және сол радикалды топтардан шыққандар. Олар мұсылман болып, жастар экстремизмінің ортасынан толықтай қол үзіп, қалғандары сонда қалып және дауат жүргізеді (Исламның уағыздарын). Мұндай құбылыстар батыста кеңінен тарады, мысалы, Британияда Исламды кейбір неоұлтшылдар  қабылдады. Ал Ресейде Исламды қабылдауда, бұрынғы Ұлттық Большевиктік Партияның мүшелері, 2004 жылы жазда шыққан Э. Лимоновтың «Исламская карта» мақаласы біраз айқай көтерді. Ұлтшылардың ішінен шыққан, жаңадан кіргендердің ішіндегі ең атақтысы Фатима-Татьяна Тарасова мен Ахмад-Павел Жеребин. Нәтижесінде, Татьяна Тарасова Ұлттық Большевиктік Партиядан кетті (радикалды көзқарасын сақтап қалды), ал Павел Жеребин әлі күнге дейін лимоновшыл болып қалды.
Мұнда таңқаларлық ешнәрсе жоқ, ондай оңшылдардың табынушылары, Юлиус Эвола, Фридрих Ницше, Эрнст Юнгер, Константин Леонтьев сияқтылар Исламға оң көзбен қарады.
 Бірақ, жас адамдардың кәдімгі дәстүрлі мұсылмандармен қақтығысып. көңілдері жиі қалады: оларға имперализммен күресудің орнына, нанымдары бірдей туыстарынан гөрі тоғышарлық жұмыстары, құрылыстағы сауда мен жұмыстары маңыздырақ болды. Сонымен жаңадан кіргендердің төртінші және ең таңқаларлық тобы, Л. Фарраханның «қара мұсылмандары»,  ал мен «ақ мұсылмандар» деп айтатын едім. Осы топтың өкілдері Исламды орыс ұлтшылдарымен, немес нәсілшілдермен, солшыл радикалды доктриналармен біріктіреді.
Мысалы, орыс мұсылманы Анастасия Ежоваға Исламды « асықпай исі аңқыған шәй ішетін, шариат бойынша әсер қалдыратын сахнамен қоса, қалада есекпен қыдыратын, ала шапан киген ауыл ақсақалдарына, дауыс зорайтқыштары бар әсем бой көтерген мұнараларға,  түрлі-түсті чадра оранған, тынымсыз қара көз балаларын ерткен араб әйелдеріне, саялы түрлі-түсті суретпен және таспен қоршалған таяушығыс қалаларының көшелеріне» ұқсастырған  ұнамайды. Этника­лық мұсылмандарға (Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген гас­тар­бай­терлерге), әсіресе жа­қын арада Ресейден келгендерге, «ақ мұсылмандар» ашық түрде жеккөрушілікпен және жауластықпен қарайды.  
«Орыстық» Исламға деген қызғушылық мұсылман емес орыс ұлтшылдарының арасында шын қостау табады. Орыстың ұлттық этникасының белгілі теоретигі Александр Севастьянов өзі редакторлық жасайтын «Национальная газета» бетіне орыс мұсылмандарының түрлі мағынадағы «Оң  көріністі жобалау» қосымшаларын жариялауға орын қалдырды.  Севастьяновтың өзі қазіргі замандағы еуропалықтар арасында өріс алған әдет-ғұрыптан гөрі, мұсылманның таза адамгершілігі ұнайтынын айтты. Осылай айта тұра, ол Ресейдегі мұсылман миграциясының қарсыласы болып қалды. Бірақ көп бақылаушылардың арасында «ақ мұсылмандардың» мұндай бағыты түсініспеушілік туғызады. Жаңа кіргендердің арасындағы идеялық ұрыс әзілге жатпайды, айтатын болсақ, «өсудің ауруға шалдығуы» заңдылығына толықтай кіреді.
Менің пікірім бойынша, Ресейдегі Исламға кіргендердің негізгі категориялары осындай. Мен қозғаған тақырып Елена Чудинова және Роман Силантьев сияқты  кейбір адамдардың ашуын қоздырады. Бірақ, православиелік арабтар мен жапондықтар бар болса, онда неге орыстық мұсылман болмайды? «Орыстық мұсылман» феноменінің болашағы зор деп ойлаймын. Біз ғаламдық өзгеріс дәуірінде өмір сүреміз, кеше жасауға болмайтын нәрсе, бүгін күнделікті құбылыс болып шыға келеді. Қазіргі заманда болып жатқан, Азияның көптеген елдерінде қарқынды даму мен миграциялық тасқынға еліктеуге байланысты  процестер, Ресей өміріндегі Шығыстық фактордың әдеуір жоғарылауына әкеледі.


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 1757 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана