Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Асылбек Мусин: Өзім, Наным және Сайлау туралы
Сіздердің назарларыңызға «Central Asia monitor» апталығының соңғы нөмірінде жарияланған Асылбек Мусин берген сұхбаттың толық нұсқасын ұсынамыз.

-Асылбек, алғаш өзіңіз туралы айтыңызшы, біздің оқырмандары­мыздың көбі Сіз туралы ешнәрсе білмейді.


-Мен Қазақстанның азаматымын, жасым 29-да, Бір Алланың барына сенемін, Отанымды сүйемін, Әділдікке жүгінемін, Ақылдың сезімді жеңіп шығатынына сенемін, күш – Ақиқатта деп ойлаймын. Менің өмірбаяныммен ашық деректерден танысуға болады. Онда ешқандай естен кетпес немесе тәуекелдік жоқ. Менің адам болып қалыптасуыма, мынадай факторлар әсер етті: ата-анам, бәрінен бұрын әкем, ол мені кітап оқумен және өз бетімен білім алуға тәрбиеледі, менің Нанымым – Бір Құдайдың ақиқатына және оның постулаттарына нақты сену.

-Асылбек, кейінгі кезде ашықтан ашық мақсат болып жүрген нәрсе, жоғары қызметтегі шенеуніктердің баласының да билікке баратыны. Сізше бұл азаматтардың теңдік қағидасын бұзбай ма, бұл түсінікті ғой, бұл әкімнің, жоғары министрдің балаларының қадамдары емес пе?

-Егер заң белгілі категориядағы адамдарға саяси үрдіске қатысуға тыйым салса, онда теңсіздік қағидасы бұзылатын еді. Мысалы, әйелдерге немесе кімнің жері жоқ болса. Тәртіп туралы айтсақ, біздің заңымыз жеткілікті түрде ымырашыл және бұқарашыл, бірақ салыстырмалы түрде бәрібір теңсіздікке жас ерекшелік және мүлік цензісі кіреді.

Жалпы - ең  күрделі және көпқалыпты нәрсе. Егер сіз сіз күш немесе тура бақылау ретіндегі билікті айтып тұрсаңыз, онда мен оны тар,  бір түсті ықпал дейтін едім. Биліктің философиялық және метафизикалық тақырыбын айналып өтсек, бірнеше сатысын секіріп өтсек, онда билік – бәрінен бұрын бостандық деп айтамын. Бостандық бөтен біреудің ықпалы немесе бақылаушысы емес, бірақ қағажу көрсетуден бостандық. Қағажу көрсету, бірінші кезекте, материалдық емес жоспарда. Егер қаласаңыз, бұл жерде біз биліктің рухани толыстауына, шындап идеялық өріске жақындаймыз. Өйткені, Билік – тағы да Алла туралы, өмір туралы, тағдыр туралы, Мақсат және құралдар туралы Білім. Білім  азат етеді, ал бостандық еркіндік береді. Еркіндік деген атау бар. Еркіндік пен  Билік деген нәрселердің бір-бірінсіз мағынасы жоқ. Еркіндік бірінші қалыптасқан, солай болуы керек. Сіздер билікті түсінетін басты мәселе осыда болу керек. Біз билікті қожалық ету немесе ашығырақ басқару деп түсінеміз. Биліктің тамыры іштен шығатын еркіндіктің күшінде. Менің түсінігім бойынша Биліктің табиғаты – еркіндік пен күш сияқты болып қалыптасқан. Біздің элиталарымыздың істің мәнісіне тереңірек түсінгісі келмейтіні, оларда өзіндік Еркіндіктің жоқтығына әкеліп тірейді. Анығырақ айтсақ бар, бірақ бөтен біреуден  немесе жанама алған. Еркіндік дүниені өз бетінше түсіну  мен ондағы адамның рөлімен қалыптасуы керек (дұрысы адамда дүниені). Егер қаласаңыз, адам мен ұлт өздері үшін дүниені тереңірек, дұрысырақ, алғырырақ жасап алады, егер Еркіндік күшті және жеңімпаз болса, Билік тиімдірек болады.

Іс жүзінде дүниені және адамды бейнелеудің айтарлықтай көп формасы жоқ. Түсінікті, мен философия мен дін туралы айтып тұрмын. Бірден айту керек, барлық идеологиялар – ымырашыл, керітартпа (дәстүршіл), коммунистік, ұлттық болып философияға немесе дінге кетеді, анығырақ өздерін жаратушы мен белсенді жақтаушыларының философиялық және діни санасына. Мысалы, ымырашыл идеология өзінің белсенді жақтаушысы болған америкалық ағылшын саксондардың элиталарымен (енжар жақтаушысы Американың халықтары) бірге философия Біліміне, масондық эзотерикаға, радикалды протестантизмге ұлттың, адамның, өмірдің толық бейнесі болып тамырымен кетеді, өмірдің ақ-қара жақтарын көрсетеді. Еркіндік пен миссияны алып жүретіндерге, Билік жасауға құқық береді. Идеологияның бұл формасы салыстырмалы түрде сәтті, белсенді түрде өтеді, өмірді өзгертеді, жеңеді, бүгінгі күнде дағдарыс кезеңін бастан өткізуде. Немесе басқа мысал, марксистік. Естеріңізде ме, Маяковскийдің: «Марксизм – қару, дәрімен атылатын қару амалы! Істің ебін білсең осы амалды қолдан!». Қолдандық, бірақ істің ебін жақсы білмедік, пайдасы да болды. Марксизмде Биліктің сұрағы негізінен шешілген. Керітартпалардан алып, ымырашыл – коммунистерге берді. Тарихтың барысы өзгереді. Жалпы әрбір өзін сыйлайтын билік, аз болса да тарихтың барысын өзгертуге үміттенеді. Егер үміттенбесе, басқаша болғаны. Сен өзгертпесең, басқа біреу өзгертеді, ал сен жеңімпаз емес, мардымсыз болып қаласың. 

-Сіздің атыңызды «Ізгі Амал» қозғалысымен байланыстырады. Солай болғаны ма? Партия емес, неге осындай қозғалыс? Сіздің көптеген құрдастарыңыз бизнеспен, мансапқорлықпен айналысып жүр емес пе?

-Қызық сұрақ екен. «Ізгі Амалдың» толық қызметі туралы кейін айтамын. Қандай саяси партия болмасын немесе «Ізгі Амал» - өздерінің мағынасы бойынша қоғамдық бірлестік. Бірақ, «Ізгі Амал» мен саяси партияның арасында әжептеуір айырмашылық бар. Партия – төрешілдік құру, басқару функциясын атқаруға әуестеніп, мемлекеттің саяси курсына қатысуға, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуына үміттенеді. «Ізгі Амал» - ойшыл және рухани құбылыс, саяси үрдіске тікелей ұмтылмайды. Бірақ біздің құзырлық жүйемізге ұлт элиталары үшін бейсаясат емес, ойлы-рухани база қалыптастыру міндеті кіреді. Сондықтан «Ізгі Амал» миды іштей толықтыру мен біздің ұлт элиталарының  рухын көтеру проблемаларын шешуге  бой ұсынған, соның ішінде саяси. Біз тура саясатпен жұмыс істемейміз, оның флософиялық және рухани мазмұнымен жұмыс істейміз.

Менің философиямен айналысу таңдауыма келсек, онда бұл менің дүние тану жөніндегі түсінігіммен алдын-ала анықталған, ал менің затты түбіне дейін үңіліп қарайтын әдетім бар. Бұл маған қызық.

-Сіздің ойыңызша, Қазақстан халқының әжептеуір халқының арасында жалпы дінге деген, соның ішінде Исламға деген көзқарастың қалыптасқаны, келісіліп алынған нәрсе ме?

-Екі себеп бар: табиғи және адамшылық. Бір жағынан – адамның туа біткен бейімділігі материалдық емес негізден, діннен, эзотерикадан, психологиядан тірек іздеу. Басқа жағынан – ымырашыл заңның діни бірлестікке қатысы. Менің көзқарасым бойынша екі фактордың бірігіп түсіндіргісі келетіні, дін және діннің айналасындағы топтардың санының күрт өсуі. Байқап көрелік, сапалық жағынан алсақ кері жағын байқаймыз, негізгі ойдың бұзылғанын деп айтқым келеді. Азаматтық ұлттыққа, мемлекетке, жалпы қоғамға қатысты талқандаушы күш пайда болды. Дін немесе рухани өріс қуатты күш болып табылады, әрине, оның көмегімен ұлт элиталары дара-дара болып кеткен көпшілікті біріккен ұлттың азаматтық тұтастығы етіп шоғырландырады. Бұлай істеу үшін элиталардың өзі дұрыс, тиімді және жеңімпаз әдіске ие болуы керек. Өкінішке қарай, біздің республикамызда құбылыстың кері жағын байқаймыз, біздің протоэлита (нағыз элиталар – бұл адамдар   жауапкершілік және қоғамның нақты проблемаларын шешуді  өздеріне алады) ойшыл және рухани өрісте елеулі қателіктер жіберіп алады. Бұл туралы  жан күйзелетін дәлелдер бар: шетелдік уағыздаушылардың, протоэлитаның өз ішіндегі барлық бетке ұстарлар мен әр бағыттағылардың озбырлығы. Байлардың, саясаткерлердің және зиялылардың арасында басқа біреудің идеологиясы және әдісіне енжарлық танытып, ойланбай жүру мақсаты орын алған.  Мысалы, этникалық ұлтшылдықтың доктринасы Жаңа Кезеңдегі ешкімге тәуелсіз Еуропада ойлап шығарылған. Оны XXI ғасырда британ барлаушылары құрлықтағы империяны талқандау үшін, болашақта отарланған халықтар ортасына түсетіндерге ұлтаралық қақтығысты жандандыру үшін пайдаланған. Бұл идея, XX ғасырдағы ұлттық-социализм кезінде кемеліне жеткен, бүгінде біздің жалған ойшылдарымыз соған талаптанып жүр. Біздің ұлтшылдар өздеріне есеп бермей, соқыр және қызбалыққа салынып, «Қазақстан қазақтар үшін!» деген ұрандарды көтеріп,  кейін сотталған және Нюрнбергте асылғандардың ісін қайталап жүр. Немесе басқа мысал: халық арасында «салафизм» идеологиясы «ваххабизм» деген жарлықпен танымал. Сауд және пәкістандық экстремистерімен іріктелген уағыздаушылар, біздің халықтың арасында, әсіресе, жастардың арасында қуатты түрде зиянкестік әрекеттерін жүргізуде. Ортағасырлық, мифологияланған ескінің қалдығы сияқты ұсынылған «таза ислам» біздің азаматтарымыздың миы мен рухын шырмап, шатастырып, оларды бөтен, жауласқан ықпалдың белсенді және енжар арандатушысы етіп қояды. Естеріңізге салғым келеді, барлық жерде «ваххабизм» деп аталып түрлі жағдайларға қолданылды, нәтижесінде кері кету, көргенсіздік, теңсіздік, өлім жиілеп және қасірет төнді. Мысал үшін жақын арада болған Чечен Республикасында соғысты немесе Оңтүстік және Батыс Қазақстандағы «салфиттік» ОПГ тұтқындауға алғанды айтсақ жетіп жатыр.

-Біз рухани білім беруде бір нәрсені пайдалана алмай жатқан сияқтымыз, Сізге олай болып көрінбей ме? Қараңызшы, жан-жағымыздан секталардың бұтақтары жайылып кетті, соның ішінде Исламда да?

-Көбейгенде қандай. Сектанттардың проблемасы – көргенсіздік проблема, ал көргенсіздік – ол адамның жеке проблемасы. Адамның өзінің білімін көтеруге жеткілікті мүмкіндігі бар. Білім секталардың бүлікшіл ықпалдарынан азат етеді.

«Ізгі Амал» бәрінен бұрын жаппай сектанттарға, санасыз оқуларға қарсы әрекет үшін құрылған. Біз Нанымға саналы және бағдарлы түрде кіруді көрсетуге тырысамыз. Бұл істе сезім Ақылды басқармайды, сезімнің  Ақылға бағынуы керек деп ойлаймыз. Алланың жақсылығымен біз мұны жасай аламыз.

-Қазіргі уақытта қазақтар «Жаңа шіркеудің» жақтаушылары болып жатыр, Сіз оған қалай қарайсыз?


-Әр адамның өзінің дін таңдауда еркі бар. Бірақ, ол оны ойланып және саналы түрде жасау керек. Көптеген діни ұйымдар адамдардың бостығын, олардың сезімге тұрақсыздығын қанаушылықпен пайдаланып, өз қатарларына тарту үшін психологиялық айла-амал техникаларын қолданады. «Ізгі Амал» ашықтан ашық жаппай қаптап кеткен секталар мен ұйымдардың, жаны таза емес адамдардың осындай айла-амалдарын болдырмау міндетін алған деп айта аламын.

-Біздің қоғамда Сіздің пікіріңіз бойынша, Сіз мүлде келісе алмайтын нәрсе бар ма?

-Өмірге деген қамсыз, тұтынушылық қатынас, мемлекетті, Отанды сүю сезімінің көптеген мемлекет қызметкерлерінде жоқтығы, әсіресе жастардың арасында, біздің ойшылдардың тар өрістілігі, ғылыми және білімдік потенциалдың бірте-бірте төмендеуі, бөтен идеяны және шығармашылықтың тапшылығын соқыр сеніммен көшіріп алғандары. 

-20 жастағы ұрпақтарды қолдан шығарып алмас үшін, нені тезірек жөнге салу керек?

-Жастарға жарқын болашақты көрсету керек, біз, қазақстандықтар, зорлап жасатып жатқан тұтынулар мен өлі салт-жоралармен емес, өзіміздің армандарымыз бен мақсаттарымызды іске асыра отырып, өз тағдырымызды өзіміз басқаруымыз керек. Бұл көріністерге тек діни сана ие бола алады. Сектанттық типтің санасыз, ескінің қалдығы болып қалған бірбеткей түсінігі емес, Аяттар мен Санаға негізделген батыл, саналы сенім керек.

-Жақында қазақстандық ғалым жүргізген зерттеудің нәтижесі оны естен танарлық кейіпке түсірді. Барлық мәліметтер бойынша, қазақтар біртұтас халық болған емес деген сөздер шығады. Аймақтық, жүзге бөлген мүдделер басым болды. Басқаша сөзбен, қанша жалтарсақта, трайбализм біздің қоғамның барлық кезеңіне кіріп кетті. Сіз мұны қалай түсіндіресіз?

-Бұл проблема бұрыннан бар және нағыз қауіп-қатерді төндіріп тұр. Біздің мемлекет пен біздің халықтың алдында тұрған проблеманы шешу үшін, барлық қоғамдық күштер мен топтардан күшеюді нығайтуды талап етеді. Бұл үшін халықтың азаматтық ұлтшылдыққа, мемлекеттік дүние танымы және бірегей ұлттық ұқсастыққа ие, элиталармен бірге қосылғанын талап етеді. Трайбалистік  немесе тайпалық болмыстың өзінің жеке құндылық жүйесі бар, оның ұлтшылдыққа қарсы сипаты бар. Соншама жерді жеңіп алған ұлт ешкім емес. Ұлтшылдық пен жерлестік біртұтас ұлттық алаңды қалыптастыруға кедергі жасайды, мемлекетке қарсы құбылыс болып табылады.

-Сіздің ойыңызша, бізге кетуге мүмкіндік беретін, халықты біріктіретін, ұлттық идея құрылды ма? Ол қандай болу керек?

-Қандай идея болмасын, әсіресе, ұлттық, философиялық немесе қаласаң теология аясында туындайды. Ол үшін Ерік тағы да қажет. Қалауы бар және бөтен оймен шектелмеген ойға Ерік керек. Сонда ғана ой тәжірибенің шегіне кіруге қолдан келгенін жасап, негізгі ойдың шегіне жетеді. Ұлттық идеяға негізді өткеннен, болашақтан, осы уақыттан іздеудің қажеті жоқ, оны уақыттан тыс деректерден іздеу керек. Мұндай түпкі ой Алла ғана болуы керек.

-Ресейлік БАҚ Орталық Азия мен Қазақстандағы исламдандыру тақырыбын кең талқылайды. ТМД институттарына қатысты «Материк» сайтында, белгілі ресей саясаткерлерінің осы тақырыпқа байланысты түсіндірмелері шықты. Ақпарат-талдау орталығының кеңістікті оқыту қызметінің Бас директоры Алексей Власовтың ойынша, Қазақстанда Исламды нығайтуды белсенді жүргізу элиталар арасындағы күрестің шиеленісуінің себебі болды дейді. Оның ойынша, исламдық фактор сондай күрестің құралының бірі болғаны ма? Бұл пайымдауды Сіз қалай түсінесіз?

-Мен Қазақстанда исламдандыру ауқымды жүріп жатыр деп үзілді-кесілді айта алмаймын. Қазақстанға бөтен діни факторлардың кіруіне байланысты кейбір үрдістер жүріп жатыр: діни ортаға жастар мен халықтардың кіруі (біздің есептеуіміз бойынша, елімізде жүз мыңдаған адам мұсылман ағымдарының саналы түрде жолын қуушылар), діни идеологияның саясаттағы және экономикадағы ұлт элиталары өкілдеріне кейбір ықпалы бар. Бірақ, барлық осы үрдістер біршама орынды сипаттар алып жүр. Терең іріктеуді және жаппай ойлауды қайта жасауға болмайды. Алдымен бұл қазақстандық, тарихи және басқа да жағдаймен ерекшеленіп қалыптасқан, сол идеологияның дөрекі және жетілмеген құрамымен байланысты. Мысалы, 20 ғасырдың басында Индияда құрылған «Джамаа-таблиг» сектасының идеологиясы британ мамандандырылған қызметінің белсенді қатысуымен үндістан мұсылмандарының наразылық потенциалын жою. Өрісі тар мұндай әдіс, өзін іске асыруда, мысалы, орден-тарикат дәстүрі сияқты факторларға зәру. «Таблиги» апокалипсистік бағыттағы жүйелі түрдегі жаппай секта. Ешқандай саяси идеологиясы жоқ. Жалпы, әр деңгейдегі проблеманы шешетін ешқандай әдістері жоқ. Өздерінің алдына мақсат қоя білмейді. Бұл идеологияны мұсылмандар британдарға Индияны тонауға кедергі жасамас үшін, басқа мақсаттармен ойлап тапқан. Британдар көптен бері Индияда тұрмайды, ал «таблигтер» әлі де бейбіт үндеулерін жалғастыруда. Оларға жағдайдың өзгеріп жатқанын, сол себепті басқа бағытта жұмыс істеу керектігін, стратегияны өзгертуді ешкім айтпаған. Міне, олар осындай тәртіппен жарты ғасыр өмір сүріп келе жатыр. Адамдарды неге үндеп жүргендерін өздері де білмейді. Тағы бір қапаландыратын мысал, «салафизм» немесе «ваххабизм». 19-20 ғасырда сол ағылшындар мен арабтарды Осман Империясына қарсы жұмылдыру үшін пайдаланған, саудтардан шыққан идеология. «Салафизм» идеологиясының қызу қанды, ойға қарсы сипаты мемлекет пен қоғам үшін қауіп-қатер әкеледі деген нәрсе ойда күдік тудырады. Бұл қауіптің болатыны рас. Ауыл, қала жастарының қиялға берілген кейбір жақтары бар. Шетелдік «ваххабистік» ұйымдардың және олардың жетекшілерінің қазақстандық саяси-экономикалық истеблишментке жасаған біраз ықпалы бар. Осының бәрі ауыр зардаптар әкеледі. Бірақ, саясатқа әкелетін зардаптары жоқ. Бәрі солай болуға тиістідей, әдеттегідей қылмыыстық іспен бітеді. Қаруланған, тонаумен және рэкетпен айналысатын «ваххабистік топ» құрылады. Кім батылырақ Чеченстанға немесе Ауғанстанға барады. Менің білуімше, олардың бәрін қайтарды.

Элиталардың ішіндегі күрес пен исламдық күштермен байланысқа қатысты проблемалар туралы мыналарды айтуға болады. Шынында, қазақстандық элиталар шылғи атеистер болып көрінеді (дұрысырақ айтсақ, агностикалықтар), бірақ олардың дінмен ешқандай ішкі байланыстары жоқ, кеңес номенклатурасының ізін басушылар, анықтама бойынша, діни саналардың барлық формасына жауластықпен қарайды. Бірақ, діни факторларды басына іс түскен жағдайда және саясатқа қатысу мүмкіндігін нығайтуда қолданады.

Ресей жалған аналитиктерінің жалған аналитикасын оқыған кезде, оны жақтаушы оқырмандарда, Алла сақтасын, Қазақстанда исламдық революция кенеттен  шығып кетуі мүмкін деген әсер қалуы мүмкін. Кейбір  басқару ісіндегі элиталар ислам толқынын басып, саяси дивиденттер алғысы келеді. Шын мәнінде, мынадай нәрселер жүріп жатыр: Қазақстандық қоғамдардың кейбір көріністерінде исламдандырудың қауіпті жақтары бар. Негізінен бұлар жастар, ауылдікі, қаланікі, кедей және бай. Бір нәрсеге өздігінен ұқсау бағытын іздеуде жастар әрқашан белсенді келеді. Исламға кірген жастардың біразы экстремистік топтарға кетіп, биліктің қаруланған бағытына қарсы тұруда. Билік оларға не істеу керектігін білмей жатыр. Бір жағынан бұл үлгі боларлық іс, қалай болмасын әрекет жасау керек қой. Басқа жағынан, сезінуді қажет ететіндерде, рухани басқаруларда мұны жасау мүмкін болмай тұр. Ықылас пен мамандық жетіспейді. Осы кезде азаматтардың тобы «Ізгі Амал» пайда болды, олар төнген қауіпті сезіп, қатердің нақты себебін түсініп, азаматтық ынталарын көрсетіп, билікке төніп тұрған қауіпті ескертіп айтты. Мемлекет пен мамандандырылған қызмет дер кезінде және бірдей, қолдан келгенді жасау керек.

Қазақстанда бөтен діни оқулардың бары, сөзсіз дабыл қағатын нәрсе, бағалаудың өткірлігі мен дұрыстығын жоғалтпас үшін, құбылыстың ауқымын ұлғайтып көрсетудің қажеті жоқ. Бәрін қамауға алуға, әдебиеттерді өртеуге, заңды қатаңдатуға болады. Онда біз баланы сумен бірге шашып жіберуге тәуекел жасаймыз. Діни экстремизмнің пайда болуына қарсы әрекет жасауда, діндегі айтылған,  пайдалы және салауатты нәрселерді жоғалтып алмас үшін өте сақ болу керек. Менің айтқым келгені: сол негіздердің рухани сипаты ретінде, элиттік немесе бұқара үшін бейімделген, маңызды емес, қандай да идеология немесе доктрина алға шығу керек. Маңыздысы бағыттың өзінен немесе рухани әдістен бас тартпау, егер қаласаңыз, қазіргі замандағы Қазақстан азаматтары үшін табиғаттағы заттардың метафизикалық түсінігін беру.

-ТМД елдеріндегі Институттар бөлімінің меңгерушісі Андрей Грозин ислам қозғалысының белсенділігін Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусинмен, Сіздің әкеңізбен байланыстырады. Андрей Грозин – қазақстандық, біздің шындықты азды-көпті біледі. Оның пайымдаулары қаншалықты дұрыс?

-Оның пайымдаулары дұрыс емес. Егер жалған аналитиктер Қазақстанда діни экстремизмнің таралуын менің әкемнің атымен байланыстырса, онда бұл қорытындының маңыздылығы маңызды дәлелденген базамен немесе логикалы түрде түсіндіруді талап етеді. Грозиннің және басқа да жалған аналитиктердің талдауларында ешнәрсе жоқ, бұл адамдар нақты басқа мақсатты көздейді. Дәлелдеулердің орнына сенцацияға сүйенген дөрекі әңгімелерді естиміз және тақырыптың жаңашылдығының «жағымсыз» жағын көреміз. Осы уақытта кім ерінбесе «исламға төнген қауіп» тақырыбын және мұсылман фанатиктерінің армиясын әңгіме етеді. Әңгіменің басым көпшілігі ғылымилығымен, әдіскерлігімен, пайдалы мағлұматтарымен ерекшеленбейді.  Мысалы, «Ізгі Амал» біріккен ұйымының бағытымен үстіртін танысқанның өзінде, дінге, қоғамға, мемлекетке қатыстыны алғанда, «Ізгі Амалдың» діни ұйым еместігін түсінуге болады. «Мемлекет, дін және қоғам туралы» Декларацияда Бірлестіктің бағыты бөлшектеп айқын көрсетілген, ол өзінің табиғаты мен сипаты бойынша жоғары да тұр. Декларация өзінің барлық тарауларында Ағартудың рухына, Вольтердің, Руссоның, Локканың, Гоббстың және басқа ойшылдардың сеніміне сәйкес келеді. Егер айтылып кеткен жалған аналитиктер өздігінен қарапайым оқуды оқуға ұмтылмаса, онда олардың саналы және кәсіптік деңгейдегі пікірлерін, сонымен бірге әрекеттеріндегі жасырын сырларын, мен оқырмандарға қалдырамын.

-Грозин мырзаның айтуынша, қазіргі уақытта Сіздің атыңызбен байланыстырып жүрген қозғалыс, бір таңдаулылар клубын ашыпты, оған Алматы және Астана қалаларынан жас адамдар келіп жазылады екен... Бұл солай ма?

-Грозин мырзаның «таңдаулы» сөзінің мағынасын түсінуге қабілеті барына күдіктенемін, «Ізгі Амалға» қатысушылар әр түрлі әлеуметтік топтың, діни конфессиялардың және білім саласының өкілдері. «Ізгі Амал» біздің елімізді жақсы көретін адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді: мұсылмандарды, христиандарды, иудейлерді, атеистерді және басқаларды. Тек ғана бір міндетті шарты бар: Ғылымды, адамның санасын сезінуде және маңызды проблемаларды талқылауда, осы проблемаларды шешуде кеңесіп іс жасау. Теологиялық кезеңдерді талқылау теология ғылымға қарсы, әлеуметтікке қарсы, мемлекеттік доктриналар мен оқуларға қарсы арқау болған кезде ғана ойға келеді. Мысалы, егер біреу ортағасырлық Бұқараның белгісіз ғалымын діни беделі етіп санаса, онда оған менің қатысым жоқ. Бірақ бұл ғалымның адамды жеккөрушілік сенімі қазіргі Қазақстандағы бір әлеуметтік оқудың арқауы болып отыр (мен «салафизм» иделогиясы туралы айтып отырмын), ал мен өз Отанымның патриоты болғандықтан, үндемей отыра алмаймын. Мен бұл туралы өз пікірімді айтуым керек. Көптеген діни деректердің көптеген оқуларында ксенофобтық және әлеуметке қарсы үндеулері жатыр, осы оқудың жолын қуушылар міндетті сипатты алып жүр, менде мұнымен ешқандай проблема болған емес: кім неге сенгісі келсе, соған сенсін, болмаса Бэтменге сенсін. Осындай адамдар өздерінің ашулы  және бұзылған көзқарастарын белсенді түрде тарата бастаса, оның үстіне өздерінің көзқарастарын іске асыру үшін, қолына қару алса, онда бұл ұлт проблемасы болып кетеді. Дәл осы үшін ой мүддесін қорғайтын клуб, айтыс алаңы, дінге қарсы әрекет жасайтын қоғамдық құрал емес, бұзылған мақсаттары бар дін, философия және эзотериканың  пайда болуына қарсы шыққан қоғамдық құрал «Ізгі Амал» құрылды. Менің жеке пікірім, өз Отаны үшін шын қайғырған, ең бастысы, ойдың дұрыс бағытын ұстаған, ғылым және қоғам жұмыстарына белсенді қатысатын әрбір адам, анықтама бойынша таңдаулы болып саналады.

-Андрей Грозиннің ойынша, исламда сап түзеген қазақстандықтардың  жанданып әрекет жасауы «үлкен ойынға дайындыққа» байланысты. Міне цитата: «Жаңа қозғалыс тек ғана ислам туралы көпірме көп сөзді пайдаланғаннан гөрі қызықты, бірақ бұрынғы тыныштық кезеңде жақсы еді, «дөкейлердің» баласы бизнеске кететін, ал мына шарасыз күрестің алдында Назарбаевтың мұрагерлігіне таласуда, олардың ұтысы діни-қоғамдық бағытпен жылжуында». Сіз бұған не дейсіз?

-Барлық бұл әңгімелер үстірт ойлауға беріліп отыр. Мен «дөкей» деп айтып отырғандардың ешқайсысының баласының «діни-қоғамдық бағыт бойынша алға жылжығанын» естіген жоқпын. Бірақ бір нәрсені білемін: бұл діни фактор Орталық Азияда  ауқымды көлемді Үлкен Ойынның элементі ретінде қолданылады. Дін билік, бақылау және бұзықтық жасаудың қуатты құралы деп, дүние жүзінің элиталары өздеріне есеп беретін. Діни сана, әсіресе, фанаттық, ыңғайлы саяси құрал болып көрінеді. «Divide et impera – бөліп ал және билік жаса» - белгілі қағида. Бірақ, қалай бөлесің? Діни сипаттары бойынша ма? Неге?  Өйткені бәрінен оңай және тиімдірек болғаны.

Саясат дегеніміз барлық кезде  - дін. Саясат пен дін өздерінің нанымға деген шыншылдығына және өздерінің шыншылдығының іске асуына сүйенеді. Іс жүзінде барлық дүние жүзілік элиталар – басқаратын штат емес,  шын иелері, олардың діни бастан кешіргендері, тегі және негіздері бар. Дін бұқараға тірек элементісіз, жігерлі түрде беріледі. Бұл басты фактор – Сана. Элитарлық нанымның формуласы, басқаруға мәжбүр болған Сананың, Нанымның және Еріктің синтезі. Қалың топ соқыр, фанатикалық, ойсыз нанымның, шетелде тұратын немеес бұрын болған беделі, анда және мұндағылар арқылы басқарылады. Сондықтан, қазақстандықтардың ішіндегі тыңдаушы топтардың қандай күші болмасын, дүние жүзілік элиталар сияқты, Дүниенің ақиқат Иесі – Ерікті Жартушы деп, ерікті қабылдауды саналы түрде жасауы керек. Соңғысы бәрінен маңыздырақ.

-Қазақстанды, Қырғызстанды жақсы білетін тағы да бір ресейлік саясатшы Сергей Михеевтің айтуынша, билік басында Назарбаев тұрған кезде исламдықтардың радикалды күшейген бағыттары болмайды. Ол Құран туралы барлық әңгімелерді элиталар арасындағы күрестің тойтарысы дейді. Михеев мырзаның болжауынша, «Назарбаевтың мұрагерлігі үшін күрес қатал болады». Бұл жағдайда батыл сап құрған исламдықтар араб елдерін, халықаралық ислам қозғалысын қолдайтын нақты саяси күш ретінде шығуы мүмкін. Сіздің ойыңыз?

-«Құраншылдар туралы әңгіме – элиталардың ішіндегі күрестің тойтарысы» дегенмен біраз келісемін. Кейбір жағдайлар қорытынды жасауға мүмкіндік береді, елдегі діни  жағдайға нақты баға беруге қабілетті, ой мүддесін қорғайтын топтың пайда болуы кейбіреулер үшін қолайсыз болады.
«Ізгі Амал» нақты мақсатпен жұмыс істейді: радикалды исламдықтарға және басқа экстремистерге саяси күшке олардың доктриналарын, олардың әрекеттеріне қоғамдық қарсы әрекет жасау арқылы, ой-мүддені әшкерелеу жолымен кіруге жол бермейді.   

-Қазақстандықтар ислам қозғалыс­тарының әрқайсысының соңынан ере бере ме? Қазақтардың бәрі діндар мұсылмандар емес. Жергілікті халықтардың көбінің ойынша, халықтарды исламдандыру мәселесі біз үшін маңызды емес деп айтады...

-Қазақстандықтар жалған мұсылман­дық қозғалыстар мен партияның соңынан емес, Сананың соңынан еруі керек. «Ізгі Амал» нанымға тәуелсіз, саналы түрде еруге шақырады. Енжар , ықылассыз кіруге жол берілмейді. Сондай әрекеттер көптеген қазақстандықтарды бүлікшіл секталар мен рәсімдердің жолын қуушыларға айналдырды.

Діндар қазақстандықтарға қатысты мыналарды айтқым келеді. Нанымдағы әділдіктің дәрежесін кім анықтайды? Сектанттық мұсылмандарда мұны үкім шығаратын абыз-имамдар немесе молдалар айтады: «Мына адам намаз оқымайды...немесе оның сақалы қысқа... ол біздің шейхті көзге ілмейді...немесе барлық шейхтарды көзге ілмейді...ол кәпір, имансыз». Егер Құранды ашсақ, біреу арқылы емес, өзіміз де оқи аламыз, біз таңқаларық заттарды табамыз. Алла өзінің басымен ойлайтын, Бір Аллаға сенетін және өзінің Раббысы үшін жұмыс істейтін адамдарды жақсы көреді екен. Ойла, сенімді бол және еңбек ет! Міне бәрі де болады, сен имандысың! Имам, молла, шейхтардың қажеті жоқ. Ал кейбіреуге нанымға бұлай кіру ұнамайды. Көп адамдар үшін наным – бизнес. Маңыздысы – билік. Рухыңа билік жасау. Сол себепті үлкен де көпте емес осындай «Ізгі Амал» сияқты топтарға теріс көзқараспен қарайтындарды Жүйеде байқауға болады. Бұл жігіттер қарапайым, сонымен қоса күшті нәрселер туралы айтады. Алла туралы, Сана туралы, Әділеттік туралы, Наным туралы, мәңгілік туралы, өмірдің мағынасы туралы, өмірдегі адамның рөлі туралы...тура және түсінікті айтады. Ал кейбіреулер бұл нәрселердің күрделі және түсініксіз болып қалғанын қалайды. Кейбіреулерге Білім мен Әділеттіліктің қажеті жоқ.

-Асылбек, Сіздің атыңызды «Ізгі Амал» қозғалысымен байланыстырады. Ол нені көрсетеді, оның мақсаты қаншалықты ұзаққа созылады?

-«Ізгі Амал» бірлестігіне қатысушылар мен ұйымдастырушылар – менің достарым. Заңды түрде менің «Ізгі Амалға» қатысым жоқ, бірақ идеялық және рухани жағынан бір бағытты бөлісеміз. Қозғалыстың идеясы дәстүрден ой мүдделерін бөлу арқылы органикалық өсіп шықты, біз оны бұрыннан жасап қойғанбыз. Біз әр түрлі мәселелерді талқылау үшін жиі жиналамыз, Палестинадағы жағдайдан экзистенциализм философиясына дейін. Қызу бәсеке, қақпайласулар кезінде ойың өткірленеді, идеялар туындайды, жоспарлар пайда болады. Бұл өте пайдалысы және негізгісі – ой әрқашан әрекеттің алдында тұруы керек. Сол себепті «Ізгі Амал» бәрінен бұрын ой мүддесінің клубы, содан кейін барып қозғалыс. Жалпы, Отанын сүйетін қағидамен жүретін, саналы айтыстардың тәртібін қолдайтын, ең бастысы Жаратушының барын сезінетін әр адам өзін «Ізгі Амалдың» мүшесімін деп санауға болады.

«Ізгі Амал» рухани және ой мүддесінің құбылысы, ол саясат үрдісіне тікелей қатысуға ұмтылмайды. Бірақ біздің қызмет бабымыздың жүйесіне ұлт элиталары үшін ойлы-рухани база  қалыптастыру кіреді, оның саяси өмірге араласуы мүмкін емес. Сондықтан «Ізгі Амал» ой-мүддені қорғайтын қозғалыс, миды іштей толықтыру, біздің ұлттың элиталарының рухани, соның ішінде саяси проблемаларын шешуге дайын. Біз тура саясатпен емес, оның философиялық және рухани мазмұнымен жұмыс істейміз. Айтқандардың шегінен шығып кететін ешқандай мақсаттар жоқ, «Ізгі Амалдың» мүшелерінің соңына түспейді.

-Бұл қозғалыс қандай халықаралық серіктестіктермен байланысты? ,

-«Ізгі Амалдың» ешқандай саяси, заңды, экономикалық, идеологиялық, ешқандай халықаралық күштермен, париялар мен қозғалыстармен байланысы жоқ, ешқандай шетел мемлекеттеріне, элиталарына қатысы жоқ. «Ізгі Амал» халықты ойлайтын және Отанын сүйетіндердің, халықпен қатынас жасауға және әңгіме құруға дайын  адамдардың өз еркімен құрылған одағы.  «Ізгі Амал» ойға қарсы әрекет жасаған бұзылған ойға, рухани доктриналарға, қоғамға көмектесу, қиын істерді жасап жүрген мемлекетке көмектесу үшін құрылған. Сол себепті айтқанымызға сүйенсек, «Ізгі Амал» барлық халықаралық серіктестермен осы серіктестердің саясаты «ізгі Амалдың» идеялық платформасына қарсылық жасамаса, ұлттық қауіпсіздікке, конфессия аралық келісімге, біздің Отанымыздың саяси егемендігіне қауіп төндірмеген жағдайда ғана ашық қатынаста болады.

-Сіз өзіңізді «Ізгі Амалдың» немесе басқа исламдық қозғалыстың басшысы ретінде көргіңіз келе ме?

-Көрмеймін. «Ізгі Амал» исламдық та, діни бірлестік те емес. Бұл иерархияға бағынуды қаламайтын, жүйелі типтегі ойшыл адамдардың одағы. Әр мүшенің дауысы тең дауысты және жиналыстар мен жиылыстар да бірдей естіледі.
Рахмет.


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 4668 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана