Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Құрандағы зекет беру
Алланың Құрандағы ең маңызды  әмірінің бірі "зәкәт” болып табылады, қазақ тіліне аударғанда «тазалық» деген сөзді білдіреді. «Зәкәт» Алланың жолына жеке өз дәулетін жұмсау арқылы іске асырылады. Осы әрекет арқылы адам, осы өмірдің жетіспеушіліктері мен кемшіліктерінен тазарады.
Намаз оқыңдар, тазартатын шығын (зәкәт) беріңдер, тізе бүгушілермен бірге иіліңдер. (2:43)
Намаз оқыңдар, тазартатын шығын (зәкәт) беріңдер, барлық игілікті алдын ала жасасан, оны Алладан табасыңдар. Шындығында, Алла сендердің істегендеріңнің бәрін көреді. (2:110)
Намаз оқыңдар, тазартатын шығын (зәкәт) беріңдер, Елшілерді тыңдаңдар, мүмкін сендер шапағатқа ие боласыңдар! (24:56)
...Құранды шамаларың келгенше оқыңдар, намаз оқыңдар, тазартатын шығын (зәкәт) беріңдер, Алла үшін жақсы үлес беріңдер. (73:20)
Жаратқан Иенің бұл шарттары адамдар үшін жаңалық емес. Мұндай әмір Құран түскенге дейін болған, бұл Кітапта осылай айтылған.
Міне біз Израиль ұрпақтарынан ант алдық: «Аллаға ғана қызмет жасаңдар, ата-аналарыңа, жақындарыңа, кедейлерге жақсылық жасаңдар, адамдарға жақсы сөздер айтыңдар, намаз оқыңдар, тазартатын шығын (зәкәт) беріңдер». Біразың ғана болмаса, қалғандарың теріс қарап кеттіңдер және шеттеп қалдыңдар. (2:83)
Алла Израильдің ұрпақтарынан ант алды. Біз олардың ішінен он екі жетекші таңдап алдық . Алланың айтқаны: «Шындығында, Мен сендермен біргемін. Егер сендер намаз оқысаңдар, тазартатын шығын (зәкәт) берсеңдер, Менің елшілеріме сенсеңдер, оларды қолдасаңдар, Алла үшін жақсы үлес берсеңдер, сонда Мен сендерді жаман әрекеттеріңнен тазартамын, даусыз өзені ағып тұратын Баққа апарамын. Ал кім бұдан кейін мұны (Алланың өсиеттерін) жоққа шығарса, соның тура жолдан тайғаны». (5:12)
Оларды жетекші етіп тағайындадық  (Ысқақ пен Яғқұпты), Біздің әміріміз бойынша, оларға жақсылық істеуге, намаз орындауды оқытуға, тазартатын шығын (зәкәт) беруге иландырдық. Олар бізге қызмет жасады. (21:73)
Наным әрекет жасамаса жоғалды деген сөз. Сол себепті «зәкәттің» мәні адамның нақты әрекет жасауында. Адал иман келтіретін адамдарды жиі мысал етіп айтылып, осыған байланысты мейірімді істері көрсетілген.
Шындығында, иман келтіргендер игілік істер жасады, намазды орындауға тұрды, тазартатын шығын (зәкәт) берді, олардың Раббысынан олар үшін сый бар. Оларға қорқыныш төнбейді, олар қайғырмайтын болады.  (2:277)
Олардың ішінен білімге берілгендер, иман келтіргендер, саған түсірілгенге және сенен бұрын түсірілгенге сенеді, намаз оқиды, тазартатын шығын (зәкәт) береді, Аллаға және Ақиқат күніне сенеді,- Біз соларға жоғары сый береміз! (4:162)
Сендердің қолдаушыларың – тек ғана Алла және Оның елшілері, иман келтіргендер, намаз оқығандар, тазартатын шығын (зәкәт) беретіндер, олар (Алланың алдында) тізе бүгеді. (5:55)
Егер олар тәуба жасап, намаз оқи бастаса, тазартатын шығын (зәкәт) берсе, онда олар дін бойынша сендердің туыстарың. Біз білетін адамдарға аяттарды (белгілерді)  толық айтамыз. (9:11)
Алланың мешіттерін Аллаға, Ақирет күніне иман келтіргендер, намаз оқығандар, тазартатын шығын (зәкәт) беретіндер, Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар жандандырады, - мүмкін солар (Алланың) көрсеткен тура жолына түседі. (9:18)
Ал иман келтіретін ерлер мен иман келтіретін әйелдер, олар - бір-біріне дос. Олар мақұлдаған нәрсені жасайды,  мақұлдамаған нәрседен тыйылады, намаз оқиды, тазартатын шығын (зәкәт) береді, Алланы және оның елшілерін тыңдайды. Алла оларға рахымшылық жасайды,  Алла – Құдіретті, Дана! (9:71)
Не саудаға, не Алладан естіген бітімдеріне, намаз орындауға, тазартатын шығын (зәкәт) беруге көңіл аудармайтын адамдар бар. Олар жүрек пен көзқарастың қозғалғанынан қорқады.  (24:37)
Құранда тазалықтың мағынасын ашатын тағы бір сөз бар, бұл "тахара” сөзі. Егер біз бұл сөздің қолданылуы мен одан тараған сөздерді бақылап қарасақ, онда бұл сөздің дене тазалығына қатысты қолданылатынына көзіміз жетеді. Ал «зәкәт» - рухани тазалыққа жетелейтін әрекет:
Егер сендер әйелдеріңмен ажырасқан болсаңдар, олар (Құранда) көрсетілген мерзімді күтсе, онда оларға өзара мақұлдау арқылы некеге тұруға бөгет жасамаңдар. Мұндай ғибрат Аллаға және Ақирет күніне сенгендер үшін. Бұл сендер үшін рухани да таза (азка), денеге де (атхара). Сендер білмейсіңдер, Алла бәрін біледі. (2:232)
Біз Раббымыздан (өлтірілген баланың) орнына,  оған қарағанда жақсысын, рухани тазасын (зәкәт) және мейірімдісін бергенін қаладық . (18:81)
«Ей, Яхия, Кітапты мықтап ұста!» Біз оған даналықты оның бала кезінде-ақ бергенбіз, мейірімділік пен тазалықта (зәкия) Бізден берілген. Ол қырағы, ата-анасына мейірімді еді, ол рахымсыз, қыңыр емес. (19:12-14)
Ей, иман келтіргендер! Онда тұратындарға әлемдегі жақсы сөздерді айтып амандаспайынша, рұқсат алмайынша, бөтен үйге кірмеңдер. Егер үйден ешкімді таппасаңдар, өздеріңе рұқсат еткенше кірмеңдер. Егер сендерге «Кетіңдер!» десе, онда кетіп қалыңдар. Бұл сендер үшін ең таза (азка), Алла сенің істегеніңнің бәрін біледі! (24:28)
Иман келтіргендерге айт: "Көздерін төмен түсіріп, жыныстық мүшелерін сақтасын. Бұл олар үшін ең таза (азка)”. Шындығында, Алла олардың істегенінен хабардар!  (24:30)
Әрбір дұрыс ойлы, рухани тазалыққа ұмтылатын адам өзіне сұрақ қояды: «Алланың разылығына жету жолына қанша шығын шығару керек?» Құпия емес, ерте заманнан бастап мұсылман тәртібінде төлемнің мөлшері анық айтылған. Бірақ, Құраннан нақты айтылғанды көре алмаймыз. Адам Алла жолына қанша шығын шығару керектігін өзі шешеді. Бұған келесі мына аят ғана бағыт бола алады.
...Олар сенен не шығын шығаратынын  сұрайды. Жауап бер: «Артығын». Солай, Алла сендерге өзінің аяттарында түсіндіреді, мүмкін сендер ойланарсыңдар. (2:219)
Иман келтірушілер рухани тазару жолына өздерінің қаражаттарын қалай жұмсауы керек? Мынадай пікір бар, бұл жылына бір рет ораза кезінде берілуі керек. Бірақ, Құранның аяттарын оқи отырып, шығынның берілетін мерзіміне қатысты басқа пікір қалыптасады.
Ей, иман келтіргендер! Сауда да, достық та, жақтасушылық та болмаған күнге дейін, Біз сендерге бергеннен шығын беріңдер. Ал бұдан (Алланың аяттарынан) бас тартқандар - залымдар. (2:254)
Алла жолына өздерінің мал-мүлкін шығын шығарғандардың мысалы - сабағы жетіге дейін өскен, әр сабағында жүзден дәні бар бидай береді. Алла кімді қаласа, соны (мал-мүлкін) көбейтеді. Алла – Көлемдеуші, Бәрін білуші. (2:261)
Ей, иман келтіргендер! Өздерің жеткен табыстардан және Біз сендер үшін  жерде өсіргеннен шығын жасаңдар. Көз жұмбай алмайтын жаман нәрсені шығын етіп таратуға тырыспаңдар. Біліп қойыңдар, Алла – Жомарт, Даңқты. (2:267)
Иман келтірген Менің қызметшілеріме айт: " Сауда да, достық та болмай тұрған күнге дейін намаз оқып, Біз оларға бөліп бергеннен көрсетіп те, жасырын да шығын берсін. (14:31)
Олар төсектен тұра сала, өздерінің Раббысын қорқынышпен және үміттеніп шақырады, Біз оларға бергеннен шығын шығарады. (32:16)
Шындығында, Алланың Кітабы мен намазды оқығандар, Біз оларға бергеннен ашық та, жасырын да шығын береді, зая кетпейтіндей бітім жасауға үміттенеді. (35:29)
Аллаға және Оның елшісіне иман келтіріңдер, Ол сендерге мұрагерлікке бергеннен шығын беріңдер. Сендердің іштеріңнен иман келтіріп, шығын бергендерді жоғары сый күтіп тұр. (57:7)
Айтылған  аяттар Алланың берген молшылығынан шығын шығаруға үндейді. Әр адамға Алла көлемі бойынша да, әр мезгілде әр түрлі етіп бөліп береді. Осыдан тазаратын шығын Алладан келген табыс пен кіріске байланысты, ал олар әр мезгілде өзгеріп тұруы мүмкін. Бірақ  мұндай игілік іс жасауда сақтық бар.
Өз қолыңның мойныңа жабысып қалуына рұқсат етпе (сараң болма),  оны барынша ашпа (ысырап жасама), онда қайғыға ұшырайсың және бетіңе басады. (17:29)
Олар құрбандық жасағысы келгенде, ысырапта және сараңдықта жасамайды, осы шектердің арасындағы ортаны ұстанады. (25:67)
Туыстарыңа, кедейлерге, жолаушыларға тиістісін бер, босқа ысырап жасама, ысырап жасаушылар – шайтанның туыстары, ал шайтан өзінің Раббысына қайырымсыз.  (17:26-27)
Шығындалатын материалдың қатарына тек ғана ақшалай қаржылар емес, ауыл шаруашылық өнімдері де кіреді:
Ол бақтарды ашпалы және ашпасыз етіп, құрма ағаштарын және әр түрлі дәндері бар жемістерді (анар мен зәйтүнді),  бір-біріне ұқсайтын және айырмашылығыы бар анарлар мен зәйтүндерді жаратты. Піскен кезде жемісінен жеңдер, жинап алған кезде тиістісін беріңдер, бірақ ысырап жасамаңдар, Ол ысырап жасағандарды қаламайды.  (6:141)
Қызық салыстыру: Мұсаның заңын қарайық. Левит кітабында (19:9-10) ауыл шаруашылығымен қалай шұғылдану керектігін айтады:
«Өз жерлеріңнен өнім жинаған күні жеріңді соңына дейін орма, жинағаннан қалғанын терме. Жүзімдігіңді де түк қалдырмай жұлып алма, жүзімдіктегі түсіп қалған жемісті терме...»
Басқа сөзбен айтқанда, егістіктің біраз бөлігін жинамай қалдыруға тура келеді: егін болсын, жүзім болсын. Неге?
«... оны кедейлер мен жолаушыларға таста. Мен – сендердің  Раббы-Аллаңмын».
Бұл Мұсаның заңдарының бір бөлігі еді. Қандай иудей болсын, осы заңға бағынып, кедейлер мен жолаушыларға қамқорлық көрсетуге міндетті. Бұл ауыл шаруашылығын жүргізу заңының бір бөлігі, ал еврейлер ауыл шаруашылығына берілген халық болғаны белгілі.
Бірақ өнім сапалы болу керек, әйтпесе Алла оны бетіне басады.
Ей, иман келтіргендер! Өздерің жеткен табыстардан және Біз сендер үшін  жерде өсіргеннен шығын жасаңдар. Көз жұмбай алмайтын жаман нәрсені шығын етіп таратуға тырыспаңдар. Біліп қойыңдар, Алла – Жомарт, Даңқты. (2:267)
Шығын шығарған материалдың басты сапасы адам өміріндегі оның жоғары құндылығы болып табылады.
Өзің жақсы көрген нәрседен шығын шығармасаң, сен тақуа бола алмайсың, Сенің шығарған шығыныңды, Алла біліп отырады. (3:92)  
Әрине,  мұндай жағдайда молшылықтан тазарудын белгілі мақсаты бар ма?  Келесі аяттар осыған жауап береді:
Олар сенен не шығын шығару керектігін сұрайды. Жауап бер: «Өзің жақсы деп ойлайтындарыңды тарат: ата-анаңа, туыстарыңа, жетімдерге, кедейлерге, жолаушыларға. Шындығында, Алла сендер істеген жақсы нәрселердің бәрін біліп отырады». (2:215)
Садақа (арналған) кедейлерге, қайыр тілеушілерге, осылармен жұмыс істегендерге (кедейлік пен қайыршылық проблемасымен), олардың жүректерін ымыра жасауға көндіргендерге, (құлдарды) азат еткендерге, Алла жолы үшін қарыз болғандарға және жолаушыларға беріледі. (Мұның бәрі) міндеттер (иман келтіргендер үшін) Алладан. Алла  - Бәрін білуші, Дана! (9:60)    
Мұсылмандар арасында "садақа” мен «зәкәт» беруді әр түрлі нәрсе деп қарау қалыптасқан. "Садақа” беру өз еркіңмен беріледі, ал «зәкәт» міндетті түрде жылына бір рет нақты мөлшерде беріледі. Бірақ, Құран бұл екі түсінікті мына аятқа қосады:
Олардың мал-мүлкінен садақа ал, Сен онымен  (дәулеттерін) тазартасың (тутаххирухум) және оларды (рухани) тазартасың (тузаккихим). Солар үшін (намаз оқып) жалбарын, сенің намазын – олар үшін жұбаныш, ал Алла – Бәрін білуші, Бәрін естуші! (9:103)
Соңында біздің Аллаға деген өтінішіміз:
«Біздің Раббымыз! Сен бізді тура жолға салдың, енді біздің жүрегімізді басқа жаққа ауытқыта көрме, Өзіңнен бізге рахымшылық  сыйлай көр, Сен – Сыйлаушысың!» (3:8)



Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 3158 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана