Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Атеизмнің пайда болуы және оның ғылым мен өмірге тигізген әсері
Сіздердің алдарыңызда орыс философы Алексей Федорович Лосевтің (1893-1988) «Атеизмнің пайда болуы және оның ғылым мен өмірге тигізген әсері» мақаласы, ол мұны болашақ жас гимназист боларда жазған. Атеизм туралы шағын мақала жастық шақтың шегіне жеткізіп талап қоюымен жазылған. Бірақ бұл жерде жас баланың дүниетану сұрақтарына қызығушылығы мүлдем басқаша және наным мен ақыл-ой мәселесін жолға қоюда қисынды негіздері байқалады. Мақаланы біраз қысқарған түрінде ұсынамыз.
Орыс халқының тұрақсыз өмірінің ішіндегі бақытсыздық пен тауқыметтен, бізде күннен күнге сенімсіздік, ең дөрекі және негізді атеизм дамуда. Егер Батыстың барлық ықпалының бәрі бізді жарылқайтын болса, онда атеистердің ықпалын ең апатты және жағымсыз құбылысқа жатқызуға болады.
Көпшілік оның өмірін қайта түзеуде атеистердің алғашқы оқуына қасарысып берілмейді. Мұндай жағдайда төменгі таптың қарсылығы қарапайым шаруаны жарылқайды. Біле тұрып үлкен қателік жасағанша, білмей адасқан артық.
Атеистердің оқуының маңызы Алланы жоққа шығару, жетілген Ақылдың болмысының мүмкіндігін теріске шығару, ал солай оның табиғат пен адам өміріне әсерін теріске шығару. Барлық әлем осы іліммен келісе отырып, материя, қозғалыс және тәртіп бар екенін біледі. Ол мәңгі және бітпейді, ондағы құбылыстар белгілі заңға қатаң бағынады, сол сияқты және түрлі табиғаттан тыс қатысы жоқ нәрселерді болғызбайды.
Атеизм ерте заманда пайда болған. Ол қоғамдық құлықтылықтың кері кетуінен кейін пайда болған. Адамның өнегелілігі жоғары болса, солғұрлым ол діншіл және сауатты, Құдайдың берген Ақылының көрінуіне әсерленгіш болады. Алла ой мағлұматының құралы болып қызмет жасамайды. Ол біз ұмтылуға тиісті мақсат. Сондықтан түсінікті, егер біз өнегелік қарым-қатынаста жоғары тұрсақ, Біз Аллаға жақынбыз, жаман әдеттер жасасақ, біз Алладан алыстаймыз, оны жоққа шығаруымыз да мүмкін. Сонымен атеизм өнегелік азғындықтың себебінен пайда болған. Қазір ол әр адамда бар, жақында солар өзінің өнегелік борыштарын  да ұмытады. Үнемі қанағат алу, тіпті зиянсызы жиірек, жұмысының материалдық молшылықтан орынсыз тілекке айналуы – мұның бәрі бізге Қасиетті Кітапта берілген ақиқатқа тереңірек кіруге мүмкіндік бермейді. Біз физикалық табиғаттың талаптарын орындау шеңберінде тұйықталып қаламыз да, соңында Алланы жоққа шығара бастаймыз.

Жаратылыстану ғылымының ғалымдары табиғатты бақылаудан Алла туралы шын түсінікті ойлап тапқылары келеді. Шын мәнінде кім болмасын ескертілмеген адамды нағыз діншіл етіп шығаруға қабілетті, Жасаушының даналығы мен ұлылығы, бар екені туралы куәлендіреді. Бірақ, іс мынада, көптеген табиғатты зерттеуші-ғалымдарда  (олардың өздері атеистер) білгісі келмесе де,  Алланы табиғатта сезіну мүмкіндігін беру қабілеті жоқ, бірінші қарағанға қызық болып та естілмейді, олар жоқ нәрсеге сенетін адамдар болып табылады. Иә, бұл ғалымдар ғылыми зерттеулерде әділдікті көтереді, ал өздері олай жасамайды. Олар табиғаттың құбылыстарын оқуға, Алла жоқ деген теріс ұғыммен кіріседі. Ал қалғандары «аспанды қарап шығып, одан Алланың ізін таппайды», астроном Лаланд басқа ғалымдарға қарап, метафизика ғылымына, экспериментальді ғылымда да оны оқытуда осы амалдарды пайдаланудың мүмкіндігін таппай, оларды теріске шығарады, соңынан Алланың болмысын да жоққа шығарады. Міне, сіз адамда атеизмнің пайда болатын тағы бір себебін көрдіңіз. Атеизм өнегелік азғындықтың себебінен, ғылымды бірізділікпен оқытудың себебінен (мысалы тек жаратылыстану ғылымын) жасалынған, барлық жағдайда Аллаға және Оның жер бетінде көрсеткендеріне сенім артатын тілегінің жоқтығында. Ағылшын ойшылы Бэконның нақылы таныс, жаратылыстану ғылымымен толық таныспаған адамдарды құдай жоқ деп көндіруге болады, ал оны нақты оқу - адамдарды Алланың алдына әкеледі. Иә, бұл түсінікті. Жаратылыстану ғылымының негізін қалқан етіп, барлық табиғат туралы пікір айтуға болмайды: оны терең және мұқият оқығанда ғана, бізді қоршаған ортаның діни қарым-қатынаста жағымды нәтижесі бар екенін білесің. Мысалы, Ньютон кіммен амандасса да, қалпағын шешіп, «Алла» деп айтқан, ал Гершельдің айтқаны, ғылымның саласы жайыла түскен сайын, Мәңгілік, Шығармашыылқ және Құдіретті Ақылдың барына дәлелдеулер табылады, ал Фламмарион, Коперник, Галилей,Паскаль, Кеплер, Линней, Медлер, Фай, Вирхов, Т.Мюллер, Гумбольдт, Араго және т.б. – міне осы адамдар әлемдегі ішкі және сыртқы ғылымға өзін шынымен арнағандар, шынымен «ғалымдар» - оның несі бар? – олардың бәрі діншілдер.
Бюхнер, Фогт, Молешотт – бұлар атеизмнің уағыздаушылары – олар жаратылыстағы бірінші шамалармен санасқысы келмейді.
Егер Пфенисдорфқа сенсек, жаратылысты байқаушылардың 92 проценті иман келтірушілердің қатарына жатады, 6 проценті дін жолында енжерлық көрсеткендер, 2 проценті ғана атеистер.
Кейде былай деп айтады, XVII-XX ғасырларда атеистер санының, әсіресе, көп пайда болғаны ортағасырлық католицизмнің реакциясынан болды. бұл иман келтірмейтін ғалымдар үшін жаман болды! Олар дұрыс істемеді, өйткені папалық қатал әкімшіліктің езгісіне қарсы өздерінің әділ ашуларын тиянақсыз жасайды, оны Алланың барлық нанымына аударады, оның адам өміріне жақсы ықпал ететінін ескермейді. Бір сөзбен, атеизмді, жоғарыда айтылғандардан көруге болады, жаратылысқа қарсы құбылыс, өздерінің теріс бастаушыларымен адам өмірін және ғылымды жанға бататын күшпен қайта жасауға ұмтылады. Бірінші христиандар пайда болардың алдында, жер бетінде атеистер көп болды, олар Греция мен Римнің қоғамдық өміріне орасан зор ықпал жасады, оны тезірек қиратуға жетеледі. Сол кездегі атақты адамдар Цицерон, Сенека сияқтылар, оларға кенеттен қарсы шықты, Петрония мен Лукрецияның негізгі нанымдарын айыптады, қалған барлық қазіргі заман атеизмінің ру басшыларын да айыптады. Ерте заманда атеизм күшті өнегелік пен діни оппозицияның нағыз философтар мен ғалымдар жағынан болғанын қалады. Жекелеген адамдар жасай алмағанды, христиан жасады, оған қарсы пұтшыл философтар сәтсіз күресті, сонымен біржолата христиан философтары мен апологеттары жеңіп шықты.
XVI-XVII ғасырларға шейін адамның ойы да алға жылжымады, ол Католиктік шіркеудің күшпен қиянат жасаған себебінен, Батыс Еуропада тоқырауға ұшырады, ал Шығыста жалпы халықтың білімсіздігінен болды. Бірақ XVII-XVIII ғасырларда папаның  өз бетінше ойлау реакциясы үшін жасаған қаруы мұқалып қалды, жаратылыстану ғылымынан зор қолдау тапқан атеизм, өзінің даму барысында таңқаларлық дәрежеге жетті. Гоббс, Толанд, Ламетри, Кондосе, Гольбах, Фейербах, Мелешотт, Бюхнер, Карл Фогт, Штирнер, Швейцер, Ришпен және т.б. – осылар, міне материализм, пантеизм және сенсуализмнің қорғаушылары, жалпы айтсақ, атеизмнің.
Бірақ олардың бір де біреуі өздерінің тәубе келтіретін нанымдарын, қандай да бір жоғары күштің әсерінсіз, Дүниені  жалғыз жаратылыстану ғылымдарының  басқаруынан сақтау үшін нақты дәлелдер келтіре алмады. Олардың біреуі де адам тіршілігінің негізіне жататын, жанды, бірақ ешнәрсе емес сияқты, адамға механизм сияқты жаңа көзқараспен қараған, кәдімгі бейорганикалық зат ретінде қараған идеялар арасындағы қайшылықты жоя алмады. Бұл ғалымдар адам өмірі мен ғылымның дамуына ең зиянды ықпал жасады.
Атеизм «әлемдік жұмбақты» оңай шешеді, ал адам оның шектеулері туралы ұмытып кетеді. Ол табиғи нәрсеге ұмтылады, ғылымнан барлық түсініксіз нәрселерді алып тастауға тырысады, оның оқуы да, мағынасына қарай, метафизикалық, бұл айтылған білім, наным бар болғанда ғана мүмкін болады. бір құпияны атеистер басқаша түсіндіреді, сол мезгілде монотеизм сияқты әбден түсінікті және басқа мағынада нанымға деген жаратылыс идеясын бір барлық бастаудың бір бастауы бар, барлық себептер үшін бір Себеп бар, атеистер себептерді өзара әрекетке келтіруде сиқырлы түсініксіз орта құрайды, бір себеп бір құбылыстың нәтижесі және басқасының негізі болып табылады ойлайды. Ал кейбіреулері табиғаттағы мақсатқа сәйкестілікті ұмытып, соқыр сенімдердің болуына жол береді. Біріншісі де, екіншісі де, әрине, бұл жағдайда мысал сөздің бароны Мюнхгаузен  айтқандай, өзін судан шашынан тартып шығарған сияқты. Егер барлық жұмбақ шешілсе, барлық құпия ашылса, онда ғылымның керегі не?
Соңғысы атеизммен және басқа көзқараспен де теріске шығарылады. Ақиқат (ол - ғылымның дамуының мақсаты) бір ғалым айтқандай, ойлай алатын субъект пен мүмкін болатын объектінің арасындағы сәйкестік. Бірақ бұл сәйкестік, егер ортақ бастауды және адамның ойын, болмыстың мүмкіндігін мойындасақ қана болады. Енді болжап көрелік: ортақ бастауы жоқ деген не: жоғарыда қөрсетілген байланыс жоғалып кетеді, немесе бұл жағдайда шын танымның болуы мүмкін емес. Тағы да сол сұрақты қоямыз, онда ғылым не үшін керек? Осының арасында атеистер онымен берік одақ жасап қойды, олар, мысалы, жақында материализммен бірігіп және одан біраз қолдау тапты.
Материализмді жоққа шығару бізді тұйыққа тірейтін еді, себебі, басқа жаққа көңіл аудармас үшін, біз әзірге материалистік оқуды – негізсіз оқуды мойындаймыз. Сонымен, атеистер ғылымға зиянды әсерін тигізеді, өйткені оны мадақтап, оның жағын жаңалап ұстап, олар шынына келгенде, оған мұқтаж емес, олар оны теріске шығарады. Бірақ, атеизм өмірде теңдесі жоқ үлкен шамада күйзелістік әсер қалдырды. Иә, ықпал ету – бұл зиян жасаудан да жаман, ең ауыры ,адамдағы барлық қасиетті нәрсені не үшін өмір сүретінін, еңбек ететінін, не үшін идеалға ұмтылатынын, соның бәрін тартып алатыны. Фейербах айтады: «
«Адамның талабына сәйкес нәрсе - жақсы» және «адамдағы бардың – бәрі, бәрі -  адам үшін». Егер біз жоғары сатыға көтерілсек, егер біз жаман нәрседен аулақ болсақ, онда бұл жақсы мақсаттарға жету үшін, мәңгілік шаттық пен шексіз бақытқа жету үшін жасалынады. Егер Ол жоқ болса, Кім бізді бақыт жолына шақырады, егер болашаққа қуанатындай жарық сәуле жоқ болса, онда бұл идеалға қарай бұл ұмтылыстың қажеті бар ма, өнегелік өмір не үшін керек?
Сенімсіздікті уағыздай отырып, атеистер жер бетіндегі игілікті ойсыз пайдалануға уағыздайды, ақылсыз эгоизм және құмарланып шаттану. Атеистердің оқуы бойынша, өмірдің басты ережесі, шын мәнінде, сезімтал табиғаттың жалғыз заңды талабы қанағаттан рахат алу, адамдағы атеистердің мойындайтыны осы ғана. Бірақ рахаттану бұл мағынада оған атеистер оқытқандай, өнегелі көзқарас жағынан жалған, салауатты өмірдің бағыты болуға жарамайды. Атеистер айтады: «жануар өз мұқтаждығыңды орында, немесе бұл сенің өміріңнің мақсаты». Жақсы, біз оны орындадық дейік. Бірақ бұл мұқтаждықтар ішкі жағдайларға тәуелді. Бүгін мен бір нәрсені қалаймын, келесі күн бұл ғанибет маған ұнамай қалады. Бұл соңында неге әкеліп тірейді? Мен Алладын және діннен азат болуды армандаған, ішкі дүниенің құбылысына толық бағынған, мінезсіз тіршілік иесі болып қаламын. Мақтаған бостандық қайда? Шындық қайда? Осылай атеизм тұңғиыққа әкетеді, өз жақтаушысының игілік ісіне бейім және аз да болса дұрыс ойлайтын, кімді болса да азапқа түсуге мәжбүр етеді.
Жеке пайдаңның ережесі мен қоса рахат алу ережесі де басқаша болып өзгереді, адам жақын арада басқа адамдармен қақтығысқа түседі. Рахат алудың басқаша өзгерген бұл принципті адамдардың қарым-қатынасының салауатты негізі сияқты мойындағаннан, бірақ негізді болып көрінеді. Біреу өзінің физикалық табиғатының талабына сай басқа ұмтылады, басқасы одан басқаша. Біреу пара алады, басқасы, сол атеизмнің көзқаарсымен, пара алмауды өзі үшін пайдалы деп мойындайды, белгісіз мансапқа заңсыз жетуге және оған, үшіншіге кедергі жасуға тырысады... ары қарай бармай тұрғанда, айтатынымыз, атеизм барлығын барлығына қарсы дөрекі күреске апарады. Бұл күн шыққандай түсінікті.
Жеке мұқтажыңды іске асыру қайғылы нәтижеге әкелетінін, атеистердін өздері де мойындайды, кім болса да өмірде санасуға тиісті, ортақ қандай-да бір игілікті ойлап табады. Бірақ, егер мен – бай адам болсам, өзімнің өмірлік тілектерім мен құмарымды қанағаттандыра алсам, онда менің кедейлікте не шаруам бар? Менің кедейлерге көмектесіп, ақталуға қызмет жасайтын ешнәрсем жоқ, не үшін мен қайырымды болуым керек. Енді. Егер мен кедей болсам, өз көршімнен оның соңғы тамшысы біткенше, мүмкін болса титығына тиемін. Мен дұрыс істеймін: мен жаратылыс заңын атқарып жатырмын емес пе, сонымен физикалық мұқтаждығымды қанағаттандырамын. Міне, атеистердің «ортақ игілігі» Летаға сапар шегеді. Олардың көнгісі келмейді, бағынуға тиісті және ортақ игілікті қолдау мақсаты болғанын қалап, олар заң таратқысы келеді. бірақ атеистердің ұмытқаны, бізге материалдық тілектерді атқару туралы айтқан, олардың өздері берген, бұл заңға бағыну – басқа заңды бұзу.
Әрине, күшке, біздің еркіндігімізге қысым жасалғанға көну керек, егер біз бұл соңғы заңдарды орындамасақ. Жуық арада күш – заңды тәртіптің негізі сияқты, соңғыдан жоғары тұрады, осыдан еркін күш жұмсауға бір ғана қадам қалады. Бұл тағы да тіршілік үшін қайғылы қиян-кескі күрестің дәлелі. Күштің құқығы, жеке пайдаң мен рахат алу туралы қамқорлығыңмен бірге, өзін сөзсіз жауыздықтың үрейі етіп көрсетеді, бұған тыйым салу мен сотты табуға болмайды: атеистік тәртіпке бас бостандығыңмен және жауыздықтан рахат алу қашанда өзіне ақтау табады.
Әрине, барлық ортақ күресте және бытыраңқылықта қызығушылықтың болуы мүмкін емес, прогресс туралы айтудың қажеті де жоқ. «Ортақ игілік» сөзі - өлі туылған атеизмнің қол тумасы.
Атеизмнің ғылым мен өмірге ықпалы осындай. Оның жолын қуушылармен күрес туралы, одан бізді қорғап қалу туралы ой өзінен өзі шықпайды емес пе?
Бізге атеистер өздері туралы, өздерінің оқуларындағы қарама-қайшылықты айтпай ма: «біздің көзқарасымыз дәлелденбеген; олар ақылдың дімкәс өнімі ме?» Иә, атеистер өздері өздерін әшкерелейді, шындығында, «ақиқат деген не» деген сұрақты шешкісі келген қалаушыны, олар  күні бұрын ойланбайтын адамдарды бездіріп жібереді.
Олардың ықпалымен қаншама ақылды адамдар, жүрегі жылы және сүйе білетіндер жоқ болып кетті; атеистер оларға темір механизмнің таңбасын басты, оларға өздері дамуға және жақындарына пайда келтіруге кедергі жасады. Біз атеизмнің ары қарай дамуына жол беріп қоямыз ба? Жоқ, біз күресеміз, егер біздің иман келтірмейтіндерді адал діннің аясына қайтарамыз деген ниетіміз табыспен аяқталмаса, онда бұл – құдайсыздар, нұқсан келтірушілер өле берсін.
Пайғамбарлар мен адамзатың жауларының орнына, көргенсіздікке батып қалған адамды бір Аллаға Сенуге, ақиқатқа, бақытқа, жақсылыққа апаратын, адал және мейірімді қызметшілер пайда болсын.
Жаңа Жер және жаңа жетілген адам болсын, бақытты және таза өмір болғай!
Бұл жаңа Жерден  ашық аспанның көгілдір күмбезі шарықтасын және Күннің жылуы адамдарды тамаша шындықтың лебімен нұрландырсын. Барлық адамзат бір адамдай өзінің Барлық игілікті ісін және мәңгі махаббатқа толы Жасаушысын және Дана Ойшылын мақтан етеді.
25 маусым 1909 жыл, Каменскаяның мақаласы


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 5422 | Рейтинг: 2.8 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана