Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Тоғыз ең қауіпті теріс бағыттар мен жалған ғылымдар
2007 жылы наурыз айында Lancet журналы ең қауіпті есірткінің жиырмадай тізімін жариялады. Ғалымдар мынадай белгілерді енгізді: заттың таралуы сияқты, денсаулыққа зияндығы, басқа дәрі-дәрмек дағдыны қаншалықты шақырады. Адамдарға есірткі мен кокаинды «тастағаннан» гөрі, кейбір теріс бағыттардан бас тарту кейде жеңілге түспейді. Жаңылу адамдарды дәріні қабылдаудан қашуға, ақшаны босқа шашуға, жақындары және туыстарына ұрысуға мәжбүр етуі мүмкін. Солай, адасу білімге, денсаулық сақтау мен азаматтардың материалдық амандығына зиян келтіреді.

Төмендегі ескертілген ғылымдардың «жалғандығы» дәстүрлі ғылымның көзқарасымен бағаланады, сонда дәстүрлі ғылымның өзі эзотериканың көзқарасы бойынша жалған ғылым болып саналады.
Осы қосымша жүргізілген зерттеулердің мақсаты – Интернет жүйесінде жүргізілген сұраққа сүйене отырып, қазіргі қоғамда тараған қандай теріс бағыттардың ең қауіпті екенін анықтау. Сұраққа қатысушы 155 ер адам және әйел адамға, 40 «ілімнен» тізім ұсынылды, олардың бағыт жолдары көрсетілген қысқа суреттеулермен, содан кейін бірнеше сұрақтар қойылды, оның мәні төменде келтіріледі. Сендер сондай ілім туралы білесіңдер ме?
Сендер оны іс жүзінде пайдаланасыңдар ма? Сендер ілім жалған деп ойлайсыңдар ма немесе Сендер оған сенуге бейімсіңдер ме? Мүмкін, Сіз бұрын пайдаланған шығарсыз немесе бұл ілімді оқыған шығарсыз, бірақ бұдан көңіліңіз қалған шығар? Осы ілімді оқуға немесе іс жүзінде пайдалануға байланысты, Сіздер немесе Сіздердің достарыңыз мұқтажыңызға ақша шашасыз ба? Осы ілімнен Сіздің достарыңыз бен жақындарыңыздың (психологиялық немесе физикалық) қасірет шеккен жоқ па?
Сұрақтың нәтижесін пайдаланып, 40 ілімнің әрқайсысын сипаттайтын, алты шама есепке алынды. Ілімге тез жаттығып кету қаншалықты оңай? Дағдылану қаншалықты қиын? Жекелеген адамаға келген, материалдық зиян шегу, қаншалықты көп? Жеке басыңның саулығына келтіретін зияны қаншама? Осы ілімнің іс жүзінде қолданылуынан зиян шеккендердің саны қаншама? Барлақ алты шама тең дәрежеде салмақты болды. Әр сатыға бөлінген алты ілім таңдалды. Саты саны бойынша көбірек ерекшеленген ілім, ең қауіпті деп саналады.

Тоғызыншы орын: нейролингвис­ти­калық бағдарлама (НЛБ).  Бұл ілім жеке адамның бейнесін, оның дүниені (қабылдау) түйсінуін тілмен және денемен қалыптастыру идеясына негізделген. Бұл түйсікті, демек мінез-құлықты түрлі техниканың көмегімен өзгертуге болады. НЛБ идеясының өзі барып тұрған сорақы жалған ілім деп табылмайды, психологиямен тығыз байланысты. НЛБ-ның тиімді техникасын көрсететін, ешқандай ғылыми зерттеулері жоқ. НЛБ-ның классиктері Ричард Бандлер мен Джон Гриндер шынымен мойындады: «Осы жерде біздің сіздерге айтайын деп тұрғандарымыздың бәрі – бұл өтірік.
Біздің нақты және шын түсініктерге қоятын талабымыз жоқ, бұл семинарда біз үнемі сіздерге жалған айтамыз». НЛБ-ның сыншыларының айтуынша, тренинг пен семинарға қатысқысы келгендерден ақша қағып алудың амалы. Осыған қарамастан, азаматтар НЛБ-ға сенеді. НЛБ-дан бас тарту ауырға тиеді және оған оңай әуестенуге болады. Өмір үшін ерекше зиян келтіретінін, қалтаң үшін де ойланбайсың, залалсыз әуестік сияқты, НЛБ 9-шы орташа орында тұр.
...Неге олар өтірікке сенеді де, ал Алланың қайырымдылығын теріске шығарады? (16:72)

Сегізінші орын: гомеопатия.
Бұл ілімнің қағидасының бірі мынада, адамды заттың ерітіндісінің қоспаларымен емдеуге болады, егер сұйылту нәтижесінде бұл ерітіндіде ешбір сұйытылған заттың молекуласы болмаса да. Берілген сұрақ бойынша, гомеопатия – оған көңілі қалған адамдардың және қалтасының түбі көрінгендердің саны бойынша басты орында тұр. Осыған қарамастан, гомеопатиялық дәрі-дәрмектер қымбат бағалы клиниканың сынағынан өтуді талап етпейді немесе дайындалуына көп қаражаттың керегі жоқ, олар жоғары сапалы дәрі-дәрмектерден арзан тұрмауы мүмкін. Басқа жағынан алсақ, гомеопатия «плацебоның тиімділігі» арқасында көмектесуі мүмкін, келтіретін қастығы аздау.

Жетінші орын: уринотерапия (кіші дәретпен емдеу).
Бұл ілім, зәр ішу арқылы барлық ауруды іс жүзінде емдеуге болатынын айтады (соның ішінде ракты да). Ұрыс жағдайында зәрді жараны жуу үшін пайдалану уринотерапия деп қаралмайды. Ресейде уринотерапияның дамуына әжептеуір үлес қосқан Геннадий Петрович Малахов, мемлекеттік эфирдегі «Бірінші каналдың» «Малахов плюс» бағдарламасының жүргізушісі: Уринотерапия азаматтардың ерекше сенімін тудырмайды, кіші дәретті ішу организм үшін жағымсыз із қалдыруы мүмкін, мысалы, бүйректің жұмыс істеуі бұзылады. Бұл уринотерапия адам өмірі үшін қауіпті – жалған ғылым.
Алтыншы орын: хиромантия (алақанның сызығына қарап бал ашу).     Бұл ілім, алақандағы терінің қатпарлары бойынша, адамның тағдырын айтып беру. Ғылыми дәлелдері жоқ, тағдыр осы өрнектерге тәуелді болып тұрғандай. Хиромантия көпшілік ішінде танымал, бірақ сенген адамдардың көңілін жиі қалдырады. Адамдар хиромантияның жалған айтқандарынан зиян шеккендері белгілі жағдайлар емес пе.

Бесінші орын: емшілік.

Бұл ілім, адамға қол салу арқылы, салттармен, жанасумен, дуа арқылы емдеу мүмкін екенін айтады. Емшіліктің басты қаупі мынада, адамның ұмытып кетуі мүмкін немесе әдейі ресми медицинаның көмегінен қашады. Осыған байланысты, емшілердің кінәсінен, жазылу мүмкін емес нәрселерді айтқаннан, уәде бергеннен зиян шеккен адамдар саны жеткілікті.

Төртінші оын: Фен-Шуй.
Бұл ілім, үй жиһаздарын орналыстырып қою «энергетикалық тасқынға» әсер ететінін айтады, мұның астарында не жатқанын кім білсін.
Егер үй жиһаздары Фен-Шуй бойынша қойылса, үйде қуаныш көп болып, ауру жабыспайды. Бірнеше рет тәжірибелер жүргізілді, Фен-Шуйдің бірнеше «гуру» ілімі жиһаздарды басқаша орналастырып қоюды сұрайды, содан әрбір келесі «гуру» оның негізін салушының сенімді түрде орын-орнына қойғызғанын, түгелдей көз алдына келтіреді.
Ғалымдардың айтуынша: Фен-Шуй дизайннан кем емес. Барлық жұмбақ – «тоғышарлардың артық ақшасын сыпырып алу». Осымен Фен-Шуйдің шеберлері жалған ғылым бойынша өз қызметтестерінен озып кетті. Материалдық зиян келтірудің арқасында, қоғамға да, жеке адамдарға да келтірген зияндарын қосқанда Фен-Шуй тізім бойынша төртінші орында тұр.

Үшінші орын: биоэнергология.

Бұл ілім адамда, «биоөріс» бар, сол  арқылы ықпал жасай отырып, науқасты емдеуге болады. Бұл термин үйреншікті «биоэнергетиканың» орнына қолданылған, сонымен биологиялық жүйеде энергетикалық процесстерді оқытатын, биологиялық химияның бөлігі биоэнергетика деп аталады, ол жалған ғылым емес. Биоэнергология өзінің 3-ші орнын осы ілімді іс жүзіне асыруда зиян шеккен, адамдардың есебінен алды.

Екінші орын: астрология

Бұл ілім, жұлдыздарға немесе планеталарға қарап, жекелеген адамдардың тағдырын, кейде бүкіл елдің болашағын болжап айтып береді. Ғылыми жұмыстардың едәуір санының көрсететіні: адамның дүниге келген күннен бастап планеталар арасындағы жағдайға, оның тағдырына немесе сипатына ешқандай қатысы жоқ. Өзінің даңқы бойынша астрология сиқыршылық пен көрегендіктен кейінгі орынды алады. Одан көңілі қалғандардың саны бойынша, оны іс жүзіне асыратын адамдардың саны бойынша астрология жетекшілердің тізімінде тұр. Бұл «есірткі» өзіне оңай тартып алып,  көп ақшаны алып кетеді, астрологиялық семинарлар мен кеңестер өткізуге жұмсалады.

newsland.ru

РЕДАКЦИЯДАН
Сиқыршылықтың нақты күш екені – факт. Ондай күшті басқару – шындық. Ондай күшке ие болу үшін, сақталған және қазіргі уақыттағы нақты білім алу қажет, ал бұл ғылым болып табылады. Адамдар үшін мәселе мынада болып тұр. Мұндай білімге табиғи іске асыру арқылы ие болуға бола ма немесе жоқ па? Жауап айқын – жоқ.
Ал оның жолын қуушыларды, Сүлеймен патшалығы кезінде шайтан деп есептеген, ал Сүлеймен (Алланың аятттарын) теріске шығармаған. Шайтандар адамдарды сиқыр жасауға үйретіп, Вавилондағы Харуту және Маруту екі періштеге түсірілгенге үйретіп, (Алланың аяттарын) теріске шығарды. Олар ешкімді үйреткен жоқ, әзірге екеуі де айтпады: «Шындығында, біз – арбаушымыз (Алланың заңын) теріске шығарамыз!» Бірақ, олар олардан әйелі мен күйеуін ажырастыруды үйренді. Олар Алланың рұқсатымен бұларға зиян келтірмейтін нәрсені емес, зиян келтіретін нәрсені оқыды. Кім бұған ие болса, Ақирет (Өмірде) оған үлес жоқ екенін біледі. Егер олар өздерінің рухын сатқаны үшін, жаман болатынын білсе ғой. (2:102)
Мұса айтты: «Неге сендер ақиқат туралы осылай айтасыңдар, ол сендерге келіп қойды емес пе? Бұл сиқырлық па? Сиқырлық жасағандар бақытты болмайды!» (10:77)

Сарапшының пікірі
Алексей Дубров, ММУ астрономия кафедрасының қызметкері:
- астрономиялық болжау ғалымдағы көптеген буындарды тексерген. Тәртіп бойынша, оның ешқайсысы дәлелденген жоқ. Өздерің талқылап көріңдер. Көптеген астрологтарлдың айтуынша, зодиактың белгісі бойынша жақсы анықтайды, некеде бірдей жұптар қосылуы мүмкін бе? Психолог Бернард Силвермэн (АҚШ) Мичиган штатынан 3000 отбасының туған күнін және 500 айырылысқн жұптардың күнін жаттап алған. Ғылым бұл болжамдарды шындық нәтижесімен салыстырып, ешқандай үйлесу таппаған. Зодиак белгісі бойынша «бірге қосылмайтын» әйелдер мен еркектер тұрмыс құрып, «бірге қосыла алатындарға» қарағанда, сирек ажырасқан.
Астрологтардың есептеуінше, саясаткерлер мен ғалымдар нақты белгілермен жиі дүниеге келеді. Физик Джон Мак-Джерви 6000 саясаткердің және 17000 ғалымның өмірбаяны мен туған күнін жатқа білген. Тексере келгенде, олай болып шықпаған.
Физик Шон Карлсон өз еркімен келгендерді жинап, олар үшін «орнықты» астрологиялық фирмадан жұлдызнамаларға тапсырыс берген. Содан кейін өз еркімен келгендердің әрқайсысын психологтар тексеріп шығып ,оның бейнесін жасаған. Бұдан кейін 28 кәсіпқой астрологтар барлық жұлдызнамаларды алып, оның әрқайсысына сипаттың үш бейнесін жасаған. Үшеуінің қайсысы сол жұлдызнаманың адамына қатысты екенін, болжап білу керек. 116 нұсқаның  34%-і ғана болжалданған, «шұқу әдісі» арқылы, көмескі болжаммен белгіленген.
Австриялық зерттеуші Джефри Диш астрологияда кең көлемді бақылау жүргізіп, 22адамның сипатын бейнелеген, сонымен ондағы барлық фразаны мағынасы бойынша қарама-қарсы ауыстырған. Сұрақ алынғандардың 95%- өздерінің сипаттарын дұрыс бейнелеген деп есептейді. Солай болуы керек, адам астрологқа келген кезде, ол жай кеңес іздеп және әр кеңеске көңілі толатын болады.
Виталий Гинзбург, Ресей ғылым академиясының жалған ғылыммен күресу бойынша комиссиясының председателі:
-    Астрология – бұл сандырақ. Адамға алыс планета қалай ықпал етуі мүмкін, егер оның тартылыс күші ауаның күшімен салыстыруға болмайтындай аз, біз бір-бірімізбен сөйлескенде сізбен жаңғырықтанамыз?
Астрономиялық институттың қызметкері Владимир Сурдин 2000 гороскопты болжамды шын деп салыстырып, талдап шықты, сонда 1000нан  1 жағдай ғана дәл келеді, бірақ соның өзі есте қалады! Ал егер болжам іске аспаса, онда ұмытылып кетеді.
Бірінші орын: Сиқыршылық. Бұл ілім салт жоралардың көмегімен адамдарға бақытсыздық, азғындық әкелу, тікелей байланысқа түспей оның өміріне білдірмей ықпал жасау. Сиқырлық байлықты жіберу, «тартып әкету» үшін қолданылады. Сиқыршылық – оны адамдар арасында теңдесі жоқ жетекші, ақшаны шығындатуда барысында еліктіргеннен бірінші орынды алады.


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 4907 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана