Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Даму теориясының сәтсіздікке ұшырауы
Ч. Дарвиннің даму теорясы жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының даму үрдісін, соның ішінде адамның, жеткілікті және көлемді түрде түсіндіретіні бізге мектеп қабырғасынан белгілі. Барлық басқа теориялар сияқты, Дарвиннің теориясы да өзінің қисындылығын фактілермен дәлелдеп көрсетуі керек. Егер фактілер жеткіліксіз болса немесе қарсы фактілері бар болса, онда теория күдікті болып көрінеді. Фактілердің жетіспеуі және даму теориясына қайшы келетін факт – Ч.Дарвиннің теориясының басты кемшілігі.

Дарвиндік даму теориясы XIX ғасырда пайда болды да, тіршілікті Алла жасаған деген фактіні бекерге шығарды. Адамдар барлық кезде дүрліктіретін оқиғаға әуес қой, бұл дүрліктіретін теория тіршілікті түсінуде және оның заңдарын адамдардың түсінігінен алыстатып, ғылыми және философиялық ойлауда көптеген адасуларға жол ашты. Бұл адасу неліктен болды?
Біріншіден, Чарльз Дарвиннің теориясы жер бетіндегі тіршілік кездейсоқ нәрсе дегенге әкеліп тірейді.
Екіншіден, бұл жұмыстың негізінде табиғат заңдарын терең білместік жатты, сол кездегі дүрліктіру жағынан танымал болып тұрған және әрбір сауатсыз адамның түсінігі үшін қолайлы материалистік идеология жатты. Бұл идеологияға Дарвиннің теориясы мүмкіндік берген, кейіннен материалистік деп атап кеткен, бір ғана табиғи-ғылыми дәлелдеулер жеткіліксіз болды.
Дарвин осы идеологияға сәйкес ғылыми дәлелдеулерді теріп алды, ол өзін табиғат танушы әуесқой ретінде 1854 жылы жарияланған «Табиғи сұрыптаудың жолымен түрлердің шығу тегі» деген кітабында ойын жасырмай айтты. Дарвин материалистік философияға қолдау көрсетті, ал оның бірбеткей жолын ұстаушылар Дарвиннің идеясын құмарта қолдады. Карл Маркс «Капиталды» Чарльз Дарвинға арнап жазғаны таңқаларлық нәрсе емес, онда «Дарвинге қайратты бас июшілер» деп сый арнаған сөздері жазылған.
Түсінікті, құрлықтың алтыншы бөлігі ССРО-ға -  дәл осы материалистік теория жер бетіндегі тіршіліктің жалғасуы мен пайда болу себебін түсіндіруде «табиғи ғылымның» негізі болды.
Даму теориясының авторының өзі оны бекерге шығаратын көптеген фактілердің бар екенін жете түсінді. Дарвинге оларды «Теорияның күрделілігі» деген ат алып жүрген кітабына қосымша ретінде мойындауға тура келді: ол бұл «қиындық» материалистік ғылымның даму барысында өзінен өзі жоғалып кетеді деп үміттенді. Керісінше болды: ғылым даму теориясының мызғымас негізі болып жүргендерді бірінің соңынан бірін тазалай бастады.
Дарвин бойынша, дамудың негізгі факторлары, бұл табиғи сұрыптау, тұқым қуалаушылық және құбылмалық. Осы үш себептер арқылы тірі ағзаның дамуы және жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерінің пайда болуы жүзеге асады.
Даму теориясы бойынша, жаңа мүшелер ескі мүшелердің (құбылмалық) ұзаққа созылған уақыт аралығындағы өзгеру нәтижесінен пайда болады. Жануарлар әлемінде мүшелерінде ұқсастығы жоқ, мыңдаған жануарлардың түрі табылды.
Тірі ағзаның бір түрінен жаңа түрі пайда болады деген Дарвиннің тезисі күдіктілеу. Қазіргі уақытта ғылым мұндай анықтамалар айта алмайды. Бір түрден екінші түрге өткенде, «өтпелі кезең» формасы болу керек, бірақ әзірге ондай форма ашылған жоқ, «құлақтан тартқан» бірнеше мысалдардың ғана барын есепке алмасақ.
Дарвиннің теориясының жолын қуушылар жер бетіндегі тіршілік «тірі сұйықтық» деп аталатын нәрседен пайда болған деп дәлелдейді, бірақ бұл гипотезаны дәлелдейтін ешқандай дәлелдер жоқ. Жер бетіндегі тіршілік кездейсоқ «өздігінен пайда болу» нәтижесінде пайда болған деген дәлелдер күдікті болып көрінеді: көптеген ғалымдар бұл оқиғаның ықтималдығы өте аз дейді. «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі» деген кітап шыққан соң, бес жыл өткен кезде белгілі француз биологы Луи Пастер Дарвиннің ашқан бұл идеясы мен теориясын жоққа шығарды. Ғалым көптеген тәжірибе жасаудың нәтижесінде келесі қорытындылар жасайды: тірі емес материядан тіршілік жасау мүмкін емес.
Американың белгілі математигі және астрономы, профессоры Рей Хоук бұл үрдістің іске аспайтынын түсіндіреді: «Тірі емес табиғаттан кездейсоқ жолмен тіршілік жасау, ереже бойынша "өзінен өзі” түсінікті, Боинг-747-нің дауылдан кейін қоқыр-соқырдан кездейсоқ жиналғаны сияқты, мүмкін емес». Қазіргі заманғы биохимия жасуша ғана емес, оның (дезоксирибонуклейндік қышқылы) ДНҚ-молекуласының өзінде күрделі құрылым бар.
ДНҚ-молекулаларының құрылымын 1955 жылы американың екі ғалымы – Джеймс Уотс және Френсис Крик ашты. Тірі жәндіктердің жасушасының бұрын көрсетілгеннен әлдеқайда күрделі құрылымы бар. Осы жаңалық үшін Нобель сыйын алған Френсис Крик даму теориясының жолын ұстаушылыққа қарамастан, дезоксирибонуклейндік қышқыл сияқты, мұндай күрделі жүйенің кездейсоқ болмайтынын мойындауға тура келді. ДНҚ – бұл әр жасушаның ядросында болатын, серіппе тәріздес молекула; онда ағзадағы барлық физикалық ерекшеліктер шифрланған. ДНҚ-ның шифры төрт молекуладан тұрады. Егер әрқайсысын әріп ретінде көрсетсек, ДНҚ молекулаларын төрт әріптен тұратын алфавитпен салыстыруға болады.
Бұл оңқада (банкада) ағзадағы барлық мәліметтер жиналған. Егер ДНҚ-да бар мағлұматтарды қағазға жаза бастасақ, онда бұл жазулар «Britannica» энциклопедиясының көлемінен 40 есеге асып кететін еді. Миллиметрдің жүз бөлігіне тең бұл мәліметтер жасушаның ішіне жасырынған! ДНҚ сияқты күрделі құрылым, даму теориясы айтқандай, барлық тіршілік атаулының кездейсоқ пайда болған деген әлсіз түсіндірулерінің қасында қалай пайда болмақ.
Мұның және осыған ұқсастық маңыздылығын мойындамауға болмайды. Сондықтан - Жасаушының Өзі – бұл жаратылыстың негізін қалағанын мойындамауға болмайды. Адам қандай тірі жәндікті оқымасын, ол Жасаушының күшін сезінеді. Табиғаттағы миллиардтаған тіршіліктің өмір сүруі, Оның туындысы болып табылады. Даму теориясының қойылымы бойынша тіршіліктің шындыққа жанаспайтын дамуы барлық ғылыми тәртіптермен дәлелденген: табиғатта тірі емес және жалғыз субстанцияны, тірі ағзаға айналдыру, содан кейін миллиондаған тірі жәндіктерді айналдыру үрдісі болмады.
Дарвин қарсылыққа ұшырап, түсіндіруге тырысқан тағы бір жағдай, даму үрдісінің іске асуы, бұл табиғи сұрыптау механизмі. Оның осы механизмге баса көңіл аударғанын, «Табиғи сұрыптаудың жолымен түрлердің шығу тегі» кітабына берген атынан көруге болады. Табиғи сұрыптау – тіршілік иелерінің өмірдің нақты жағдайларына бейімделген, күштілердің табиғи жүйесі. Теорияның авторы үнемі жыртқыштардың шабуылына тап болатын, бұғылардың табынын мысал етіп көрсетеді. Мұндай жағдайда тез жүгіретін жануарлар құтылып кетеді. Уақыт өте келе бұғылардың табыны ең жүйрік және күшті жекеленген жануарға айналады. Осындай кезде олардың сыртқы түрі емес, барлық түрі толықтай өзгереді.
Әрине, тірі жәндіктердің дағдыланған жүйесі – жануарлардың, өсімдіктердің және ұсақ ағзаларда да болады, бірақ оның көмегімен бір жануарлар басқа жануарға айналып кетпейді. Табиғи сұрыптау сау тұқымның жалғасуына, әлсіз және ауруларын ығыстырып шығаруға ғана мүмкіндік туғызады, сондықтан ол даму үрдісін жалғастыратын механизм бола алмайды. Ол кітабында пайдалы өзгерістер болмаған жағдайда, табиғи сұрыпталудың басқа түрге өзгерте алмайтынын мойындайды. Бұл жағдайда Дарвинге ықпал еткен оның замандасы, француз биологы Жан Батист Ламарк, ол келесі ұрпақ адал еңбекпен келген физикалық ерекшеліктерге ие болады деп есептейді. Ламарктың пікірі бойынша, бұл айтылған ерекшеліктер, ұрпақтан ұрпаққа жинақталып, жаңа түрін қалыптастырып шығарады, мысалы: антилопа ағаштың басынан бұтақтарды тартып жеуге ұмтылып, мойнын соза бергендіктен, керіктерге айналған; немесе ұзақ уақыттар бойы, әкеден балаға берілген жазадай, белгілі уақыт өткенше қолын кесіп тастап отырған, содан қолы жоқ балалар туа бастаған…
Осы мысалдарға еліктеген Дарвин өзінің кітабында осындай ақылға сыйымсыз болжамдарды көп келтіреді, мысалы, бір кездерде судан балық аулаған аю китке айналды дегенге жол береді.
Дарвин мен Ламарктың ұсынған идеялары биологияның негізгі заңдарына қарама-қайшы келеді. Олардың негізінде генетика, микробиология, биохимия деген ғылым салалары болған жоқ; туыстық ерекшеліктер қан арқылы берілетіні туралы дәлелге әкеліп тірейтін, тұқымқуалаушылық заңы белгілі болған жоқ.
Дарвиндік тезистер ғылыми орталарда тілектестік сипаттаулар алды, бірақ зерттеушінің өзі тынымсыз еді. Ол өзінің теориясының нақты негізі жоқ екенін түсініп, былай деп жазды: «Егер күрделі жасушаның бір-бірін алмастыру арқылы өзгеруі мүмкін болмаса, онда менің теориямның сәтсіздікке ұшырағаны». Дарвиннің алдын ала қауіптенуі, ол өлгеннен кейін, бірақ уақыттан соң шындыққа айналды. Австриялық ботаник Грегор Мендель ашқан генетика заңдары Дарвин мен Ламарктың болжамдарын мүлдем жоққа шығарды. Ғасырдың басында дамыған генетика тұқым қуалаудың нышаны физикалық ерекшеліктермен емес, тұқым қуалаудың келесі ұрпаққа берілетіні туралы дәлелдеді. Тіршілік барысында ие болып, жинақталу мен ерекшеліктердің берілуі арқылы жаңа түрдің шығуы туралы идеяның барлық нақты емес жақтары анық болды. Дарвин даму күшінде жазған табиғи сұрыптаудың бұл жағдайда, өзгеріске ықпал етуі мүмкін емес еді. Басқаша айтсақ, табиғи сұрыптау даму күшіне ие болған жоқ. Эволюцияшылардың XX ғасыр бойында Дарвиннің идеяларын дәлелдеуге жұмсаған барлық еңбектері, оларды қарама-қарсы нәтижелерге – табиғи сұрыптау механизмінде даму күші болмаған деген дәлелдеуге әкеліп тіреді.
Белгілі эволюцианист, ағылшын палеонтологы Колен Петерсон бұл фактіні анықтайды: «Ешкім табиғи сұрыптаудың көмегімен жаңа түр шығара алмайды, мұндай ұқсастыққа жақындату да мүмкін емес, ал бүгінгі күнде бұл неодарвинизмнің дауласқан тақырыбы». Бұдан  басқа, ғылым XX  ғасырда тірі ағзаның жасушалар жүйесінен тұратынын және күрделі жасалынған механизм сияқты жұмыс істейтінін көрсетті. Ол бір элементі ғана жоқ болса да, жұмыс істей алмайды. «Азайтудың мүмкіндігі жоқ жинағы» деп аталатын бұл ерекшелік, ағзаның барлық құрылымы бір кезде және барлық құрамымен пайда болған деп көрсетеді. Тірі ағза бір бірі арқылы қарапайымнан күрделіге қарай, жайлап ұсақ өзгерістердің ықпалымен дамыған деген теорияны айтылған факт түбірімен жойды.
Дарвин болжалдаған табиғи сұрыптаудың күші жоқ деген белгілі болған соң, эволюционистерге өздерінің теориясына түбірімен өзгерістер енгізуге тура келді.
Олар табиғи сұрыптау деген түсінікті мутация деген түсінікпен ауыстырды, радиация мен химиялық заттардың ішкі факторларының ағзаға әсер етуі нәтижесінде түзілетін. Даму теориясы тірі жәндіктер мутация арқылы өзгереді деп болжайды. Шындығына келсек, мутация ДНҚ-ны бұзады, тірі жәндіктерге тек қана зиянын тигізеді. Осы күнге дейін табиғаттың өзінде, ғалымдардың зертханаларында мутацияның ықпалымен жағымды оқиғалар тіркелген емес.
Ондаған жылдар бойы эволюционистер жануарлардың жаңа түрін жасап шығару үшін жұмыс істеуде. Олар тірі ағзаға радиация ықпалымен тартады, бірақ нәтижесінде ауру немесе кемтар дербестік шығады. Сансыз тәжірибелер, жеміс құрттарына жүргізілген мутацияның көрсеткені, олар бүлінгіш, құртып жіберетін болуы мүмкін, бірақ құрайтын емес. Бірде даму теориясын жақтаушы белгілі профессор Ричард Давкинске дәріс кезінде, мутация жасау арқылы немесе даму жолымен тұқым қуалаушылықтың нақты мысалын жасауға бола ма деп сұрақ қояды. Ол ауыр ойға шомады, бірақ бір шешімді жауап бере алмайды.
Сонымен, жануарлар әлемі күрделі құрылымға ие, олардың шығу тегін кездейсоқтық деп түсіндіруге болмайтынына фактілер арқылы көзіміз жетті, бірақ Дүниені Жасаушы нақты жасаудың өнімі болып табылады. Жасаушы Оның барлық жаратуларынан көрінеді. Бұған тағы бір дәлел – адамның шығу тегі, даму теориясында айтылмай қалған, таңқаларлық құбылыс.
Даму теориясы пайда болған кезден бастап палеонтологтар оның шындығын дәлелдейтін ешқандай сүйектерді тапқан жоқ. Өзгеріске ұшырамаған жануарлардың сүйегі сақталып келген. Солар жерді мекендеген жануарлардың дамуы туралы дәлелді көрсетеді.
Дарвиннің теориясына сай, алғаш бір жасушалы жануарлар пайда болған, соңында миллиондаған жылдар бойы деформацияға ұшырап, алғаш омыртқасыз теңіз жануарларынан қайтадан жасалды, кейін – балықтан. Егер бұл болжау шын болғанда, онда палеологтар жануарлардың әртүрлі түрін байланыстыратын - өтпелі түрін «аралық түйінді» көрсететін еді. Мысалға, егер құстар бауырымен жорғалаушылардан шықса, онда ертеде миллиондаған жануарлар жартылай құс жартылай бауырымен жорғалаушылар болып жүретін еді. Осындай жаңалықтан дәмеленген Дарвин, жұмбақ жәндіктерге «Орта өтпелілердің түрі» деп те ат беріп қойды. Ол теорияны дәлелдеу үшін, осы аралық түрдегі сүйекті табу қажет екенін білді. Зерттеуші түрлердің шығу тегі туралы кітабында мыналарды көрсетеді: «Егер менің теориям дұрыс болса, онда тарихта түрлерді бір бірімен байланыстыратын, сансыз көп аралық түрлердің болуы мүмкін еді. Олардың тіршілік етуі туралы айғақтар, жануарлардың қаусаған сүйектерінің арасында ғана сақталуы мүмкін».
Дарвин бауырымен жорғалаушы­лардың ішінде қиялдағы «аралық түрлердің» ешқандай түрі жоқ екенін білді. Ол осы проблемаға өзінің кітабында бүтін бір бөлімді арнады. Егер шынымен бір түрлер келесі түрден біртіндеп қайтадан жасалудың көмегімен пайда болса, онда неге біз «аралық түрлерді» көре алмаймыз? Дарвин олар жер қатпарларында сақталуы мүмкін деп ойлайды, қаусаған сүйектерді оқу кезінде міндетті түрде табылады деп ойлайды. Сондықтан оны жақтаушы эволюционистер 140 жыл бойы планетаның барлық түпкірінен  қажетті сүйектерді іздеп, геологиялық қатпарларды оқып шықты. Бұл ізденістерден көп көңіл қалды. Дарвин  сандырақтап айтқан «аралық түр», ғылыми ізденісті жалған жолға бағыттаған, оның қиялының нәтижесі еді.
Жалғасы 2 бетте
Соңы. Басы 3-бетте.
Белгілі ағылшын палеонтологы Дарек Эйджер өзінің эволюционистік пікіріне қарамастан мойындайды: «Біздің проблемамыз мыналарда айтылған: топ деңгейіндегі сүйектерді мұқият зерттеуде, біздің алдымызда үнемі бір және сол факт тұрады: топтардың жасалуы біртіндеп өзгеріс арқылы емес, бір мезгілде жасалғаны».
Ертедегі жануарлардың сүйегі кездесетін, ең ертедегі қатпар кембрия кезеңінің қатпары бұдан 530-дан 500 миллион жылдар аралығында шайқалған. Кембрия кезеңінің қатпарында бір омыртқалылардан басқа ешқандай басқа тірі ағзалардың сүйегі жоқ, Кембрия кезеңінде бір бірінен қатты ерекшеленетін, бір мезгілде және бір сәтте пайда болатын әртүрлі түрлер бар.
Бұл омыртқасыздардың отыз түрі: медузалар, ұлулар, шаянға ұқсас жәндіктер, теңіз жұлдыздары, бұлар дененің күрделі жүйесіне ие болғандар. Мысалға, триболиттің көзі қос линзаның жүйесі арқылы жұмыс істеген, ол жүз түрлі тор көзден тұрады. Триболиттің көзінің тор көзді құрылымы 530 миллион жыл өтсе де өзгермеген. Көздің бұл құрылымы арада да және шегірткеде де бар. Триболиттерге дейін көздің осы жүйелі құрылымын дамытатын немесе тұқым қуалай алатын, жабайы жануарлар болған емес. Бұл кезеңнің тірі жәндіктерінің ешқандай ортақ тегі болмағанын дәлелдейді. Даму теориясын жақтаушы белгілі ағылшын зоологы Ричард Давкинс мына фактілерді белгілейді: «Кембрия кезеңіндегі тірі жәндіктер, ешқандай даму тарихы болмағандай, бір сәтте және бір жағдайда пайда болған». Бұл жағдай даму теориясының қателігін көрсетеді. Дарвин өзінің кітабында былай деп жазған: «Егер бір топқа жататын көптеген түрлер, бәрі бірден және бір сәтте өздерінің тіршілігін бастаса, онда бұл факт менің теорияма келтірілген қауіпті соққы болатын еді». Бұл қауіпті соққы Дарвиннің теориясына кембрия кезеңінде-ақ берілген.
Келесі кезеңдерде пайда болған қатпарлану, жануарлардың бір мезгілде туылып шығатынын көрсетеді. Жануарлардың негізгі топтары: балықтр, құстар, аморибиялар, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректі жануарлар. Жер бетінде пайда болып, өмірге қабілетті және толық дамыған құрылымға ие болғандар. Бұл топтың ішінде эволюционистер арман еткен «аралық түрдің» өкілдерінің біреуі де жоқ.
Палеонтолог-эволюционист Марк Зарнецкий даму теориясы үшін үнемі кедергі болған палеонтологияның өзі жасаған анықтама екенімен келіседі. Осыдан миллион жыл бұрынғы өмір сүрген жануарлардың сүйегінің қазіргі тіршілік етіп жатқандардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Мысалы, осыдан 400 миллион жыл бұрын тіршілік еткен акуланың қаңқасы, осы кезде тіршілік етіп жатқан акуланың құрылымындай, 100 миллион жыл бұрынғы құмырсқамен қазіргі тіршілік етіп жатқан құмырсқаның арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Алла жасаған тірі жәндіктер жасалған күнінен бастап, еш өзгеріске ұшыраған жоқ.
«Аралық түр» деп ұзақ уақыт аты шулы болып келген соликант балығының сүйегі. Бұл балық жер жануарларының ерекшеліктерінен өзгеше жаралған деп, эволюционистер көптеген жылдар бойы ойлап келген, сонымен анайы аяқтарымен және жартылай өкпесімен 1938 жылы Үнді мұхитында ауланған тірі соликант, өліп қалған дегенді естігенде, эволюционистер естен тана жаздады. Сол балықпен және қазіргі соликанттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ екені байқалды. Эволюционистердің болжауындағыдай, бұл соликантта анайы аяқтарымен, анайы өкпе болған жоқ. Бұдан басқа, судан құрғаққа шыға алады деген балықтың тереңде тіршілік етіп, 180 метр тереңдіктен көтеріле алатын қабілеті жоқ екені белгілі болды.  
Эволюционистер «аралық түр» деп атаған тағы бір фоссилия археоптерик құсы. Эволюционистер бұл жануарды ұшпайтын құс сияқты жартылай жер бауырлаушы және жартылай құс ретінде көрсетті. Біздің кезімізде дамуды жақтаушылардың ең танымалы Гарвард университетінің палеонтология докторы Стефан Джейгойд 1992 жылы археоптерикстің жетінші фоссилиясы табылған кезде, аталған болжаудың қателігін мойындады. Ол жануардың ұшатын бұлшық еттердің жұмысы үшін қажетті, төс сүйегі бар екенін көрсетті.
Эволюционистер жануардың қаусаған сүйектерін зерттеуде сәтсіздікке ұшырап, енді адамның адам тәріздес маймылдан шыққанын зерттеп, өз бақытын сынамақ болды. маймылдардың 6500 жуық түрі бар, бірақ көптеген бөлігі қырылып қалды. Олардың бас сүйегінің мөлшері адамның даму теориясын түсіндіру үшін материал және оқу көрсеткіші болды. Өзінің негізгі параметрі бойынша адамға ұқсас, қазіргі кездегі және қырылып қалған маймылдардың түріне көп көңіл бөлді. Мысалы, 1926 жылы австралопитектен қалған деп аталатын, маймылдың сүйегі табылды. Эволюционистер бұл маймылды адам тәріздес есептейді. Қазіргі шимпанзенің қаңқасы мен австролопитеканың қаңқасын салыстырған кезде ешқандай айырмашылық байқалған жоқ.
Теорияны жақтаушылар бұлар­дың арасындағы айырмашылық австролопитеканың тура жүруі­нен деген идеяны алға тартты. Бұл болжамды дүние жүзіне белгілі палеонтологтар Солле Саккерманн және Чарльз Окснард бекерге шығарды. Олар австролопитектің қырылып біткен маймылдардың бір өкілі екенін дәлелдеді. Шын мәнінде адам тәріздес маймылдардың сүйегі ертедегі әртүрлі тайпалардың адамдарының сүйегі болып шықты. Олардың айырмашылықтарына сай, олар түрдің мына қалыптарымен аталған: Homo erectus, Homo sapiens, Homo sapiens sapiens. Барлық қазіргі кездегі адамдар терілерінің түрлі-түрлі түстерімен және аяқ-қол, саусақ сүйектерінің қалпымен немесе бас сүйегімен, осы түрдің жалғыз соңғы түріне жатады.
Атақты палеоантрополог Ричард Ливки Homo erectus тобының бас сүйектері мен қазіргі адамдардың бас сүйектерін салыстырып, олардың арасындағы нәсілдік айырмашылықты ғана көрсететін фактіні түсіндіреді. Адам табиғатын және оның дамуын дөрекі түрде түсіндірген дарвиндік теорияның ғылыми дәлелдеуде шамасы келмесе де, ол қоғамның санасына тереңірек бойлады. Бұған таңқалатын ешнәрсе жоқ, белгілі ғылыми баспалардың өзінде бұл жалғандықты жариялауға жиі орын беріп жатады.
Эволюционистер суретті қайтадан жасауда өздерінің ойындағысын бейнелеуде шек қоймайды. Олармен нағыз жалған нәрселерді жасады. Ең танымал ғылыми өтірік ағылшын ғалымы – эволюционист Чарльз Даусон 1912 жылы жасаған питдауы қаңқасы болды. Бұл қаңқаны дүние жүзілік ғылыми серіктестерге адамды маймылмен байланыстыратын «аралық звеноның» бағаны туралы пікірдің маңызды дәлелі ретінде көрсетті. Олар мұражайларда 40 жыл бойында тұрды. Ең соңында, қаңқаны зерттейтін ғалымдар оны орангутангтың жақ сүйегінен адамның бас сүйегі етіп жасағанын ашып көрсетті.
1922 жыл эволюционистер бір тиісті ғана зерттеу нәтижесіне сүйеніп, «небрасед» аталған қиялдағы «аралық түрді» алға тартты. Кейіннен «небраседтің» олжаның қайнар көзі болып жүрген тістің жабайы қабандікі екені анықталды. Уақыт өте, барлығы әшкереленгеннен кейін, осы уақытқа дейін дамудың дәлелдеуі ретінде көрсетілген, көптеген бас сүйектерінің қаңқасы, Дарвин теориясына жалған қызмет көрсететіні анықталды. Дәлел ретінде 1856 жылы қабылданған неандерталдық, 1960 жылы жарамсыз деп табылды; 1912 жылы пайда болған нейдаун, 1953 жылы дербестік мәртебесінен айырылды; 1959 жылы дәлел ретінде қызмет еткен зиянджантроп, 1960 жылы ғылыми дәлел ретінде өзінің қолданылуын тоқтатты; 1964 жылы дүние жүзіне таралған рамапител, 1979 жылы «әшкереленді». АҚШ-ты қосқанда, дүние жүзінің барлық елдерінде, осындай қаңқалар әлі күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында, сонымен қатар даму бойынша кітаптарда ғылыми дәлел ретінде көрсетілген.
Өкінішке қарай, қоғамның едәуір бөлігі дарвиндік даму теориясын дөрекі материалистік идеологияның, дөрекі дәтке қуаты емес, ғылыми дәлелденген факт деп есептейді. Мектеп оқулығындағы жазылған өтірікпен адасулар, миллиондаған данамен басылып шығып жатады. Бірақ факт факт болып қалады. Тірі түрлер оларға берілген кейіппен және өзінің жекелілігімен бір мезгілде пайда болған. Басқаша сөзбен айтқанда, оларды Табиғат Иенің Өзі жасаған, - Жер бетіндегінің бәрін – Жоғары Жасаушы, әр түрді жекелеп және оған ерекше сипат берген. Ол – Жер бетіндегінің де, Дүние жүзіндегінің де бәрінің Жоғарғы Жасаушысы.


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 5084 | Рейтинг: 4.3 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана