Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Батыстық қоғам болған емес
Ресейдегі Ислам коммитетінің бастығы, философ және қоғам қайраткері Гейдар Джамаль берген ерекше сұхбат
- Ислам идеясының көпшілік арасына жайылуы мен саяси исламның өсу шегі әлемдегі осы кезде болып жатқан ымырашылдық идеяның дағдарысы мен Батыстың жүзеге асырғысы келген, ғаламдық ымырашылдық жобасының ақырының жақындауына тікелей байланысты деп, Сіз Бакуда өткен «дөңгелек үстел» басында  атап өттіңіз. Егер дүние жүзіндегі ортақ жағдайды бақылайтын бірнеше жетекші мемлекеттер клубына ислам елдері кіре алмаса, онда мұсылмандар қалай адамзаттың санасындағы идеялық-саяси үстемдікпен күресе алады?
- Батыстың саяси рулық қауым деп аталатын нәрсе тек ымырашылдар мен демократтардан тұрмайды. Ғаламдық мәдениет өрісінде олардан басқа тағы да дәстүршілдер бар – бұлар дүние жүзіндегі жетекші және бай мемлекеттердің бұрынғы таңдаулылары немесе зиялылары, бірінші кезекте клирикалдардың жоғары эшалоны біріккен, монархиялық таңдаулылар. Дәстүршілдердің саяси алаңның көлеңкесінен кеткеніне көп болған жоқ, бұл 20 ғасырдың бірінші жартысының басында әр елдегі монархиялық құрылыстың саяси шектелуі мен қирауынан болды. Бұл қазіргі уақытта дәстүршілдер одағына тең праволы болып кіретін, еуропалық монархиялар, ресейлік, жапондық, азиаттық монархияның кең тараған спектрі. Шығыста бірінші кезекте Хашемиттер – Парсы шығанағының, Иордания Сауд Арабия және басқа монархиялық елдер. Бұған қазіргі уақытта планетадағы ірі дәстүршіл одаққа жетекшілік ететін, аристократиялық истеблишмент кіреді. Осылай дәстүршілдер өздерінің қаржылық және саяси күшін сақтап, дамытып келеді.
- Дәстүршілдер белгісіз халықаралық ұйым таңдаулылары ұйымына айналып, оған қазіргі уақытта жалпы дүниежүзілік үрдістерге ықпал жасауға қабілетті ымырашыл-демократиялық америкалық емес рулық қауымдарымен тең христиан және мұсылман аристократиясы мен монархиясының кіретіні болғаны ма?
-    Иә, соған қоса дәстүршілдер дүние жүзіндегі идеологиялық үрдіс­терге ықпал ете алатын, Рим Папасынан бастап, мұсылман шейхтарымен Далай-ламаға дейін кіретін, билік жасайтын дін басыларымен терең байланыста болды.
- Тарих көрсеткендей ымырашыл-демократтар клубымен дәстүршіл-монархтар клубы бейбіт өмір сүріп, тығыз қызмет істесіп және дүние жүзін басқару иерархиясын бөліп  ала алды ма...
- Болып жатқан саяси дүниені құрумен келіскісі келмейтін діни таңдаулылар, солшыл соқтығыстардың саяси күші кіретін тағы бір клуб бар: олар ымырашыл-демократтар клубы таңдаған,  дүние жүзіндегі әділетсіз тәртіп пен адасу жолдарына қарсы тұруға деген ортақ тілектермен бірігеді. Бұл істе ымырашылдар және дәстүршілдер жобасы әлсіреп, саяси күш үшін, қарапайым қорлары бар саяси ислам тартымдырақ болып тұрды.
Соңында, дүние жүзіндегі қалыптасып кеткен тәртіпте  жай өзін жоққа шығарғысы келгендер, өздерін жоғалған және ешкімге қажетсіз деп сенетін үндемейтін – алып адамдар саны көбейіп кетті. Планетадағы осы көпшіліктің ақылға келуі үшін, либералдар мен радикалдар арасында өзара қатал күрес жүріп жатыр.
- Сіз неліктен осы уақытта ымырашыл ғаламдық идеология саяси жоба ретінде ұтылаты деп ойлайсыз?
- Жатып ішерлік бастамасы бар, ымырашылдық алдын-ала жеңіліске ұшыраған , бұл мынадай жағдай: өздеріне ешнәрсеге шек қоймайтын, планетаның табиғи байлықтары мен қалған адамзатқа тиеселінің есебінен өмір сүретін бір топ адамдар және саяси орталар бар. Бұл күштер 18-19 ғасырлардағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік асыра сілтеудің нәтижесінде пайда болып, сол кездерде балқыған күйінде тоқтап қалды. Автомобильдің моторы сияқты, қоғамның қызуы да кенеттен тежеген және қатты жүрген кездегідей екі түрден тұрады. Оңшыл ымырашылдар қоғам тежелген кезде, биліктің қырқасына шығады, сөйтіп астан-кестен өзгеріс пен өмірдің белсенді кездерінен шаршайды, ал солшыл күш саяси алаңға, қоғамдағы қатты наразылықты пайдаланып, қарқындаумен революция жасауға талаптанып шығады.
- Атап айтқанда, қазір ымырашылдық неге дағдарысты басынан кешіріп отыр?
- Қоғамның тежелуінен алуға болатын, барлық кірістің қорын пайдаланып қою себебінен, ымырашылдық дағдарысқа  ұшырап отыр. Істің мәні мынада, ымырашылдық алып-сатарлық экономикамен тығыз байланыста – тегін келген ақшалармен, бағалы қағаздармен, өзінің тәртібі бойынша суррогаттық және банктық айла-амалдармен екі немесе үш айналыммен айналады. Бүгінгі таңда планетадағы игіліктердің және барлық материалдық заттардың ортақ жиынтығына қарағанда, банктық шебер кеңістікте, ақша айналымымының  екі немесе үш тәртіппен айналуы көбірек болады. Сонымен, егер барлық қозғалмайтын мүліктің, планетадағы өнеркәсіп пен өндірістің қосындысын шығарсақ, онда ақшаның шебер кеңістіктегі айналымына қарағанда, нақты баға мың есеге аз. Оларға нақты сатып алуға болатын нәрседен ақшаның, акцияның, бағалы қағаздардың мың есе көп болғаны ғой.
Осы кезге дейін биржада ойнау пайдалы болатын, жеңіл жолмен табылатын ақшаларды ұту, оларға нақты заттарды сатып алу: қозғалмайтын мүлік, автомобиль және басқаларды. Бірақ бірнеше ірі ойыншылар өздерінің шеберлікпен тапқан миллиардтарын өз қолдарына алғысы келгендіктен, барлық нақты игіліктерге жетпей, сабынды көбік жарылады. Нәтижесінде, батыстық қоғам үлгісіндегі тұтынушылар ұстап тұрған, ымырашыл-рыноктық экономика жүйесі халықтық сенімді жоғалтып және барынща беделін түсіреді. Рынок экономикасының өз күшін жұмылдыруға қабілеті жоқ, барлық уақытта оны бізге мақтағандай, сондай оралымды болмады..
- Мұндай жағдайда не болады?
- Біздің бүгінгі көріп отырға­нымыздай болады, ымыра­шыл­дар­дың сәтсіздігінің қырқасында, дәстүршілдер клубының жобасы радикалдармен біріге бастайды. Күштің таралуын қолмен өзгертуге және дүние жүзіндегі жағдайды өз пайдаңа шешуге болады. Әрине, дәстүршілдер өздерінің мақсатына жеткеннен кейін солай болуға тиістідей радикалдармен ұғынысып, мәселенің байыбына жетіп, дүние жүзіндегі билік олимпіне жету үшін жолын тазалайды.
- Қазір БҰҰ-да Қауіпсіздік кеңесін құрайтын, дүние жүзін басқаратын бес ірі мемлекет бар: АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Франция, Қытай. Олар саяси күштер жағынан қатаң талаптармен, соның ішінде планетаны басқарудағы жоғары эшалонда көрсетілмеген, мұсылмандар жағынан қақтығысып қалуы мүмкін бе?
- Дәлірек айтсақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде бес ел идеология жағынан құрама командалар болып табылады. АҚШ пен Франция ымырашыл демократияның туын көтерушілер, АҚШ ымырашылдықтың жалпы соңғы штаб-пәтері. Ал Ұлыбритания барлық масондық институттар мен жобалардың құрастырулары өтетін, дәстүрлік монархиялық сергудің орталығы болып табылады. Бұл ел – монархтар мен бір бағыттағы дін басыларының өзін жайлы сезінетін, дәстүршіл-клерикалды орталық.
Ал Ресей мен Қытай ССРО күйреуіне қарамастан, жығылмай тұрған және солшыл-коммунистік идеяның қырқасында жақсы көтерілген, партиялық номенклатуралық жүйені басқаруда күшті дамыған мемлекеттер болып табылады. Партиялық номенклатура – аристократия немесе буржуазия емес, бұл негізінен ұйымдастырылған азғындық. Осы ұйымдасқан азғындық адам нанғысыз күшті, бірақ оған әрқашан ие болатын адам керек, себебі азғындық ашық өз атынан әрекет жасай алмайды.
Мұндай державаларға оны түрлі мемлекеттер ұсынбайынша, соңғы күші қалғанша күреседі, себебі Ислам – Сауд Аравиясы, Египет, Түркия немесе басқа емес, керек десеңіз Ислам Ұйымының Крнференциясы да емес (ИҰҚ). Ислам – бұл сансыз саяси партия және ұйым. Өз жобасы бар, ислам ұйымдарында ислам құндылықтары үшін жалған күрес жүргізіп және ымырашыл әлемді басқарып отырғандардан халықты алдап сый алғысы келіп, басқалар сияқты парламент пен басқару органдарында ұмтылмайды.
- Қашанға дейін саяси Ислам даму шегін күтіп отыра береді, қашан ғаламдық жоба ретінде өзін анық таныстырып көрсетеді?
- Менімше, тағы бір ұрпақ өсіп шығу керек сияқты, сонымен жиырма жыл өтеді, содан кейін кристалдық үрдістер жүріп өткен кезде, исламдық жоба нақты түсінікті келбетін алады, бұған тағы да жиырма жыл керек. Қысқасы 40-50 жыл өткен соң исламдық саяси жоба дүние жүзілік серіктестік ойшылдары прогрессінің символы болады. Мұсылмандарға басым болып тұру үшін, ортан қолды әрбір физика маманы білетін, Еуропалық технология керек емес, оларға нұсқасы жаңадан жасалып жатқан, өздерінің ғаламдық жобасы керек. Жобаның мәні тұтыну қоғамынан жеке өсу қоғамына өту, егер сізге қаласаңыз мәдениеттің ақырын немесе жер шарының (Ақыр заманның) жоқ болып кетуін жете түсіну. Сонда адамның барлық өмірі негізгі мағынаға ие болады. Жылжымайтын мүліктің, бұйымның және техномәдениеттің өнімдердің соңынан бастырмалап жүгіруден, ол өзін-өзі танудан Мәңгілік өмірге дайындалуға айналады.
- Сонымен, жаңа исламның жобасының негізгі ойы ядролық немесе басқа қаруларға ие болу емес қой?
- Ядролық қару бір кездегі дүние дүние жүзіндегі таңдаулылардың, оны кейде көрсетіп қойып, бірақ пайдаланудың мағынасыз екенін білетін, сонымен ол полиция бөлімшесі қызметкерінің тапанша қабынан шықпай жата беретін. Болашақтағы соғыстар – елдер арасындағы азаматтық соғыстар болады, бірінші кезекте АҚШ пен Еуропада. Батыстық қоғам деген мызғымас түсінік жоқ, ол қазір әлеуметтік күйреп және оған қарсы тұрушылық тереңдей түсуде.
- Мысалы, Батыстағы қоғам­дардың дүние жүзінде тәртіп жүргізуге және саяси Исламға қолдау көрсетпеген наразылығын неден көруге болады?
- Менің есімде, Лондондағы сияқты 2003 жылы Иракқа полициялық әскерді енгізбеуге қарсы наразылық ретінде, ағылшын астанасының көшесінде мұсылмандармен бірге миллиондаған қарапайым британдықтар  нақышына келтіріп «Аллах Акбар» деп айқайлап шыққаны, Ресейден келген тілшілерді қатты қорқытқан. Сен  мұ,-мұсылман емессің ғой? Неге «Аллах Акбар»,- деп айқайлайсың деген Ресей тілшісінің сұрағына, бетін сепкіл басқан сап-сары ағылшын қызы былай деп жауап берді: «Әй, мырза, сіз исламфоб екенсіз» дегенде, бұл тілшіге ашуға мінген ағылшын тобырынан қашып шығуға тура келді.
Бұл Ислам үндеуіне кіретін түрлі діндер мен конфессиялар өкілдерінің бірігуінің бір мысалы. Жастар, әсіресе батыстық, қашанда батылдық көзқарас жағынан ерекшеленетін,  бүгін Ислам олар үшін дүние жүзіндегі құрылымға наразылық ретіндегі жаңа символ болды. Саяси Ислам Еуразияда ғана басты күш емес, сонымен қоса Латын Америкасында да. Венесуэло президенті Уго Чавестің мұсылман елдерінің астаналарын аралап, Тегераннан шықпауы кездейсоқтық емес. Мен бірнеше жыл бұрын Чавеспен кездесу өткізіп, одан саяси исламға қалай қарайтынын сұрағанымда, ол былай деді: «Географиядан менің ресми сапармен барған жерлерімді көріңізші». Мен Чавестің Венесуэлада бұқаралық жиналыста сөйлеп тұрған кезін көрдім, мінбеде оның арт жағында исламдық Шахадамен  «Ляй ляхи илла Аллах» (Алладан басқа құдай жоқ) өріліп жазылған әріптермен ұран ілініп тұрды.
- Сонымен Ислам ғаламдану қоғамында үлгілі болды, онда мұсылман қауымдарына қатысы жоқтар үшін де, саяси мақсатқа пайдалануға тиімді болғаны ғой?
- Ғаламдық ислам үндеуінің мәні мынада: қазіргі барлық ғылым соған негізделген, өзін мазалаған санаға қарсы дәстүрлерден қол үзеді. Өкінішке қарай, мұсылмандар да Ойкуменаға және әлемдік алаңға шығар алдындағы алғашқы кезеңде, борышкерлердің қарсы идеясына еліктеді, содан кейін мұсылмандар ұзақ ғасырлар бойы осыдан азаппен азат болды. Иждихадты жапты (аналогия бойынша дінді түсіндірудің еркін пікірі), қаламды лақтырды (еркіндік азат философиясы және адамның жасаған әрекеті үшін жауапкершілігі, Жаратушының белгісінің жаңадан баян етілуі). Нәтижесінде ислам оқуында ой айқын емес болды, жай бұрынғы оқуларды көшіріп алғандай, ғылыми-философиялық ілімге емес, тек діннің салт-жоралғы жақтарын ғана оқытумен қалып қойды.
Ислам бүгінгі пантеистік эллинизмге қарсы нақты шабуылға шығар жер болды, әлі де 99,9% ойшылдар тобының және дүние жүзіндегі өнімдердің негізі болып табылады. Қандай университетте болмасын, егер философпен, физикпен ,математикпен сөйлесе қалсаңыз, олардың бәрі пантеизмнің өлшемдерімен, космизмнің басымдылық негізінде жасалған ақиқат субъектісінің  жоғарылығында. Эллинизм ұзақ уақыт өмір сүреді, себебі адамның тұтынуына табиғи мақұлықтарды итермелеп отырды. Егер барлық Пайғамбарлардың үндеуіне сәйкес, сен бір құдайдың жолын қуушы болсаң, онда сен ішіңнен және өзің айналаңнан өз денең мен санаңның үйреншікті шабытының ағынына қарсы жүресің. Өзіңде әлемді танудың ресурсы мен эллинизм әдісімен прогрессті дамуды жалғастыруды тамамдап, Ислам жаңа концепцияны ұсынады: Жаратушыға жер бетінде қызмет көрсетуші, Оның қасиетті заңдарымен өмір сүретін, адам ғана оның ортасында тұра алады.
- Онда бұған не бөгет болып тұрған? Неге бүгін мұсылмандардың өздері даму мен жаңа ағымның символы болмайды?
- Мұсылман ортасына батыстағыдай дәлелсіздікке қарсылық жетпей тұр, барлық нәрседен толықтай бас тартып және күдіктену, осыдан кейін өз тәжірибеңде ненің ақиқат екенін түсіне бастайсың, қоршаған орта мен оның заңында жоқты, соның ішінде құдайшылықты. Дамудың қозғаушысы негилизм болып табылады, жеңіп шыққан адам өз басынан өтпейінше және өзі тәжірибе алмайынша, ол аңқау романтикше ойлап, әрекет жасайды.
- Сонымен, бүгін ислам шариатында «не жақсы, не жаман» екенін мұсылмандар өздері тыйымсыз және шектеулерсіз түсінуі керек ғой?
- Жоқ, олай емес. Адам қоршаған ортаның түрлі әділетсіздікке толы екенін, осы опасыз дүниені жаратуда қателік жасағанын түсінуі керек,  әрбір адам осы өмірдің уақытша екенін түсініп және сағым дүниенің соңынан қуалауда өзін жеңіп шығуы керек.
Мұсылмандар «Салам» (Әлем) дегенді түсінбейінше, ислам қоғамында даму болмайды, ол өз ағайындарын қабыл алады, бұл оны осы өмірде ешқашан болмайтын  мәңгілікте күтеді.

Гейдар Джемаль
Аударған Гүлназар Шеналықызы


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 2499 | Рейтинг: 0.0 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана