Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Неге біздің тілектеріміз орындалмайды?
Егер барлық адамзат баласының арманы орындалатын болса, жер шары тозақ болатын еді.
Пьер Буаст

Өмірдің ағысында біз не туралы армандамаймыз! Әдемі және табысты болу, сүйікті және жоғары кәсіптенген, Карибахта виллам және қаланың жоғарғы жағында кішкене саябағым болса... Бірақ неге біздің тілектеріміз орындалмайды? Осы мақаланың авторы да осы сұрақ туралы ойланды...

Адам - дамуы оның тілектерінен және оны жүзеге асыру үрдісінде өзіне жасаған әрекетінен толық байланысты болатын, жалғыз тіршілік иесі. Ол өткенді, болып жатқан нәрсені, болашақты сезіне алады, қоршаған ортаның ықпалына ұшырайды және өзі де оған ықпал жасайды.
Өзінің мүмкіндіктерін ақылға салып өлшейді және өзінің мінез-құлқын түзете алады. Келесі тілектері оянған кезде жаңа талаптары туындайды, ол осыны қанағаттандыру үшін қажеттілікті сезінеді. Бұл міндетті атқару үшін, оған ары қарай қабілетін арттыруға тура келеді.
Егер адам бір нәрсеге тапшылықты сезінбесе, ол даму барысында тоқтап қалады. Бізді тек қана қанағаттанбаушылық тілектеріміз өзіміздің ақыл-ойымызды әрекет жасауға және сол проблеманы шешуде жол іздеуге мәжбүр етеді.
Тілек алға басудың қозғаушысы. Жекелеген адамда және жалпы адамзатта болып жатқанның бәрін ескертіп, бізді алға итермелейді. Тілектің үздіксіз артуы бүгінгі, сонымен қоса болашақты қалыптастырады, ал біз соған қарай қадам басамыз.
Олай болса адам неден үздіксіз стресті бастан өткізеді де, өзінің орындалмаған тілектерінің тұтқыны болып қала береді?
    
Алғашқы алғы шарт бұрмаланған
Ең басты себеп қате дәлеледер жасауда.
Адамның тілегі оның өмір сүру игілігі мен даму мұқтаждығына ғана байланысты емес, сонымен бірге бәсекелестікке де байланысты.
Иә, адам үздіксіз өзгеріп отырады, бірақ бұл оның тіршіліктегі жайлы жағдайымен ғана қанағаттанып қоймай, басқа біреуде барға ұмтылып, соған ие болғысы келеді.
Барлық бәленің басы мынада... Ол оның жақындарында бардан да көбірек тапқысы келгеннен басқа, оған ең маңыздысы одан гөрі басқаларда аз болғанын қалайды. Сол себепті адамның тілектері өте жиі мынадай атаулармен аталады, «өзімшілдік», «ерекше рахат алу тілегі» немесе «ең жоғары қанағаттану тілегіне ие болу».
Неге әйелдер бай шетелдікке тұрмысқа шығып, Америкаға кеткен қызметкерді көре алмайды, олар одан ақау іздеп, ол оны сүймейді, оның өзінің таза есебі бар деп өсектейді?
Неге табысқа жеткендерді қорлауға, қолы жүргендерді күндеуге, дарындыларды сынауға, еңбек сүйгіштерді ұятқа қалдыруға, мейірімділер мен ақылдыларға күдіктенуге асығамыз? Неге?
Себебі біз солар сияқты болып қана қоймай, тағы да басым түсіп, өзінің ерекшелігін, ардақтылығын, жекелігін дәлелдегіміз келеді. Өзімізге есеп бере алмасақ та, біз «жоғары сортты» қатарға жетуді көздейміз. Ал соңында күткен тілек орындалмай, үздіксіз соққы аламыз.

Жұқа тақтайша өте жоғарыда
Өзіңнің тілегіңді қалай реттеуге болады? Олар үздіксіз өзгеріп отырады, өзара әрекеттеседі, бір-бірін толықтырады және өзара шығарады. Осылай біз өзіміздің миымыздың жұмысын ауырлатамыз...
Майкл Джексон мәңгілік өмір сүргісі келетінін бірнеше рет айтқан болатын. Ұқсастық жасау идеясымен күпінді. Осының бәрі немен бітті? ...
- Мен күшті, бай, қайырымды, басы бос, көк көзді, сымбатты, ақылды, сезімтал, нәзік, пысық, батыл, зиянды әдеттері жоқ, сәнді үйі бар, жақсы жұмысы, қоғамда ықпалы бар, туыстарымен қатыспайтын ашынамның болғанын қалаймын... Мүмкін, тоқтарсыз?...
- Жоғары оқу орнын бітіргім келеді, үздік аттестат алып, Парижден бірақ шыққым кеелді!
- Мені кім сүймесе – сүйетін болсын!
- Тарихта атым қалғанын қалаймын
- Чемпион болғым келеді!..
- Бала туғым келеді!
- Менің сенімен болғым келеді!
- Ақшыл көк түсті бояуды қалаймын!
- Менің рухпен шоқынған болғым келеді, Аспан патша­лығының мұрасын алғым келеді...
- Ер адамды қалаймын!
- Шашымның жібектей бол­ғанын қалаймын!
- Теңізге барғым келеді!
- Ой, мен сондай тамаша қызыл түсті «Ниссан кашкай» көрдім! Қалаймын!!!
- Менің космосқа ұшқым келеді!
- Ал мен, қайтадан, үйдің шатырында жүгіріп, көгершін қуғым келеді!
Тоқтай тұрыңыз! Сіз үшін ең маңыздысы не екенін анықтап алыңыз, сіз бірінші кезекте нені қалайсыз: балмұздақ па немесе Кариб аралындағы вилланы ма? Содан кейін өз мүмкіндігіңізді шамалап көріңіз.
Мүмкін, сіздің атақты баскетболист боламын деген жалындаған арманыңыз кішкене ғана өсу шегіне байланысты, қарапайым және түсінікті тәуелсіз ақиқатқа келіп тірелер.

Орындалмаған тілектердің зардабы
Егер тілек үнемі орындалмаса, адам сары уайымға түсіп, стресті бастан өткізеді.
Соққы орындалмаған тілектен көңілі қайтқанның салдары болып табылады. Бұл қалай болады?
Осы мәселе бойынша «Энерготерапия-ЕВРАЗИЯ» деген кітабында В.А. Латышев не туралы жазады:
«Тілек орындалмаған кезде ми қабығында ағзаның барлық іс-әрекетін өзіне бағындыратын, оның энергетикалық тасқыны адамның барлық қылығы мен ниеті – орындалмаған сезімінен, "қатып қалған” күшті ошақты құрайды.
Үндестікті бұрынғы қалпына келтіру үшін, "қатып қалған” сезімді ("ұйыған” энергияның бұзылғанын) жою, жасандыру қажет немесе бұл энергетикалық потенциалды қайтадан қайталайды.
Басқаша жағдайда "қатып қалған” сезім ошағы пайда бола салысымен қат-қабат әрекетті арттыруды бастайды – гипоталамус қозады да, гипофизді қанға көп адренокортикотроп гармонды бөлуге мәжбүр етеді.
АКТГ бүйрек бездері жан-жақты эффектілерді шақыратын: жүректің қатты соғуы, тыныс алудың жиілеуі, тұрақсыз қан қысымы, сонымен  қоса ашулану, қорқу, толқу сезімдеріне сай келетін, адреналин мен басқа физиологиялық белсенді заттарды бөлуге мәжбүр етеді.
Егер келесі энергетикалық бәсеңдету жүрмесе, адамның қалпында ұзақ уақыт биологиялық белсенді заттар айналып жүріп, жүйке жүйесіне де, ішкі денеге де тыныштық бермейді.
Осыдан стресс жағдайы сақталып қалынады – "қатып қалған” сезімдер жанданбайды, қанағаттанбаған мұқтаждықтар ми қабығына күш тастап, соққы гармоны бөлінуін жалғастыра береді (энергетикалық дисбаланс).
Тірі энергетикалық жүйе ретінде адамның міндеті - өз өзімен, қасындағы адамдармен және барлық дүниемен дауласпай, қайтадан күш түсірмей, өзінің мұқтаждығын қанағаттандыру.
Әрбір қанағат алған мұқтаждық адамды мақсатына жақындатады - өз  өзімен үндестікте болуда, қоршаған әлеммен, қауіпсіздік сезімін сезіну (күштеп арылудағы мазасыздықты)».
Кейде орындалмайтын тілектен туындаған соққыдан, адам қайтадан тауып алған әдеттерімен және әуестенушілігімен бейтарап күйге түседі. Мысалы, теледидардың немесе компьютердің "маньягы” болып, оған шындық өмірді алмастыратын, көгілдір экранның бұлдыр сағымынан құтылудан шегінбейді.
Жыныстық тілектер де қанағаттандырылмайды ма? Виртуалды секс пен видеоға жүгіруге болады ма? Сүйіспеншілік туралы арманыңды да орындалмайды – ешқандай кескінсіз жан-жақты тәнсіз интернет-әңгімелесумен хат жазысу арқылы ойлап табуға болады.
Махаббаттың, секстің, өмір­дің суррогаты... Қазір тілегіңді орындауда көптеген өзгеріп тұратын елестер бар. Таңертең, кешкісін және күндіз кенеттен шындық қуып жетеді...
Сол кезде адамды жаңа әуестенушіліктер қуып жетеді:
Бәрін қатарынан сатып ала берсем деген қызба тілектер. Өздерінің бір түрімен шопомания мен ониомания: сейлзоманиямен (алып сатумен әуестенушілік) – заттарды тез сатылып кететін жерлерден сатып алатын өзімшілдік тілек, лейбломания (этикетерге деген әуестенушілік) – жарияланып бітпейтін брендтерге тәуелді болу.
«Фирмалық» заттардың соңы­нан қуалау адамға басқа нәрсені сатып алуға мүмкіндік бермейтін, жалықтыратын күйге түсіреді. Теріс айналып кетеді, мысалға гаджет-аддикция -99% жағдайда қажетсіз, барлық техника жаңалықтарын үнемі алып тұруға деген құмарлық немесе джанк-фуд-аддикция «өзінің соңынан алып жүреді» - тез дайындалатын ресторандар желісіне баруға деген жалықтыратын тілек.
- Секске әуестенушілік
- Әуенге әуестенушілік
- Ашқарақтық
- Уақытты босқа өткізуге әуестенушілік
Ең қорқыныштысы ішіп, жеп, өзінің ішкі импульсін, оның ағзасына зиян келтіретін, мүмкін болатын әдістермен тұншықтырып, адам  жұбатудың осындай зардабын ойламайды.
Үнемі орындалмай қалған тілектен болған соққыдан көңілі қалып, оның тілектерінің орындалуын тежеуге әкеліп тірейді. Адам өзін өзі ұмытып, ары қарай ешқандай әрекет жасағысы келмейді. Демек, өзінің дамуында тоқтап қалады.

Тілектің тұтқыны болудан қалай құтылуға болады?
Біздің әрқайсысымызда осы кезде, оның осы деңгейде дамуына қажетті нәрсе бар. Осы айқын және құлақ тұндыратын фактіні қуанышпен және ризалық білдіріп қабылдау, оны жаңа өмірдің айналымының бастаушы алаңында жасау әркімнің қолынан келе бермейді.
Біз өзімізді қолы жүргіш және сәттілік түсіп тұратын біреумен салыстырғымыз келеді, әзірге бізге қажеті жоқ немесе күшіміз жетпейтін, өзіміздің приоритетіміздің тізіміне кіргізу керек. Біз жылтыр нәрсе көрген сауысқандай, олжамыздың соңына түсіп кетеміз, ал содан кейін бұл зат сөреде шаң басып, өзінің қолданатын орнын таппай тұрады.
Біз осылардың ізіне түсеміз деп өзімізді бақытты болудың үндестік жағдайынан едәуір алыстатып тұрған, көптеген қосымша эффектілерді сезінеміз. Не істеу керек?
1. Өзіңізді басқа біреу­мен салыстыратын әдетіңізді тастаңыз.
2. Өзіңіздің бүгінгі қуаныш­тарыңыздың тізімін жасаңыз. Ол кенеттен ұзақ болу керек. Бұл сіздің көңіліңізді көтеріп, барлық нәрсенің соншалықты жаман еместігі туралы ойлануға мәжбүр етеді.
3. Сіздегі барға, таға да қалайтын заттарыңызға, барлық артық заттарға тексеру жүргізіңіз. «Өзімізде жоқты тілеу, өзімізде барды пайдалануды жояды» (Мишель Монтень).
Біздің құмарлығымыздың көп бөлігі, онсыз да өмір сүруге болатын, артық заттардан тұрады. «Егер көп болғанын қаламасаң, аз нәрседе саған көп болып көрінеді». (Демокрит)
4. Өзіңіздің не қалайтыңызды нақты анықтап алыңыз. Үл­кен көлемді деректермен ма­шықтанған қазіргі заманғы ми­дың біздің бытысқан ойымыздың түйінін шешетін шамасы жоқ.
Біздің тілектеріміздің біреуі біреуінен асып түсіп, келесісін болғызбай тастайды. Мысалы, дәулетті адамға тұрмысқа шығып және жұмыс істемей-ақ мансаптың шыңына жеткізіміз келеді. осыны қалай іске асыру керектігін көбіміз біле бермейміз.
5. Өзіңіздің тілегіңізді іске асырғаннан кейінгі зардап туралы ойланыңыз. Көтерме базарда сатушы болып істейтін қарапайым Маша Пенкинаға миллиардерша боламын деген тілегін іске асырудың немен тынатынын, көз алдыңызға елестетіп көріңізші.  
Бір дана әйелдің сөзі есіңізде ме: «Егер сіз бір нәрсені қаласаңыз, ол сізде қайтсе де болады!» (Дина Дин).
6. Тілегіңізге еркіндік беріңіз. Оны мойныңызды айдаһар қысқандай емес, өзіңіз­дің даму қозғаушыңыз ретінде қабылдаңыз. Сонда ғана біздің жолымыз болмай қалған, көңіліміз қалған істерді жеңіп шығу оңайлау болады.
7. Орындалмай қалған ті­лек­тердің соққысынан, басқа әуестенушіліктермен және психотроптық заттармен байланысты, жасанды қанағат алуға асықпаңыз. Ешқандай ішімдік, наркотик және антидепрессант сізді бақытты ете алмайды.
8. Егер сіз иман келтіретін адам болсаңыз, көңіліңіз қал­ған ауыр кездерде Оптин көпті көрген ақсақалдарының даналыққа толы жалбарынуын оқыңыз.
« Раббым, маған келесі күн сыйлайтын, барлық нәрсені ішкі сезімімнің байсалдылығымен қарсы алғыза көр.
 Маған Сенің Қасиетті күшіңе бүтіндей берілуге көмектесе көр.
Барлық уақытта, барлық жерде маған жетекшілік жасап, мені қолдай көр.                Күні бойы естігенімнің бәрі, Өзіңнің Қасиетті күшің екені, оларды байсалды тыныштықпен және тұрақты сеніммен қабылдау керектігіне мені үйрете көр.
Менің барлық айтқан сөздерім мен істеріме, менің ойым мен сезімімді жетекшілік ете көр. Ойдан шығып кететін жағдайларда, бәрі Өзің жіберген нәрсе екенін маған ұмытқыза көрме.
Мені отбасымның әрбір мүшесін ұятқа қалдырмайтын және ренжітпейтін тура және ойлы істер жасауға үйрете көр.
Раббым, маған алдағы күндегі қажығанымды және күні бойғы барлық оқиғаны көтере алатын күш бере көр.
Менің еркіме жетекшілік жасай көр, мені намаз оқуға, үміттенуге, сенуге, шыдауға, кешіруге және жақсы көре білуге үйрете көр. Әмин».
«Екі тілек бар, оның орындалғаны адамның нағыз бақытқа кенелгені – пайдаңды тигізе білу және сабырлы болу» деген мысалды өздерінің өмір сүрген уақытында көрсеткендердің сөзін тыңдау пайдалы ма деп ойлаймын.
(Л. Н. Толстой).

Дайындаған
Ирина Власенко
Аударған Гүлназар Шеналықызы


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2009-12-29)
Просмотров: 6412 | Рейтинг: 4.3 |

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана