Главная
Новости
Темы Корана | Вопрос редактору
Фоторепортажи
Религия
Полезное
Опрос
Каково Ваше отношение к Хадисам и Сунне?
Всего ответов: 4611
Доска объявлений
wikikoran.kz HashFlare
» Ислам

Куранды тусіну
Газета «Наш Мир»

    Құран Кәрім Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап. Құран – Ислам дінінің бастауы, бірегей бұлағы. Исламды түсіну үшін Құранды түсіну шарт. Құранды түсінбеген адам исламды да толықтай түсіне алмайды. Құран – Жаратушының мәлімдемесі, хабарламасы, жолдауы. Ол таңдаулы Елші Мұхаммедке (с.а.у.) толықтай түсіріліп болған. Аллаһтың сөздерін өзгерте алатын ешбір құдірет жоқ. Құранды Аллаһ Тағала өз қорғауына алған. Құран дін деп аталатын ұғымға қатысты мәселелер мен мысалдардың, ережелер мен ақпараттың барлығын қамтиды. Онда ешнәрсе де ұмытылмаған. Құраннан өзге кітаптардың барлығы да фәни адамдар тарапынан жазылған яки құрастырылған кітаптар. Олар Құранның орнын баса алмайды яки Құранның бұйрықтарын жоя алмайды. Онда мін яки кемшілік болуы мүмкін емес, өйткені ол мін яки кемшілік кітаптың иесіне тиесілі болар еді. Ал, ислами ұғым бойынша Жаратушымыздың ондай міні яки кемшіліктері болуы мүмкін емес. Мін мен кемшіліктер фәни адамдарға тән қасиеттер. Сондықтан, фәни адамдардың істерінде, жазған дүниелерінде, ойларында мін яки кемшілік болуы заңды құбылыс.

    Құранды дұрыс және нақтылы түсіне білу үшін жоғарыда келтірілген тұжырымдама негізінде мына аяттарды келтіруге болады:

    «Біз бұл кітапты саған әр нәрсені егжей-тегжейлі анықтаушы, тура жолға бастаушы, рахмет және бой ұсынушыларға (мұсылмандарға) сүйінші етіп түсірдік». (Нахл сүресі, 16/89)

    «Кітапта еш нәрсені де кем етпедік!». (Әнғам сүресі, 6/38)

    «Бұл аяттарын адамдар әбден ұғынсын және таза ақыл иелері үгіт алсын деп өзіңе түсірілген мүбәрәк бір кітап-дүр!». (Сад сүресі, 38/29)

    «Жаратқан Иеңнің сөзі туралық һәм әділет жағынан тәмам болды. Оның сөздерін өзгертетін ешбір құдірет жоқ! Ол бәрін естуші һәм білуші. Жер бетіндегі адамдардың көпшілігіне бой ұсынатын болсаң, олар сені Аллаһтың жолынан тайдырады. Олар болса тек күдікке бой алдырған һәм сол күдікпен жалған сөйлейді!». (Әнғам сүресі, 6/115,116)

    «Бұл Құран маған сендерді және өзіне мәлім болатын адамдарды ескертуім үшін уахи етілді». (Әнғам сүресі, 6/19)

    «Өздеріне оқылып жатқан Құранды саған түсіруіміз оларға жеткілікті емес пе?». (Ғанкебұт сүресі, 29/51)

    «Бұл сондай кітап Жаратқан Иеңнің рұқсатымен адамдарды қараңғылықтардан нұрға, ол күллі мадақтың иесі биік құдірет иесі Аллаһтың жолына шығаруың үшін саған түсірдік». (Ибраһим сүресі, 14/1)

    «Ант болсын! Сендерге анықтан-анық аяттар (белгілер, дәлелдер), сендерден бұрынғылардың мысалдары және қорғанып, сақсынушылар үшін (тақуалар) бір үгіт түсірдік». (Нұр сүресі, 24/34)

    «Ант болсын! Сендерге ескертуші бір кітап түсірдік. Сонда да ақылдарыңды жұмсамайсыңдар ма?». (Әнбие сүресі, 21/10)

    «Өзінің үкіміне ешкімді де ортақ етпейді! Жаратқан Иеңнің кітабынан саған уахи етілгенді оқы! Оның сөздерін өзгертетін ешбір құдірет жоқ!». (Кәһф сүресі, 18/26,27)

    «Олар Құранды оқып, түсінбей ме? Егер ол Аллаһтан өзгенің хұзырынан болғанда, олар оның ішінен әлбетте көптеген келіспеушіліктер табар еді ғой!». (Ниса сүресі, 4/82)

    «Сендерге не болды? Қалай үкім берудесіңдер? Еш естеріңе алмайсыңдар ма? (Үгіт алмайсыңдар ма?) Немесе сендердің ап-анық бір дәлелдерің бар ма? Егер рас сөйлеушілерден болсаңдар, кітаптарыңды әкеліңдерші!». (Саффат сүресі, 37/154-157)

    «Сендерге не болды? Қалай үкім берудесіңдер? Немесе сендердің оқып, дәріс алып жатқан, ішінде тек ұнатқан жақтарыңды ғана алатын бір кітаптарың бар ма?». (Қалам сүресі, 68/36,37)

    «Олардың арасында үкім бергеніңде Аллаһтың түсіргені бойынша бер!». (Мәида сүресі, 5/49)

    Айт: «Мен сендерді тек уахимен (Құран) ескертушімін!». (Әнбия сүресі, 21/45)

    «Бұларды Құранда алуан түрлі жолмен анықтадық-кім, олар үгіт алып, ұғынсын. Бірақ, бұл олардың қашуын арттыруда!». (Исра сүресі, 17/41)

    «Ант болсын! Мына Құранда барлық адамдар үшін барлық мысалдардан алуан түрлі түсіндірдік. Адамдардың көпшілігі болса оны мойындамауда сіресе тұруда!». (Исра сүресі, 17/89)

    «Ғылыммен жан-жақты түсіндірдік, иман еткен бір қауым үшін тура жолға бастаушы және рахмет (рахым) етіп кітапты түсірдік». (Ағраф сүресі, 7/52)

    «Бұл сондай кітап – оны даналық уә үкім Иесі, әр нәрседен Хабардар Аллаһ аяттарын үкім білдіруші (мұхкем) етіп, артынша егжей-тегжейлі етіп түсіндірген». (Һұд сүресі, 11/1)

    «Күдіксіз, оны жинақтау және оқыту бізге тиесілі. Ондай болса, біз оны оқығанымызда, сен де оның оқылуына бағын! Соңыра, оны анықтау да бізге тиесілі». (Қиямет сүресі, 75/17,18,19)

    Елші былай деді: «Ей, Жаратқан Ием! Менің қауымым (қоғамым) мына Құранды ұмыт болған, тасталған бір затқа айналдырды!». (Фұрқан сүресі, 25/30)

    Жоғарыда келтірілген аяттарда Құранның қандай кітап екені және қандай мақсатпен түсірілгені түсіндірілген. Сонымен қатар, аяттарды мұқияттап оқығанда Құранды түсіну үшін ақылды пайдаланудың қажет екені, яғни ең бастысы ақылды басшылыққа алудың талап етілгендігі анық көрінеді. Ақыл – Аллаһтың адамзатқа берген нығметі. Құран – Аллаһтың адамзатқа берген нығметі. Бұл екеуінің де иесі, жаратушысы – бір Аллаһ. Сондықтан, олардың арасында кереғарлық, келіспесушілік болмайды, болуы мүмкін емес те. Аллаһқа ортақ қосудың бір формасы – Оның Кітабына басқа бұлақтарды әкеп қосу немесе Оның Кітабындағы аяттардың үкімін жойылған деп жариялаған фәни пікірлерді қабылдау. Құранда аталмаған нәрселер адамдардың шешіміне қалдырылған. Бұл адамның алаңы. Ал, адам баласы Құранда, яғни дінде аталмаған мәселелер бойынша Құранның рухына, қисынына, ақыл және ойлау жүйесіне сәйкес шешім қабылдайды. Алдымен мәселені егжей-тегжейлі зерттейді, ғылымға, ақылға, тәжірибеге жүгінеді. Құрандағы тәухид, әділет, турашылдық, пайдалы һәм ізгілікті іс істеу, шектен шықпау, әдден аспау, шура (кеңесу), еркін ойлау т.т. қағидаларын басшылыққа алады. Ақырында шешім қабылдайды. Осы шешімі жоғарыдағы өлшемдерге сәйкес келіп жатса – сыйлыққа бөленеді. Керісінше болса – тиесілі жазаға ұшыратылады. Аллаһқа ортақ қосудан басқа қателесулердің, күнәлардың кешірілуі мүмкін.

    Құран құр бетіне қарап түсінбестен оқылатын, түсінбестен жатқа айтылатын, тек кейбір діни рәсімдер кезінде ғана керек болатын, аяттары сатылатын, діндегі үкімдері оңды-солды ескерусіз қалатын, әулиелер мен пірлер, шейхтар мен тақсырлар оның аяттарының күшін тоқтата алатын ойыншық кітап емес. Мұсылман жастарымыз осы маңызды ескертпелер негізінде Құранды оқуы және түсінуі ләзім деп санаймын. Ал, Құранда жиіркенішті қылықтар, қатыгездік пен аяусыздыққа шақырулар, өмірді қиындататын ережелер жоқ. Құрандағы дін өте түсінікті және қарапайым. Ол адамға еркін ойлау қабілетін бере алады. Ол таза ақылға, ізгі ақылға, имандылыққа, ихсанға шақырады. Адам құқықтарын құрметтеуге, бүлік жасамауға, бұзақылықтан аулақ болуға, Аллаһқа, оның елшісі мен мұсылман әміршіге бағынуға шақырады. Құран өзге діндер мен сенімдердің болуына рұқсат етеді. Адамдардың нәсілдік, ұлттық белгілерін жоққа шығармайды және мансұқтамайды. Бейбітшілік ішінде, әділетті қоғам орнатылуын талап етеді. Адамдарды ақылды және ақылдың ізгі өнімдерін пайдалануға шақырады. Еңбек етуге, ізденуге, қажыр-қайрат жұмсауға шақырады. Құранның аяттарында бүгінгі ғылым мен өркениетке қарсы талаптар жоқ. Алайда, Исламда діннің алаңында адами бұлақ жүрмейді, тек Аллаһтың түсіргені мен көрсеткені ғана жүреді. Осыны барша адамзатқа түсіндіруіміз шарт. Фәни адамдардың пікірлері олардың өзіндік пікірлері ретінде бағалануы тиіс. Бір фәни адамның пікірін, қорытындысын әкеліп, оны Аллаһтың үкіміне тең (!), тіпті, одан да жоғары (!!!) қою Ислам дінінің өзегіне сәйкес келмейді. Ал, сол фәни адамның Құранға және жоғарыда келтірілген өлшемдерге сәйкес жасаған пікірлері мен қорытындыларын автордың еңбегі мен ғылыми іжтиһадын құрметтеумен қабылдаймыз. Орта ғасырлардағы кейбір ғұламалар мен сөз құрастырушы авторлардың еңбектерінде келтірілген ойлар мен ұсыныстарды сол адамдардың алған біліміне, өскен ортасына, материалдық мүмкіндігіне, сол дәуірдегі ғылым мен білімнің деңгейіне, саяси уә тарихи уақиғаларға байланысты бүгінгі деңгейден қайтадан сарапқа салып, Құранның таразысына салып, өлшеп алуымыз шарт. Сонда, бүгінгі мұсылман әлемінде жинақталған және «дін» патенті соғылған сенім-нанымдардың, ережелер мен қағидалардың қайсыларының Құранға (Исламға) сай келетіні анық болады.

    Бүгінгі мұсылман әлемінің ең басты проблемасы – надандық, қараңғылық. Қараңғылық ұғымы Құранда «зұлым» деп аталған. Ал «залым» қараңғылықтың ішіндегі адамды білдіреді. Өйткені, әлемдегі зұлымдықтар білмегендіктен яки білімнің жетіспеуінен болады, ізгі ақылдың қосылмауынан болады, Жаратушының фитратына (жарату негізіне) қайшы келгендіктен болады. Қараңғылықты тек нұр, яғни жарық жеңеді. Құран адамзатты қараңғылықтардан нұрға жетелейді. Аллаһ көктер мен жердің нұры. Құран болса Аллаһқа шақырады. Құран еңбекті қадірлейді. Адамды жынысына қарап бағаламайды. Құранда тепе-теңдік пен үйлесімділік бар. Құран еркек пен әйелді бірін-бірі толықтыратын адамдар ретінде қарастырады. Құран ізгі іс жасауға және ақылды пайдалана отырып, ғылыми ізденіске салынуды, әрдайым еңбек етуді (жиһад) талап етеді. Жоғарыда айтқанымыздай, Құран тек анық дәлелі бар нәрсеге жүгінуді сұрайды, күмәнді мәліметке, күдікті нәрселерге бой алдырмауды, олардан аулақ жүруді ескертеді. Құран мұсылмандарды әлеуметтің мәселелерін өзара кеңесу арқылы, талқыласу арқылы шешуге шақырады...

    Құран аяттары Жаратушының сөздері болғандықтан олар «өзгеріссіз» алаңды құрайды. Құранға ешкім еш нәрсе қоса алмайды және одан еш нәрсені де алып тастай алмайды. Құраннан тыс алаң болса «өзгеруі мүмкін» кеңістікті құрайды. Адамға қалдырылған осы алаңда адам баласы жоғарыдағы өлшемдер негізінде өз ой-ақыл деңгейіне, ғылым мен білімнің жетістіктеріне қарап тұжырымдамалар жасайды. Бұл тұжырымдар уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырауы, толықтырылуы мүмкін. Фәни адамдар жасаған тұжырымдарды, пікірлерді, іс-әрекеттерді жоғарыда аталған «өзгеріссіз» алаңға апарып салу – діннің алаңына қол сұғушылық, фәни нәрселерді бақиға айналдырушылық болып табылады. Ал, фәниді фәни деп, бақиды бақи деп ажырата білген жөн. Қорыта айтқанда, бүгінгі Ислам әлеміндегі тоқыраушылықты тек Құранға, яғни Жаратушының нұрлы жолына оралумен ғана жеңе аламыз деп айтар едім. Мұсылман үмметі дүр сілкініп, өзін кертартпа сенімдер мен схоластиканың құрсауынан құтқаруы үшін ең алдымен еркін ойлаудың алдындағы кедергілерден, негізсіз бос сенімдерден, қараңғылық уағызшыларынан және олардың өнімдерінен құтылуы, Құранның нұрымен ғылыми ізденіске түсуі, өнерде алға жылжуы шарт дер едім. Сөз соңында тағы да Құран аяттарын келтіремін:

    «Олар Құранды әбден оқып, тереңдеп түсінбей ме? Егер ол Аллаһтан өзгенің хұзырынан болғанда, олар оның ішінен әлбетте көптеген келіспеушіліктер табар еді ғой!». (Ниса сүресі, 4/82)

    «Еш күдік жоқ, ескертушіні біз түсірдік, біз! Оның шын мәніндегі қорғаушылары да бізбіз!». (Һижр сүресі, 15/9)

    Айт: «Аллаһ құлдары үшін шығарған көрікті заттарды (әшекейлерді) уә таза ризықтарды кім харам еткен (тиым салған)?». Айт: «Бұлар дүниедегі өмірде иман еткендер үшін, ал қиямет күні болса тек қана олардікі. Білетін бір қауым үшін аяттарымызды (белгілерімізді) осылайша егжей-тегжейлі баяндаймыз». (Ағраф сүресі, 7/32)

    «Біз бұл кітапты саған әр нәрсені егжей-тегжейлі анықтаушы, тура жолға бастаушы, рахмет және бой ұсынушыларға (мұсылмандарға) сүйінші етіп түсірдік». (Нахыл сүресі, 16/89)

    «Біле тұра шындық пен жалғанды (хақ пен нахақты) араластырмаңдар! Біле тұра хақты жасырмаңдар!». (Бақара сүресі, 2/42)

Аударған: Мұртаза БҰЛҰТАЙ

Источник: www.nm2000.kz
Ссылки по теме:


Категория: Ислам | Добавил: nashmir (2008-05-31)
Просмотров: 2398 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0 |

Всего комментариев: 1
2009-02-24
1. Рамазан (Рамазан) [Материал]
Мен омиримде ойлайтынмын АЛЛАнын желиси кай жерде деп кеиин тусигендей ол озимиздин китабимиз Куран. АЛЛАНЫн желисинен устандар айырылмандар.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Церемония канонизации Иоанна XXIII и Иоанна Павла II
Потрясающие кадры противостояния львицы и крокодилов
Удар молнии. 9000 кадров в секунду
NASA | Mars Evolution

Поиск
Последние новости
В iPhone 8 появится новая система защиты
Назарбаев отказался признать существующий в Казахстане режим диктаторским
Считаете, что у Биткойна нет внутренней стоимости? 22 причины передумать
Живых мышей получили из бесформенной клеточной массы
Названа главная опасность искусственного оплодотворения
Студентки из Москвы открыли в Токио русское кафе
Red Bull создал торговый биткоин-автомат
Исламисты запретили кошкам размножаться
Трамп обвинил Россию в неуважении к американским лидерам
Власти Кореи хотят, чтобы женщины рожали больше, но не знают, как этого добиться
16-летнюю девочку с задержкой психического развития изнасиловали в Караганде
Врачи оказались сторонниками женского обрезания
Толстые люди оказались неразборчивы в выборе пищи
Архив новостей
Форма входа
Самые популярные
Л. Толстой "Что такое религия и в чем сущность ее?"
Религиозные искания Исаака Ньютона
Пять мифов об Америке
Коран о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
Почему я выбираю Ислам?
Коран и религия традиции. Конфликтные моменты.
Коран - оставленный "за спиной". НАЧАЛО
Коран - оставленный "за спиной" ОКОНЧАНИЕ
Личность и ислам (Начало. Интервью с Аслбеком Мусиным)
Иррациональная вера
Таир АДИЛОВ: Рациональная вера
КАК СОЗДАТЬ СВОЮ СЕКТУ (краткий курс)
"РУССКИЙ ЖУРНАЛ": Исламская революция нас не касается?
О важности духовной составляющей в государственном устройстве.
Почему либеральное процветание приводит к вымиранию?
Читай! Во имя Господа твоего…
Хадисы о конформизме, или нужно ли следовать за большинством?
ПОЛЕЗНЫЙ КРИЗИС
ГОТОВЫ К САМОКРИТИКЕ? - ФАКТЫ - ЖЕСТЬ!
Математическое доказательство существования Бога
облако тегов
Copyright © 2006-2024 Наш Мир

расписание оразы

расписание уразы

расписание рамазана

расписание рамадана